ЖАТ АҒЫМНЫҢ СОЙЫЛЫН СОҒЫП ЖҮРІП ҚҰРДЫМҒА КЕТПЕ
Ислам - ол бейбітшілік, аманшылдық, бірлік, татулық және тыныштық діні. Алайда кейбір жат ағымдар бұл тыныштықты бұзғысы келеді?
Жаман ниетті жат ағымдар, бұзылмай саф таза күйінде, ата - бабамыздан қалыптасып келе жатқан ислам дінімізді өздеріне қарай бұрмалап, қорқытып, үркітіп, дінге деген ой-санасын, көз - қарастарын, дүние танымын өзгертіп, басқа жаққа бұрғысы кеп, өз мақсаттарына мейлінше асырып жүргендері баршамызға аян.
Қазіргі кезде кейбір жастарымыз ислами ілім аламын, шариғатты меңгеремін деп, шетел асып, араб елдерінде білім алып, сол жақтағы біздің болмысымызға, менталитетімізге сай келмейтін нәрселерді алып келіп, қарапайым мұсылман қауымды адастырып, тыпқылап жүргендері сонда жат ағымның тұзағына ілініп кеткендері ме?
Жаман пиғылды жат ағымға түскендер көптеген ғасырлар бойы Исламмен қалыптасқан салт дәстүрімізді, соның ішінде құда түсу, беташар, келіннің атасы мен енесіне сәлем беруі, бесік той, шілдехана, марқұмдарға құран аятын бағыштау, ас беру, басқа да әдет-ғұрыптарымызды, асыл құңдылықтарымызды, сонымен қатар зайырлы мемлекетте тұруға қарсылық танытады, мемлекеттік рәміздерді т.с.с нәрселерді мойындамайды. Мынау дұрыс, мынау бұрыс, бұл ширк, бидғат, харам деп қаймағы бұзылмаған қазақтың діни танымын улап жүр.
Өкішке орай ата-анасына қарсы шығып жүргендерін де көріп жүрміз. Намаз оқымаса кәпірсің деп араласпай, дөрекі көрсетіп жүргені анық. Сонда құранда Алла тағала адам баласына «ата-анасына уф деп айтпаңдар», «Алланың ашуы ананың ашуында, Алланың разылығы ананың разылығында», «Жәннат аналардың аяқ табан астында» деген сөздер қайда қалды? Ардақты Пайғамбарымыз «оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» туған туыстарымен қатынас үзген адам жәннаттың иісінде иіскей алмайды деген хадис қайда? Жат ағымның жақсылыққа апармайтыны белгілі.
Бұл жат ағымдарға еліктеп кететіндер көбісі жағдайлары нашар, қоғамда өз орнын таппаған, қамқорлыққа мұқтаж болғандар, діни ілімі таяз адамдар.
Олар ең әуелі қомқорлық жасап, ақшалай көмек беріп, сенімдеріне кіреді, кіріп болған соң өздері ұстанып жүрген ұстаздардың уағыздарын тыңдаттырып, соларға тәуелді етіп қояды. Айтқан сөздеріне жан дүниесімен иланып, айтқан сөздерін ой санасына жинайды. Көпшілік ұстанып жүрген Ханафи мәзһабын мойындамайды. Өздерінікін ғана дұрыс деп біледі. Зайырлы мемлекетті, мемлекеттік ән ұранымызды, рәміздерді құптамайды, қоғамнан алыстап, сүріп жатқан жерін дарул - куфр деген түсінік туып, елден де кетіп қалғандары аз емес. Мәселен таза ислам халифатың құрамыз деп Сирияға кетіп қалған қаншама қандастырымыз туған еліне оралмай кетті.
Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) «Сендерге әрдайым жамағатпен бірге болуды, және бөлінушіліктен сақтаныңыздар, ақиқатында тасқа боранған шайтан біреумен дос, алайда екеуліктен аулақ».
Атам қазақта «бөлінгенді бөрі жейді», «халықтың береке басы - бірлік» деген мақала бар емес пе?
Қазіргі уақыт ақпараттық технология заманы: интернет, ютуб, фейсбук, ватсап, тикток, твиттер т.б. желілер бар. Сол желілерде біздің балаларымыздың алдында тұрған компьютер мен сенсорлық телефондарда не көріп, естіп жүргендерін өкінішке орай білмей жатырмыз. Мүлдем бей хабармыз. Мүмкін жаман пиғылды жат ағымдар өз жұмыстарын іске асырып жатқан шығар. Қазақстанда тыңдауға тиым салынғани шетелдік шейхтар Октам, Ділмұрат, Назратулла және т.б. уағызшылардың уағыздары толы.
Интернет арқылы жайлып жатқан жаңашылдық жат ағымар кең таралуда. Діни сауаты төмен адамдар ақ пен қараны ажырата білмейді. Соларға еліктеп кетедіндердің көбісі жастар. Осындай үлкен қателікке ұрынып жүрген жастарымыз мынау дұрыс, анау бұрыс ден ара жігін ажырата алмай жүргендері ғаламтор беттеріне кіріп, жат ағымның құрған қармақтарына сайт арқылы ілініп кеткендері қаншама.
Сондықтан елімізге, дінімізге зиян алып келетін жат ағымның ұранын ұрандап, құрдымға кетіп қалмау үшін қолдан келгенше болашақ жастарымызға, халқымызға дәстүрлі дінімізді мейілінше насихаттап тұруымыз қажет.
Жақыпов Асылхан
"Исмихан" мешіті.
Қолданылған әдебиеттер
[1] Әли ғимран сүресі, 103 -аят.
[2] Тирмизи, әл иман II, 125