ӘЛІБАЙ АХУН ҚОСҚҰЛАҚҰЛЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ӘЛІБАЙ АХУН ҚОСҚҰЛАҚҰЛЫ

| A | +

Сыр елі – Алашқа мәлім шайырлар мен батырлар, ақын, билердің мекені атанса, сонымен қатар ахундар мен ишандар, оқымысты молда, мақсым және ғұламалардың елі.

Ғылым саласында биік деңгейден көрінген Сыр бойы перзенттерінің Орта Азия ғана емес, бүкіл Шығыс мәдениетінде алар орны биік. Қазақ даласында ағартушылық істі өрістеткен осы оқымысты ғұламалар. Олар ел өміріндегі ықпалды әлеуметтік топ ретінде халықты мұсылман дінінің басты ұстанымы имандылыққа тәрбиелеп, мешіт салдырып, медреселер ашқан. Осы ғұламалардың қатарында Әлібай ахун Қосқұлақұлының орны ерекше.

Әсілінде ахундар мен ишандардың бейіттері, салдырған мешіттері немесе сол кісілердің атымен аталатын ауылдар болмаса, бүгінде олар жайлы ауыз толтырып айтарлықтай мәлімет жоқтың қасы. Себебі Кеңестік саясаттың күрзісі олар жаққан шырақтың біршамасын өшіріп тастады. Тек ауыздан-ауызға тараған аңыз әңгімелер арқылы көпшілікке танылуда. Ал бабаның өткен өмірі жайында бүгінде газет, кітап беттерінде аз-кем айтылып жүрген жоқ.

«Қожагелді діндар адам Әлібай,

Олар барады жаман жолды танымай»

деген мына бір өлең жолында ахунның әділдікті шын жүрегімен сүйген, болмысы дара тұлға екенін көрсетеді. Әлібай бала күнінде өзгелерден ерекше болмысымен, өзгеге ұқсамайтын мінез бітістерімен дараланған. Ол 1835 жылы Қожагелді руының атамекені Сарықұм деген жерде дүниеге келген. Шыққан тегі Шөмекей, оның ішінде Қожагелді, Назар-Шотқара. Мінезі кішіпейіл, өте сыпайы болған. Шағын денелі, көп сөйлемейтін, айналасындағы адамдарға бас көтеріп тік қарамаған. Мешітке аяқ баспай-ақ, тіпті оқу оқымай тұрып білімге бейімділігімен танылған. Дүниеге құмарлығы жоқ, тек қана Құран мен мәселе кітаптарды аудармалап оқыса керек. Өзін таза ұстауы соншалық, бірде өзі қатарлы балалармен мұз үстінде ойнап жүргенде өзге балалардың мұз үстіне дәрет сындырғанын көріп қатты қынжылыпты. Сонда өзі де «үстіме шашырайды» деп мұздан аулаққа шығып, жалғыз өзі құмға дәрет сындырады екен.

Әлібай тоғыз жасынан бастап ауыл молдаларынан дәріс алып, кейін белгілі ұстаз Ораз ахунға барып оқыған. Баланың келешегіне көз жіберген ұстазы оған ақ батасын беріп, Хорезм шаһарындағы Ер Сейтпенбет әулиенің әулеті Салқы ишанға оқуға жіберген. Араб тіліне өте жүйрік болған ол өзгелерден дараланып көзге түседі. Кейін білімін шыңдай отырып, оқуын ойдағыдай тәмамдап елге оралады. Ел несібесін көбейткен «Қурайлы» каналы қазылған кезде ел іргесі ыдырап, осы каналдың бойына қоныстана бастайды. Сол кездері ел басқарған халық қамқоры болған Бітеген, Әбдіраман, Тұржан сынды елжанды азаматтар жұртты жұмылдырып, «Қаратөбе» деген жерден Әлібай ахунға арнап жаңа мешіт салғызады. Мешіттің оннан аса бөлмелері болады. Әр бөлмеде төрт адамнан жатып молдалар дәріс алады. Қазір ол мешіттің орны әлі бар. Ақтөбе ауылында орналасқан, айналасы егіс алқап. Сондай-ақ мешітке шәкірттерге дәріс айтатын терең білімді, Бұхара қаласынан діни медресе бітірген Әбдікәрім, Нияз, Үбайдулла сияқты парасатты кісілерді алдырған.

Ахунның шәкірті Әбдікәрім, атағы алысқа кеткен Ораз ахунның немересі, араб, парсы, түркі тілдерін терең білген ғұлама. Әбдікәрімнің білімі қандай дегенде білетін кісілер «несін айтасың, Әбдікәрімнің білімі түпсіз терең теңіз» дейді екен. Қожагелді Нияз молданың да білімі Әбдікәрімнен кем болмаған. Әлібай ахунның «Қаратөбедегі» мешітінен елге белгілі азаматтар сапалы білім алып шыққан. Олар – Таубайдың Әбдірахманы, Жөнейт Жансейтұлы, Жұмаділ, Баймағанбет, Жәли, Балтоха, Бақон, Тұрмахан Тұңғышбайұлы, Машарап Әлиұлылар. Бұл азаматтар мұсылманша білімдерін жалғастырып, ел басқару ісіне араласып, бірқатары халық ағарту саласында көп жылдар қызмет еткен.

Кезінде Әлібай ахун туралы зерттеулер жүргізіліп, ол туралы аудандық басылым беттерінде ауқымды мақалалар жарияланған. Сонда газеттің тілшісі Шәкизада Шоқпарұлы өз мақаласында былай деп естелік қалдырады. «Ақжар ауылында көненің көзін көрген көптеген халыққа аттары белгілі адамдардың, асыл азаматтардың мұраларын білетін Таян қарттың үйінде жиі бас қосып отырамыз. Тәкең ауылдың шежіре қарты. Өте зерек кісі. Жасынан ауыл молдасынан арабша хат танып, кейін Әлібай ахун мешітінде мұсылманша білім алған. Тәкеңнің бір ерекшелігі жасынан Сыр бойы ақындарының, жыршылар мен шайырлардың терме-толғауын, айтыстарын жатқа білетін. Әсіресе өзімен ағайындас Таубайдың Жүсібінің өлеңдерін мәнеріне келтіріп айтатын. Таян марқұм өз сөзінде Әлібай ахунды табы кішкене шағын адам, көп сөйлемейтін, дүниеге құмарлығы жоқ жан дейтін. Тек қана Құран мен кітаптарды аударып отырады. Адамға бас көтеріп тіке қарамайтын, қараса екі көзі жұмулы болатын. «Бірде намазға дайындық жүргізіп, дәрет алып жатқанда көріп қалдым, екі көзі қып-қызыл екен. Ахунның ағайындары атын айтуға әбестеніп, әрі әруағын сыйлап «Қызыл көз» деп атайтын» дейтін. Олай болса бұл кісінің өмірі, айтқан сөзі, кейінгі ұрпаққа үлгі. Бұл шағын мақаламен Әлібай ахунның халық алдында атқарған еңбегі түгел қамтылмақ емес» дейді.

Сонымен қатар Таян Жүсіпұлының бір дерегінде бабаның тірі кезінде Тобаш деген шәкірт сопысы болған екен. Осы шәкірті Қызылқұмның қиясында «Көкаяз» деген жерде қайтыс болыпты. Сопы өлер алдында ағайындарына «Мені өзіме ұстаз болған Әлібай ахунның қасына жерлеңдер» деп өсиет қалдырыпты. Бір жағынан өсиетті орындау керек, күн де ыстық. Мәйіттің жолда бұзылып кетпеуіне не шара десеңізші. Осыны ойлаған туысқандары әбден басы қатады. Сонда да күмәнді ойларын сабырға жеңдіріп, алыс сапарға жолға шыққан екен. Құзылқұмнан Тобаш сопыны ахунның бейітінің қасына алып келе жатқанда Әлібай баласы Әбдіразаққа түсінде аян беріпті. «Әбдіразақ балам, көтер басыңды, алыстан қонақ келе жатыр, күтіп алуға қамдан» депті. Ол оянса түсі екен. Сонда да бұл түстің жәй емес екенін, қонақ болса күнде келіп жатыр, не болса да бейіттің басына келе жатқандар шығар деген ой келеді. Көп кешікпей Тобаштың да мәйіті жетеді. Түсінде аян берген әкесінің айтқан сөздері ойынан кетпей, мәйітті ел болып жерлеген екен.

Ахун жайында аңызға бергісіз тылсым әңгімелер де бар. Әлібай ахунды кей күндері, әсіресе рамазан айында ауыл тұрғындары «Құран оқып кетіңізші» деп жиі шақыратын болған. Олардың барлығына да «Иә, барамын» деп уәде береді екен. Бірде ахунды бір мезетте, бір уақытта бірнеше адам үйіне шақырса керек. Ол бәріне тағы да «Иә» деп жауап беріпті. Сонда әйелі «Сіз барлығына барамын деп уәде бердіңіз. Ал олардың мекендері әр жақта, шақырған уақыты да бір. Қалайша бір мезетте үлгересіз?» деп таңданыпты. Ахун үндемей шақырған уақытта үйде аят оқып отырады. Бұл көріністі сыртынан көрген әйелі басын шайқайды. Ертесіне үйіне шақырған кісілерден Әлібай ахунның үйге келіп, дастарқан басынан дәм татып, Құран оқып кеткенін естігенде еріксіз үнсіз қалған екен.

Әлібай Қосқұлақұлы 1929 жылы 93 жасында дүниеден өткен. Бүгінде оның мешіті Ақтөбе ауылынан 5 шақырым жерде оңтүстік батыс бөлігінде орын тепкен. Маңайында «Оңталап» шаруа қожалығының егіс алқабы орналасқан. Ал сол мешіттің оңтүстік шығысында 400 метрдей жерде ақ ордадай өте әсем салынған Әлібай ахунның үй тамы тұр. Кезінде халқына қалтқысыз қызмет еткен, сарқылмас білім берген, өзінің алымдылығымен, жоғары адамгершілігімен, әділдігімен ел есінде қалған халқы ахунға арнап үйтам орнатқан. Міне содан бері екі ғасырға жуық уақыт өтті.

Бүгінде ахунның ұрпақтары бабаның қорымын күтіп ұстап, оны сақтауды атадан балаға мирас етсе, рухына тағзым етіп, еске алуды дәстүрге айналдырған.

 

 

Алматы қаласы

«Әл-Хамид» мешітінің бас имамы

  Асылхан қажы Өмірзақұлы

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: ахундар
Предыдущий Следующий
АҒАЙЫННЫҢ АРЫЗЫ - ЕЛДІҢ СӘНІН КЕТІРЕР СӨЗ ТҮЗЕЛСЕ, АДАМ ТҮЗЕЛЕДІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Ихсан ілімі ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИШАНДАР МЕН АХУНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
Қазақ жұртының рухани саладағы әрлі-берлі тарихына зер салсақ, небір діни қайраткерлердің қажырлы еңбектеріне қайран қаларсыз. Мешіт ұстау, шәкірт тәрбиелеу, кітап жазу, ел іргесін бекіту, бірлік-ынтымағын арттыру, халық арасында имандылық, әділдік, тазалық пен пәктік құндылықтарын жан-жақты насихат...
Мәнһәж ӨТКЕННІҢ ӨНЕГЕСІН БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАҒАН
«Алла» деп нәпсісін тыйғандар, Бұрынғы шайхы, ишандар. Жүргізген екен жұртына Шариғаттың хүкімін, Ұстаған діннің бүтінін... (Сәттіғұл Жанғабылұлы)
Ихсан ілімі ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДЕН ШЫҚҚАН ӘУЛИЕ-ИШАНДАР
Қазақ даласында ислам мəдениетінің орнығып дамуына, халық санасында ислам құндылықтарын қалыптастыруға қазақ жерінен шыққан діни қайраткерлер, ишандар үлкен еңбек сіңірді....
Ихсан ілімі ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИШАНДАР МЕН АХУНДАР
Қазақ жерінде ислам мəдениетінің орнығып дамуына, халық санасында ислам құндылықтарын қалыптастыруға қазақ даласынан шыққан діни қайраткерлер, ишандар мен ахундар үлкен еңбек сіңірген....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ихсан ілімі СОПЫЛЫҚ – ҚАЗАҚ МҰСЫЛМАНДЫҒЫНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы негізгі бағыты ретінде Абай танымындағы «Толық адам» ұстанымын басшылыққа алатынын мәлімдеген еді. ...
Ихсан ілімі ИМАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІН НЕДЕН БАСТАҒАН ЖӨН?
Сахаба Әбу Һұрайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Адам баласы дүние салғаннан кейін амал дәптері жабылады. Бірақ мынандай үш кісіден басқа (олардың амал дәптерлері қиямет күніне дейін жабылмайды):...
Ихсан ілімі АБАЙ ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Құдіреті күшті Алла Тағала Құран Кәрімде ерекше мән берген құндылықтың бірегейі де осы – ихсан ілімі....
Ихсан ілімі ҚАЗАҚ ЖЫРАУЛАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШАРИҒАТ
Қазақ жыраулар поэзиясы тақырыптық, мазмұндық аясында ерекше көрінетін мәселе - дін тақырыбы. Қазақтың әдебиеті ауызша дәстүрде таралуына орай, әуел бастан-ақ халық ақын-жыраулардың жалынды жырларына, ой-толғауларына үнемі құлақ түрді, оларды жадында ұстады....
Ихсан ілімі ӘКЕ БАТАСЫМЕН ҰРПАҚ КӨГЕРЕДІ
Халқымызда ғасырдан-ғасырға сақталып келе жатқан дәстүрдің бірі – бата беру. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деген мақалдың мәні осында жатса керек. Өйткені, біз ұрпағымызды инабаттылыққа, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйретіп, өнегелі өмір салтын қалыптастыруға ұ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 00:37

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi