ӘКЕНІҢ ТӘРБИЕЛІК ӘДІСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 17:06
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:52 06:07 11:40 15:22 17:06 18:22
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
8 Джумада-авваль 1448
Миләди
19 қазан 2026

Мақалалар

ӘКЕНІҢ ТӘРБИЕЛІК ӘДІСІ

– | A | +

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Барлық бала (иман) болмысымен туады. Ал, ата-анасы яхуди немесе христиан немесе отқа сиынушы етеді. Бұл жануардан жануар туатын сияқты. Сендер төлдің құлағы кесілген боп туғанын көрдіңдер ме?[1]»,-деген. Аталмыш хадис бала кіршіксіз таза боп туатынын айтуда. Әрі, баланың қалыптасуында әке-шеше тәрбиесінің маңызды екенін аңдатады.

Бірақ, әке ретінде баламыздан өзіміз істемейтін дүниелерді талап етуіміз қаншалықты дұрыс? Баланы жақсылыққа бейімдеуге тырысамыз. Алайда, бала көзінде түзу болмасақ ше? Мұның қаншалықты тәрбиеге әсері бар? Қасиетті Құранда: «...Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді...[2]»,-дейді. Демек, бала тәрбиесі – әуелі әкенің жақсылыққа бет бұруынан басталады. Ең бірінші тәлімгер, яғни әке өзгеруі керек. Еркек болған соң жұмыс шаш-етектен болуы заңдылық. Бірақ, шаңырақ иесі ретінде үйдің ішкі шаруасына қолғабыс ету керек. Бала тәрбиесінде әкенің тұлғалық бейнесі ерекше ролге ие. Сонымен қатар әр әкенің өзіндік тәрбие тәсілі болады. Біз соның ең маңызды қасиеттеріне тоқтап өтейік:

Үлгі. Үлгі болу – тәрбиедегі ең маңызды тәсілдің бірі. Адам бойындағы жағымды жүріс-тұрысы да, теріс іс-әрекеті де еліктеу тудыруы әбден мүмкін. Әсіресе, жас бала үлкендердің әрбір қимыл-әрекеті дұрыс деген оймен еліктейді. Жалпы, ересектер арасында баланың ең бірінші үлгі тұтатын тұлғасы – әке. Әдетте, шамамен бала екі жасынан бастап еліктеуді бастайды. Ал, бес-алты жасында еліктеу ең жоғарғы шыңына жетеді. Мұнан кейін жігіттік шағына дейін бірқалыпты сақталады. Баланың әкесіне еліктеуі – оған деген сүйіспеншілігінің нышаны. Ешбір қорқудың немесе күштеудің салдары емес. Бұл бейкүнә баланың кіршіксіз көңілінен туған әкеге деген ыстық сезім.

Бала еліктеу және үлгі тұту арқылы біз ойлағаннан әлдеқайда көп дүниелерді үйренеді. Мағруф Зурайқ: Бала бізден әсерленеді. Осылайша, біздің қарым-қатынастағы жүріс-тұрысымызға еліктейді. Көрші-қолаңмен қарым-қатынасымызға, жұмыстағы әріптестерімізмен сөйлескен әдісімізге дейін еліктейді. Әдетті мұны біз көбіне көп байқай бірмейміз. Біздің көңіл-күйіміз тұтастай баламыздың рухани бейнесіне айналады»,-деп жазады. Осы негізде, балаға жақсы өнеге болудың жолы әкенің жақсы істерге әдеттенуінен басталады. Қасиетті Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?! Істемейтін істі айту – Алланың алдында ең жеккөрінішті нәрсе[3]». Бұл аяттың бір мағынасы, әдетте адамның сөзі балдан тәтті келеді де, бірақ іс жүзінде тірлігі ала бөтен боп шығады. Сол сияқты әке де балаға жаман бол демейді. Бар жақсыны айтып тәрбиелемек болады. Алайда, балаға естіген сөзден қарағанда әкесінен көрген тәрбиесі әлдеқайда жұғымды келеді. Хадисте: «Қиямет күні бір адамды алып келеді де, оны тозаққа лақтырады. Сол кезде ішінен ішек-қарны ақтарылып түседі де диірменді айналған есек сияқты ішегі денесіне оратылып жатады. Оның айналасына тозақтағы адамдар үйіліп қалады. Олар: Ей, пәленше саған не болған? Сен жұртты жақсылыққа шақырушы едің, жамандықтан қайтарушы емес пе едің?,-дейді. Сонда ол: Иә, солай. Мен жұртты жақсылыққа шақырушы едім, бірақ өзім жасамаушы едім. Жұртты жамандықтан қайтарушы едім, бірақ өзім істейтінмін[4]»,-деген.

Бала алты жасар. Ол ата-анасының айтып жүрген ақыл-кеңестерін өздері қаншалықты орындайтындығын ажырата алатын халде. Сондықтан, жалаң сөз бұдан кейін балаға тәрбие бола алмайды. Мұнан кейін, әкенің сөзі мен жүріс-тұрысы үйлесуі қажет. Бүгінгі таңда, біздің иманымыз, мінез-құлығымыз және құндылықтарымыз бір жақта. Ал күнделікті жүріс-тұрысымыз бір жақта бөлек боп тұр. Құндылықтар мен өмір салтымыз бір-бірімен қабыспаса балаға ешбір оң әсері болмайды. Иманымыз бен әрекетіміз бір-бірімен үйлеспейтін қарама-қайшы, теріс боп тұр. Ендеше, мұндай қарама-қайшылық ортада жақсы ұрпақ өсіремін деу қиынның қиыны.

Бала тәрбиешінің сөзін құлағымен естиді. Алайда, көзімен көріп тұрғаны мүлдем басқа жағдай. Табиғин Амр бин Ұтба баласының мұғаліміне: «Баламды түзетудегі ең бірінші тірлігің өзіңді түзету болсын. Себебі, баланың екі көзі сенің жүріс-тұрысыңда. Бала сен істеген әрбір тірлік мақұл, жақсы деп біледі. Оның түсінігіндегі жағымсыз нәрсе де сен құптамаған және жақтырмаған тірлік»,-деген екен. Бала сөздердің мән-мағынасын жіті түсіне бермейді. Олар үшін көзбен көріп ұғынатын өрнек қажет.

Мейірім мен махаббат. Бұл ұғымдар тәрбиенің іргетасы. Мейірім баланы құшақтау, бетінен сүю, жұмсақ мәміле жасаумен көрініс табады. Бала нәресте болса да мейірімнің не екенін ұғынады. Баланы жастан деген ұғымды қаталдық тәрбиенің негізі деп асыра сілтеп жібереді. Мейірім көрмеген баладан ертең әкесі қалайша мейірім күтпек. Бала ертең біреумен мейірімді бөлісе алуы үшін әкесінің мейіріміне тойып өсуі қажет. Ақрағ бин Хабис пайғамбарымыздың жанында отырған екен. Ардақты Пайғамбарымыз жүгіріп келген бала Хасанның маңдайынан сүйеді. Сонда, Ақрағ менің он балам бар. Олардың ешбірін сүйіп көрмеппін,-дейді. Бұған Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Кімде-кім мейірімділік етпесе, мейірімділік көрмейді[5]»,-деген екен. Әнас бин Малик (р.а.): «Бала-шағасына пайғамбарымыздан мейірімді адамды көрмедім»,-дейді. Жалпы, әкенің балаға деген мейірімі табиғатында бар қасиеті. Балаға мейірім көрсету әкеге ешбір қиындығы жоқ. Ал, енді әке жүрегінде мейрімі жоғалса, онда оның ең бақытсыз адам болғаны. Әкесінен қаталдық сезген бала да әкесінен қасақана осындай мәміле көрсетеді. Бала әкесіне одан алған сезімін көрсетеді.

Әбу Ләйлә риуаяты: «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құзырында едім. Үстінде Хасан ба, Хусейн бе отырған. Отырған күйі бала кіші дәретін жіберді. Баланың зәрі жолақ боп ағып жатқанын көрдім. Сонда мен баланы (Хасанды) алмақ боп ұмтылдым. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Балама тиіспеңдер. Дәретін бітірмейінше шошытпаңдар,-деді. Артынша су құйып жіберді[6]»,-дейді.  

Әділдік. Әке балаларына тең қарауы керек. Ұл-қыз деп, тұңғышым немесе кенжем, еркетайым деп бөліп жармауы тиіс. Олардың арасында әділ мәміле жасауы қажет. Әкенің мейірімде алалап жатқанын көріп өскен бауырлар бір-бірін жеккөріп және қызғанып есейеді. Тіпті, әкесіне де кектенуі мүмкін. Хадисте: «Ақиқатында, Алла Тағала сендер өз араларыңда әділ болуларыңды қалағандай балаларыңның арасында да әділ болуларыңды қалайды[7]»,-делінген. Бір баланың тілі ерте шығады. Бірі епшіл, пысық келеді. Міне, осындайда, баланы бөліп, сен ширақ емессің, пысық емессің деп бөлу әке тарапынан болған өрескел қателік. Әке баланы қаз қалпында жақсы көру керек. Бала әкенің мейірімін сезініп өсуі керек. Мұның бала мінезінің дұрыс қалыптасуына үлкен әсері бар.

Зерттеушілер бала бойында кектену және қызғану сияқты теріс қылықтың төркінін іздеген. Мамандар бірауыздан мұндай оғаш мінезге қатты әсер етуші фактор ретінде аға мен бауырды немесе қарындасты бірін-бірінен артық санау екенін айтқан. Сонымен бірге, балалардың көзінше немесе естіртіп бір-бірімен салыстыру да өзіндік кері әсерін тигізеді. Сондықтан, әке ретінде барлық баласына тең қарауы тиіс. Тіл алғыш баласын бұзығынан артық жақсы көрмеу. Кенжесін үлкенінен артық еркелетпеу деген сияқты. Мұның барлығын бала сезеді, аңғарады. Әке осындай қателік жіберсе, дер кезінде жағдайды түзетуге тырысуы қажет. Әйтпесе, «жәбір» көрген баласы бауырларына деген ашу-ызамен өседі. Бала қажетінше ала алмаған мейірім мен көңілдің есесін бауырларынан қайтару ойымен ер жетеді.

Әкеге серік болу. Бала сегіз жастан кейін әкесімен бірге отырып, әңгімеге араласқанды қалайды. Әкесінің сөз саптауын, көптің ішінде өзін ұстау мәнерін көріп, үлгі ете бастайды. Осы кезеңді әке дұрыс пайдалануы қажет. Баланы мүмкіндік туған жағдайда өзімен бірге алып жүру. Бұл бала үшін баға жетпес тәрбие көзі. Әкесінің жанында жүріп немесе үйге қонақтар келгенде дастарқан басында меймандарға қызмет ету арқылы көпті үйренеді. Әрине, үнемі баланы бірге ертіп жүру мүмкін емес. Десе де, жұмасына бір рет бірге ертіп саябаққа немесе басқа да жерге шыққан жөн. Сонымен бірге, әр күні кешке жарты сағаттай бірге әңгіме-дүкен құрудың әдетке айналдырған жөн.

Даналықпен бағыт беру. Жеңілдету, оңайластыру әрі жақындату шариғаттың ұстанымы. Балаға бір істі немесе шаруаны үйретуде осы тәсілді қолдану қажет. Сонда мейлінше тез үйренеді. Хадисте: «Дұрыс бағытқа салыңдар, жақындата түсіңдер. Таңертең және кешке әрекет етіңдер және түннің бір уақытында (бас салып, өзін қинай бермей тіршілік пен құлшылыққа тиімді уақытта әрекет ету меңзелуде). Орташа әрекет етіп мақсатқа жетесіңдер[8]»,-деген. Тағы бір хадисте: «Кінәмшілдер құрдымға кетті[9]»,-деген. Бұл риуаяттағы кінәмшіл – сөзінде және ісінде шектен шығуды, тым назшыл, өте кірпияз адам. Ибн Ражаб Ханбали: Алла Тағалаға ең ұнамды іс дұрыс бағыттағы, орта деңгейдегі, оңайластырылғаны және ешбір қиындату және ауырлату болмағаны»,-дейді. Міне, бұл құлшылыққа қатысты талаптар. Ендеше, басқа шаруада жұмсақтық, оңайталу әлде қайда көбірек қолдану қажет.

Тәрбиеде әр нәрсенің мөлшерін білу қажет. Тым шектен шығу зиян. Сол сияқты немқұрайлық та сол деңгейде залалы бар. Тәрбиеде әр нәрсенің орта тұсын таба білу маңыз. Әке үнемі балаға бағыт беріп отырғаны жөн. Бірақ, жалықтырып жіберетіндей тым көп айтуының пайдасынан гөрі зияны көбірек болмақ. Сол сияқты баланы жазалауда да орта тұсын таба білу керек. Өйткені, жазаның мақсаты баланы тәрбиелеу, жасық та қорқақ ету емес. Сондықтан, баланың кейбір бұзықтығын байқамағандай болған дұрыс.

Имам Ғазали (р.а.): «Баланы көп жазғырма. Әйтпесе, балаға әдепсіздік түкке тұрғысыз боп қалады. Нәтижеде, сөз баланың жүрегіне ешбір әсері тимейтін болады. Әке сөзінің сұсын сақтасын. Тек ара-кідік ескерту айтсын»,-деген екен. Демек, баланың әрбір тентектігіне қой деп айта берудің ешбір пайдасы жоқ. Керісінше, мұндайда әке сөзінің қадірі қашады. Баласын жөнге салмақ болған әке жәбірлеуден аулақ болуы қажет. Ұрысуы да, жазалауы да шектен шықпауы керек. Бала әкенің мейірімін сезінуі керек. Әр кез еркелеп, әзілдесіп ойнай алатынын біліп тұруы қажет. Сонымен бірге, әкесіне деген құрметі мен сыйлауын жоғалтып алмауы тиіс. Демек, әке бойында – мейірім мен махаббат, айбын мен батылдық бір-бірін толықтырып тұруы керек.

 

 

Руслан Қамбар

Дінтанушы, PhD докторант, «Таугүл» мешітінің бас имамы

Иман журналы.

[1] Бұхари, Муслим

[2] Рағд сүресі, 11-аят

[3] Саф сүресі, 2-3 аяттар

[4]Муслим

[5] Тирмизи

[6] Һайсами, Мажмағ Зауаид

[7] Дарақұтни

[8] Бұхари

[9] Муслим

Авторы Руслан Қамбар

Дінтанушы, PhD докторант

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: мақала 2026 жыл
Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ – АЛЛАНЫҢ БЕРГЕН НЫҒМЕТІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Әдеп (этика) ИСЛАМДАҒЫ ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ  ӘДЕБІ
Ислам діні ілімді адамзатқа берілген ең ұлы нығметтердің бірі ретінде бағалайды. Өйткені ілім – адамның Раббысына жақындауына, ақиқатқа жетуіне және қоғамға пайдалы қызмет етуіне бастайтын ең сенімді жол. Сол себепті исламда білім алу да, білім үйрету де қарапайым іс емес, сауапқа бастайтын құлшылық...
Қоғам АДАЛ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ
Барлық мақтау әлемдердің Раббысы болған Алла Тағалаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), оның отбасы мен сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!...
Пайым-парасат БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ ҚАТЕЛІК
Бала – ата-ананың аманаты, отбасының қуанышы, қоғамның болашағы. Әрбір ата-ана баласының тәрбиелі, білімді, иманды болып өсуін қалайды. Алайда кейде жақсы ниетпен жасалған әрекеттердің өзі тәрбиеде үлкен қателіктерге алып келуі мүмкін. Бала тәрбиесіндегі ең үлкен қателіктің бірі – балаға жеткілікті ...
Ағымдар мен секталар ЖАТ АҒЫМНАН ЖАТ ЖҮР
Қазіргі жаһандану дәуірінде ақпарат кеңістігінің қарқынды дамуы адамдардың діни танымына тікелей әсер етуде. Интернет желісі арқылы әртүрлі діни көзқарастар мен бағыттар еркін таралып, кей жағдайда діннің шынайы мазмұнын бұрмалап жеткізетін жат ағымдардың ықпалы күшейіп келеді....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы БАЛАЛЫ ҮЙ - БАЗАР
Қазақ дүниетанымында бала – өмірдің жалғасы, шаңырақтың шуағы, ұлттың болашағы. Ислам дінінде де балаға деген көзқарас ерекше, өйткені ұрпақ – Алланың аманаты әрі нығметі....
Исламдағы отбасы ОТБАСЫЛЫҚ ҚАҒИДА ҚАЖЕТ ПЕ?
Ата-бабамыздан «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөз қалған. Расымен де, Отанның берік болуы отбасының бекемдігінен бастау алады. Өйткені ол – ең негізгі және ең маңызды әлеуметтік институт. Отбасының нақты қағидаларға сүйеніп, дамуы еліміздің де жүйеленіп, алға қарай қадам басуына тікелей әсер...
Исламдағы отбасы ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ МӘСЕЛЕСІ
Бала тәрбиесі жаһандануға бет алған қоғамымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып табылары сөзсіз. Тәрбие отбасынан, одан соң мектептен басталатыны ешкімге сыр емес. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ешбір әке баласына жақсы тәрбиеден қымбат нәрсе бере алмайды», – дег...
Исламдағы отбасы ОТБАСЫ ТІРЕГІ СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК
Отбасындағы дұрыс мәміле - отбасы мүшелерінің бір-бірімен ара-қатынасының байланысын білдіреді. Адамның ең жақындары ата-анасы, жолдасы және бала-шағалары. Бір-бірлеріне осыншалықты жақын адамдардың қарым-қатынастарындағы негізгі тірек - сыйластық пен сүйіспеншілік екені анық. Сонда ғана адамдардың ...
Исламдағы отбасы ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРІҢ ҚҰЛПЫНАЙДАЙ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...
Қазақ «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Пенде үйленсе, дінінің тең жартысы кемелденеді. Енді қалған жартысына сақ болсын», – деген. Бұл риуаят сахаба Әнас ибн Мәліктен (Алла оған разы болсын) жеткен. Үйлену арқылы шаңырақ көтерген ад...
Исламдағы отбасы ҚАЗАҚИ САЛТ-ДӘСТҮРДЕГІ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Отбасы адамзат тарихында әрқашан маңызды орынға ие болып, адамдардың қоғам болып қалыптасуына себепші болды. Тарихқа көз жүгіртсек, алғашқы қоғам отбасынан құрылғанын көреміз. Құранда осы мәселеге тоқталып, ең алғаш жаратылған адам баласының отбасы болып өмір сүргені де айтылады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
8 Джумада-авваль 1448
Миләди
19 қазан 2026
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 17:06

Құптанға дейін 00:34

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi