СОПЫЛЫҚ – ҚАЗАҚ МҰСЫЛМАНДЫҒЫНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:18 11:53 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-сани 1446
Миләди
21 желтоқсан 2024

Мақалалар

СОПЫЛЫҚ – ҚАЗАҚ МҰСЫЛМАНДЫҒЫНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ

| A | +

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы негізгі бағыты ретінде Абай танымындағы «Толық адам» ұстанымын басшылыққа алатынын мәлімдеген еді. Бүгінде Діни басқарма Исламның негізгі үш тірегі «ислам-иман-ихсан» мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Осы үш таған жүрекке нық орныққанда ғана шынайы кемел адам қалыптасады. Исламның бес парызын білген, иманның шарттарына мойынсұнған, ихсанды жүрегіне тоқыған адамның имани-сенімі де берік болары анық.

Ихсан дегеніміз – шынайылық. Кез-келген құлшылықты шын ықыласпен, саф көңілмен жасау – ихсанның басты шарты. Сондай-ақ ихсанды жүрек ілімі, ар ілімі десек те болады. Бұл жолды ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұстанып келген. Діни термин ретінде ихсан деп аталғанымен, бұл жол қазақ даласында сопылық жол ретінде белгілі болды. Яғни сопылық жол – қазақ мұсылмандығының ажырамас бір бөлігі. Ғасырлар бойы жалғасқан осы жолда қазақтың дүниетанымы, бар болмысы, әдет-ғұрпы мен салт-санасы қалыптасты. Соның негізінде дін мен дәстүр сабақтасты.

Арғы арналары ІХ-ХІІ ғасырларда, яғни қарахандықтар билігі тұсында өмір сүрген Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғаниларға барып тірелетін, бергі жағы ХХ ғасырдағы Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәді төре Жәңгірұлы секілді діни-ағартушыларымызға дейінгі мың жылдықта сопылықтың сырлы әлемі қазақ руханиятының ажырамас бір бөлігіне айналды. Сондықтан сопылық ілімсіз қазақтың имани-сенімін жіті түсіну мүмкін емес. Ислам, иман және ихсанды қатар ұстанған бабаларымыздың бойында сабырлық, ұстамдылық, қанағат, шүкірлік, байсалдылық секілді асыл қасиеттер қалыптасты. Көркем мінездің осы қасиеттері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.

Құран мен сүннетке негізделген сопылық – имани сенімді арттырып, Аллаға жақындата түсетіні анық. Сондай-ақ жүректі тазартып, Жаратушының разылығын табуға бастайтыны да ақиқат. Ғалымдар сопылыққа түрлі анықтама берген. Олардың бәрінің ойының жиынтығы Аллаға шын көңілден құлшылық етіп, Оның разылығын табу дегенге келеді.

Алла Тағала Құранда: «Кімде-кім Алланың зікірінен бет бұрса және ұқыпсыз болса, оған шайтанды бастық етіп қоямыз. Ендеше, ол шайтан оған өте жақын», – деген. Сондықтан Алланың зікірін көп жасап, оған шынайы көңілмен амал ету қажет. Тариқатта шынайы пірдің қолынан ұстап, ақиқатқа қадам басу сұралады.

Шынайы рухани ұстаздың қандай болуы керектігі туралы Сопы Аллаяр өзінің «Сәбәтул-әжизин» еңбегінде былайша таратып берген:          

  1. Шариғат үкіміне ешбір істе қарсы шықпасын;
  2. Әр уақыт біреуден үміт етпесін;
  3. Шариғат ілімінде кәміл болсын;
  4. Тариқат ілімінде және тасаууфда мохир болсын;
  5. Тәкәппар болмасын;
  6. Әр уақыт өз нәпсісін пәк деместен, қашан да күнәһар екенін ұмытпау және Аллаға лайықты құлшылық қыла алмадық деп уайымдау.

Қожа Ахмет Ясауи де «шариғатсыз тариқатқа кіріп болмайтынын, пірсіздің пірі – шайтан» екенін баса айтқан. Сондықтан тариқаттағы басты шарт кемел рухани ұстаздың болуы дер едік. Қазақтың дәстүрлі дінін насихаттаған, сопылықтың сырлы әлемін бойына сіңірген рухани ұстаздарды біз де көріп, солардың тәрбиесінде болдық. Олардың бойына жинақталған көркем мінезді бойымызға сіңіруге тырыстық. Діннің негізі әдепте екенін ұғындық.

Негізінде қазақ даласындағы сопылықтың тарихы орта ғасырлардан басталады. Қарахандықтар билігі тұсында өмір сүрген Қожа Ахмет Ясауи түркі даласында сопылықтың сырлы әлемін үгіттеп, Халиқ пен махлұқты, яғни Жаратушы мен жаратылысты махаббатпен тану керектігін алға шығарды. Алланың «Қаһһар» атынан қорқып емес, қайта Оның «Рахман», «Рахим» атына ғашық болып, құлшылық жасауға шақырды. Оның даналық сөздерінің жиынтығынан тұратын «Диуани хикметінде» ғашық пен машұқ мәселесі жиі көтерілді. Ясауи бір хикметінде «Не қылсаң да, ғашық ете көр, Пәруәрдігәр» десе, тағы бір даналық сөзінде «Ғашықтық болмаса, танып болмас Мәулім Сені» деп жырлады. Ясауидің осы сөзін араға ғасырлар салып хәкім Абай:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті,

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және де Хақ жолы деп әділетті, – деп қайта жаңғыртты. Яғни қазақтың танымындағы ихсан, яғни сопылық – ғашықтық жол. Жаратушыны, адамзатты, әлемді ышықпен, махаббатпен тану концепциясы.

Ғашықтық концепциясына негізделген Қожа Ахмет Ясауидің рухани ілімі түркі халықтарының арасына кеңінен тарады. Оның айналасына мыңдаған мүридтер шоғырланды. Ясауидің мүридтерінің қатарында Арыстан бабтың ұлы Мансұр ата, екінші шәкірті Сайид ата Хорезми, үшінші шәкірті Сүлеймен Бақырғани есімдері зор құрметпен аталады. Сондай-ақ деректерде оның Шайқы Лұқман Парранда, Мансұр ата, Сейіт ата, Суфи Мұхаммед Данишманд Зарнуқи, Хәкім ата, Баба Машын деген шәкірттерінің болғаны айтылады. Ясауидің осы шәкірттерінің үгіт-насихатының нәтижесінде Дешті Қыпшақ даласында «аталар» институты қалыптасты. Шығыстанушы Төрәлі Қыдыр айтқандай, Ахмет Ясауидің рухани жолын насихаттаған тұлғалар «ата» деп атала бастады. Арабтың «шайқы», парсының «пірі», түркінің «атасы» - бәрі де сопылық танымда рухани ұстазды білдіретіні анық. Ясауи жолын насихаттағандар қазақ даласында «ата» деп құрметтелді. Қазақ даласындағы Хәкім ата, Ысқақ ата, Ысмайыл ата, Ибраһим ата, Жылаған ата, Дәуіт ата, Зеңгі ата, Шопан ата, Үкаша ата секілді «аталарымыз» осы жолдың насихаттаушылары еді. Бұл дәстүр ғасырлар бойы жалғасып, дәстүрлі танымға ұласты. 

Қарахандықтардан кейін Ұлы дала төсінде бой көтерген Алтын Орда мемлекетінің исламдануында да Ясауи жолының әсері мықты болды. Кейбір зерттеушілер Сейіт ата, Шопан Сейіт ата, Бадр-ата, Баба-Тұқлас, Ұзын Хасан аталардың сол заманда өмір сүргенін алға тартқан. Тіпті Алтын Ордада Исламды мемлекеттік дін дәрежесіне көтерген Берке хан мен Өзбек хандардың Исламды қабылдауына сопылық жолдың пірлері әсер еткен. Мысалы, Берке ханның иманға келуіне атақты сопы Нәжм әд-Дин Кубраның шәкірттері әсер еткен десе, Өзбек хан Ясауи жолы пірлерінің кереметтері нәтижесінде Исламды қабылдаған. Яғни Алтын Орда мемлекетінің исламдануында сопылық жол шәкірттерінің үлесі басым болды.

Еуразия құрлығының басым бөлігіне билік жүргізген Алтын Орда мемлекетінен бөлініп шыққан Қазақ хандығының қалыптасуына да сопылық жол әсер етті. Абылай ханның рухани ұстазы, яғни пірі Жалаңаяқ әздер еді. Хандар белгілі бір тарихи шешімдер қабылдарда немесе ұлы жорықтарға аттанар алдында рухани ұстаздарымен кеңесіп, солардың оң батасын алуға тырысатын.

Қазақ хандығы тұсында махфи зікірге негізделген Баһауддин Нақышбандтың ілімі кеңінен тарады. Содан қазақ даласында «Жүрегің Аллада, қолың істе» болсын деген ұстанымға негізделген «ишандар» мектебі қалыптасты. Ясауи жолы мен Нақышбанд жолы осы кезеңдерде тұтастанып, қазақ руханиятының ажырамас бөлігіне айналды. Екі рухани жол бір-бірін жатсынбады, қайта қазақ халқының рухани тұтастығына негіз болды. Баһауддин Нақышбандтың жолын ұстанғандар Арыстан баб пен Қожа Ахмет Ясауидің басына барып зиярат етуді әдетке айналдырды. Ибраһим ата, Исмайыл ата, Жылаған ата, Ұзын ата, Үкаша аталарды да өз дұғаларына қосты. Нақышбанди жатқан Бұхараға барып, әулиенің жатқан жерін зиярат етті. Ол жерді «Бұхар Шәріп» деп құрметтеді. Сондықтан да Қазақ хандығы тұсында екі рухани жол толықтай тұтастанды.

Бұхара, Самарқан, Хиуадағы медреселерден тәлім алған шәкірттер Ислам дінін тарата бастады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ даласында бой көрсеткен «кітаби ақындар» мен «сыр сүлейлерінің» басым бөлігі сол жақта рухани ілім алғандар болатын. Сол заманда қазақ даласынан шыққан Шәді төре Жәңгірұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуұлы, Қалжан ахун секілді діни ағартушылар да осы рухани жолдың өкілдері болатын. Олар сопылықтың сырлы әлемін өлең сөзбен өрнектеп жеткізді. Шынайы жүректен шыққан үгіт-насихат ауам халықтың көкейінен терең орын алды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті үлгілері саналатын қисса-дастандар, жыр-толғаулардың бәрінде де рухани жолдың өзегі сақталды. Сопылық жол қазақ руханиятының ажырамас бөлігіне айналды.

Сопылық жолды Жаратушы мен жаратылысты махаббатпен тану десек, онда сол таным бүгінгі қазақ қоғамына аса қажет. Себебі егемендік алған жылдары әртүрлі жамағаттар дәстүрлі дінімізді мансұқтап, өздерінің жымысқы идеяларын насихаттай бастады. Соның салдарынан ғасырлар бойы жалғасқан дін мен дәстүр сабақтастығына сызат түсті. Әр жақтан дінді үйреніп келгендер қазақтың рухани жолын жоққа шығаруға тырысты. Содан салт-санамызды жоққа шығаратын «бидғат ылаңы» белең алды. Келіннің атасына салған сәлемі алғыс емес, қарғыс болды. Олар негізгі діңгегіміз бен алтын тамырымызға қол салуға тырысқанымен де, ғасырлар қойнауына кеткен руханиятымыздан ажырата алмады. Бүгінде бабаларымыз салған сара жолды қайта тірілтіп, рухани жаңғыру жолына түсіп келеміз. Алла осы жолдан айырмасын!

 

Кенжеәлі ҚОҢЫРАТБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти

«Иман» журналы, №3, 2023 жыл

Предыдущий Следующий
ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫҢ ДАРА ПЕРЗЕНТІ – БЕЙБАРЫС СҰЛТАН «ҚАЖЫЛЫҚ-2023» МАУСЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ихсан ілімі ИМАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІН НЕДЕН БАСТАҒАН ЖӨН?
Сахаба Әбу Һұрайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Адам баласы дүние салғаннан кейін амал дәптері жабылады. Бірақ мынандай үш кісіден басқа (олардың амал дәптерлері қиямет күніне дейін жабылмайды):...
Ихсан ілімі АБАЙ ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Құдіреті күшті Алла Тағала Құран Кәрімде ерекше мән берген құндылықтың бірегейі де осы – ихсан ілімі....
Ихсан ілімі ҚАЗАҚ ЖЫРАУЛАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШАРИҒАТ
Қазақ жыраулар поэзиясы тақырыптық, мазмұндық аясында ерекше көрінетін мәселе - дін тақырыбы. Қазақтың әдебиеті ауызша дәстүрде таралуына орай, әуел бастан-ақ халық ақын-жыраулардың жалынды жырларына, ой-толғауларына үнемі құлақ түрді, оларды жадында ұстады....
Ихсан ілімі ӘКЕ БАТАСЫМЕН ҰРПАҚ КӨГЕРЕДІ
Халқымызда ғасырдан-ғасырға сақталып келе жатқан дәстүрдің бірі – бата беру. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деген мақалдың мәні осында жатса керек. Өйткені, біз ұрпағымызды инабаттылыққа, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйретіп, өнегелі өмір салтын қалыптастыруға ұ...
Ихсан ілімі ЫҚЫЛАС - ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Хәкім Абай қара сөзінде: «Махшарға барғанда Құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана Құда...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-сани 1446
Миләди
21 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi