ӘЖЕЛЕР ҚАУЫМЫ ҚҰРАН ХАТЫМ БАТАСЫН ЖАСАДЫ
Алматы қаласы Алмалы ауданы «Төле би» мешітіндегі әйел-қыздар секторына қарасты әжелер қауымы Құран хатым батасын жасады.
Қасиетті рамазан айы бойы күнделікті уақыттарын арнайы мешітке арнап, бір жүйемен оқып шыққан әжелер мен қыз келіншектер, Рамазан айының Құран хатым дұғасын жасады. Алладан елімізге амандық, қала тұрғындарына тыныштық сұралды. Алла Тағала дұға-тілектерді қабыл етсін.





