ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 18:17
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ

| A | +

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін», – деп биылғы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады.

«Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз. Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін» деді Президент.

Шынында Қасым-Жомарт Тоқаев «бар жақсылық – балаларға» деп білетін, балалардың кемел келешегіне жіті мән беретінін талай мәрте байқатты. Енді міне, биылғы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, жыл бойы балалардың денсаулығы мен білімін көтеру жолында барын салмақ.

Хазіреті Әли (Алла оған разы болсын): «Балаларға ғылым-білім үйретіп, әдепке баулыңдар», – деген болатын. Баланы жастайынан білімді, зерек етіп өсірудің маңызы зор. Қарап отырсақ, қазақтың нар тұлғаларының қай-қайсысы да бала кезінен зеректігі, білімділігі, шешендігімен сөзге түскен.

Мәселен, Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан Қарқаралыдағы бастауыш мектепте оқып жүргенде мектепке атақты генерал-губернатор Колпаковский келеді. Генерал-губернатор мектепте оқып жатқан қазақ балаларына сын көзбен қарап, олардың білімін тексеріп көрмек болады. Сөйтіп оқушыларға жұмбақ жасырады.

«Мен Омбыдан мына пəуескемен келдім, – деп балаларға өзі мініп келген пəуескесін көрсетеді. – Омбыдан Қарқаралыға жеткенше осы пəуескенің дөңгелегі қанша рет айналды? Жауабын кім біледі?» – дейді Колпаковский балаларға менсінбей қарап. Сол кезде топ ішінен бір бала жүгіріп шығып белдігін суырып алады да, пəуескенің дөңгелегін өлшейді. Сосын қолына таяқ алып жерге сызып, дөңгелектің қанша рет айналғанын көп алдында шығарып береді. Генерал-губернатор қазақ баласының зеректігіне əрі батылдығына таңғалып, мектепті бітірген соң Омбыда оқуға ұсыныс білдіріп, губернатордың стипендиясын тағайындайды. Осылайша кейін Əлихан Омбы техникалық училищесін үздік бітірген болатын.

Осындай оқиға ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының да басынан өтті. Негізінде ол кісінің азан шақырып қойған аты Адам Жүсіп болатын. Сегіз жастан асқан шағында ол топ алдында қазақтың «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді жыр-дастандарын жатқа толғайды. Баланың өнеріне тәнті болған Мұса Шорманұлы жиылған қауым алдында: «Бұл баланың аты – Мәшһүр болсын» деп бөркінің басына үкі тақтырады. Осылайша ел оны «Мәшһүр Жүсіп» атап кеткен болатын.

Ел арасында осындай мысалдар жетіп артылады. Мұның бәрі нені білдіреді? Балаға жастайынан берілген тәрбиенің, білімнің жемісі. Біз «Әке баласына жақсы тәрбиеден артық мирас қалдыра алмайды» деген Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзін көкейіне мықтап түйген, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген ұстанымға мықтап бекінген халықпыз.

Бабаларымыз бұрыннан Құдайдан қорқатын перзент тәрбиелеп, балаға ең алдымен имандылық тәрбиесін сіңіруді көздеген. Себебі Алланы таныған, Құдайдан қорқатын перзент ешуақытта ата-анасына қарсы келмейді, қоғамға кері әсерін тигізбейді. Керісінше зерек, алғыр болып өсіп, ата-анасын екі дүние жақсылығымен қуантып, хәкім Абай айтқандай, кірпіш дүниедегі кетігін тауып қаланып, қоғамда орны бар өз ісінің маманы екенін дәлелдейді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Баланың әкесіндегі құқықтарының бірі – жақсы әдеп пен жақсы есім», –  деген. Осы сүннетті берік ұстанған бабаларымыз перзентіне жақсы есім қойып, жақсы тәрбие беруге тырысқан. Себебі балаға жас кезінде берілген тәрбие жас шыбықты игенмен бірдей. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Адам дүниеден өткенде оның үш нәрсесінен – тоқтаусыз садақасы, таратқан білімі және салиқалы ұрпағының дұғасынан басқа барлық амалы тоқтайды», – деген болатын. Демек салиқалы ұрпақ өсіру – сауабы мол салиқалы іс. Ондай ұрпақ ата-анасының жүзін жерге қаратпайды, перзенттік борышын адал атқарып, тіпті ата-анасы дүниеден өтсе де олар үшін үнемі дұға етіп, жақсы амалдары арқылы сауаптың үзілмеуіне себепкер болады.

Асыл дініміз ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Дініміз балаларымыздың иманды да инабатты, елі мен жерін сүйетін, Алла Тағала мен ата-ананың разылығын алатын салиқалы ұрпақ етіп тәрбиелеуге мән береді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы бағытта бірқатар іс-шараларды атқарып келеді. Жоғарыда айтқандай, балаларымызға имандылық тәрбиесін сіңіру мақсатында мешіттер жанында жазғы сауат ашу курстары жұмыс істейді. Балалардың сауат ашу курстарынан Құран әліппесін, дін негіздерін үйреніп, танымдық ойындар ойнап, жазғы демалысын қызықты да пайдалы өткізуге мүмкіндігі бар.

Балаларымыздың имандылыққа деген құлшынысын жыл сайын сезініп келеміз. Діни басқарма дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқан қарилар байқауларына жас балалардың қатысып жатқаны көңіл қуантады. Қари балаларымыздың Құран жаттап, жүлделі орын алып жатқанын көргенде, Аллаға шүкір дейсің.

Сондай-ақ мүфтият балаларды әлеуметтік қолдау бағытында балалар үйлері мен орталықтарына, арнаулы мекемелерге жиі бас сұғып тұруды әдетке айналдырды. Мешіт қызметкерлері балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балақайлармен жүздесіп, оларға барынша қолдау көрсетуде. Одан бөлек балаларға киім-кешектер мен түрлі сыйлықтар үлестіріліп, қайырымдылық көмек көрсетіледі.

ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры «Тайқазан», «Жетім көрсең жебей жүр», «Үміт сыйла сәбиге» т.б жобалары арқылы көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлап, көмек көрсетіп келеді. Тіпті дін қызметкерлері арасында жетім балаларды асып алған азаматтар аз емес.

Діни басқарма балаларға арналған ағартушылық бағытқа да жан бітіруде. Былтыр «Muftiyat» баспасынан балаларға арналған «Әкесінің қызы» өлеңдер жинағы жарық көрді. Сондай-ақ «Мұнара» газеті балаларға арналған «Шынашақ» бетін үзбей жариялауда. Діни басқарма тарапынан балаларға арналған байқаулар, білім сайыстары да жиі ұйымдастырылады.

Былтыр ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай балалар арасында «Азаттық – балалар көзімен» республикалық көркемсурет байқауы жарияланды. Байқауға еліміздің әр аймағынан 7-12 жас аралығындағы балалар қатысып, жеңімпаздар анықталды. Алла қаласа, биыл да Балалар жылы аясында балалар шығармашылығын қолдауға арналған бірқатар игілікті іс-шараларды атқармақ ниетіміз бар.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей, мүміндер! Өздеріңді және отбасыларыңды тозақ отынан қорғаңдар» («Тахрим» сүресі, 6-аят) деп бұйырды. Ғалымдар бұл аятты «біз балаларымызға дінді, қайыр-жақсылықтар мен әдепті үйретуге міндеттіміз» деп түсіндірген. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді бабаларымыз. Ендеше, ұлттың болашағын ойласақ, ұрпақ тәрбиесін ұмытпағанымыз абзал.

 

«Мұнара» газеті, №5, 2022 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
УАҚЫП – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА ҚИЫНДЫҚТАН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЛШЫЛЫҚ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ТАЗАЛЫҚ - ИМАННЫҢ БЕЛГІСІ
Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол адамның денсаулығы, өң-түсінің сүйкімділігі, өмір жасының ұзақтылығы, тұла бойының сәнділігі, өз қадыр-қасиетін бағалауы, айналасына тартымдылығы деген сөз....
Қоғам БАЙЛЫҚ БАЙЛЫҚ ЕМЕС, БІРЛІК БАЙЛЫҚ
Алла тағаланың жер бетіндегі барша адам баласын әртүрлі ұлттарға бөліп, жаратуы – Жаратушы Иеміздің шексіз даналығы. Қасиетті Құранда: "… Бір-бірлеріңді танып-білулерің үшін сендерді халықтар мен рулар етіп жараттық", – деп баяндалған. ...
Қоғам АНА ЖАЙЛЫ ІЗГІЛЕР СӨЗІ
Жәннат – ананың табанының астында. Мұхаммед бин Мункадир сияқты табиғин ғалымдар: «Анаммен бір дастарқанда отырып, оның көңілін аулау – нәпіл намаздан артық. Өйткені, анаға жақсылық ету – Құранның әмірі», – деген екен....
Қоғам МЕШІТ - ҚОҒАМ РУХАНИЯТ ҚОРҒАУШЫСЫ
Исламда мешіт ұғымы – өте кең, әрі ауқымды мағынаны қамтиды. Мұсылмандарға құлшылық орны болуымен қатар, ол қоғамның руханиятын сақтаушы институт болып табылады.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 18:17

Құптанға дейін 00:45

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi