«КӨК-ТӨБЕ» ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА МӘУЛІТ ОҚЫЛЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы қаласы, Медеу ауданындағы «Көк-Төбе» қарилар оқыту орталығында Мәулітке байланысты рухани іс-шара өтті.
Адамзаттың асылы Мұхаммед Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған мәуліт айында Алматы қаласы, Медеу ауданындағы «Көк-Төбе» қарилар дайындау орталығында Мәуліт-шариф оқылды. Игі шараға Медеу ауданының бас имамы Жұмабаев Данияр қари және «Аманқұл ата» мешітінің имамы Қасымалиев Бахтияр қари қатысып, мәуліт оқыды.
Игі шара барысында «Омар ибн әл-Хаттаб» мешітінің ұйымдастыруымен қарилар дайындау орталығында білім алып жатқан 70 шәкіртке азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді. «Бұл игі іс – шәкірттердің білім алуына қолдау көрсетіп, олардың рухани дамуына серпін беруді мақсат етеді. Сонымен қатар мешіт жамағаты мен қайырымды азаматтардың ортақ үлесі шәкірттердің жақсы білім алуына мүмкіндік болады деп сенеміз», - деді ұйымдастыруышылар.
Іс-шара аясында шәкірттер мен қонақтар үшін арнайы мерекелік дастархан жайылып, салауат айтылды.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі



