КЕРЕҒАР АҒЫМДАРДАН САҚТАНАЙЫҚ
Шу
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 21:03
Чу
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:19 04:51 12:14 17:20 19:31 21:03
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Мухаррам 1446
Миләди
01 тамыз 2024

Мақалалар

КЕРЕҒАР АҒЫМДАРДАН САҚТАНАЙЫҚ

| A | +

«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні» Н.Ә. Назарбаев.

Ислам діні қазақ даласына қанат жайғалы халқымыз асыл діннің нәрімен сусындап, бір Аллаға құлшылық етіп келеді. Қандай қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешсе де, ақ жолдан таймай, шариғаттың шеңберінен шықпай барға қанағат, жоққа сабыр қыла білген. «Бөлінгенді бөрі жейді» деп  елден ерекшеленгісі келіп тұратындарды аса жақтыра қоймайды. Бұл да тектен текке емес. Қаншама қиын қыстау кезеңді бастан кешкен халқымыз үшін ауызбіршілік қай кездеде де керек-ақ. Ел көрген, жөн білетін ел ағаларының сөзі шамшырақ іспетті. Есті сөзге тоқтай білген халқымыз сан ғасырдан бері тарихтан өзінің орнын алып үлгерді.

Десек те, «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деп, діннің алауыздануы мен түр түрге бөлінуі біздің қоғамды да айналып өтпеді. Алла бір, пайғамбар бір деген түсінік ортақ болғанымен, сан тарауға бөліну мен тек өз ұстанымын жөн санап, өзгенің пікірін жоққа шығару үлкен білімсіздіктің нәтижесі екенін көрсетуде. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, шекарамыз шегенделсе де халықтың рухани дүниесі жат ағымның жетегінде кетіп, үлкен күйзеліс әкелген тәуелділікке тап болдық. Өзге діндердің миссионерлік қызметін айтпағанда, өз арамызда жік-жікке бөлініп, ғасырлар бойы жалғасын тапқан ата-бабамыздың ақ жолын жоққа шығарушылар күн санап өсуде. Мұны ХХІ ғасырдың рухани ауруы десек қателеспейміз. Себебі қиын-қыстау кезеңді бастан өткізген бабамыз бір Аллаға ғана иман келтіріп, адамгершіліктен аттаған емес. Қазіргі мамыражай уақытта бейбітшіліктің қадірін білмей қолдан мәселе жасап жатқандардың артында үлкен саяси күштердің болуы да ғажап емес.

Теріс діни ағымдармен күрес әлемдік деңгейде болып жатқан үрдіс. Еліміз осы ретте ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен айналысады.

Кереғар пікірдегі адамдарды анықтаудың екі түрлі жолы бар. Біріншісі, сыртқы формасы арқылы. Ер адам болса балағын қысқарту мен сақалын күтімсіз өсіру. Әйелдерде қара киім кию. Мұны Пайғамбардың (с.а.с.) кезіндегі киім кию үлгісімен байланыстырады. Екінші жолы сұхбаттасу арқылы. Сұхбат барысында ол адамның дәстүрді қолдамайтынын байқауға болады. Атап айтсақ, дастарханға бата берген соң бет сипау, келіннің үлкендерге сәлем салуы, өмірден қайтқан адамның туыстарының артынан құран бағыштауы, еске алуы, қабірін зиярат етуі, сәбиді қырқынан шығару тағы да сол секілді жөн-жоралғыларды жоққа шығарады. Жауап біреу. Бұл шариғатта жоқ. Сондықтан «бидғат» деп есептейді. Расымен де кейбір жоралғылар асыл дінімізде кездеспейді. Десек те, исламға қайшы әрекет болып та саналмайды. Сондықтан ғұламаларымыз дінге қайшы әрекет болмаса орындаудан тыймаған. «Әр елдің салты басқа иттері қара қасқа» демекші, салт-дәстүр мен ұлттық менталитет қоғамды бөлінушіліктен сақтап, керісінше, тұтастыққа әкеледі.

Қазіргі таңда көкейдегі сұраққа ғаламтор арқылы жауап табу қалыпты құбылысқа айналды. Дәл осы интернет желісі көптеген жандардың жат ағымға кетуіне бірден бір себеп болып отыр. Іздеген сауалға орай бірнеше сайттар өз жауаптарын ұсынады. Адамның ұсталар тұсы да осы жерде. Ұрымтал тұсынан дөп тиетін жат ағымның сайттары өз қызметін ұсыну арқылы діни білімі шектеулі жандарды өз қақпанына оңай түсіреді. Осындай қауіптің алдын алу үшін арнайы Діни басқарманың бекіткен сенімді сайттарын біле жүрген жөн.

Мuftyat.kz, azan.kz, asyldin.kz, ummet.kz, mazhab.kz, kazislam.kz секілді сайттар діни сауаты бар азаматтардың негізінде құрылған. Одан бөлек, кітаптардан материалдар оқығанда Дін істері комитеті мен Діни басқарманың оң қорытындысын алған еңбектерді қолданған абзал. Себебі, теріс пиғылдағы жандар өз көзқарасы мен шетелдік белгісіз тұлғалардың негізінде ақпарат таратуы көптеген жандардың адасуына әкеліп соқтыруда. Негізгі көздеп отырғандары елді адастыру арқылы өз жақтарына тарту, санын көбейту, елдің тұтастығын бұзу үшін бейбітшіліктің қабырғасын сөгу.

Телефон, гаджеттер арқылы келетін әртүрлі діни тексттер мен видео-аудио материалдарды қолданғанда да абай болғанымыз жөн. Себебі оның астарында да діни идеологияның болуы ғажап емес. Көпе-көрнеу келген көк аттыдан іргемізді аулақ салу үшін өз жолымыздың бар екендігін ұмытпағанымыз абзал. Біреудің қаңсығы бізге таңсық бола алмайды. Өр рухты қазақ деген асыл ұлттың ұрпағы екенімізді ұят санамай, керісінше мақтан тұтуымыз керек. Ашаршылық, соғыс, жаулап алу, ұлтты жою үшін жасалған қаншама қиянаттарды көрген еліміз елдің тыныштығын басты орынға қояды. Қоғам ішінде бүлік шығарушы емес, елдің мүддесі үшін қызмет ететін, өз жолымен жүретін, заманауи тенденциялардан қалыс қалмай керісінше әлемдік масштабта ойлана алатын көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақтан болуға әрекет етуіміз керек. Қасиетті Құранда: «Түп-түгел Алланың жібінен (дінінен) ұстаңдар да, бөлінбеңдер» деген аяты халықты татулық пен бірлікке үндейді. 

 

    

 

ӘзІлханов Кенжебек

   

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ - ӘКЕ РИЗАШЫЛЫҒЫНДА СЪЕЗД ДІНИ САЛАҒА СЕРПІН БЕРДІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ағымдар мен секталар БӨГДЕ БАҒЫТ БҮЛІККЕ АЛЫП КЕЛЕДІ
Дініміз ислам бейбітшілікпен ынтымаққа үндейтін жақсылыққа шақырып ізгілікті насихаттайтын зұлымдықпен жауыздыққа озбырлықты құптамайтын  асыл дін. Сол тыныштықпен бейбітшілік рәмізі болған дініміздің  бірлігіне сына қағатын тура жолдан адастырушы топтар бар екені мәлім. Оларды қазіргі таңда жат ағы...
Ағымдар мен секталар БӨТЕН БАҒЫТ - ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП
Дін адамзат тарихында, мәңгілік рухани тірек екені дәлелденген нәрсе. Діннің бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтары адам санасының, рухани кемелденуіне ерекше ықпал еткені мәлім. Қанша ғасырлардан бері рух тазалығын, ой тазалығын насихаттаумен келеді. ...
Ағымдар мен секталар ДЕСТРУКТИВТІ АҒЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДАН САҚ БОЛУ ЖОЛДАРЫ
Деструктивті діни ағымдар деп – қоғамда қалыптасқан дәстүрлі жүйеге дін атын жамылып, қауіп төндіретін, негізсіз терістейтін, жоққа шығаратын, прозелетизмді насиқаттайтын, дін атына сай емес мұрат-мақсаттарда іс-әрекеттер жасап, заңсыз немесе заңның тиімді тұстарын әртүрлі қитұрқы әдіс-тәсілдермен ө...
Ағымдар мен секталар ЖАТ АҒЫМНЫҢ СОЙЫЛЫН СОҒЫП ЖҮРІП ҚҰРДЫМҒА КЕТПЕ
Ислам  - ол бейбітшілік, аманшылдық, бірлік, татулық және тыныштық діні. Алайда кейбір жат ағымдар бұл тыныштықты бұзғысы келеді?       
Ағымдар мен секталар ЖАТ АҒЫМҒА ЕРУ ЖАЗАҒА АПАРАР БІР ҚАДАМ
Алла Тағала қасиетті кітабында: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» [1] , - деген. Алла Тағала мұсылман құлдарына бір болуды, бөлінбеуді бұйырады. Бірлік, ынтымақ болған жерде өркендеу, даму болады. Жат ағымға еру, ұрыс-жанжал бөлінуге алып барады, ұрыс болған жерден береке...
Ағымдар мен секталар ЖИҺАДТЫҢ ШЫНАЙЫ МӘНІ
Араб тілінде «күш жұмсау, бір істі жүзеге асыру үшін қолдан келген бүкіл мүмкіндікті қолдану» мағынасындағы «жәһд» түбірінен шыққан жиһад - Исламдық әдебиеттерде «діни әмірлер бойынша өмір сүріп және басқаларға үйрету, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю, Исламды таблиғ, нәпсімен күрес» секілді жалп...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Мухаррам 1446
Миләди
01 тамыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 21:03

Бамдатқа дейін 02:59

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi