ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ РУХАНИ ШАРА ӨТТІ
ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ораза айт мерекесіне орай рухани іс-шара өтті.
Шараны Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы ашып, жамағатты Айт мерекесімен құттықтады. Құран аяттары оқылып, ел амандығы үшін бата жасалды. Рамазан айының аяқталуымен келетін ораза айт мерекесін ұлттық мейрам Әз-Наурызбен қатар тойлап, қос мерекені әжелер қауымы ерекше қарсы алды. Ұлттық дәмнен жәрмеңке ұйымдастырылып, қыз-келіншектерге арналған заттар келушілерге ұсынылды.
Сонымен қатар мерекелік кеште спикерлер Орталық мешіттің наиб имамы Тимур Алиев, Нұр мүбарак университетінің докторанты Жомарт Кертаев отбасылық құндылықтар жөнінде насихат айтып, көрермен әйел жамағатымен сұрақ-жауап ретінде түрлі ойындар ойнатылды.
Өз кезегінде шаһардың бас имамы Төлеби Дәділұлы қаламыздағы белсенді әжелерді ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып һәм рухани құндылықтарымыз бен мәдени өмірімізді насихаттау мен келер ұрпаққа аманаттау мақсатындағы мешіт бастамаларына белсене атсалысқаны үшін марапаттап, алғыс хат табыстады.
Әжелер қауымына кимешек сыйға тартылып, кеш соңында кимешек шеруі өтті.



































