ӘКЕ БАТАСЫМЕН ҰРПАҚ КӨГЕРЕДІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:34

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

ӘКЕ БАТАСЫМЕН ҰРПАҚ КӨГЕРЕДІ

| A | +

Халқымызда ғасырдан-ғасырға сақталып келе жатқан дәстүрдің бірі – бата беру. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деген мақалдың мәні осында жатса керек. Өйткені, біз ұрпағымызды инабаттылыққа, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйретіп, өнегелі өмір салтын қалыптастыруға ұмтылған ұлтпыз.

Үлкеннен, дуалы ауыз қариядан, дінді жақсы білетін ғалымнан бата алып қалу дәстүрі бағзы заманнан бастау алады. Өйткені, халқымыздың күнделікті тіршілігінде батаның орны ерекше болған.

Нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, жолаушыға бата, жастарға бата, сүндет той батасы, наурыз батасы, ораза айт батасы, жарапазан батасы, ас қайыру батасы сынды дұға жасау түрлері осы күнге дейін сақталып келеді. Батаның адам өміріне тигізер әсері мол. Сенімге негізделген батада айтылған әрбір сөздің қабыл болатынына халық ешқашан күмән келтірмеген.

Осы ретте әкенің өз ұрпағына беретін батасы жайында, оның мәні мен маңызы туралы ойымызбен бөлісуді жөн көріп отырмыз. Шын мәнінде, кез-келген ата-ана өз ұрпағы үшін Жаратқаннан бар жақсылықты тілеп, үнемі дұғада жүреді. Баланы лайықсыз істер­ден, теріс қылықтардан сақтандырып, оны ізгілікке әрі қайырымды істерге баулиды.

Әке немесе үлкен қария өз ұрпағына бата беру арқылы оларға өсиетін, насихатын жеткізеді. Өйткені, бата – тәрбие негізі, өсиет сөздің мәйегі. Біз мұны ел жадында әлі күнге дейін сақталып қалған Қарасай батырдың өз ұрпағына берген батасының мазмұнынан айқын аңғарамыз. Қарасай батыр ұрпағына былайша бата берген екен:

«Жақсы қыз – жағадағы құндыз,

Жақсы ұл – көктегі жұлдыз.

Жақсылап ұғып алыңдар!

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы,

Көпке салса, дұрысы, көнбесе болар ұрысы.

Алдымен еліңнің, жеріңнің қамын ойлаңдар, сөзіме терең бойлаңдар!»

Біз осы батадан Қарасай батырдың өз ұрпағына әуелі өз мүддеңді емес, халықтың қамын ойла деген өсиет сөзін байқаймыз.

Балаға дұға жасау – пайғамбарлар заманынан бастау алған игі іс. Пайғамбарлар өз ұрпағының салиқалы, ізгі, тақуа, даналықты бойына жиған адам болуын Алладан тілеген. Мұсылман адам үшін Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), оның өмірінен алар өнеге мен ғибрат көп. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаңа туған нәрестені құшағына алып, оған ерекше дұға жасайтын. Айша анамыз (оған Алла разы болсын) бұл жайында былай дейді: «Пайғамбарымыз өзіне әкелінген нәрестелердің әрбіріне береке тілеп, дұға оқитын».

Алла Тағала шынайы ниетпен, ерекше ықыласпен, айрықша құлшыныспен жасаған дұғаны қабыл етеді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) батасын алған қаншама бала өскенде мықты ғалым, тақуа адам болған. Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Абдулла ибн Аббасқа бала кезінде: «Уа, Алла Тағалам! Бұған хикмет үйрете гөр!» деп дұға жасаған. Сонымен қатар Әнәсқа (оған Алла разы болсын) байлығы мен бала-шағасының көп болуын, ұзақ өмір сүруін, берген садақаларының қайырлы болуын тілеген.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мынадай хадисі бар: «Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы қабыл болады». Расында, кез-келген баланың ең жанашыр адамы – оның ата-анасы. Әке-шеше өз баласына ешқашан жамандық ойламайды. Сол үшін шынайы ниетпен дұға жасап, Алладан ұрпағына екі дүниенің жақсылығы мен нығметін сұрайды.

Қорыта айтқанда, әр намазымызда ұрпағымыз үшін дұға жасайық. Сонымен қатар, бала-шағамызды үлкеннен бата алуға үйретуіміз керек. Мысалы, баламызға күнде батамызды берсек, олар да бізден бата алмай, үйден шықпауға әдеттенеді. Алла Тағала сіз бен біздің қызымызды қылықты, ұлымызды намысты етіп, олардың өмірін өнегелі еткей. Әмин!

Асан қажы ТІЛЕУБЕРДИЕВ,

Алматы қаласы Медеу ауданының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ДӘРЕТТІҢ РУХАНИ МӘНІ КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛА МА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ихсан ілімі ЫҚЫЛАС - ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Хәкім Абай қара сөзінде: «Махшарға барғанда Құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана Құда...
Ихсан ілімі Ихсан ілімінің мәні
Жыл басында Бас мүфти басымдық берілетін жеті бағытты бекіткен болатын. Солардың бірі – Ихсан рухани тәрбие негізі атты бағыт. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен қолға алынған бұл бағыттың басты мақсаты – Исламның биік көрінісін танытатын Ихсан ілімі туралы халықты ақпараттандыру, көзі қ...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ ЖӘНЕ РИЯ МӘСЕЛЕСІ
Бүгінгі ақпараттық және ксерокөшірме технологиясы дамып, әлеуметтік өмірдің барлық қыры әлемжеліленіп жаһанданған заманда риясыз шынайылық, төлтума немесе түпнегіз (оригинал) дүние тапшылыққа айналып барады....
Ихсан ілімі Рия кейбір күнәдан қауіпті
Бүгінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен барлық өңірде Ихсан ілімі кеңінен насихатталуда. Ихсан сөзі ізгілік, игілік, жақсылық деген мағынаны аңғартса, шариғаттағы мәні әр нәрсені кемел, көркем түрде орындау дегенді білдіреді. Осы ретте Ихсан ілімінде ықыластың алар орны туралы аз-к...
Ихсан ілімі Ихсан адамды жамандықтан алыстатады
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосатын үлкен еңбек дер едік. Сонымен қатар бұл кітап мұсылман жамағ...
Ихсан ілімі Ихсан қақпасы
Ихсан. Ихсансыз пенденің көңілі нұқсан. Қазақта «ихсан» сөзі тікелей қолданбаса да «қайырихсан», «ихсансадақа» деп қолданылған ұғымдар баршылық. Осы екі ұғымның өзінде ихсанның бар екені көрініп тұр. Яғни ихсанның түп-тамыры – жақсылық. Қайыр іс те – садақа да ихсанның белгілері. Алланың разылығына,...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:34

Имсакқа дейін 01:00

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi