«ҚАМҚОР-ШАРАПАТ» САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Бостандық ауданы бойынша имамдарға «Зират және зиярат» мәдениеті және «Ас беру мәдениеті» құжаты бойынша семинар өтті .
ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Талғат Сапанов түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Зират көтерудің үкімдері, зират көтеру мәдениеті, құлпытас қою мәдениеті, зират құрылыстары мен кесене салу түрлерін айтты. Сонымен қатар ҚМДБ бекіткен құжатта зиярат жасаудың әдебі, марқұмдарға сәлем беру, Құран оқу, зиратта көңіл бөлінетін жайттар, кесенелерді зиярат жасау, әйелдердің зиярат жасауы сынды бірқатар мәселелерге айрықша мән берілгенін жеткізді.

