«РАЙЫМБЕК БАТЫР» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

Медеу ауданы «Райымбек батыр» мешітінде әйел жамағатына арналған «Әйел адамның әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар өтті.
Рухани кешті «Райымбек батыр» мешітінің ұстазы Мейрамбек Таңат Құран Кәрімді оқумен ашып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліт жырын оқумен жалғастырды. Кеш қонақтары ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбай қызы және «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы Шәмшат Амангелдіқызы уағыз-насихат жүргізді. «Әйел адамның әлеуметтік желідегі әдебі» жайында мешіт ұстазы Мақсат Айдарова кеңінен тарқатып айтты.
Жамағтпен Мәуліт жыры оқылып, Адамзаттың асылы Мұхаммед Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнап салауат айтылды. Соңынан әйел жамағатына дастархан жайылып, бата жасалды.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі