«АҚСАЙ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ АТАЛЫП ӨТТІ
ҚМДБ Алматы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторы Әуезов ауданы «Ақсай» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне орай «Аңсаумен аққан көз жасы» атты рухани кеші өтті.
Мәуліт кешінің шымылдығын «Ақсай» мешітінің бас имамы Серікхан қажы Рымханұлы ізгі тілегін білдіріп, тағылымды сөзбен ашып берді. Рухани кешке Орталық мешітінің ұстазы Қуаныш қари Әбішев арнайы келіп, келген қонақтарды Мәуліт мерекесімен құттықтап, Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен тәлім тәрбие алатын уағыздар айтты.
Кеш барысында ұлағатты ұстаздарымыздың ғибратты уағыздары тыңдалып, «Ақсай» мешітінің шәкірттері қойылым көрсетіп, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінезін дәріптейтін әсерлі бейнеролик қойылды.
Игі іс-шарада «Ақсай» мешітінің ұстазы Рахия ұстаз Мәуліт кешіне қатысқан қонақтарға алғысын білдірді.
Мәулітке арналған мерекелік шараға келген мешіттің әйел жамағатына және құрметті қонақтарға арналған берекелі дастархан жайылып, ас берілді.


