АҚСАЙ МЕШІТІНДЕ ПӘТУАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Алматы қаласы Әуезов ауданы Ақсай мешітінде Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларды имамдарға түсіндіру мақсатында арнайы семинар өтті.
Семинарға Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Тимур Алиев арнайы қатысып, Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалардың мән-маңызына, діни үкімдердің негіздері мен оларды халыққа дұрыс жеткізу мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында имамдар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Семинар соңында Ақсай мешітінің бас имамы Серікхан қажы Рымханұлы арнайы келіп, пайдалы дәріс өткізіп, діни білімнің тереңдеуіне үлес қосқаны үшін Тимур ұстазға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.