«ҚАЛҚАМАН» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Қалқаман» мешітінде әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен Бәрзәнжи мәуліті оқылды.
Мәуліт жыры - ардақты пайғамбарымыздың өнелегі өмірін жыр үлгісінде баяндау. Мұхаммед Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған мадақ жыры оқылып, арнайы бата жасалды, Мәулітке «Қалқаман» мешітінің әйелдер жамағаты мен Темірбеков Рәзия ұстаздың кимешек киген шәкірттері қатысты. Мешіттің бас имамы Руслан Қамбар бата жасап, мәуліт соңынан сауат ашу курсына қатысушы ақжаулықты аналарға Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірін оқудың шариғаттағы маңыздылығы жайлы әңгімелеп берді. Іс-шара соңында мәуліт құрметіне дастархан жайылып, салауат айтылды.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі