ТАЗАЛЫҚ - ИМАННЫҢ БЕЛГІСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

ТАЗАЛЫҚ - ИМАННЫҢ БЕЛГІСІ

| A | +

Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол адамның денсаулығы, өң-түсінің сүйкімділігі, өмір жасының ұзақтылығы, тұла бойының сәнділігі, өз қадыр-қасиетін бағалауы, айналасына тартымдылығы деген сөз. 
    Халқымыз тазалыққа аса мән берген. «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі-тазалық», «Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, тамағыңды тый», 
Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық.
Суытпа босқа түсіңді
Қайрама онша тісіңді.
Сырт тазасы не керек,
Тазарт әуел ішіңді. 
(Үмбетай жырау (1706-1778))
- деп, денсаулығын басты байлық деп бағалай білген халқымыз тазалыққа, пәктікке мән берген, ас қоятын дастарханын да тазалықтың белгісі ретінде «Ақ дастархан» деп атаған. 
    Исламдағы тазалық анықтамасы. 
   Тазалық – үлкен, кіші, көзге көрінетін, көрінбейтін барлық нәжістерден арылу. Дәрет алу, ғұсыл құйыну және тәйәммум жасау сияқты намаз оқу үшін талап етілетін тазалық түрлері сыртқы тазалыққа жатады. Бұған қоса тазалық дегенде ішкі тазалықты да ескеру керек. Бұл – жан тазалығы, рухани тазалық. Негізі сыртқы тазалық ішкі тазалықтан туындайды. Мұны бабаларымыз «Жаны саудың тәні сау» деп түйіндеген.
     Дінімізде тазалық құлшылық, сауапты іс болумен қатар сенім, имандылық деңгейіне көтерілген. Мұндай көзқарас әлемде исламнан басқа ешқандай дінде болған емес. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы. «Әлхамдулилләһ» (деп айту) – амал таразысын толтыратын амал, «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи» (деп айту) аспан мен жер арасындағы кеңестікті сауапқа толдырады. Намаз – нұрың, садақа (қайырымдылық) – дәлелің. Сабыр – зиялылық, Құран – пайдаңа немесе зияныңа қолданылатын құжат. Күллі адамзат әрекет етіп, өз нәпсісін саудаға салады. Бірі оны құтқарады, бірі құрдымға кетіреді», - деген. Демек, тазалық – иманның жартысына тең дүние. Осы хадистегі тазалықтың мақсаты – жанын екіжүзділік, менмендік, қызғаныш сияқты рухани дерттерден және тәнін әртүрлі нәжістерден таза ұстау.
    Тазалықтың маңыздылығы
    Ал барлық жақсы амалдың қайнар бұлағы болған Құранда Алла Тағала тазалықтың жолдарын көрсетіп былай деген:
إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ
«Анығында, Алла істеген күнәсі үшін шынайы өкініп. Өзіне бойсұнуға қайтушыларды /тауба етушілерді/ жақсы көреді әрі тазарушыларды жақсы көреді»
( Бақара сүресі, 222-аят).
Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын):
مِفْتَاحُ الصَّلَاةِ الطُّهُورُ،وَتَحْرِيمُهَا التَّكْبِيرُ، وَتَحْلِيلُهَا التَّسْلِيمُ
«Намаздың кілті тазалық, оны (намазды) қасиетті құлшылыққа айналдыратын нәрсе – такбир, ал одан шығаратын нәрсе – сәлем»[1] – деген.
    «Ислам діні таза дін, сендер де таза болыңдар, жәннатқа таза болғандар ғана кіреді»-деген, Алла елшісінің өсиеті де дініміздің тазалыққа шақыратындығының айқын белгісі. 
    Бәрімізге белгілі, исламда таза болмаған барша нәрсе харам. Мысалы: бет-қол тазалығы былай тұрсын, жейтін асымыз бен жүретін жеріміздің де таза болу керек. Біле білсеңіз, намазымыздың да қабыл болуы үшін намаздың шарты орындалу керек. Оның алтауы ішінде, алтауы сыртында. Сол сыртындағы алтауының бірі осы – тазалық.
     Құран аяттарының да ең алғаш түсірілгендердің бірі де тазалық жайында екен. Баршамыз білетіндей, ең бірінші түскен аят «Ағлақ» сүресінің алғашқы бес аяты, ал одан кейін «Мүддасир» сүресі еді. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)  екінші рет  уахи жеткізуші періште Жебірейлдің (ғ.с.) бейнесін көріп, үйіне үрейден қалшылдап, дірілін баса алмай, өңі қашқан сұп-сұр күйде келіп, ішке кіре сала: «Мені қымтаңдар, мені қымтаңдар! Мені бүркеңдер, мені бүркеңдер!» – деп жатқан кезде, мына аяттар оған оқылған еді: «Әй, жамылушы! Тұр енді! Адамдарға ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Әр түрлі лас істерден аулақ бол! (Қылған ісіңді) көп міндет қылма. Раббың үшін сабыр ет»[2].
«Тұр, киімінді тазала» деп айтқан алғашқы аяттарда Исламдағы тазалықтың маңыздылығы байқалады.
      Ал, «Мәида» сүресінде харам, қолдануға болмайтын нәрселер туралы айтқан кезде де, олар лас нәрселерден деп те ескерткен. «Әй, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар.»
    Осы аяттардан біз арақ, құмар ойындардың  барлығы лас нәрселерден екенін көреді екенбіз. Сол үшін ғалымдар тазалықты үшке бөледі.
1. Нәжістен таза болу. 
Нәжіс екі түрлі болады: Ауыр және жеңіл. Ауыр нәжіске адам денесінен шығатын үлкен және кіші дәрет, мәни, мәзи, уәди сұйықтары, ірің, ауыз толы құсық, сондай-ақ хайыз, нифас, истихаза қандары, кішкене нәрестенің кіші дәреті, арақ, аққан қан, өліктің еті, тайы, терісі жатады. Сонымен бірге еті желінбейтін жануарлардың зәрі, түйенің, сиырдың тезегі, иттің нәжісі, тауық, қаз, үйректердің саңғырықтары да жатады. Сондай-ақ, жыртқыш аңдардың барлығы нәжіс, шошқаның барлық нәрсесі ауыр нәжіске жатады. Ал, жеңіл нәжіске еті желінетін жануарлардың, жылқының зәрі, еті желінбейтін құстардың саңғырықтары жатады.  
2. Күнәдан таза болу. 
Ислам дінінде тазалық ұғымы адамның денесіндегі, киіміндегі және құлшылық жасайтын жеріндегі лас, нәжіс нәрселерден тазаруымен қатар, жүректегі лас нәрселерден, яғни күнәлардан да таза болуды білдіреді. Себебі сыртқы тазалық пен ішкі тазалық бір-бірімен үйлескенде ғана адам баласының құлшылығы қабыл болады.
Жүректің тазалығы туралы Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын.):  
وَإِنَّ فِي الجَسَدِ مُضْغَةً: إِذَا صَلَحَتْ صَلَحَ الجَسَدُ كُلُّهُ، وَإِذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الجَسَدُ كُلُّهُ، أَلاَ وَهِيَ القَلْبُ
 «Адам баласының денесінде бір ет бар, ол жақсы болса бүкіл дене жақсы болады. Ол бұзылса бүкіл дене бұзылады. Абайлаңыздар! Ол – жүрек»– деген. Ішкі жан дүниемізді таза сақтаудың бірден-бір жолы жүректі таза ұстау екенін ескерткен Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны тазалаудың жолдарын: «Әр заттың кірлегені сияқты жүрек те кірлейді. Оны тәубемен, кешірім тілеумен, тазалап отырыңдар». «Бес уақыт өтелетін намаз сендердің біреуіңнің есігіңнің алдында тоқтаусыз ағып жатқан өзен іспеттес. Егер сендердің бірің сол өзенге күн сайын бес рет жуынса, сол кісінің бойында кір дейтін бірдеңе қалмағаны сияқты, бес уақыт намаз да қателіктерді кетіреді», – деген хадистермен түсіндіреді. Яғни, біз уақтылы күнәларымыз үшін Алладан кешірім сұрап, бес уақыт намазымызды қаза қылмай оқитын болсақ, жүректің кірі тазарып жаратушымызға жақындай түседі екенбіз. 
3. Мінезді тазалау. 
    Жаман мінездерден арылып, жақсы мінездермен безену арқылы өз-өзін тәбиелеу мүмкін нәрсе. Хадис шәрифте «Мінездеріңді жақсартыңдар!» делінген. Ислам мүмкін болмаған нәрселерді әмір етпейді.
Жаман мінездің барлығы үшін ортақ шара – аурудың не екенін және оның зиянын және себебін және оның терісін және оған жасалатын шараның пайдасын білу болып келеді. Біреудің кемшілігін көргенде оны өзінен іздеп, өзінде де бар болса, одан құтылуға тырысу да жаман мінезден құтылудың шараларына жатады. «Мұсылман – мұсылманның айнасы» хадисінің мағынасы да осы. Яғни өзгенің айыбынан, кемшілігінен өзінің кемшілігін көреді.
   Ислам діні келгелі мұсылман жұртшылықтың әр үйінде жуынатын орындар болса, Батыс елдерінде монша деген түсінік 18 ғасырдан пайда болған. Сабынның өзін Ислам ғалымдары ойлап тапқан болатын. Әрі кетпей-ақ, күнделікті жейтін тамағымыздың берекеті тазалық екендігі туралы Пайғамбарымыз былай деп айтқан: «Тамақтың берекеті – тамақтың алды мен артында қол жуу»[3].
    Ал, таңертен төсектен тұрмастан тамақты алдына алып келгенді романтика деп танып жүрген Европалық тәрбиеге қарсы Ислам діні тазалықты алға тартып, «Кімде-кім таңертен тұрса қолын жусын, себебі қолының қайда түнегенін білмейді ғой»деген емес пе?!
    Сондай-ақ, «Бес нәрсені жаратылысынан адам қажетсінеді: мұртты басу, тырнақ қысқарту, қолтықты түктен тазарту, ұятты жерді түктен тазарту, сүндетке отыру»[4],– деп, исламдағы тазалық адам жаратылысын толық қамтитынын аңғартқан.
   Ең бастысы, адам бойында рухани тазалық болу керек. Себебі денеде бір ет бар, егер ол лас болса, онда бүкілі лас болады, егер ол таза болса онда барлығы таза болады. Ол – жүрегіміз. Расымен де, оның тазалығы жойылып бара жатқандай, қазіргі кезде қоғам ішінде болып жатқан парақорлық, жала жабу, өтірік айту, туыстық қатынасты үзу, зина жасау етек алып кеткен. Етек алғаны соншалық, кішкентай сәбилерді тірідей тастап, жазықсыз адамдарды соттап, ата-аналарды балағаттап жүрміз.
      Абай атамызда осыны меңзеп:
    Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,
Сыртын қанша жуғанмен, іші оңбаған…», адамдар жер басып, кезіп жүр.[5]
   Құрметті мұсылмандар, ішкі-сыртқы тазалығымызға мән берейік. Онымен қоса ауламыздың, қаламыздың тазалығы өз қолымызда. Біздің бет-бейнеміз, имандылығымыз осыдан-ақ аңғарылады. «Тазалық – иманның жартысы» деген сөзді ұран қылып, әр қашан таза жүрүге дағдыланайық. 
 
 

 

Такиров Қанатали Бақытұлы
"Әли-Мұхаммед" мешітінің бас имамы

 

[1] Әбу Дәуд. «Суннән Әби Дәуд» 1/22
[2]«Мүддасир» сүресі, 1-5 аяттар.
[3] Бухари, Уду, 26.
[4] Муслим, Тахара, 49-56
[5] Тазалық туралы нақыл сөздер,  Түркістан, 25- бет

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ РАМАЗАН - БЕРЕКЕТ ПЕН МҮМКІНДІК АЙЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам БАЙЛЫҚ БАЙЛЫҚ ЕМЕС, БІРЛІК БАЙЛЫҚ
Алла тағаланың жер бетіндегі барша адам баласын әртүрлі ұлттарға бөліп, жаратуы – Жаратушы Иеміздің шексіз даналығы. Қасиетті Құранда: "… Бір-бірлеріңді танып-білулерің үшін сендерді халықтар мен рулар етіп жараттық", – деп баяндалған. ...
Қоғам АНА ЖАЙЛЫ ІЗГІЛЕР СӨЗІ
Жәннат – ананың табанының астында. Мұхаммед бин Мункадир сияқты табиғин ғалымдар: «Анаммен бір дастарқанда отырып, оның көңілін аулау – нәпіл намаздан артық. Өйткені, анаға жақсылық ету – Құранның әмірі», – деген екен....
Қоғам МЕШІТ - ҚОҒАМ РУХАНИЯТ ҚОРҒАУШЫСЫ
Исламда мешіт ұғымы – өте кең, әрі ауқымды мағынаны қамтиды. Мұсылмандарға құлшылық орны болуымен қатар, ол қоғамның руханиятын сақтаушы институт болып табылады.
Қоғам ЛГБТ ҮКІМІ
ЛГБТ – лесбиян[1], гей[2], бисексуал[3] және трансгендер[4] сөздерінің қысқартылып берілген атауы.
Қоғам АДАМДЫ ҚҰРДЫМҒА КЕТІРЕТІН 4 НӘРСЕ
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Ғибадаттардың шамаларың жететінін таңдаңдар. Сендер құлшылықтан жалықпайынша, Алла Тағала сендерге сауап беруді үзбейді»....
Қоғам АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ – ҰЛТЫМЫЗҒА ТӘН ИНСТИТУТ
Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылды. Осы кеңестің мүшесі әрі ардагер имам ретінде айтулы басқосуға мен де қатыстым. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік деп санаймын....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 02:17

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi