«СҰЛТАН-ҚОРҒАН» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

Жетісу ауданы «Сұлтан-Қорған» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне орай «Мәуліт жыры» атты рухани кеші өтті.
Мәуліт кешінің шымылдығы қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, мешіттің бас имамы Абдупайр имамның мәуліт оқуымен жалғасты. Бас имам рухани кешке келген қонақтарды Мәуліт мерекесімен құттықтады. «Әл-Мадина» мешітінің ұстазы Айнұр Шәймерденқызы жамағатқа Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сағыныш пен салауат айтудың маңыздылығы жайлы насихат айтты. Іс-шарада мешіт ұстазы Раушангүл Аблязимованың жас шәкірттері Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнау айтып,дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеді. Сондай-ақ викториналық сұрақтар қойылып, белсенді қатысушы жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды.
Игі іс-шара ұйымдастырушысы «Сұлтан-Қорған» мешітінің ұстазы Раушангүл Аблязимова Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асыл қасиеттерін жамағатқа насихаттады.
Мәулітке арналған мерекелік шараға келген мешіттің әйел жамағатына және құрметті қонақтарға арналған берекелі дастархан жайылып, ас берілді.