ЖЕҢІМПАЗ ЖАРАПАЗАН МӘТІНДЕРІ
Шардара
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:27

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:09 12:44 16:31 18:14 19:27
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
5 Рамазан 1447
Миләди
23 ақпан 2026

Жаңалықтар

ЖЕҢІМПАЗ ЖАРАПАЗАН МӘТІНДЕРІ

Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен Жарапазан жырының жаңа мәтінін жазу байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз үш мәтінді назарларыңызға ұсынамыз.

1 орын 

ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ

Ау мұсылман, мұсылман,

Аллаға мойын ұсынған.

Келді міне ораза,

Иман, жүрек тұсыңнан.

Оразасын ұстаған,

Пенде нағыз күшті адам.

Сұлтан айды сүйіншілеп,

Келдік міне біз саған!

Ниетіңді байқайық,

Бата беріп қайтайық.

Ата-баба жолымен,

Жарапазан айтайық!

Ассалаумағалейкум Алты Алашым,

Төбеңнен иман нұры тарқамасын!

Әр пенде мұсылман боп туған екен,

Алланың бес парызын арқаласын!

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Бес парыздың біреуі Ораза екен,

Иманың сонда нағыз толады екен.

Оразасын бекемдеп тұтқан жанның,

Мекені жұмақ төрі болады екен.

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Мәнісін Оразаның ұға ма адам,

Бұл айда құран түскен бір Алладан.

Мың айдан қасиетті қадір түні,

Сұлтаны он екі айдың Рамазан!

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Ораза шынжырлайды әзәзілді,

Бекемдеп иманыңды, кәләміңді.

Мың батпан күнәң болса кешіреді,

Арттырып әр жасаған сауабыңды.

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Нәпсінің жетегіне көне қалма,

Амалыңның барлығын көреді Алла!

«Басқа айда өзің үшін сауап жисаң,

Ораза айы мен үшін» деген Алла!

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Айтайын жарапазан шаңыраққа,

Мұсылманның үмбетін танымаққа.

Жарылқап ұлан-байтақ жерді берген,

Жақын болсын қазақтың жаны Хаққа!

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Тыңдаңыз алтын жеңге, асыл ағам,

Алланың бергеніне тасымаған.

Арттырып несібеңді Ораза айы,

Болсыншы бауыр бүтін, басың аман!

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Атарда табиғаттың таңы әдемі,

Ораза тұтқан қандай ғажап еді...

Жетейік Оразадан Оразаға,

Аман боп қасиетті Қазақ елі!

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Жарапазан батасы:

Иа, Құдайым, Алла деп,

Жаратқаннан сұраңыз!

Бес парызды түгендеп,

Иман шартын құраңыз!

Бекем болсын бірлігің,

Оңды болсын тірлігің.

Жарық болсын жұлдызың.

Аман болсын ұл-қызың!

Толықтансын кемдігің,

Биік болсын елдігің.

Керегеңіз кең болып,

Теңселмесін теңдігің!

Бақыт қонсын басыңа,

Байлық келсін қасыңа!

Жас қосылып жасыңа,

Адалдық берсін асыңа!

Иман толып жүрегің,

Орындалсын тілегің!

Ұзақ жасап ұрпағың,

Ырза болсын Ұлы елің!

Арылтып өкпе, наладан,

Сақтасын бәле-жаладан.

Жамандық шықсын үйіңнен,

Жақсылық кірсін даладан!

Жарлықаушы, жалғыз деп,

Алланы ғана санаған,

Мұхамметтің үмбеті,

Қабыл болсын, Оразаң!

Әумин, Аллаһу акбар!

Авторы, Біләл Қуаныш

2 орын 

ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ

Он сегіз мың ғаламға,

Құран жеткен – Рамазан.

Руза тұтсаң қадірлеп,

Күнәң кеткен – Рамазан.

Ең сабырлы адамды

Асықтырған – Рамазан.

Ең күйгелек адамды,

Шыдамды еткен – Рамазан.

Қайырмасы:

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!

Тоқ көңіл мен аш құрсақ,

Күн кештірген – Рамазан.

Қырағаты қаридың,

Түнде естілген – Рамазан.

Жастық пенен қарттықтың

Арасында бір уақыт

Жаның менен тәніңді

Тілдестірген – Рамазан

Артық ауыз сөзге де

Тыйым салар – Рамазан

Алақ-жұлақ көзге де

Тыйым салар – Рамазан

Алласы үшін нәпсіге

Ие болса әр адам

Ақыретте сыйлық пен

Сүйінші алар – Рамазан

Он екі айдың Сұлтаны

Ұлық айдан – Рамазан

Төгілетін күн тұрмақ,

Шұғыла айдан – Рамазан

Имамға ерген жақсы үшін

Түбі мейрам – Рамазан

Иман менен нәпсі үшін

Ұлы майдан – Рамазан

Қасиеті айтылған

Бар баянда – Рамазан

Он екі айда тең келер

Қандай айға Рамазан?

Үміт етіп ораза

Тұтқан әрбір мүмінді

Жетелейтін жалғыз ай

«Әр-Раянға» – Рамазан

Өткендерге батиқа

Бағыштатар – Рамазан

Оразаны отыз күн

Сақ ұстатар – Рамазан

Қалауымен Алланың

Бір күн тұтқан адамды

Жетпіс жылға тозақтан

Алыстатар – Рамазан

Қадіріне жете алар

Төзімділер – Рамазан

Қалауынан нәпсінің

Безіндірер – Рамазан

Тақуалық және де

Көркем мінез сипатын

Отыз күнде пендеге

Сезіндірер – Рамазан!

Авторы, ақын Еркебұлан Қайназар

3 орын 

ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ

Біссіміллә атыменен бір Алланың,

Бастаймыз жарапазан жыр-арнауын.

Таныған Әз Пайғамбар үмбетіміз,

Алла  хақ, ақиқат деп Құран Кәрім!

Айтайын айт дегенде жарапазан,

Бізді аман оразаға оразадан –

Жеткізген сансыз шүкір бір Аллаға,

Қош келдің қасиетті, уа Рамазан!

Сұлтаны он екі айдың сағындырған,

Тілекті жүректегі қабыл қылған!

Теңдессіз сыйы күтер Жаратқанның,

Пендесін ораза ұстап, сабыр қылған.

Айтамын жарапазан, құрметті елім,

Жақсылық, қайырымдылық – үлгі  еткенің.

Ассалаумағалейкум, адамзаттың

Асылы – Мұхаммеддің үмметтері!

Айтайық жарапазан болар аңыз,

Бұл айда тазарамыз, жаңарамыз.

Адамдар ниет еткен аузы берік,

Ұстаған қабыл болсын оразаңыз!

Ағайын салтты сақтап, дәстүр жалғар,

Ұсынар дастарханда ас-құрмаң бар.

Сауабың еселенсін рақым айы,

Ауызашар беріп, ауыз аштырғандар!

Кешірім, ізгілік пен береке айы,

Жақсылық, мейірім мен мереке айы,

Мол сауап, толы шексіз нығметке,

Бір күніне тең жылдың он екі айы.

Рамазан құт әкелсін баршаңызға,

Айтайын жарапазан ортаңызға!

Көрсетіп мырзалықты оразада,

Ниетпен сыйыңды сал қалтамызға!

Тыңдаңыз жарапазан осы арада,

Бақ-ырыс берсін Алла босағаңа.

Отыз күн ораза тұт, садақа бер,

Жақсылық, қолдан келсе жаса адамға!

Айтайын жарапазан әулетіңе,

Құдайым дәулет қоссын дәулетіңе.

Шүкір ет, тіршілік қыл, құлшылық қыл,

Мүмкіндік, уақыт барда тәубе етуге!

Арнайын отбасыңа жарапазан,

Үйіңде оттан түспей қара қазан.

Қабыл боп дұға-тілек, аман-есен,

Жетейік Рамазанға Рамазаннан!

* * *

Сүйін, сүйін, сүйінші,

Жамағатым жиылшы,

Қасиетті ай келді,

Жамандықтан тыйылшы.

Жаран, жаран, жарандар,

Бәрің бері қараңдар,

Жарапазан айтайық,

Жақсы-жақсы адамдар.

Ей, жүрегі таза жан,

Қабыл болсын оразаң!

Он екі айдың сұлтаны,

Келді міне Рамазан!

Сылдыр-сылдыр теңгеңіз,

Салып берсін жеңгеміз.

Жарапазан салтымен,

Үйіңізге келгенбіз.

Қалтамызға бағалы

Қағаз салсын ағамыз.

Мырза-мырза жан болса,

Ырза-ырза боламыз.

Сәресі мен ауызашар,

Ертең қайда жалғасар?!

Жарапазан айтамыз,

Жақсы тілек жолды ашар.

Айтамын жарапазан, құрметті елім,

Жақсылық, қайырымдылық – үлгі еткенің.

Үмбеті Мұхаммеддің – мұсылмандар,

Жадырап жайнай берсін гүл көктемің!

Авторы, Ботакөз Мұхиден

Астана қаласы

Байқау мақсаты - уақыт талабына сай жарапазан жырын жаңа үлгіде жазып, халыққа ұмыт болып бара жатқан жарапазан жырын айту дәстүрін жаңғырту.

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тақырып бойынша жаңалықтар

АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІНІҢ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Алматы қаласындағы мешіттерде Рамазан айына орай ұйымдастырылған ауызашар дастархандары «Халал Даму» мамандарының бақылауынан өтті.
«АДАЛ ҚЫЗМЕТ - АДАЛ ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИЯТ ӨЗЕГІ» ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУШІ ШӘКІРТТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы «Адал - қызмет, адал қоғамның руханият өзегі» аты тақырыпта қала мешіттерінде іс-тәжірибеден өтуші Нұр-Мүбарак» университетінің студенттері мен «Әбу-Ханифа» медресе-колледж шәкірттерімен кездесті....
АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІНДЕГІ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Алматы қаласы мешіттерінде қасиетті Рамазан айында тарауық намазы мен хатымсыз тарауық оқылатын мешіттер жайлы мәліметтер. 
ЖАРАПАЗАН МӘТІНІНЕ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Жарапазан мәтіні бойынша жарияланған байқау нәтижесін қорытындылап, жеңімпазды марапаттады.
АЛМАТЫ «ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР» СЕКТОРЫ: 1000 ҚҰРАН ХАТЫМ БАТАСЫ ЖАСАЛДЫ
Нұр-Мүбарак мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Құранмен қауыштырған Рамазан» атты рухани кеш бұл жолы нәзік жандылар қауымына арналып өткізілді.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

«ЖАС ОТБАСЫНДАҒЫ АДАЛДЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Мүфтият бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Алматы Орталық мешітінде жастар мен жас жұбайларға арналған «Жас отбасындағы адалдық пен жауапкершілік» тақырыбында семинар өтті....
«QAMQOR-SHARAPAT» САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы «Фирали Ферғанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету бөлімшесінің қызметі жайлы түсіндіру жиыны өткізілді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
5 Рамазан 1447
Миләди
23 ақпан 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:27

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
кеше

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
7 қаң. 2026

04. Ощущения

Ассаламу алейкум. Да, этот материал требует уже некоторой базы. Медресе старших курсов, или учеба в

Администратор Azankz
22 жел. 2025

Урок 126. Глава 13. 129 хадис

Да конечно, без проблем!

Al Almaty
8 жел. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi