ИХСАН ІЛІМІ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ИХСАН ІЛІМІ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

| A | +

Хазірет Омар  (р.а.) былай дейді: «Бір күні Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанында отырғанымызда киімі аппақ, шашы қап-қара бойында жолаушының белгісі жоқ бір бөтен кісі шыға келді.

Ол Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанына отыра кетті де тізесін тізесіне тақады. Екі алақанын санының үстіне қойды. Сөйтті де: «Уа, Мұхаммед! Маған ислам жайлы айтшы», - деді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ислам бұл Алладан басқа тәңірдің жоқ екеніне және Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік келтіруің, намазды толық оқып, зекет беруің, рамазан оразасын тұтып, шамаң жетсе қажылыққа баруың», – деп жауап берді. Сонда әлгі кісі: «дұрыс айтасың» деді. Біз әрі сұрап, әрі растап отырғанына таң қалыстық. «Маған иман туралы айтшы», – деді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға, оның періштелеріне, түсірген кітаптарына, жіберген пайғамбарларына, ақырет күніне және тағдырдың жақсысы мен жаманына иман келтіруің», – деп жауап берді. Әлгі кісі тағы да: «Дұрыс айтасың», – деді де: «Маған ихсан туралы айтшы», – деп сұрады. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ихсан, бұл – Аллаға оны көріп тұрғандай ғибадат етуің, сен оны көрмесең де, Оның сені көріп тұрғанын сезінуің», – деп жауап қайырды. Сосын әлгі кісі кетіп қалды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әжептеуір уақыт кідіргеннен кейін: «Уа, Омар, әлгі сұрақ қойған кісінің кім екенін білесің бе?», – деді. Мен: «білмеймін Алла және Оның елшісі жақсы біледі», – дедім. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ол – сендерге діндеріңді үйрету үшін келген Жәбірейіл періште еді», – деді (Имам Мүслим, Иман 1, 5).

Жәбірейіл хадисі деген атпен ислам әдебиетінде мәшһүр болған хадисте, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жебірейіл періштемен болған сұхбатта дініміздің үш негізгі тірегін көрсетіп тұр. Біріншісі – иман. Иманға – Алланың бар және бірлігі, көркем есімдері, кітаптарға, пайғамбарларына, періштеліріне, қайта тірілуге, тағдырға, жәннат-тозақ секілді сенімге қатысты мәселелер кіреді. Сенімге қатысты тақырыптарды зерттеп, талдап, жүйелейтін ғылымды ақида (кәлам) ілімі дейді. Әһлү сүннет уал-жамағатта ақида саласы бойынша «Ашғари», «Мәтуриди» мектептері қалыптасқан.

Жоғарыдағы хадисінде көрселген дініміздің екінші тірегі – ислам. Ислам – мұсылманның атқаратын намаз, ораза, зекет, қажылық  және т.б. құлшылықтар, сонымен қатар, адамдар арасындағы мәміленің сыртқы бейнесін реттейтін құқықтық сала.  Намаздың парыздары, уәжіптері, намаз және дәретті бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, зекеттің мөлшері сияқты ғибадаттың сыртқы пішіні мен амалдардың шарттарын және жалпы адами қарым-қатынасқа қатысты құқықтық мәселелерді реттейтін Ханафи, Шафиғи, Малики және Ханбали деген атаулармен төрт мәзһаб пайда болды.

Иман келтіріп, құлшылықтың сыртқы талаптарын орындағаннан кейін оның тікелей жүрекке, рухани сапасына қатысты жағын реттейтін ғылымды «тасаууф» («сопылық») ілімі дейді. Бұл жоғарыдағы хадисте дініміздің үшінші негізі ретінде «Ихсан» деп көрсетілген. Алланы көріп тұрғандай қорқынышпен, шынайылықпен, жауапкершілікпен құлшылық ету.

«Ихсан» – мұсылман баласын әр істе, әр құлшылықта ­шынайы болуға тәрбиелейді. ­Асылында, Алла Тағала барша адамның әр ісін, сөзін, ниетін, тіпті көкейдегі ойын да біледі. Шынайылық болмаған амалда береке болмайды. «Ихсан» – адамды тақуалыққа тәрбиелейді.

Берілетін тәлім-тәрбиенің негізгі те­мірқазығы болып табылатын әрекеттің бастапқы қадамы ихсан ілімін дұрыс түсінуден басталады. Сол себепті біз ихсанды бойымызға сіңіруіміз үшін ықылас, ниет, ыждаһат, тұрақтылық, тиянақтылық, Аллаға, Құранға, Пайғамбарға деген махаббат, нәпсімен күресу жолдары, жүрек дертінен арылу, рух тазалығы, тіл тазалығы сынды көркем мінезді қалыптастыратын сипаттарға ие болуымыз қажет. Сонымен қатар, ата-ана, бала-шаға, көрші-қолаң, ағайын-туыс, айналадағы адамдардың ақысын таптамау, жаман әдеттерден арылудың жолдарын ұстануды үйренуіміз керек.

Ихсан – жүрекпен тікелей байланысты ілім. Ихсан ілімін кейде жүрек ілімі деп те айтады. Себебі, жүрек түзелсе, кісінің барша істері де дұрыс болмақ. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл жайлы бір хадисінде: «Денеде бір кесек ет бар. Ол түзелсе, бүкіл дене түзеледі, ал ол бұзылса күллі дене бұзылады» (Имам Бұхари, Иман 39), – деп Алланың назары түсетін, амалдың бағаланатын орны жүрек екенін білдірген. Ендеше, денесінің кір, киімінің лас болуынан өзін ыңғайсыз сезініп, таза жүруге ұмтылған кісінің Алланың назар салар орны – жүрегінің тазалығына да аса ыждахаттылық танытуы тиіс емес пе?

Олай болса Ихсан ілімі – кісінің көкірек сарайын мансапқорлық пен атаққұлдық, дүниеқұмарлық пен рияшылдық, өзімшілдік пен тәкаппарлық, көрсеқызарлық пен қызғаныш секілді рухани дерттен емдеп, жүрегін Алладан басқа барлық нәрседен тазартып, шынайы ықыласқа жетелейтін, тұла бойын барша жаман қылықтардан арылтып, көркем қасиеттермен безендіретін тәрбие ошағы һәм рухани емхана.

Хакім Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлы адам баласы өз нәпсісін тізгіндеп күресу арқылы, сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниесін тәрбиелеп, үйлесім табуын, өзінің жыр шумақтарында былайша жеткізеді:

«Өлімнің хақ екенін көрсең де,

Өлместей омыраулап шатасың.

Доздақтың барын біліп жүрсең де,

Күнәға, әлің келсе, батасың.

Сауап көп ғибадатта десең де,

Жалығып, жалқауланып жатасың.

Алланың адал ризығын жесең де,

Арамды әдейі іздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң беріп,

Ішіңнің түзетпейсін қатасын.

Айламен алдағанды жөн көріп,

Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,

Арланбай, арыңды да сатасың.

Алланың ақ өлімі келгенде,

Амалсыз қара тастай қатасың»

 

        «Байкен» мешітінің

  бас имамы

Жұмабаев Данияр 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ИТТІҢ МАЙЫН ДЕНЕГЕ ЖАҒУҒА БОЛА МА? «ТОЛЫҚ АДАМ» ҚАНДАЙ АДАМ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ихсан ілімі ИМАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІН НЕДЕН БАСТАҒАН ЖӨН?
Сахаба Әбу Һұрайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Адам баласы дүние салғаннан кейін амал дәптері жабылады. Бірақ мынандай үш кісіден басқа (олардың амал дәптерлері қиямет күніне дейін жабылмайды):...
Ихсан ілімі АБАЙ ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Құдіреті күшті Алла Тағала Құран Кәрімде ерекше мән берген құндылықтың бірегейі де осы – ихсан ілімі....
Ихсан ілімі ҚАЗАҚ ЖЫРАУЛАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШАРИҒАТ
Қазақ жыраулар поэзиясы тақырыптық, мазмұндық аясында ерекше көрінетін мәселе - дін тақырыбы. Қазақтың әдебиеті ауызша дәстүрде таралуына орай, әуел бастан-ақ халық ақын-жыраулардың жалынды жырларына, ой-толғауларына үнемі құлақ түрді, оларды жадында ұстады....
Ихсан ілімі ӘКЕ БАТАСЫМЕН ҰРПАҚ КӨГЕРЕДІ
Халқымызда ғасырдан-ғасырға сақталып келе жатқан дәстүрдің бірі – бата беру. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деген мақалдың мәні осында жатса керек. Өйткені, біз ұрпағымызды инабаттылыққа, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйретіп, өнегелі өмір салтын қалыптастыруға ұ...
Ихсан ілімі ЫҚЫЛАС - ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Хәкім Абай қара сөзінде: «Махшарға барғанда Құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана Құда...
Ихсан ілімі Ихсан ілімінің мәні
Жыл басында Бас мүфти басымдық берілетін жеті бағытты бекіткен болатын. Солардың бірі – Ихсан рухани тәрбие негізі атты бағыт. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен қолға алынған бұл бағыттың басты мақсаты – Исламның биік көрінісін танытатын Ихсан ілімі туралы халықты ақпараттандыру, көзі қ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 00:17

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi