ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №11 мемлекеттік мекемесінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Сұлтан Қорған мешіті мен Әскер ата мешітінің ұйымдастыруымен жасөспірімдерге аяқ киімдер таратылып, қайырымдылық көмек көрсетілді. Кездесу барысында РАНТ мүшесі Такиров Қанатали жасөспірімдерге жылы лебізін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар өмірде дұрыс таңдау жасаудың, білім мен тәрбиенің, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңірудің маңыздылығына тоқталды. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге қамқорлық таныту, қоғамнан шет қалмағанын сезіндіру және ізгілік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау.

