БҰХАРАДАН ДАМАСКІГЕ ДЕЙІН: ИСЛАМ ҒҰЛАМАСЫНЫҢ ҒҰМЫРЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:52
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:48 04:23 11:52 17:01 19:15 20:50
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Зуль-хиджа 1447
Миләди
18 мамыр 2026

Мақалалар

БҰХАРАДАН ДАМАСКІГЕ ДЕЙІН: ИСЛАМ ҒҰЛАМАСЫНЫҢ ҒҰМЫРЫ

| A | +

Ислам өркениетінің тарихында Әмір Темір империясы мен Мәмлүк сұлтанатының дәуірлеген шағы — Шығыс пен Батыстың ғылыми әлеуеті тоғысқан бірегей кезең болды. Осы интеллектуалдық өрлеу кезеңінде Ханафи мәзһабының беделді өкілі ретінде танылып, кәләм, фиқһ және хадис ғылымдарында терең таным иесіне айналған көрнекті ойшылдардың бірі — Алауддин әл-Бұхари (1366–1438 жж.). Ол тарихта «Діннің асқағы» мағынасындағы «Алауддин» деген мәртебелі лақап атпен танымал болды. Оның есімі тек Бұхара өңірімен шектелмей, Дели, Мекке, Каир және Дамаск сияқты ірі интеллектуалдық орталықтардың басын біріктірген айрықша ғылыми беделге ие болды.

Ғұламаның ғылым жолындағы бұл ізденісі жай ғана саяхат емес, оның Бұхара топырағында алған білімін шыңдаудың табиғи жалғасы еді. Шәмсуддинді әкесі Мұхаммед ілім жолына баулып, кейін болашақ ғалым Бұхарада жүріп усул әл-фиқһ, логика және кәләм ілімдерін терең меңгерді. Әсіресе, Сәғдуддин әт-Тәфтәзәни еңбектерін зерттеуі мен Алауддин әл-Аттардан дәріс алуы оның кейінгі сапарларында өзге ғалымдардан оқ бойы озық тұруына негіз болды. Туған жерінде қаланған осы іргелі білім оны Орталық Азиядан шығып, бүкіл мұсылман әлемінің рухани картасын сызуға жетеледі.

Осылайша басталған білім сапары Мәуәраннәһрден асып, Үндістан, Мысыр және Шам аймақтарын қамтыды. Ханафи мектебі мен сопылық ілім қатар дамыған Дели сұлтанатында ол хадис пен тасаууф бойынша білімін толықтырса, Мекке мен Мәдина қалаларында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ірі хадисшілермен сұхбаттасып, «Сахих әл-Бұхари» бойынша жоғары дәрежелі ижәзәларға (рұқсат қағазына) ие болды. Бұл халықаралық деңгейдегі ғылыми бедел оның Мысырға келуімен жаңа белеске көтерілді.

Каирдің ең ірі медреселерінде дәріс бере бастаған Алауддин әл-Бұхаридің айналасына сол заманның атақты қазылары мен мүфтилері жиналды. Тіпті хадис ғалымы Ибн Хәжәр әл-Әсқаләни оның зеректігіне тәнті болып, одан «Сахих әл-Бұхари» бойынша дәріс алды. Ғалымның беделі тек ғылыми ортада ғана емес, билік басында да жоғары болды. Мысыр сұлтаны әл-Мәлік әл-Әшраф Барысбай мемлекеттік маңызы бар күрделі мәселелерде онымен ақылдасып отыратын. Алайда Алауддин әл-Бұхаридің тарихтағы басты еңбегі — оның Әһлі сүннет сенімін қорғаудағы табандылығы мен батылдығында жатыр.

Ол өз заманында «Ақиқаттың жаршысы» ретінде танылып, Әһлі сүннет сеніміне қайшы келетін философиялық ағымдармен пікірталастар жүргізді. Әсіресе, сол кезеңде Мысыр мен Шам өлкесінде кең тараған Ибн Арабидің мистикалық іліміне теологиялық тұрғыдан қатаң тойтарыс берді. Оның «Фәдихат әл-мулхидин уә нәсихат әл-мууәххидин» атты танымал туындысы осы күрестің айқын айғағы болды. Ғұлама бұл еңбегінде сенім тазалығын қорғап қана қоймай, билік пен халықты теологиялық ауытқулардан сақтандыруға күш салды. Бұдан бөлек, «Шарх әт-Тәхрир» мен «Шарх әл-Мақасид» сияқты еңбектері арқылы ол Ханафи мәзһабының әдіснамалық құпияларын ашып, Ибн әл-Һумәм мен әс-Сәхауи сияқты болашақ ғұламаларды тәрбиеледі.

Ғұлама өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізіп, 1438 жылы Салихия ауданында дүниеден өтті. Оның артында қалған методологиялық мұрасы мен шындық жолындағы турашылдығы — тек Ханафи мәзһабы үшін ғана емес, тұтас Ислам өркениеті үшін баға жетпес қазына болып қала бермек.

 

Хасенова Ж.

ҚазҰУ-нің «Исламтану» мамандығының магистрі

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: мақала 2026
Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ЗҰЛ-ХИЖЖА АЙЫНЫҢ 10 КҮНІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Қажылық ЗҰЛ-ХИЖЖА АЙЫНЫҢ 10 КҮНІ
Алла Тағала Өзінің пенделеріне мейірім етіп, олардың ізгі амал жасап, сауапқа кенелуіне үшін кейбір күндер мен түндерді өзгелерінен артық етіп бекітті. Сол ерекше берекелі уақыттардың бірі – зұл-хижжа айының алғашқы он күні. Бұл күндер – мұсылман баласының Раббысының кешіріміне бөленуге ұмтылып, құл...
Әпке-қарындастарға КИІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
Қыз өссе елдің көркі. Қыз – сұлулық пен нәзіктік ұғымымен қатар ар-ұятты да қоса тұла бойына сіңірсе қандай жақсы. Бірақ, бұл күнде соңғысы жетімсіреп жүр. Оны ешкім керек қылмай қойды. Есесіне, «сұлулықтың» бағы жанып тұр....
Психология ҚАНАҒАТ - БАЙЛЫҚТЫҢ КІЛТІ
Қанағатшыл адам ғұмырда көп жақсылық көреді. Көптеген жаманшылықтан құтылады. Қанағат аса құнды қасиет. Кейде сырттай бақылағанда кедей қанағатшыл көрінеді.
Рамазан 2026 РАМАЗАН - ТӘУБЕ АЙЫ
Қасиетті рамазан айына аман-сау жеткізген Алла Тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар болсын. Мұхаммед Пайғамбарымызға, отбасына, сахабаларына салауаттар мен сәлем болғай. Жаратқан Ие баршамызға осы айда өзінің қалағанындай, ақыретте шапағатшы болатындай түрде ораза ұстауға жәрдем етсін....
Пайым-парасат ЕКІ ТҮРЛІ СТАНДАРТ
Алты жасар бала түнде ата-анасымен кино көріп отыр. Ең әуелі, мұның өзі өрескел қателік. Бірақ, айтпағым басқа жайт. Кенет анасы: «Тұр, төсегіңе жат. Бұл үлкендер көретін кино», - дейді. Немесе кино барысында, «көзіңді жұм, қарама, ұят болады» дейді. Көруге болмайды деп өздері емін-еркін тамашалауда...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы ИСЛАМДАҒЫ САУДА-САТТЫҚ ӘДЕБІ
Сауда — тек дүниелік пайда табу жолы емес, ол — адам мен Алла арасындағы сенімнің бір көрінісі. Исламда сауда тек адал жолмен, әділдікпен және шыншылдықпен жасалуы тиіс....
Ислам тарихы АЛАШ ҰСТАНҒАН ДІН
Ф.ғ.д, профессор, алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы: «Алаш зиялыларының бәрі 100 пайыз мектепке барып, молданың алдынан өткен. Себебі ол заманда, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында бастауыш білім діни мектепте берілген. Бірден орыс мектебіне барғандар өте сирек, жоқ деуге де болады. Сондықта...
Ислам тарихы ЕҢ АБЗАЛ САДАҚА – ДІН ЖОЛЫНДА ДҮНИЕ ЖҰМСАУ
Ислам дінін сан ғасырдан бері рухани тірегі еткен халқымыз қайырымдылық істерді ерекше ыждағаттылықпен, ықыласпен, барын салып, беріле атқарған. Қамыққанға қамқор, жабырқаған жанға демеу болу – қанымызға сіңген қасиеттің бірі. Сондықтан болар халық арасында асар, жылу, шүлен тарату, сыбаға, кеусен, ...
Ислам тарихы ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
Жаны саудың – тәні сау демекші, асыл дініміз адамның жан дүниесінің тепе-теңдігімен қатар физиологиялық денсаулығына да ерекше көңіл бөледі.
Ислам тарихы ҚАСИЕТТІ ҚОС МЕШІТ ИМАМЫ
Діндар мен су сатушы Құдай қосқан көрші боп қатар қоныс тепкен екен. Сушының тері месін көршінің баласы бізбен тесіп тастайтын көрінеді. Алғашында бала ғой деп үндемеген болатын. Алайда, месін қырық тесік етіп жіберген соң амалы таусылған сушы: "Көрші, месімді балаң бірнеше рет тесіп тастады. Айыпқа...
Ислам тарихы ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНІҢ КҮМБЕЗІН КІМ ОРНАТТЫ?
Сіз Мәдинадағы Пайғамбар мешітінің күмбезін кім орнатқанын білесіз бе?
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Зуль-хиджа 1447
Миләди
18 мамыр 2026
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:52

Екінтіге дейін 00:47

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
7 қаң. 2026

04. Ощущения

Ассаламу алейкум. Да, этот материал требует уже некоторой базы. Медресе старших курсов, или учеба в

Администратор Azankz
22 жел. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi