ҚАЖЫЛЫҚТА ҚАБЫЛ БОЛҒАН ДҰҒА
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚАЖЫЛЫҚТА ҚАБЫЛ БОЛҒАН ДҰҒА

| A | +

Адам танымастай өзгерді...

Қажылық сапарында көптеген ғибратты оқиғаларға куә боласың. Қаншама тағдырлар тоғысқан мекенде мұсылмандар шынайы ниетпен дұға жасайды. Бізге бір қажылық компаниясының жетекшісі дұғасы қабыл болған кісінің ғибратты оқиғасы жайлы баяндап берді.

«Алланың қалауымен қасиетті Қағбаға қарап айтылған тілектердің бәрі қабыл. Кезінде Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Қағбаның соңғы тасын қалап болған соң: «Уа, Раббым Алла! Осы жерді қасиетті мекен ете гөр! Бұл жерге барлық мұсылманның көңілін аудара гөр! Осы жердің адамдарын ризықтандыр және соңғы пайғамбарды осы жерден шығара гөр», – деп дұға жасаған. Осы тілектердің барлығы қабыл болған. Әр қажылық сапарына барған сайын қажыларымыздың өз ауыздарынан шыққан тілектерінің қабыл болғанын айтып, Аллаға шүкір етіп жатады. Қайбір жылы спиртті ішімдікке әуестігі бар бір адамды да Меккеге апарғанбыз. Оның мұндай жаман әдеті барын Алматы халықаралық әуежайынан ұшқалы тұрған сәтте білдік. Тастап кетуге де болар еді. Бірақ Құдайдан қорықтым.

«Осы пендені де Алла шақырып тұр ғой» деп ойладым. Сөйтсек, бір жомарт кісі демеушілік жасап, әлгі адамды қажылыққа жіберіпті. Бірақ сол кісі қажылықта жүрген кезде адам танымастай өзгеріп, маңдайын сәждеге тигізіп, бес уақыт намазын үзбейтін тура жол тапқан пенделер қатарына қосылып, елге басқа адам болып келді. Қажылық сапары оның өмірін түбегейлі өзгертті. Туысқандары аң-таң.

 

Алла сұрағанын берді...

Қажылықта тағы да мынадай қызық оқиға болды. Бізбен бірге әскери салада үлкен шені бар бір азамат барды. Сол кісі маған: «Жол жүрерде әлемге танымал үлкен бір ғалыммен сөйлестім. Ол кісі: «Мәдинаға барған кезде Ұхұд тауында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қаны тамған үңгір бар, сол үңгірде тілек айтуды ұмытпа, ол жердегі барлық тілек орындалады», – деді. Барған соң осы үңгірді көрсетсең», – деді. Мен қатты таңғалып: «Шын мәнінде ондай үңгір бар. Бірақ оны көпшілік біле бермейді. Құдай қаласа, Мәдина қаласына барғанда көрсетемін», – деп уәде бердім. Мәдина қаласына барғанда Алланың қалауымен 3-4 қажы болып, сол үңгірді зиярат еттік. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ұхұд соғысында қатты жарақат алып, 3-4 сағат сол үңгірде жатып, есін жиған. Алланың құдіреті, әлі күнге дейін сол үңгірден Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбәрак денесінің иісі шығады. Бір ғалым: «Сол үңгірді зиярат ет, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) иісі шығады», – деп айтқан еді. Расында солай екен. Мұны алғаш барған кезде сездім. Жұпар иісті сезгенде көз жасыма ие бола алмай қалған едім. Одан кейін араға бірер жыл салып, қайта барғанымызда да сол жұпар иісті сезіп, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көп салауат айттық.

Қажылық өтеп келген соң бір айдан кейін әлгі қажы ағамыз телефон соғып: «Аллаға шүкір, келінім ұл тапты, тілегім орындалды, саған үлкен рақмет, алғысым шексіз», – деді. Кейін анықтасам, ол кісінің бір баласынан үш қыз немересі бар екен. Келінінің аяғы ауыр кезде неше мәрте УЗИ-ге барып түссе де «қыз бала» депті. Қажылыққа кетерінде келіні мен баласы аманат етіп: «Ұл болсын деп дұға жасаңызшы», – деген екен. Алла тілекті қабыл етуші ғой. Тілегі қабыл болып, өмірге ұл келіп, немересінің есімін Әбдіразақ деп қойды». Қажылық компаниясының жетекшісі әңгімесін осылай аяқтады.

Тақуа жанның тапқырлығы

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына айтқан бір өсиетінде былай деген: «Расында Раббыларың Хай (Тірі), Карим (Жомарт), пендесі қол жайса, құр алақан қайтаруға ұялады». Ғалымдарымыздың айтуынша, дұға жасаған пенде ықыласқа, күмәнді істерден аулақ болуға, барлық істі Аллаға тапсыруға ден қою қажет. Сонымен қатар мүмкіндігінше қасиетті уақыттар мен қасиетті жерлерде Жаратқанға жалбарынған абзал.
Осы ретте кітаптан оқыған мына оқиға еске түсіп кетті. Бір ауылда дұғасы үнемі қабыл болатын тақуа адам өмір сүріпті. Адамдар оған әрдайым қызыға қарайды екен. Бір күні Құдайдан тілеген дұғалары қабыл болмайтын бір топ адам келіп: «Алла үнемі сіздің сұрағаныңызды береді. Бізге мұндай нығмет нәсіп болмай жатыр. Мұның сыры неде?» – деп сұрайды. Сонда тақуа жан сұраққа сұрақпен жауап беріп: «Сіздерден мүлде танымайтын бөгде адам қарыз сұраса не істер едіңіздер? Бересіздер ме, әлде бермейсіздер ме?» – дейді. Олар: «Жерде жатқан ақшамыз жоқ. Әрине танымайтын адамға ақша бермес едік», – дейді. Дұғасы үнемі қабыл болатын адам: «Түсінікті. Егер мен сіздерден қарызға ақша сұрасам ше? Берер ме едіңіздер?» – дегенде әлгілер жамырап:

«Әрине сізге береміз ғой. Сіз сенімді адамсыз. Сөзіңізде тұрасыз, ешкімді алдамайсыз, қарызды уақытында қайтарасыз. Адамдарға әрқашан көмектесуге асығып тұрасыз», – дейді. Осы жауапты күткен тақуа жан: «Міне, көрдіңіздер ме? Алла Тағала да дәл солай. Өзін жақсы танитын, өзіне берік сенетін, әрдайым Оны еске алатын, құлдық міндетін қолынан келгенше дұрыс атқаратын, адамдарға үнемі жақсылық жасайтын пенделерінің дұғасын қабыл етеді», – деп керемет мысалмен жауап қатқан екен.

 

Ағабек Қонарбайұлының «Ой салар оқиғалар» кітабынан

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: Қажылық
Предыдущий Следующий
ИСЛАМ ДІНІН ЖАЙҒАН САХАБАЛАР ТЕКТІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ ЖӘНЕ НЕКЕНІҢ БЕРЕКЕТІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Сұрақ-жауап ҚАЖЫЛЫҚ ВИЗАСЫНСЫЗ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРУҒА БОЛА МА?
Қажылық визасы – заманның талабына сай әрі көпшіліктің мүддесі мен қажеттіліктеріне орай Сауд Арабия Королдігінің қойған талабы және заңы.
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ: БИЫЛ ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ?
Кімде кім Алланың ризашылығы үшін қажылық парызын өтеу барысында жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады.
Қажылық Қажылықтағы адам арапа күні ораза ұстай ма? / ҚМДБ пәтуасы
Қажылық кезінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза тұтқан не тұтпағандығы жайында түрлі сөз айтыла бастаған. Сонда көпшілікпен бірге Арапаға шыққан Абдулла ибн Аббастың өгей анасы Үммі Фадл Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүт беріп жібереді. Пайғ...
Қажылық Қажылық ғибадатына қатысты орындар
Қажылықты дұрыс түсініп, құлшылықты рет-ретімен атқару үшін  ғибадат ететін  орындарды  біліп алған абзал;
Ислам күнтізбесі Қажылыққа барғыңыз келе ме?
Қажылық жайлы көркем фильмдерді көрген сайын: «мен қашан барады екенмін?» деген ойда қалатынымыз сөзсіз. Олай болса, Алланың үйіне сапарға дайын болайық.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ – ЖҮРЕК ТӘРБИЕСІ
Қажылық – Ислам дiнiнің бес негiзiнiң соңғысы. Қажылық жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Шариғат бойынша, кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман қажылық парызын өтей алады....
Қажылық ҰЛЫ САПАР ӘДЕПТЕРІ
Дініміз Ислам – көркем мінез бен әдептің діні. Мұсылман адам құлшылық жасағанда, адамдармен қарым-қатынаста, жүріс-тұрысында әркез дініміздегі әдеп нормаларына мән береді. Әсіресе қажылық сапарға баруды ниет еткен мұсылманның қасиетті мекенде әдеп сақтап, тыйым етілген істерге бармауы – аса маңызды....
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ: БИЫЛ ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ?
Кімде кім Алланың ризашылығы үшін қажылық парызын өтеу барысында жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады.
Қажылық ҰЛЫ САПАР ҰЛАҒАТЫ
Араб тілінен аударғанда «қажылық» сөзінің тілдік мағынасы «қажылыққа бару», «дәлелдеу» дегенді, ал шариғи мағынасы «белгілі бір айларда арнайы жерлерде, нақты істермен зиярат жасау» дегенді білдіреді....
Қажылық «ҚАЖЫЛЫҚ-2023» МАУСЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
Ислам дінінің бес парызының бірі қажылық – діни ғибадат, ең алдымен құлшылық, ол діни туризм емес. Осы ретте Сауд Арабия Корольдігі Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екенін ескере отырып, Исламдағы қажылық парызын шариғи тұрғыдан ұйымдастыруға, жүзеге асыруға Республикалық ислами діни бірле...
Қажылық «ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?
Ислам дінінің бес негізінің бірі – қажылық жасау. Бұл құлшылық қаражаты мен денсаулығы көтеретін мұсылманға парыз. Құран Кәрімде: «Алла разылығы үшін Қағбаны зиярат етіп, (қажылық қылу) жолына (қаражаты мен денсаулығы) шамасы келгендерге парыз...[1]», - деген аят бар....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi