БҰРЫНҒЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
Шетпе
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 20:36
Шетпе
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Шетпе
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:53 08:09 13:47 17:34 19:20 20:36
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
28 Шаабан 1446
Миләди
27 ақпан 2025

Мақалалар

БҰРЫНҒЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ

| A | +

Әр мұсылман жыл сайын сағына күтетін құлшылық ол - ораза. Бабаларымыздан бізге өнеге һәм өсиет және аманат болып қалған. Көкірегінде иманы бар барша адам парыз деп ұғып, қаза қылмай тұтқан ғибадат.

Бәрімізге мәлім болған һижреттің екінші жылы Алла Тағала рамазан айында мұсылмандарға ораза тұтуды парыз еткен. Алла Тағала Бақара сүресінің 183 аятында: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер», - дейді. Осы аяттағы «Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілген» - деген сөзге тереңірек тоқталсақ, Ислам имам ғалымдары мен фақиһтар адамзат тарихында алғаш болып Адам (ғ.с.) ораза ұстаған дегенге келіседі. Алланың әмірімен жерге түскеннен кейін Аллаға тәубе етіп, көп дұға қылады. Қылған тәубесі мен дұғасы қабыл болғаннан кейін ораза тұтқан. Осы сияқты Нұхта (ғ.с..) топан судан кейін әр айдың 13, 14, 15 күндері ораза тұтқан. Ибн Кәсирдің тәпсірінде кейбір сахабалар мен тәбиғиндер әр айда үш күн ораза ұстаған деп келеді. Бұл үрдіс Нұхтың (ғ.с) заманынан жалғасқан. Рамазан айында ораза парыз болғанға дейін болған. Рамазан айында алғаш Нұх (ғ.с.) ораза ұстаған делінген.  Содан кейін жоғарыда айтқанымыздай һижреттің екінші жылы мұсылмандарға парыз болды.

Бәріміз білетіндей Исламның алдында да яһудилер ашура айында ораза ұстаған. Сахих Бухариде риуаят етілген хадисте : Ибн Аббас (р.а.) : «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына келгенде яһудилердің ашура күні ораза ұстағандарын көреді. Олар; Мұса (ғ.с) перғауынды жеңгенен кейін тұтқан оразасы дейді Соны естіген  Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге: Сендер олардан гөрі Мұсаға (ғ.с.) жақынсыңдар. Ораза ұстаңдар! » - деген.

Яһудилердің Вавилон заманында да өздерінің оразалары болған. Бұл оразаны бір қиыншылық болып, қайғыланған кездерінде тұтқан.
Бұдан басқа оларда уақытша тұтатын оразалары болатын. Алланың ғазабына ұшырадық, Алла бізге наразы деген кездері ұсталынатын. Тұратын жерлеріне қауіп төнгенде және патшалары жаңа үкім шығарарда да ораза ұстаған.
Сонымен қатар арнайы мейрам күндері мен атаулы күндері тұтатын әр түрлі оразалары бар еді. Солардың ішіндегі ерекшесі әл-Ғифран оразасы еді. Бұл оразаны қазан айында ұстайтын. Бұл күні Мұса (ғ.с.) алғаш рет Тұр тауынан Алладан уахи қабылдаған күн деп санаған. 26 сағатқа созылатын. Күн батқаннан басталып келесі күннің ымыртына дейін жалғасқан. Бұл оразаны яһудилер ең қасиетті ораза деп қастерлеген.

Бұдан басқа бастарына бір мәселе туындағанда немесе күнәлары туралы пікір жүргізгенде тұтатын оразалары болған.

Насранилер үшін де оразаның алатын орны  мен маңызы зор еді. Құдаймен рухани байланысның негізі деп білген. Мәсих Исаның (ғ.с.) алғаш келгенінен екінші рет қайта келетіне сенімдерінің рәмізі деп таниды. Бірақ олардың оразалары бір ережеге бағынбайтын. Әр жерде әр түрлі жолды ұстанған шіркеулерінің өздері белгілеген ораза тәртібі мен ұстану жолы бар. Олардың оразалары күніне 12 сағаттан кем болмаған. Күн басталғаннан бастап он екі сағаттан асқанға дейін жалғасқан. Содан кейін ауыздарын ашатын. Доңыздың майы мен ет атаулыны ғана жемеген.

Насранилер сәрсенбі күні ораза тұтқан. Бұл күні Исаны (ғ.с.) ұстау әмір етілген деп санаған. Және жұма күні ораза тұтқан. Бұл күні Исаны (ғ.с.) ағашқа ілген күн дейді.
Бұдан басқа олар Исаның (ғ.с.) туған күнінің алдында 43 күн ұстайтын оразалары болған. Иса пайғамбардың туған күні болғаннан кейін бұл ораза бітетін.

Насранилердің 55 күндік қасиетті ораза деген күндері болған. Иса (ғ.с.) ұстаған қырық күндік оразаға қосымша екі апта қосып тұтатын оразалары еді. Қырық күннің алдында бір апта бұрын басталатын. Бір апта қасиетті оразаға дайындық пен қарсы алу аптасы десе кейінгі қосатын апталық оразаны бекіту оразасы дейтін. Бұл ораза кезінде тек етті тағамдар мен жануарлардың майы қосылған тамақтан бас тартады. Жеміс жидек пен көкөністі күндізде жегендерін тоқтатпаған.

Яһудилер мен насранилерден басқа ежелгі өркениетті елдерде де өздеріне тән оразалары болған.  Тарих ғалымдары ежелгі Мысырда ұстаған ораза туралы мәлімет береді. Ежелгі Мысырлықтар өздерінің құдайлары мен Нілдің ризалығы үшін және оларға шүкір ету мақсатында тұтқан оразалары бар еді. Олардың оразаларын өздері атайтын көктем мейрамы және күзгі егін жинағаннан кейінгі күндер мен Ніл мейірімі деген мерекерелінің арасында  70 күндік оразалары болған. Осы күндері олар су мен көкөністен басқа барлық нәрседен бас тартқан.

Миләди жыл санаудын алдында үш ғасырдан астам болған ежелгі парсы өркениетінде де өздеріне сай оразалары болған. Ежелгі парсыларда екі діни сенім  белең алған еді. Заратуштра мен изидия деп аталған. Бұларды ұстанушыларды әлі күнге Иран, Ирақ, Индия, Ауғанстан мен Әзербайжанда кездестіруге болады. Заратуштаны ұстанатындар оразадан бас тартқан. Ораза адамды әлсіретіп, денсаулықпен жұмыс істеуге кері әсер етеді деген. Ал изидтер сәрсенбі, сейсенбі, бейсенбі күндері күн шыққаннан батқанға дейін ішіп жеуден өздерін тыйған. Оларда оразаны екіге бөлген.  Жалпы дүйім жұрттың оразасы және тек діндәр ер кісілердің оразасы деп.

Ислам діні келгеннен кейін Алланың әмірімен Құран және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сай ораза ұстау парыз болды.  Қағидаттары мен ережелері бекітілді. Рамазан айында ұсталынатын ораза бір ұлт немесе бір жерде тұратын адамдарға емес, әлемдегі барлық жерді мекен ететін, өздерін мұсылманмын деп санаған адамзатқа бұйырылды және сый болып нәсіп етілді. Құран мен сүннет жолын ұстанған ата-бабаларымыз Рамазан айының парыз болған оразасы мен қатар сүннет болған оразаны да қаза етпеген.  Рамазан айын сағынып күтіп, ыждағаттылықпен оразасын ұстады. Рамазан айы тек жеп - ішуден тоқтау емес, сонымен қатар Алланың кешіріміне ие болу зор мүмкіншілігі екенін толық білді. Алланың мейіріміне лайықты болуға апаратын амалдар мен ізгі амалдар жасайтын мүмкіншілік. Барлық жақсы амалдардың сауабы еселенетін құлшылық және Алла Тағаланың разылығына апаратын жол деп ұқты. Ораза айында қайырымдылық жасау, ауыз ашар беру біздің ұлттық санамызға бекем сіңді. Тарихымыздың қай кезеңінде де халқымыз ораза ұстап, ауыз ашар беріп, сол үйде тарауих намазын оқып,  сәресін ішіп тарқайтын. Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисіндегі: «Ораза ұста! Шындығында оған тең келер құлшылық жоқ», - деген насихаттын терең ұққан.

Жоғарыда айтылған өркениеттер мен тарих сахнасынан орын алған барша адамзат өкілдерінің ораза ұстау жолдары мен формалары жағынан әр түрлі болса да ауыз бекітудің құлшылық ретінде орындалғанын  көреміз. Демек, бұл парыз болып міндеттелген оразаның – адам баласын тақуалыққа, кемелдікке жеткізіп, рухани дамуға мүмкіншілік беретін қасиетті және ерекше құлшылық екендігіне күмән жоқ.

Ислам діні - Алла Тағаланың адам баласына осы дүниеде рухани кемелдікке жету мен салиқалы өмір сүруі үшін берілген дін. Бабаларымыз осы нығметті бізге жеткізді, Біз келер ұрпаққа қаймағын бұзбай тапсыруымыз керек.

Қасиетті рамазан айының берекеті мен жақсылығы барлығымызға нәсіп болсын! Құлшылығымыз қабыл болсын!
 

 

 

 

     Ахметова  Маржанқыз Оразанбайқызы 

     Алматы қаласы «Мырзахмет» мешітінің ұстазы 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ҚАЗА ЕТКЕН ОРАЗАСЫН ӨТЕУ МӘСЕЛЕСІ

Тақырып аясындағы мақалалар

рамазан 2025 ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ҚАЗА ЕТКЕН ОРАЗАСЫН ӨТЕУ МӘСЕЛЕСІ
Ораза – Ислам дініндегі бес парыздың бірі, мұсылманның рухани тазалығы мен тақуалығын арттыратын ғибадат.
рамазан 2025 ІЗГІЛЕРДІҢ НАСИХАТТАРЫ
Замана күшейтсе де тығырықты, Көрсетпе сен ешкімге мұз қылықты, Ізінен адаспайсың аталардың, Өмірге өзек қылсаң ізгілікті!
Қоғам ЖҰМЫСШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП – ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН СЕНІМ
Бірде Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар әйгілі Ніл өзенін артқа тастап, шөл далада жаяу келе жатты. Аяқ киімі жыртылып, жарамай қалғандықтан, жалаңаяқ жүруіне тура келеді. Жолай ішіп-жемге ештеңе таппай, нәр тартпай, ағаштың жапырағын жеуге мәжбүр болады. Осылайша Шұғайып (оған Алланың сәл...
Ислам күнтізбесі ШАҒБАН – ШАРАПАТЫ МОЛ АЙ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

рамазан 2025 ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ҚАЗА ЕТКЕН ОРАЗАСЫН ӨТЕУ МӘСЕЛЕСІ
Ораза – Ислам дініндегі бес парыздың бірі, мұсылманның рухани тазалығы мен тақуалығын арттыратын ғибадат.
рамазан 2025 ІЗГІЛЕРДІҢ НАСИХАТТАРЫ
Замана күшейтсе де тығырықты, Көрсетпе сен ешкімге мұз қылықты, Ізінен адаспайсың аталардың, Өмірге өзек қылсаң ізгілікті!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
28 Шаабан 1446
Миләди
27 ақпан 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 20:36

Бамдатқа дейін 02:58

23. Вопрос о том, что деяния Аллаха являются результатом воли (выбора)

Да смилостивится над нами Аллаһ. Спасибо за предоставленную книгу

X
5 ақп. 2025

Урок 7: Фарды и суннаты гусля

Ас саламу алейкум ва рахматуЛлахи ва баракятух. Женщинам нельзя промывать внутреннюю часть половых о

X
14 қаң. 2025

Переговоры по предстоящему сезону хаджа прошли в Джидде

О ,Аллах забери меня в Хадж

Саид
10 қаң. 2025

Разъяснение касательно ситуации, произошедшей во время пятничной молитвы в Алматы

Ин шаа Аллах я совершу Хадж ради Аллаха ,когда Он меня пригласит и даст ризк

Саид
10 қаң. 2025

96. Ремесло и профессия

Ма шаа Аллах

Саид
10 қаң. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi