АНА ЖАЙЛЫ ІЗГІЛЕР СӨЗІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:48

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

АНА ЖАЙЛЫ ІЗГІЛЕР СӨЗІ

| A | +

Ораза айт кезі. Мешітке елу жас шамасындағы кісі кіріп келді.
– Молдеке! Өтініш, анам көлікте отыр. Сізге айтар сөзі бар екен, – деді.
– Әрине, жүріңіз, – деп аулаға шықтық. Ақжаулықты ана:
– Ассаламу алейкум, балам! Мен намазхан апаңмын. Аяғыма ота жасатқанмын. Мешітке кіре алмай тұрмын. Екі мешітке барып, атаған садақамды таратып келемін. Құран оқып, ата-бабама бағыштап бер, – деп келген шаруасын айтты.
– Жақсы, апа! Ниетіңіз қабыл болсын! – деп құран оқыдық.
– Рахмет, балам! Береке тап. Оқыған Құраның қабыл болсын! – деп ризашылығын білдіріп, батасын берді. Ұлы ләм-мим демей анасының қас-қабағына қарап бәйек боп тұр. Анасын ерекше құрметтейтіні көрініп-ақ тұр.
Осыдан бес-алты жыл бұрын мешітке көңілі сынық ана келген еді. Жанында жиырма жасар баласы.
– Мынау балам. Әкесі қайтыс болған. Өзім тәрбелеп келем. Балам тіл алғыш, мейірімді еді. «Ана, анашым» деп қамқор болатын. Әр бейсенбі иіс шығарып, марқұм әкесіне құран бағыштайтынмын. «Үйдің ер азамат сенсің. Бұдан былай Құранды өзің оқы» дедім. Осыдан кейін Құран жаттады. Дінге де біраз көңіл бөле бастады. Алғашында қуандым. Бір күні: «Мынауың күнә. Ширк. Мен ата-бабама құран оқымаймын. Олар тірі кезінде өздері оқуы керек еді», – деп шықты. Айтыңыздаршы, бұл не?! Балам имандылық үйреніп жүр десем. Қарап отырып, баламнан айырылып тұрмын, – деп мұңын айтты.
Жігітпен сөйлестік. Интернет және телефон арқылы жат ағымдардың уағыздарын тыңдап жүргені белгілі болды. Сол баяғы «салафилік» тек менікі дұрыс деген сауатсыздық салдары. Исламның үлкен ғылыми мұрасын екі шағын брошюраға сыйдырған «ғалымдар».
Иә, екі ана – екі тағдыр. Ана үшін ең үлкен қасірет осы шығар. Дін ата-анаңа «уф» деп де кейіс білдірме демей ме?! Ал, сол «сүннет» деп жүрген жастар әкесімен бір дастарқанға отырмайды. Анасының көз жасын көл етеді. Ізгілікке жетелейтін сүннетті ірікті салушы құралға айналдырған. Ақылға сыймайды. Ол жастардың жүріс-тұрысы мұсылмандықпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Қай жерден қате кетіп тұр? Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ең бірінші жақсылығыңды анаңа жаса демеді ме?!
Әбу Юсуф (р.а.) ұстазы жайлы былай дейді: «Имам Әбу Ханифа әке-шешесіне ерекше жұмсақ еді. Ата-анасына үнемі дұға жасайтын. Олардың атынан әр айда жиырма динар садақа беретін». Әбу Ханифа мынадай бір оқиғаны еске алады: «Анам «Бір-екі мәселе сұрамақпын, мені уағызшы Зарұлы Омарға алып бар», – деді. Анамды ертіп Омардың халқасына бардым. Анам: «Барып сұра», – деп бір мәселені айтты. Омардың мәжілісіне кіріп, мән-жайды түсіндіріп: «Анам сізден мына, мына нәрселердің жауабын сұра деп еді», – дедім.
– Сіздей кісі осы мәселелерді менен сұрағаны қалай?! – деді таңданып.
– Анам айтты, сұра деді, – дедім.
– Онда жауабын өзіңіз айтыңыз. Сол менің жауабым болсын. Мен: «Бұл мәселенің жауабы былай», – деп Омарға айттым. Уағызшы Омар: «Олай болса, осы сөздерді айта барыңыз», – деуден басқа шарасы болмады. Сыртқа шығып, анама осы жауаптарды жеткіздім», – деп Әбу Ханифа еске алады.
Әбу Ханифа – үлкен ғалым. Ең мықты хадис пен фиқһ ғалымдары одан ақыл-кеңес алып, пәтуа сұрайтын. Қаншама үлкен дау-дамайды шешіп берген ғұлама. Бірақ, анасының көзінде әлі де кішкентай бала. Сондықтан мені пәлен молдаға алып бар деп тұр. Ал Әбу Ханифа ләм-мим демей, барлық шаруасын шетке ысырып қойып, анасын айтқан жерге апарған. Міне, ананы аялау, оның қас-қабағына қарау осындай болмақ керек.
Мына хикаяны Әбу Ханифадан шәкірті Хасан бин Зияд баяндайды: «Бір жолы анам менен пәтуа сұрады. Ол былай болады деп жауабын айттым. Анам қабыл етпеді. «Жоқ, уағызшы Зурғаның ғана сөзі көңіліме қонады. Соған алып бар», – деді. Анамды есекке мінгізіп уағызшыға бардым. «Анам сізден пәлен, пәлен сұрақтардың пәтуасын сұрап жатыр», – дедім. Ол маған бір, анама бір қарап: «Менен пәтуа сұрап келіп тұрсыз ба? Сіздің жаныңызға Куфаның фиқһ ғалымы тұр емес пе?! Сіз білімдірексіз, фиқһты артық білесіз. Пәтуасын өзіңіз беріңіз», – деді.
Мен: «Бұның пәтуасы былай», – деп айттым. Зурға уағызшы: «Мұның пәтуасы – Әбу Ханифа берген пәтуа», – деді. Анам уағызшының сөзін жақсы деп қабыл алды», – дейді.
Бала үшін ананың әрбір сөзі маңызды болуы керек. Өкінішке қарай, «Түһ, ана! Сіз де бір қоймайды екенсіз. Болмайтын нәрселерді сұрап…», – деп кейіс білдіріп жататындар бар.
Хадисші ғалым Мұхаммед бин Бишр Әсләми: «Куфа қаласында Мансұр бин Мұғтамир (хадис ғалымы) мен Әбу Ханифадай анасына жақсылық істеген адам көрмедім. Мансұр тіпті анасының шашын өріп беретін», – дейді.
Жәннат – ананың табанының астында. Мұхаммед бин Мункадир сияқты табиғин ғалымдар: «Анаммен бір дастарқанда отырып, оның көңілін аулау – нәпіл намаздан артық. Өйткені, анаға жақсылық ету – Құранның әмірі», – деген екен.

Авторы Руслан Қамбар

Дінтанушы, Қалқаман-2 мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ЖӘННАТ - АНАНЫҢ АЯҒЫНЫҢ АСТЫНДА ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам МЕШІТ - ҚОҒАМ РУХАНИЯТ ҚОРҒАУШЫСЫ
Исламда мешіт ұғымы – өте кең, әрі ауқымды мағынаны қамтиды. Мұсылмандарға құлшылық орны болуымен қатар, ол қоғамның руханиятын сақтаушы институт болып табылады.
Қоғам ЛГБТ ҮКІМІ
ЛГБТ – лесбиян[1], гей[2], бисексуал[3] және трансгендер[4] сөздерінің қысқартылып берілген атауы.
Қоғам АДАМДЫ ҚҰРДЫМҒА КЕТІРЕТІН 4 НӘРСЕ
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Ғибадаттардың шамаларың жететінін таңдаңдар. Сендер құлшылықтан жалықпайынша, Алла Тағала сендерге сауап беруді үзбейді»....
Қоғам АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ – ҰЛТЫМЫЗҒА ТӘН ИНСТИТУТ
Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылды. Осы кеңестің мүшесі әрі ардагер имам ретінде айтулы басқосуға мен де қатыстым. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік деп санаймын....
Қоғам Қайрат Құрманбаев: Елін ойламағанның — ерлігі зая, ертеңін ойламағанның — тірлігі зая!
Періштелердің: «Онда (Жер бетінде) бұзақылық істеп, қан төгетін біреуді жаратасың ба?..»(Бақара сүресі, 30)- деп, Жаратқанға шағымдануы бекер емес секілді...  Әрине, адамды Алла қан төксін, бұзсын, бүлдірсін деп жаратпаған. Адам жаратылғанда оған құрмет ретінде періштелерге тағзым еткізіп, барлық нә...
Қоғам ТҮРМЕДЕ БЕРІЛГЕН ИЖАЗА
Жеке архивімде көптен сақталып келе жатқан осы бір сырлы ижазаны оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім. Бұл ғұлама Әбу Насыр Мүбашшир ат-Таразидің (1896-1977) ұлы Насрулла ат-Таразиге (1922-2002) берген ижазасы....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:48

Бамдатқа дейін 05:08

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi