БЕКЖАН ТҰРЫС: ҚАНМЕН БІТКЕН ҚАСИЕТ ЖАНМЕН БІРГЕ ӨМІР СҮРСЕ ЕКЕН
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:48
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:55 14:42 16:24 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-сани 1446
Миләди
24 желтоқсан 2024

Мақалалар

БЕКЖАН ТҰРЫС: ҚАНМЕН БІТКЕН ҚАСИЕТ ЖАНМЕН БІРГЕ ӨМІР СҮРСЕ ЕКЕН

| A | +

«Адам қарттыққа жастықтан дайындалады»

– Бекжан аға, ұстаған оразаңыз қабыл болсын. Айтыңызшы, оразадан қандай сабақ алдыңыз? Бойыңызға қандай қасиетті дарыта алдыңыз?

– Ораза тұнып тұрған тәрбие мектебі ғой. Одан сабақ алмау мүмкін емес. Бұл айда құлшылықтың қадірін білдім. Иманның ләззатын сезіндім. Аллаға шүкір деймін.

– Сізді халық көп жағдайда Ақылбай ақсақал ретінде таниды. Ақсақалдық қасиет тұлғаңызға тән болмыс па, әлде сахнадағы қалпыңыз ба?

– Мен ауылда қариялардың қолына су құйып, үлкендердің батасын алып өскен ұлдың бірімін. Төрелігін айтар төбе би болмаса ру жетім, ақылын айтып, бағыт беретін абыз болмаса әулет жетім емес пе? Мен қазыналы қартын іздеп жүрген жанның бірімін. Бұл туралы сұхбаттарымда талай айттым.

Қарияларымыз ескі мен жаңа заманның арасын жалғаған, жаны даладай кең, көңілі баладай сенгіш, ұлттық рухтың қайыспас қара нары еді. Заманын ойлап бәйек, айтса сөзі дәйек болған қасиет дарыған қарияларымыз көп еді. Тіпті дауласқандарды жауластырмайтын, керіскендерді келістіретін, кетем деген келінге өсиетін, ажырасам деген ұлға ақылын айтып, шаңырақты шайқалтай, жанжалдасқан ағайынның жағасын жыртқызбай, ауылдың берекесін арттырып отыратын ақсақалдарымыз қайда деген сауал мені көп мазалайды.

Қазір шын мәнінде ондай қарттар жоқтың қасы ғой. Кешегі Қаңтар қасіреті ешкімнің есінен кете қоймаған болар. Қалжыраған халқының қажымас серігі болар жөн сілтеп, ақылын айтар ақсақал таппай өңменімізден өксік кетпей қалды. Жөн сөз айтар жан болғанда жастарымыз өз орнын білер ме еді деген ой келеді. Баяғыда ұстазым Асқар Тоқпанов: «Адам қарттыққа жастықтан дайындалады. Жастық өтті, қош деген жоқ, қарттық жетті, тос деген жоқ», – деп жиі айтып отырушы еді. Сол айтпақшы, қазір біз күткен қариялар, біз аңсаған ақсақалдар жоқ болса, демек біз әлі жас кезімізден бастап қарттыққа дайындалмай жүрміз.

Қазір қарап тұрсаңыз, көп адам қартайғысы келмейді. Баяғыда ауылда жасы алпыстан асқан кісіні ақсақал санап, қадірлеп құрмет көрсететінбіз. Өкінішке қарай, қазір жетпістен асып, сексенге келген кісінің қария болғысы келмей, жас көрінуге тырысатын әдетін байқаймыз. Тіпті тойларда біздің ұлтымыздың бойтұмарындай болған бата беру дәстүрін дұрыс орындай алмай жататын ақсақалдарды көргенде қарның ашады.

Өмір бар жерде өлім бар емес пе? Топырақты өлім кезінде әрісі Құраннан «Құлхуалла» қайырып, берісі жыр-дастаннан мысал айтып, халықты сабырға шақырып, бүкіл қауымды басқарып отыратын ақсақалдар болушы еді. Қазір осындай өлім сәтінде «Ықылас» сүресін оқып, дұға бағыштай алмай, бір шетте керексіз боп отырған үлкен кісілерді көргенде қатты қысыласың.

Бұл көрініс менің жаныма қатты батады. Атағынан ат үркитін кейбір ақсақалдарымыздың алты ауыз сөзге арқау болар ой айтуға шамасы жетпей жатады. Бұл бүгінгі заманның ауыр жарасы деп айтар едім. Әйтпесе біз қарияның бір ауыз кесімді сөзі еліңді, кемпірдің бір ауыз кесімді сөзі келінді тәрбиелеген ұлт болатынбыз. Сондай ата-бабаның ұрпағы едік... Ақсақалды айтпағанда, қара шалдардың өзі ауылдағы қара сирақ балаларды тәрбиелеген. Біз сондай қариялардың тәрбиесінің шетін көріп өстік. Бізге сол қариялардың қасиеті жұққан болу керек. Топта жөн сөз айтуға ұмтылып тұратыным сондықтан болар, бәлкім.    

 

                     

 

Жастарымыз арзан әзілді «олжа» көруде

– «Ұлтымыз ұлы болу үшін ұл-қыздарымыздың мақсат-мүддесі де ұлы болу керек» деген сөзді жиі айтып жүрсіз. Ұл-қызымыз ұсақталмау үшін не істемек керек?   

– Шындығында өр рухың болмаса ұлтың да, жұртың да сау болмайды. Ұлтымыздың ертеңгі рухани сапасы бүгінгі ұрпақ пен жеткіншек ұл-қыздың тәлімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты. Біз ұлын айбар, қызын әдеп тұтқан ел едік қой. Қазіргі буын сан ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата салты мен ғұрпына шын пейілмен бет бұрса деген тілегім бар.

Қанымыз таза қазақпыз ғой. Енді арымыз бен жанымыз тазарса екен деймін. Ұрпақты осындай тазалыққа үйрету ләзім. Өзімізді сыйламасақ, өзімізді қадірлемесек, сырттан келіп, ешкім бізді жарылқамайды. Сол үшін бүгінгі ұрпағымыздың ертеңіне көбірек алаңдауымыз керек.

Өкінішке қарай, қазіргі жастардың басым көпшілігі дәстүрлі таным мен талғамнан көз жазып барады. Өз құндылықтарымызды жат көріп, жаттың жылтыраған дүниесіне елітуде. «Көптің көңілі – көңілшек» дегендей, қазір түрлі ток-шоулар көбейіп кетті. Жастарымыз арзан әзілді, арзан сөзді «олжа» көріп жүр.

Ұлттың идеологиясын насихаттауы тиіс болған ұлттық, мемлекеттік телеарналардың өзінде көретін тұщымды дүние қалмады. Ұлттың шынайы тіршілігін, боямасыз өмірін көрсететін бағдарламалар жоқтың қасы десе болады. Жапырақсыз ағаштың көлеңкесі болмайтыны секілді тәрбиесіз ұрпақтың болашағы болмайтыны белгілі. Біз ұлттық тәрбиенің тізгінін босатып алдық. Мен бұл мәселені бұған дейін көп айттым.

Тамыры терең, тынысы кең, болашағы айқын ұрпақ ұлттың ұлағаты болады. Баланың туған тамырынан ажыратып алмаудың жалғыз жолы – ұлттық тәлім, тәрбие беру. Кешегі «Жаным – арымның садағасы» деп санайтын халықтың қазіргі ұл-қызы арсыздыққа барып жатса, кім кінәлі? Әрине, оған есті сөз айтар үлкендер кінәлі деп айтар едім. Сондықтан біз жастарымызды рухани арсыздықтың дертінен аман сақтауға күш салуымыз керек. Ол үшін, жаңа айтқанымдай, ұлттық тәрбие негіздерін күшейтуіміз тиіс.              

 

Қисыны жоқ қиялдардың құрбанына айналып барамыз...

– Кішкентай кезімізде үлкендер «дастарқан басында дастарқанның сөзін айтыңдар» деп жататын. Оны кейін түсіндік қой. «Дәм үстінде дәмді әңгіме айтыңдар, ас алдында біреуді жамандап, тілдеріңді ғайбат сөзбен былғамаңдар» дегенді меңзесе керек. Қазір біреудің көңілін жығу немесе намысын тілмен түйреп кету әдеттегі үйреншікті құбылысқа айналып бара жатқандай. Неге?

– Бұл мәселеге қатысты айтарым, біз қашан да қазақы қасиетімізге жүгінуіміз керек. Әлі есімде, ауылда үлкендер әр нәрсені түсіндіріп отырушы еді. Әсіресе соғымбасы, той-томалақ кезінде, ағайын бас қосқан дастарқан басында да ақсақалдар туыс-туманы берекеге ұйытып отырушы еді. Сол кездегі үлкендердің: «Осы дастарқан берекемізді бекемдеп, туысқандық қатынасымызды берік ету үшін жайылып отыр. Сондықтан бірліктеріңді ныйғайтып, бірің үлкен болып ақыл айтып, бірің кіші болып ізет көрсетіп, үйдің берекесін келтіріп жүріңдер» деген сөздері әлі жадымда.

Қазақы қасиетің қалмаса, жақыныңа жат боласың. Өкінішке қарай, біз мұндай жағдайды да көріп отырмыз. Бұл ретте тағы сол үлкендердің жауапкершілігі туралы айтуға тура келеді. Ақсақалдар дастарқан басында жастарға жеті атасын жаттатқызып, шежірені үйретіп, кішкентайларды бір-біріне бауыр басып өсіретін. Жеті атасын, салтын, дәстүрін білген бала ешқашан өз ұлтына опасыздық жасамайды. Өз ұлтын сыйламаған, өз ұлтын қадірлей алмаған адамнан биік парасат күтудің қажеті жоқ. Отбасы тәрбиесіне мән бермеген әулеттің болашағы баянсыз болатыны бесенеден белгілі.

Баяғыда жат қылығымызды байқаған ақсақалдар қамшымен арқамыздан аямай осып жіберетін. Содан кем болған баланы көрмедік қой. Ол кезде қартын қадірлеп, ақсақалын ардақтайтын бала болушы еді. Қазір бұл жүйе бұзылды. Мені алаңдататын мәселенің бірі осы. Қанмен біткен қазақы қасиет жанмен бірге өмір сүрсе екен деп тілеймін. Өйткені әр ұлттың өзіне тән болмысы мен ерекшелігі болады емес пе? Бұл – бүкіл адамзаттық мәңгілік құндылық. Біздің құндылығымыз – қазақтығымызда. Қазір біз адамзат тарихында жоқ құндылықтарды іздеп, қисыны жоқ қиялдардың құрбанына айналып барамыз.  

 

         

 

 

Намыстың не екенін ұмыттық...

– «Уәде – Құдайдың бір аты» деген халық едік. Қазір уәдені бұзу үйреншікті жағдайға айналып барады...

– Өйткені жаңа айтқанымдай, біз қазақтығымыздан айырылып жатырмыз. Қазақ үшін өлімнен ұят күшті. Намыстан жаралған халық едік қой. Біз, шын мәнінде, намыстың не екенін ұмытып қалған сияқтымыз. Біреу байып жатса, ол біздің намысымызға батады. Өзіміздің қолымызда бар мал-дәулетімізді азсынып, қорланып кетеміз. Біреу дүркіретіп той жасаса, ол тағы намысымызға батады. Сондай той жасай алмай жатқанымызға күйініп кетеміз. Біреу кең үй алып, қуанып жатса, ол да намысымызға батады. Күнде сыйып жүрген үйімізге сыймай кетеміз. Дүние тарылып кеткендей күй кешеміз. Ал біреуге берген уәдемізді орындамай қалсақ, оған намыстанбаймыз. Өлімнен күшті болған ұят қайда қалды? «Арым – жанымның садағасы» деген сөз қайда қалды?          

– Ақын Жарасқан Әбдіраштың: «Інілерге аға боп жарытпайсың, Ағаларға іні боп иілмесең» деген өлең жолы бар еді. Ал белгілі ғалым Ғарифолла Есім: «Жасы үлкеннің бәрі аға емес. Ағалық – табиғи, биологиялық, жасқа үнемі де сәйкес келе бермейтін өнегелік» деп жазады. Сіздің пайымыңыз бойынша аға қандай болу керек?

– Менің пайымымда, аға болу – ақыл айтып, жол көрсету, бар болмысыңмен үлгі-өнеге болу. Сен өз отбасыңа, ағайын-тумаңа жөн сөзіңді айтып, жол көрсете алмасаң, басқа еш жәрде аға бола алмайсың.

 

Бізге сырты жылтыр, іші қуыс жалған сана қажет емес

– Белгілі жырау Алмас Алматовтың: «Біз өнерге бір күнде және бір күнге келген жоқпыз» деген сөзі бар еді. Өнер өз иесіне қандай жауапкершілік жүктейді?

– Өнер – елдің миы мен жүрегі. Өнер деген сол елдің жұлынды жүйкесі десе де болады. Өнер – халықтың ар-ұжданының көркемдік бейнесі. Ромен Ролланның «Өнер – өмірдің ықшам түрі» деген сөзі бар. Өнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде театр – өз алдына бөлек өнер. Мәдениет елдің рухани байлығы десек, театр – ұлт мәдениетінің нағыз өзегі. Театр – тәлім мен тағылымның, салт пен дәстүрдің нағыз қайнаркөзі. Театр – өткен өмірдің құндылығын мәңгілік ететін құдірет. Сондықтан ұлттық рухы, ұлттық өнері биік болған ұлттың парасаты да биік болмақ.

Жалған өмірдің ең биік шоқтығы – өнер. Сол шыңға шыққан адам айналасынан тек тазалықты, жылулықты көреді. Абай атамыз «Саф сұлу өнер бықсық ойдан тумайды, шыншыл таза жүректен туады» дейді емес пе? Менің ойымша, өнер адамды тек сүйіспеншілікке, тазалыққа, шындыққа тәрбиелейді.

Ұлт болған соң ұлттық проблемалар туындамай тұрмайды. Менің қарным ашатыны, дін мен діл, тіл мен салт-дәстүр мәселесі туындағанда өнер адамдарының үні шықпай жатады. Басқа елдердегі өнер адамдарына қараңызшы, олар ел мен жер үшін жан салып, жанайқайын білдіріп жатады. Сондықтан мен «шындықты айта алмайтын болсақ талант дейтін құдіреттің құны бес-ақ тиын» деген сөзді жиі айтып жүремін. Шын мәнінде, бұл солай болу керек.

Шыны керек, қазір қалам ұстағандардың көбі менмен, оқығандардың көбі кердең болған заманда өмір сүріп отырмыз. Әрине, өнерге әркімнің таласы бар. Алайда өнер адамы парасат биігінен, адамгершілік биігінен түспеу керек.      

– Қазір сізді не толғандырып жүр?

– Біз тұтас елді біріктіретін ұлттық сананы қалыптастыра алмай жұрміз. Ұлттық сана қалыптасса екен деген ой мазалайды. Иә, бізге ел бірігетін ұлттық идеология қажет. Біздің барлық тірлігіміз осы бір терең салаға негізделуі тиіс. Бізге сырты жылтыр, іші қуыс жалған сана қажет емес. Ұлтық сана қажет. Соны бірге қалыптастырайық.   

 

Сұхбаттасқан Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ

«Мұнара» газеті, №8, 2022 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ӘЙЕЛ ӘДЕБІМЕН СҰЛУ ОРАЗА ҚАЗАСЫ ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕДІ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ТАЗАЛЫҚ - ИМАННЫҢ БЕЛГІСІ
Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол адамның денсаулығы, өң-түсінің сүйкімділігі, өмір жасының ұзақтылығы, тұла бойының сәнділігі, өз қадыр-қасиетін бағалауы, айналасына тартымдылығы деген сөз....
Қоғам БАЙЛЫҚ БАЙЛЫҚ ЕМЕС, БІРЛІК БАЙЛЫҚ
Алла тағаланың жер бетіндегі барша адам баласын әртүрлі ұлттарға бөліп, жаратуы – Жаратушы Иеміздің шексіз даналығы. Қасиетті Құранда: "… Бір-бірлеріңді танып-білулерің үшін сендерді халықтар мен рулар етіп жараттық", – деп баяндалған. ...
Қоғам АНА ЖАЙЛЫ ІЗГІЛЕР СӨЗІ
Жәннат – ананың табанының астында. Мұхаммед бин Мункадир сияқты табиғин ғалымдар: «Анаммен бір дастарқанда отырып, оның көңілін аулау – нәпіл намаздан артық. Өйткені, анаға жақсылық ету – Құранның әмірі», – деген екен....
Қоғам МЕШІТ - ҚОҒАМ РУХАНИЯТ ҚОРҒАУШЫСЫ
Исламда мешіт ұғымы – өте кең, әрі ауқымды мағынаны қамтиды. Мұсылмандарға құлшылық орны болуымен қатар, ол қоғамның руханиятын сақтаушы институт болып табылады.
Қоғам ЛГБТ ҮКІМІ
ЛГБТ – лесбиян[1], гей[2], бисексуал[3] және трансгендер[4] сөздерінің қысқартылып берілген атауы.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-сани 1446
Миләди
24 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:48

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi