2003-2026 ЖЫЛДАРЫ АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ КҮНДЕР
Ардақты ағайын! Баршаңызға күллі мұсылман баласы асыға күткен қасиетті Рамазан айы мүбәрак болғай! Осы айда ұстаған оразаларыңыз бен берген пітір-зекеттеріңіз және жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болғай! Әумин!
Өздеріңізге белгілі Рамазан айының басталуы жыл сайын өзгеріп отырады. Өйткені, хижри күнтізбесі бойынша ай 29 немесе 30 күннен тұрады. Сондықтан жыл сайын Рамазан 10 күнге ерте басталады.
Алматы Орталық мешітінің ұжымы 2003-2026 жылдары аралығында Қазақстанда қасиетті Рамазан айының басталуы, қадір түні және Ораза айт пен Құрбан айт мерекелерінің қай күндерге сәйкес келгені жөнінде ақпаратты жинақтап, назарларыңызға ұсынады. Бұл мәліметтер – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми «muftyat.kz» сайтынан және «Ислам және Өркениет» газетінен алынды.
2003-2026 діни күндер
2003 жылы – қасиетті Рамазан айы 27 қазанда басталып, 24 қарашада аяқталды. Қадір түні қарашаның 21-нен 22-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 25 қарашада атап өтілсе, ұлық мереке Құрбан айт 11-13 ақпан күндері тойланды.
2004 жылы – қасиетті Рамазан айы 15 қазанда басталып, 13 қарашада аяқталды. Қадір түні қарашаның 9-нан 10-на қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 14 қарашада тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт 1-4 ақпан күндері атап өтілді.
2005 жылы – қасиетті Рамазан айы 5 қазанда басталып, 2 қарашада аяқталды. 29 күн. Қадір түні қазанның 30-нан 31-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 3 қарашада атап өтілсе, ұлық мереке Құрбан айт 20-23 қаңтар күндері тойланды.
2006 жылы – қасиетті Рамазан айы 24 қыркүйекте басталып, 22 қазанда аяқталды. 29 күн. Қадір түні қазанның 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 23 қазанда тойланды. Ал, осы ұлық мереке Құрбан айт 10 қаңтар және жыл соңында 31 желтоқсан күндері атап өтілді.
2007 жылы – қасиетті Рамазан айы 13 қыркүйекте басталып, 22 қазанда аяқталды. 29 күн. Қадір түні қазанның 8-нен 9-на қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 12 қазанда тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт 1-3 қаңтар күндері тойланды.
2008 жылы – қасиетті Рамазан айы 1 қыркүйекте басталып, 29 қыркүйекте аяқталды. 29 күн. Қадір түні қыркүйектің 26-нан 27-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 30 қыркүйекте атап өтілсе, ұлық мереке Құрбан айт 8-11 желтоқсан күндері тойланды.
2009 жылы – қасиетті Рамазан айы 21 тамызда басталып, 19 қыркүйек аяқталды. 30 күн. Қадір түні қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 20 қыркүйек тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт қарашаның 27-29 күндері тойланды.
2010 жылы – қасиетті Рамазан айы 11 тамызда басталып, 8 қыркүйекте аяқталды. 29 күн. Қадір түні қыркүйектің 5-нен 6-на қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 9 қыркүйек тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт қарашаның 16-18 күндері тойланды.
2011 жылы – қасиетті Рамазан айы 1 тамызда басталып, 29 тамызда аяқталды. 29 күн. Қадір түні тамыздың 27-нен 28-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 30 тамыз тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт қарашаның 6-8 күндері тойланды.
2012 жылы – қасиетті Рамазан айы 20 шілде басталып, 18 тамызда аяқталды. 29 күн. Қадір түні тамыздың 14-нен 15-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 19 тамыз тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт 25-28 қазан күндері тойланды.
2013 жылы – қасиетті Рамазан айы 9 шілде басталып, 7 тамызда аяқталды. 30 күн. Қадір түні тамыздың 3-нен 4-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 8 тамыз тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт қазан айының 15-18 күндері тойланды.
2014 жылы – қасиетті Рамазан айы 28 маусымда басталып, 27 шілдеде аяқталды. 30 күн. Қадір түні шілденің 23-нен 24-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 28 шілдеде тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт қазан айының 1-4 күндері тойланды.
2015 жылы – қасиетті Рамазан айы 18 маусымда басталып, 16 шілдеде аяқталды. 29 күн. Қадір түні шілденің 13-нен 14-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 17 шілдеде тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт қыркүйек айының 24-26 күндері тойланды.
2016 жылы – қасиетті Рамазан айы 6 маусымда басталып, 4 шілдеде аяқталды. 29 күн. Қадір түні шілденің 1-нен 2-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 5 шілдеде тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт қыркүйек айының 12-15 күндері тойланды.
2017 жылы – қасиетті Рамазан айы 27 мамыр басталып, 24 маусым аяқталды. 29 күн. Қадір түні маусымның 21-нен 22-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 25 маусымда тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт қыркүйек айының 1-4 күндері тойланды.
2018 жылы – қасиетті Рамазан айы 17 мамыр басталып, 14 маусым аяқталды. 30 күн. Қадір түні маусым 11-нен 12-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 15 маусымда тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт қыркүйек айының 1-3 күндері тойланды.
2019 жылы – қасиетті Рамазан айы 6 мамыр басталып, 4 маусым аяқталды. 30 күн. Қадір түні мамырдың 31-нен маусымның 1-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 4 шілдеде тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт тамыз айының 11-13 күндері тойланды.
2020 жылы – қасиетті Рамазан айы 24 сәуір басталып, 23 мамыр аяқталды. 30 күн. Қадір түні мамырдың 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 24 мамырда тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт 31 шілде мен 4 тамыз күндері тойланды.
2021 жылы – қасиетті Рамазан айы 13 сәуір басталып, 12 мамыр аяқталды. 30 күн. Қадір түні мамырдың 8-нен 9-на қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 13 мамырда тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт 20-23 шілде күндері тойланды.
2022 жылы – қасиетті Рамазан айы 2 сәуір басталып, 1 мамыр аяқталды. 30 күн. Қадір түні сәуірдің 27-нен 28-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 2 мамырда тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт 9-11 шілде күндері тойланды.
2023 жылы – қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталды. 29 күн. Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 21 сәуірде тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт 28-30 маусым күндері тойланды.
2024 жылы – қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталып, 9 сәуірде аяқталды. 30 күн. Қадір түні сәуірдің 5-нен 6-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 10 сәуірде тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт 16-18 маусым күндері тойланды.
2025 жылы – қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталды. 29 күн. Қадір түні наурыздың 26-нан 27-не қараған түнге сәйкес келді. Ораза айт 30 наурызда тойланды. Ал, ұлық мереке Құрбан айт 6-8 маусым күндері тойланды.
2026 жылы – қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады. 29 күн. Қадір түні наурыздың 16-нан 77-не қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт 20 наурызда тойланады. Ал, ұлық мереке Құрбан айт 27-29 мамыр күндері тойланады деп күтілуде.
Құрметті жамағат! Егер сіздің қолыңызда 2003 жылға дейінгі еліміздегі мұсылман күнтізбесі болса, осы ақпаратты толықтыру үшін бізге жолдауыңызды сұраймыз. Алдын ала рахмет. Байланыс номері: 87475543558.
Алматы қаласы бойынша
баспасөз қызметі