ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 04:15

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:36 04:15 11:52 17:06 19:24 21:03
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Зуль-хиджа 1447
Миләди
27 мамыр 2026

Мақалалар

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

| A | +

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Құрметті отандастар! Қадірлі жамағат!

Сіздерді асыл дініміздегі ұлық  мейрам – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Айт қабыл болсын! Баршаңызға мол бақыт, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен  жұмыстарыңызға береке тілеймін.

Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алған. Малдың ең үлкенін әрі жақсысын құрбандыққа шалып, құрбандық етін көмекке мұқтаж жандарға тарату, қонақ күтіп, үлкеннің батасын алу, сыйлық-кәде беру, ренжіткен жанды кешіру, отбасын қуанышқа кенелту сынды амалдар – дәстүрімізде қалыптасқан ізгі құндылықтар.

Құрбан айт – исі мұсылман баласының ең ұлық мерекелерінің бірі. Өйткені ол – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы тереңде жатыр. Ибраһим пайғамбардан (оған Алланың сәлемі болсын) бастау алатын бұл мереке Алланың әміріне шәксіз мойынсұнудың нағыз көркем үлгісін паш етеді.

Аллаға деген шынайы  адалдық пен мойынсұнуға тәрбиелейтін бұл мейрам мұсылман баласын тақуалыққа жетелейді. Бұл туралы   қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – делінген. Аятта айтылғандай, Құдай жолында жақсылық жасауға ниеттенген пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды.

Құрбан айт – Жаратқанға жақындаудың, тақуалық пен жан тазалығын арттырудың, мұқтажға қол ұшын созып, сауапқа кенелудің мерекесі. Айт күндері адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, бауырмалдық пен жанашырлықтың, татулық пен бірліктің көркем үлгісін көрсетеді. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт күндері «Айт – татулық мерекесі» татуласу акциясын ұйымдастырады. Мұндағы мақсатымыз – араздасқан ағайынды, бір-бірімен ренжіскен жандарды татуластыру. Сондықтан мол сауап жазылатын қасиетті күндерде бір-бірімізді кешіріп, кеңшілік жолын ұстанайық, ағайын! 

Алла қаласа, айт күндері «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады. Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылады. Жер-жерде мәдени-рухани кештер өткізіледі. Осы ретте еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырамын.        

Құрбан айт тек діни мереке ғана емес, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын, қайырымдылықты паш ететін рухани мейрам. Осы орайда еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айтта мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін.

Ардақты ағайын!

Өздеріңіз білесіздер, Құрбан айтты атап өтудің негізгі мақсаты – мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірнеше жылдан бері халыққа қолайлы әрі ашық қызмет көрсету мақсатында еліміз бойынша qurban.muftyat.kz онлайн құрбандық платформасын жүзеге асырып келеді.

Бұл жоба ҚМДБ бастамасымен 2020 жылдан бері тұрақты түрде жұмыс істеп, жыл сайын техникалық тұрғыда жаңартылып, жетілдірілуде. Онлайн құрбандық жобасының негізгі мақсаты – азаматтарға құрбан шалу рәсімін заманауи цифрлық форматта оңай әрі сенімді түрде орындауға мүмкіндік беру, сондай-ақ мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді жүйелі ұйымдастыру. Игі бастама аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт күні республика деңгейінде қайырымдылық іс-шараларды жүзеге асырады. Барша халықты сауапты іске үлес қосуға үндеймін. Алланың рақым нұры төгілетін берекелі сәттерде халқымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік.

Қасиетті айт күндері әр шаңыраққа береке, әр отбасыға амандық тілеймін. Алла Тағала шалған құрбандықтарыңызды, жасаған дұға-тілектеріңіз бен игі амалдарыңызды қабыл етсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Жаратқан Иеміз халқымызға бақ-береке, мол ризық, ынтымақ пен татулық нәсіп етсін! Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: құрбан айт 2026
Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ҚАЖЫЛЫҚ ҒИБАДАТЫНЫҢ ЖАСАЛУ КҮНДЕРІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Қажылық ЗҰЛ-ХИЖЖА АЙЫНЫҢ 10 КҮНІ
Алла Тағала Өзінің пенделеріне мейірім етіп, олардың ізгі амал жасап, сауапқа кенелуіне үшін кейбір күндер мен түндерді өзгелерінен артық етіп бекітті. Сол ерекше берекелі уақыттардың бірі – зұл-хижжа айының алғашқы он күні. Бұл күндер – мұсылман баласының Раббысының кешіріміне бөленуге ұмтылып, құл...

Оқырмандардың пікірі (0)

ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Зуль-хиджа 1447
Миләди
27 мамыр 2026
Намаз уақыттары
қазір

Күн 04:15

Бесінге дейін 05:11

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Ассаляму алейкум. А где можно посмотреть список

X
8 сағат. бұрын

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
7 қаң. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi