ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Адамзат жаратылғаннан бері оқу мен ізденудің себебімен жыл өткен сайын ғылым мен технология дамып, біздің өмір сүру қажеттіліктерімізді жеңілдетуде. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мужәдәлә» сүресі, 11-аятында:

يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ وَالَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ

«Алла сендерден иман келтіргендер мен ғылым берілгендердің дәрежесін жоғарылатады. Алла сендердің істегендеріңнен толық хабардар», – деп айтқан.

Адам баласының дүние мен ақыреттегі дәрежесінің үстем болуының себебі – пайдалы білім. Ыбырай Алтынсарин бабамыз:

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды, – деп айтқанындай соңғы ғасырымыздағы ғылымның үлкен жетістіктерінің бірі – әлеуметтік желі. Бұрын алыстағы ағайынымызға хат жазып, оның жетуін апталап, тіпті айлап күтетін болсақ, қазір әлеуметтік желі арқылы жер бетінің кез келген тұсындағы адамға қажетті ақпаратымызды жіберіп не алып, хат-хабар алмаса аламыз. Әлеуметтік желілер қазіргі күні хат-хабар алысудың құралы болумен қатар көптеген адамдардың негізгі күн көріс көзіне де айналды.

Әлеуметтік желінің осындай пайдалы жақтары көп болуымен қатар зиянды жақтары да жоқ емес. Мұсылман адам әр істі адал мен арамның сүзгісінен өткізіп барып қолдануы керек болғанындай, әлеуметтік желі төңірегінде де рұқсат пен тыйым етілген істерді білуі қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِنَّ الحَلاَلَ بَيِّنٌ وَإِنَّ الحَرَامَ بَيِّنٌ وَبَيْنَهُمَا أُمُوْرٌ مُشْتَبِهَاتٌ لاَ يَعْلَمُهُنَّ كَثِيْرٌ مِنَ النَّاس، فَمَنِ اتَّقَى الشُّبُهَاتِ فَقَدِ اسْتَبْرأَ لِدِيْنِهِ وعِرْضِهِ، وَمَنْ وَقَعَ فِي الشُّبُهَاتِ وَقَعَ فِيْ الحَرَامِ كَالرَّاعِي يَرْعَى حَوْلَ الحِمَى يُوشِكُ أَنْ يَقَعَ فِيْهِ. أَلاَ وَإِنَّ لِكُلِّ مَلِكٍ حِمَىً. أَلا وَإِنَّ حِمَى اللهِ مَحَارِمُهُ، أَلاَ وإِنَّ فِي الْجَسَدِ مُضْغَةً إِذَا صَلَحَتْ صَلَحَ الجَسَدُ كُلُّهُ وإذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الْجَسَدُ كُلُّهُ أَلاَ وَهيَ اْلقَلْبُ

«Халал (нәрселер) белгілі және харам (нәрселер) белгілі. Ал, бұлардың (халал мен харам) арасында адамдардың көпшілігі білмейтін шүбәлі нәрселер бар. Шүбәлі нәрседен сақтанған адам өз дінін және абыройын (сақтау) үшін (одан) арылады. Ал, шүбәмен айналысушы адам харамға да баратын болады. Өйткені ол әне-міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Әр патшаның өз қорығы бар. Алла Тағаланың қорығы – адамдарға тыйым салған нәрселері. Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады. Шын мәнінде, ол – жүрек», – дегенін естідім», – деген (Бұхари, Мүслим).

Мұсылман адам әлеуметтік желінің дүние және ақыретіне дұрыс пайдаланып, зиянынан сақтануы үшін мынадай істерге мән беруі қажет:

 

Бірінші: уақытты зая кетірмеу

Уақыт – адам баласына оны жақсылықтармен толтыруы үшін берілген үлкен нығмет. Алла Тағала қасиетті Құранда «Фурқан» сүресі, 62-аятында:

 وَهُوَ الَّذِي جَعَلَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ خِلْفَةً لِّمَنْ أَرَادَ أَن يَذَّكَّرَ أَوْ أَرَادَ شُكُورًا

«Ол – Алла, ойланып, ғибрат алуды, яки шүкіршілік етуді қалайтын әрбір жан үшін түн мен күндізді бір-бірінің ізін алмасып тұратын қылды», – деп айтқан.

Қазіргі күні байқасақ көп адамдар ұйқысынан оянбай жатып ең әуелі ұялы телефонына үңіледі. Әлеуметтік желілелердің бірнешеуін ашып, «қызықты бір жайт өтіп кетпеді ме екен?» дегендей тексеріп, көріп болғаннан кейін ғана басқа істеріне кіріседі. Сол сиқяты ұйқыға жатарда да көп адам жарты сағат не одан да көп уақытын ұялы телефонға жұмсап барып ұйықтайды. Қоғамдық көліктерде, жұмыс орнында да себепті не себепсіз көп адамның ұялы телефонға үңіліп отырғанын байқаймыз. Ең қиыны көлік жүргізіп бара жатып ұялы телефонға үңіліп, сол арқылы өзіміздің, көлік ішінде отырған жақындарымыздың әрі басқа да қоғамдағы адамдардың өмірін қауіп-қатерге тігу. Осындай қателіктің салдарынан қаншама көлік апаты болып жатқаны да біздерге аян.

Өмірдің уақыттан тұратынын ескерсек, қазіргі ғаламтор, әлеуметтік желілер біздің уақытымызды басқармай, біз ғаламторты игеруіміз аса маңызды. Ол үшін күнделікті әлеуметтік желілерді қажеттілігімізге байланысты пайдаланып, құр уақыт өткізу құралы ретінде қолданбауымыз керек. Өйткені уақытты бос ысырап ету – бұл бағалы нығметінің қадірін білмей, оған шүкір етпеудің көрінісі.

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің бірнеше аятында күн, түн, асыр, таң уақыттарымен серт етуі – уақыттың өте құнды нығмет екендігін білдіреді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

لَا تَزُولُ قَدَمَا عَبْدٍ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يُسْأَلَ عَنْ أَرْبَعِ خِصَالٍ : عَنْ عُمُرِهِ ، فِيمَ أَفْنَاهُ ؟ وعَنْ شَبَابِهِ ، فِيمَ أَبْلَاهُ ؟ وَعَنْ مَالِهِ ، مِنْ أَيْنَ ؟ وَفِيمَ أَنْفَقَهُ ؟ وَعَنْ عِلْمِهِ ، مَاذَا عَمِلَ فِيهِ ؟

«Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша бір адам да орнынан тапжылмайды», – деген (имам Термизи).  

Қияметте болатын негізгі төрт сұрақтың екеуі уақытқа байланысты болуы біздердің уақытқа қаншалықты ұқыпты болуымыз керектігін білдіреді. Адам баласы өмірін қалай өткізгендігі жайындағы сұрақтан кейін жастық шақтағы уақыт турасында бөлек сұрақтың қойылуынан – әсіресе жастық шақтағы алтын уақытты бос, пайдасыз істермен өткізуден аса сақ болуымыз қажеттігін ұғамыз.  

Уақыттың құндылығы турасында ақын Мұқағали атамыз да:

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды бұл өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға! – деп өлең жазған.

Адамның бұл өмірдегі негізгі жаратылу мақсаты құлшылық екендігін ескерер болсақ, әлеуметтік желілер адамды Жаратушының бұйрығын орындап, құлшылық жасауына бөгет болмауы қажет. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Мұнафиқун» сүресінің 9-аятында:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُلْهِكُمْ أَمْوَالُكُمْ وَلَا أَوْلَادُكُمْ عَن ذِكْرِ اللَّهِ ۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ

«Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың сендерге Алланы еске алуды  ұмыттырмасын», – деп айтқан.

 

Екінші: пайдалы ақпарат алу

Әлеуметтік желілерде жазба, сурет, бейнеролик сияқты ақпарат түрлері өте көп. Оның ішінде дұрыс ақпаратпен қатар бұрыс ақпарат, маңызды және маңызсыз, пайдалы не зиянды нәрселер бар. Мұсылман адам осы ақпараттың ішінен өзіне пайдалысын ғана алуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِحْرِصْ عَلَى مَا يَنْفَعُكَ

«Өзіңе пайда келтіретін іске ұмтыл», – деп біздерді пайдалы істермен айналысуға шақырған (имам Мүслим).  

Адам баласы Жаратушысын танып, өзінің өмірлік мақсатын білгеннен кейін, әр уақытын пайдалы істермен шұғылдануға жұмсап, бос, пайдасыз істерден сақтануы қажет. Бұлай істеу адам бойындағы тақуалығының көрінісі деп танылады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

مِنْ حُسْنِ إِسْلاَمِ الْمَرْءِ تَرْكُهُ مَا لاَ يَعْنِيهِ

«Адамның исламды жақсы ұстануының белгісі – өзіне қатысы жоқ істен бас тартуы», – деген (имам Термизи, ибн Мәжә).

Әрдайым қажетті мағлұматтарды оқып, пайдалы білім алған, пайдасыз істермен шұғылданбаған адамның бойынан даналық сипат көрініс табады. Имам Мәлик (Алла оны рақымына алсын): «(Бір күні) адамдар Лұқман хәкімнен оның қадір-қасиеті туралы: «Біз куә болып жүрген жағдайға жетуіңізге не жәрдем етті?» – деп сұрады. Сонда Лұқман хәкім: «Мен шыншыл болдым, аманатқа қиянат етпедім және маған қатысы жоқ іспен айналыспадым», – деп жауап берді», – деген.

 

Үшінші: көзді харамнан сақтау

Көру – Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен нығметі. Пенде жақсылыққа назар салып, қарап, ғибрат алу арқылы сауапқа кенелетініндей, керісінше тыйым етілгенге қарау арқылы күнаға душар болады. Қазіргі күні пендені осындай күнаға душар ететін түрлі бейнелер әлеуметтік желілерде өте көп. Желілердегі жарнамалардың өзінде қатысы бар не қатысы жоқ болса да көп жерлерде әйел адамның бейнесін жарнама құралы ретінде пайдаланып жатады. Басқа да ғаламторда азғындықты насихаттайтын қаншама сайттар, парақшалар бар. Мұсылман адам мұндай арсыз бейнелерді көруден өзі де сақтанып, отбасында тәрбиелеп отырған өскелең ұрпағын да сақтандыруы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның 30-31-аяттарында: 

قُلْ لِلْمُؤْمِنِينَ يَغُضُّوا مِنْ أَبْصَارِهِمْ وَيَحْفَظُوا فُرُوجَهُمْ ذَلِكَ أَزْكَى لَهُمْ إِنَّ اللَّهَ خَبِيرٌ بِمَا يَصْنَعُونَ. وَقُلْ لِلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنَّ وَيَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنَّ وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ

«Иманды ер кісілерге айт, көздерін төмен қаратсын және әуреттерін қорғасын. Бұл  олар үшін тазасы. Ақиқатында, Алла – олардың не істеп жатқандарынан хабардар. Әрі иманды әйелдерге айт, көздерін төмен қаратсын, жыныс ағзаларын қорғасын және көрініп тұрғаннан басқа көріктерін көрсетпесін ...», – деп айтқан.

Тыйым етілгенге сұқтана қарау көңілдің бұзылуына, соңында жүрегінің сол іске иілуіне, кейін ол арсыз іске баруына себепші болады. Жүсіп Хас Қажыб Баласағұни бабамыз:

Көзің көрсе көңіл ауып қалады,

Көңіл ауса кімдер ұстай алады.

Жан бір басшы, тәнді алған қолына,

Бек бастаса, құлы ереді соңына.

Білікті жан нақ айтыпты ақылын:

Көңілің мен көзіңді тый батырым! – деп, көзге ие болуға шақырған.

Ал көзін жамандықтан тыя білген жан жүрегін түрлі рухани дерттерден сақтайды. Ондай адамның иманы берік, көңілі таза, руханияты кемел болмақ. Құдси хадисте ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың:

إِنَّ النَّظْرَةَ سَهْمٌ مِنْ سِهَامِ إِبْلِيسَ مَسْمُومٌ، مَنْ تَرَكَهَا من مَخَافَتِي أَبْدَلْتُهُ إِيمَانًا يَجِدُ حَلاوَتَهُ فِي قَلْبِهِ

«Ақиқатында көз салып қарау – Ібілістің улы жебелерінің бірі. Кімде-кім Менен қорыққандықтан қарауын қойса, жүрегінде ләззатын сезінетін иманмен алмастырамын», – деп айтқанын жеткізген (имам Табарани).

 

Төртінші: балаларымызды бақылау

Бала – ата-ана үшін берілген аманат. Ата-анасы оның тәрбиесіне, әдепті де білімді, өзгелерге мейірімді әрі жанашыр болып өсуіне үлкен мән беруі қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тахрим» сүресі, 6-аятында:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنْفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ

«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар», – деп айтқан. Аталмыш аятты тәпсірші ғалымдарымыз: «Оларға әдеп пен білім үйрет», – деп түсіндірген.

«Баланы телефоннан қалай ажыратуға болады?» – деген сұрақ қазіргі күні көп ата-ананың бала тәрбиесіне қатысты басты сұрағы болып отыр.

Жыласа болды тынышталсын деп қолына телефон ұстатып, баланы үйрететін өзіміз. Абай атамыз қара сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» – деп айтатыны бар. Телефонмен алданып, тынышталғанына басында мәз боламыз. Бірақ соған тәуелді болып қалғаннан кейін қалай ажыратудың жолын білмей жүреміз. Сол үшін ең әуелі «Баланы телефонға әуестендірмеуіміз қажет» – деген мәселені уайымдауымыз керек.

Баланың жыламауы үшін әркез қолына телефонды ұстатып қойып, қалаған ойынын ойнап, қалаған парақшларды көруіне мүмкіндік беруге болмайды. Иә, қазіргі телефон заман талабы. Телефонды мүлде бермей қоя алмаймыз. Балаға оны қажетіне қарай белгілі бір арнайы бөлінген уақыттарда ғана қарауына не ойын ойнауына мүмкіндік беру қажет. Оның өзінде баланың санасын дамытатын ойындар болғаны жақсы. Ғаламтордың онлайн ойындары негізінен атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды ойнаған бала психологиялық түрлі дерттерге де ұшырауы ықтимал. Тіпті оның жүрегенде рақымдылық пен мейірімділікті жойып, қатыгездік сезімдерін оятып, оның арты түрлі қылмысқа апаруы да мүмкін. Сондықтан да ата-ана бұл мәселеде өзінің жауапкершілігін сезініп, баланың ғаламтормен байланысының дұрыс болуын қадағалауы керек.

Мектеп баласының әлеуметтік желі арқылы кіммен сөйлесіп жүр, қандай топтарға тіркелген деген мәселесіні де ата-ана назарда ұстағаны жөн.  Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

كُلُّكُمْ رَاعٍ وَكُلُّكُمْ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ ، وَالإِمَامُ رَاعٍ وَ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ ، الرَّجُلُ رَاعٍ فِي أَهْلِ وَ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيَةٌ فِي بَيْتِ زَوْجِهَا وَ مَسْئُولَةٌ عَنْ رَعِيَّتِهَا ، وَ الْخَادِمُ رَاعٍ فِي مَالِ سِيدِهِ وَ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ ، وَ كُلُّكُمْ رَاعٍ وَ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ

«Сендердің әрқайсыларың бақташысыңдар және әрқайсыларың иеліктегілерің үшін сұраласыңдар. Басшы да бақташы әрі өз иелігіндегі үшін сұралатын болады. Ер адам өз жанұясының бақташысы әрі олда иелігіндегі үшін сұралады. Әйел де күйеуінің үйі мен балаларының бақташысы әрі ол да өз иелігіндегі үшін сұралады. Қызметші де өзінің мырзасының дүниесіне бақташы әрі ол да өз иелігіндегі үшін сұралатын болады. Сол үшінде барлығың бақташысыңдар әрі иеліктегілерің үшін сұралатын боласыңдар», – деген (имам Бұхари, Мүслим).

 

Бесінші: көркем түрде пікір алмасу

Әлеуметтік желілер ашық алаң болғаннан кейін әркім өз ойын, көзқарасын білдіріп, өзгенің жазғанына пікір білдіреді. Бірақ осы кезде пікір білдіруіміз дауға, арада дұшпандық тууына себеп болып кетпеуі үшін, мұсылман адам өзгелермен өте көркем түрде пікір алмасып, көркем әдеп сақтай білуі аса маңызды. Алла Тағала қасиетті Құранның «Нахыл» сүресі, 125-аятында:

ادْعُ إِلَى سَبِيلِ رَبِّكَ بِالْحِكْمَةِ وَالْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَةِ وَجَادِلْهُمْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ

«Адамдарды Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде пікір алмас», – деп бұйырған. 

Мұсылман өз пікірін жеткізгенде ең көркем тәсілді пайдаланып, ұрыс-керістен сақтануы керек. Өзгенің де пікіріне құрметпен қарау, білмеген мәселесге араласпау, ақиқат айтылса мойындау, басқа да пікір алмасу әдептерін сақтау әлеуметтік желінің басты әдебіне жатады. Осындай әдептің сақталмауының салдарынан көп жағдайда әлеуметтік желідегі пікір алмасудың соңы үлкен дауға ұласып жатады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

لَيْسَ الْمُؤْمِنُ بِالطَّعَّانِ ، وَلا اللَّعَّانِ ، وَلا الْفَاحِشِ ، وَلا الْبَذِيِّ

«Сөгу, қарғау, арсыз сөз, өсек айту мүминге (тән сипат) емес», – деген.

Егер әлеуметтік желідегі пікір алмасуда қарсы тарап шектен шығып, сөзге тоқтамайтын болса, мұсылман адам ондай пікір алмасуды бірден тоқтатуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):      

أَنَا زَعِيمٌ بِبَيْتٍ فِي رَبَضِ الْجَنَّةِ لِمَنْ تَرَكَ الْمِرَاءَ وَإِنْ كَانَ مُحِقًّا ، وَبِبَيْتٍ فِي وَسَطِ الْجَنَّةِ لِمَنْ تَرَكَ الْكَذِبَ وَإِنْ كَانَ مَازِحًا ، وَبِبَيْتٍ فِي أَعْلَى الْجَنَّـةِ لِمَنْ حَسُنَ خُلُقُهُ

«Мен, өзінікі рас болса да тартысуды қойған кісі үшін – жәннаттың ауласынан бір үй, ал, әзіл болса да өтірік айтуды қойған кісі үшін – жәннаттың ортасынан бір үй, ал көркем мінездіге – жәннаттың ең биігінен бір үй (берілетіндігіне) кепіл боламын», – деген (имам Термизи, Әбу Дәуід).

 

Қадірменді жамағат!

Қазіргі күні әлеуметтік желілер күн сайын дамып, түрленіп, оны қолданушылардың аясы да көбеюде. Сондықтан да оны қолданудың әдебі мен мәдениетін үйрену, оны сақтау, отбасы мүшелерімізді де соған тәрбиелеу уақыт күттірмейтін мәселе. Мұсылман адам өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда көркем мінез танытып, әдеп сақтап, тақуалық қалпын жоғалтпай, әлеуметтік желіде өзіндік ұстанымы болуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اتَّقِ اللَّهَ حَيْثُمَا كُنْت ، وَأَتْبِعْ السَّيِّئَةَ الْحَسَنَةَ تَمْحُهَا ، وَخَالِقِ النَّاسَ بِخُلُقٍ حَسَنٍ

«Қайда болсаң да Алладан қорық, күнәлі істен кейін оны өшіретін жақсылық жаса әрі адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді бол», – деген (имам Ахмад, Термизи).  

Алла Тағала біздерге тақуалық пен көркем мінезді нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: жұма уағызы
Предыдущий Следующий
«ҚЫТАЙДАН БОЛСА ДА, БІЛІМ АЛ» ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ? ИСЛАМ ДІНІН ЖАЙҒАН САХАБАЛАР

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРАН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АР ІЛІМІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ТЕКТІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ ЖӘНЕ НЕКЕНІҢ БЕРЕКЕТІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.
Жұма уағызы КӨРКЕМ МІНЕЗДІҢ ДӘРЕЖЕСІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ӘУЛИЕ – АЛЛАНЫҢ СҮЙГЕН ҚҰЛЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы МҰСЫЛМАННЫҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!  
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 01:38

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi