ПАЙҒАМБАР ӨНЕГЕСІ
Қостанай
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 20:01
Костанай
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Костанай
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:09 06:40 12:40 16:33 18:30 20:01
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Раби-сани 1448
Миләди
30 қыркүйек 2026

Мақалалар

ПАЙҒАМБАР ӨНЕГЕСІ

– | A | +

Адамзат тарихына зер салсақ, кейбір тұлғалардың өмірі бір халықтың ғана емес, тұтас адамзаттың рухани бағытына әсер еткенін көреміз. Олардың арасында Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) орны ерекше. Оның дүниеге келуі тек бір адамның туған күні немесе белгілі бір тарихи оқиға емес еді. Кейінгі ғасырлар көрсеткендей, оның пайғамбарлық миссиясы сенімге, адамгершілікке, қоғамдық қатынасқа, білімге және адамның өзін-өзі тануына жаңа өлшем әкелді. Сондықтан мұсылман мәдениетінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айын еске алу, оның өмірін оқу, салауат айту және өнегесін насихаттау дәстүрі ғасырлар бойы жалғасып келеді.

Құранда Алла Тағала: «Расында, сендер үшін Алла Елшісінде көркем өнеге бар» («Ахзаб» сүресі, 21-аят) деп баяндайды. Бұл аятта Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі мұсылман үшін жай тарихи дерек емес, үлгі екені анық көрсетіледі. Исламда пайғамбарды құрметтеу оның есімін атаумен немесе өмірбаянын білумен ғана шектелмейді. Оның шынайылығы, сабыры, мейірімділігі, кешірімділігі, әділеті мен қарапайымдылығы адамның күнделікті мінезінен көрінуі тиіс. Сондықтан мәуліт туралы сөз болғанда ең алдымен осы мәселені еске алған жөн.

«Мәуліт» сөзі араб тіліндегі «туу», «дүниеге келу» мағынасымен байланысты. Мұсылман қоғамдарында бұл ұғым көбіне Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуін еске алуға арналған діни-рухани жиындарға қатысты қолданылады. Мұндай жиындарда Құран оқылады, Пайғамбарға салауат айтылады, оның өмірбаяны мен көркем мінезі баяндалады, насихат айтылып, кейбір жерлерде адамдарға ас беріледі немесе қайырымдылық жасалады. Бірақ мәуліттің мәнін тек мерекелік дастарқанмен немесе белгілі бір рәсіммен шектеу оның негізгі мақсатын тарылтып жібереді.

Негізінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келгенін еске алудың тәрбиелік мәні оның адамзатқа не үшін жіберілгенін түсінумен байланысты болуы керек. Құранда: «Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік» («Әнбия» сүресі, 107-аят) делінеді. Бұл аят Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) миссиясының негізгі сипатын көрсетеді. Оның өмір жолында осы рақымның көптеген мысалын кездестіреміз. Ол әлсізге қамқор болды, жетімді қорғады, көршінің ақысын түсіндірді, қызметшіге жұмсақ қарауды үйретті, әйелдердің құқығын қорғады, балаға мейірімді болды. Тіпті өзіне дұшпандық жасаған адамдарға да әділетсіздік танытпады.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі өміріне қарасақ, ол көп жыл бойы түрлі қорлық пен қысымға тап болды. Оны өтірікші деді, сиқыршы деп айыптады, жолына тікенек тастады, сахабаларын қудалады. Соған қарамастан ол адамдарға тура жол тілеуден бас тартпады. Таиф оқиғасында да оған тас лақтырылып, денесі жараланған кезде ол халқының толық жойылуын сұрамады. Бұл жай тарихи оқиға ғана емес. Бұл – мұсылман үшін ашуды басқарудың, кекке ермеудің және адамға үмітпен қараудың үлкен мектебі.

Бүгінгі қоғамда да осы мінезге қажеттілік азайған жоқ. Қазіргі адам ұсақ нәрсеге ренжіп, жақын адамымен жылдар бойы сөйлеспей жүруі мүмкін. Әлеуметтік желідегі бір пікір үшін адамдар бір-бірін балағаттайды. Тіпті діни мәселелердің өзінде қарсы пікір айтқан адамның абыройына тиіп, оны бірден айыптауға дайын тұратын жағдайлар кездеседі. Осындай кезде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінезін еске алу ерекше маңызды. Оның өнегесі мұсылманға ақиқатты қорғау мен әдепті жоғалтпау бір-біріне қарсы ұғым емес екенін көрсетеді.

Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббат ислам сенімінде үлкен орын алады. Оның хадисінде: «Сендердің ешқайсыларың мен оған әкесінен, баласынан және барлық адамдардан сүйіктірек болмайынша толық иман келтірген болмайды» деген мағынадағы сөз келеді (Бұхари, Муслим). Бірақ бұл махаббат жай сезім күйінде қалмауы тиіс.

Құранда: «Егер Алланы жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла сендерді жақсы көреді» («Әли Имран» сүресі, 31-аят) делінеді. Демек, пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің ең үлкен дәлелі – оның жолын ұстануға тырысу.

Мәуліт мәселесін осы тұрғыдан қарастырғанда, оның сыртқы формасынан бұрын мазмұнына назар аударған дұрыс. Ханафи мәзһабының құқықтық дәстүрінде де амалдарды бағалағанда олардың мақсаты, мазмұны және шариғат қағидаларына сәйкестігі маңызды орын алады. Сондықтан адамдардың жиналып Құран оқуы, салауат айтуы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірін үйренуі, насихат тыңдауы немесе мұқтаждарға қайырымдылық жасауы өздігінен тыйым салынған әрекеттерге жатпайды. Керісінше, олардың әрқайсысының негізі дінде бар.

Құранда:«Расында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Әй, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деп бұйырылады. Яғни салауат белгілі бір айға немесе бір күнге ғана арналған амал емес. Мұсылман оны жыл бойы айтуы керек. Сол секілді Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянын оқу да Рабиғул-әууәл айымен шектелмеуі тиіс. Егер мәуліт осы амалдарды жандандыруға, адамдарға сираны танытуға және көркем мінезге шақыруға себеп болса, оның тәрбиелік пайдасы бар.

Алайда мәулітті дінде міндетті болған жеке мереке ретінде қабылдау немесе оны орындамаған адамды кінәлау дұрыс емес. Исламда ғибадат пен діни міндеттердің негізі Құран мен сүннет арқылы анықталады. Сондықтан мәуліт мәжілісінің құндылығы оның нақты мазмұнына байланысты. Онда шариғатқа қайшы әрекет, ысырап, мақтан, орынсыз сенім немесе харам іс болмаса, керісінше Құран, салауат, насихат, қайырымдылық және сираны үйрену секілді жақсы амалдар орындалса, мәселе де сол мазмұн тұрғысынан бағаланады.

Бұл жерде Матуриди мектебінің адамға жүктейтін саналы діни жауапкершілігін де еске алған жөн. Матуриди дәстүрінде адамның сенімі жай еліктеу мен сыртқы әрекетке ғана сүйеніп қалмауы тиіс. Адам сенімін ақылмен түсініп, жүрегімен бекітіп, оның мәнін өмірінде сезінуі қажет. Осы тұрғыдан қарасақ, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббат та саналы таныммен байланысуы керек. Мұсылман оның есімін жақсы көрумен қатар, оның кім болғанын, қандай ортада өмір сүргенін, қоғамды қалай өзгерткенін және адамдарға қандай қағидалар қалдырғанын білуге талпынуы тиіс.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өміріндегі ең маңызды ерекшеліктердің бірі – оның сөзі мен ісінің үйлесімділігі еді. Ол адамдарға сабырды үйретіп қана қойған жоқ, өзі сабыр көрсетті. Жомарттыққа шақырып қана қойған жоқ, қолындағысын бөлісті. Отбасына жақсы қарауды айтып қана қойған жоқ, өзі үй ішінде қарапайым әрі жұмсақ болды. Айша анамыздың (р.а.) Пайғамбарымыздың мінезін Құранмен байланыстырып сипаттауы да осыдан. Оның өмірі Құран қағидаларының адам өмірінде қалай жүзеге асатынын көрсететін тірі өнеге болды.

Бүгінгі мұсылман қоғамында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы өнегесін қайта түсіну аса маңызды. Кейде дін туралы білім көбейгенімен, адамдар арасындағы әдеп сол деңгейде өспей жатуы мүмкін. Діни кітаптар көбейеді, уағыздар көбейеді, әлеуметтік желідегі діни мазмұн көбейеді. Бірақ бұл адамның мінезі автоматты түрде түзелді дегенді білдірмейді. Адам көп нәрсе білуі мүмкін, бірақ ашуын басқара алмауы мүмкін. Көп хадис жаттауы мүмкін, бірақ ата-анасына қатты сөйлеуі мүмкін. Сүннет туралы көп айтуы мүмкін, бірақ саудада адал болмауы мүмкін.

Сондықтан Пайғамбар өнегесін түсінудің ең дұрыс жолы – оның мінезін өмірмен байланыстыру. Сүннет тек адамның сыртқы бейнесі немесе белгілі бір жеке амалдар ғана емес. Адалдық та сүннет. Әділет те сүннет. Кешірімділік те сүннет. Уәдеде тұру да сүннет. Көршіге жақсы қарау да сүннет. Баланы жақсы көру, ата-ананы құрметтеу, мұқтаж адамға көмектесу, қонақты күту, жақсы сөз айту – мұның барлығы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегесінің бөліктері.

Осы тұрғыдан қарағанда мәуліттің ең үлкен пайдасы адамдарға жаңа бір рәсім қосуда емес, ұмытылған мінездерді қайта еске түсіруде болуы керек. Егер мәуліт мәжілісінен кейін бір адам ата-анасына жақсырақ қарай бастаса, бір адам туысымен татуласса, бір саудагер адалдыққа көбірек мән берсе, бір жас ғайбат пен балағаттан тыйылса, бір отбасы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянын бірге оқуды әдетке айналдырса, онда мұндай жиынның тәрбиелік нәтижесі бар деп айтуға болады.

Сахабалардың Пайғамбарымызға деген махаббаты да жай сөзбен шектелмеді. Олар оның әрбір өсиетін өмірлеріне енгізуге тырысты. Әбу Бәкір (р.а.) адалдық пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Омар (р.а.) әділетімен танылды. Осман (р.а.) ұяңдығы мен жомарттығымен ерекшеленді. Әли (р.а.) білімі мен батырлығымен танылды. Бұл мінездердің барлығы Пайғамбар мектебінде қалыптасты. Сондықтан сираны оқу – өткен тарихты білу ғана емес, мұсылман тұлғасының қалай қалыптасатынын түсіну.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен отбасы үшін де үлкен өнеге көруге болады. Ол үй ішінде өзін жоғары ұстап, барлығына бұйрық беріп отыратын адам болған жоқ. Жұбайларымен жақсы қарым-қатынас жасады, балаларға мейірім көрсетті, немерелерін жақсы көрді. Қазіргі қоғамда отбасы ішіндегі түсініспеушілік пен ажырасу көбейіп отырған кезде осы өнегені тек тарихи әңгіме ретінде емес, күнделікті өмір қағидасы ретінде қарау маңызды.

Оның қоғамдық өміріндегі әділеті де ерекше. Ислам адамды руына, байлығына немесе әлеуметтік дәрежесіне қарай бағалауды қабылдамайды. Құранда адамдардың түрлі халықтар мен тайпалар болып жаратылғаны, ал Алланың алдында ең қадірлі адамның тақуалығы жоғары адам екені айтылады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоғамында бұрын құл болған Біләл (р.а.), парсылық Салман (р.а.), араб сахабалар бір үмбеттің мүшесі болды. Бұл сол дәуір үшін үлкен әлеуметтік өзгеріс еді.

Сондықтан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуін еске алу оның адамзатқа әкелген өзгерісін де еске алу болуы тиіс. Ол адамдарды тек жаңа діни рәсімдерге шақырған жоқ. Ол адамның Алламен байланысын, адамдармен қатынасын және өз-өзіне деген жауапкершілігін өзгертті. Оның мектебінде иман мен мінез бір-бірінен ажыратылған жоқ.

Мәулітті осы терең мағынамен қабылдасақ, ол бір кештік шара деңгейінен шығады. Ол адамның өзіне сұрақ қоятын кезеңіне айналады: мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салуаты мен сәлемі болсын) қандай мінезін өміріме енгіздім? Оның сабырынан менде не бар? Оның адалдығынан ше? Оның мейірімінен ше? Оның әділетінен ше?

Өйткені Пайғамбарымызды жақсы көру оңай сөзбен өлшенбейді. Нағыз махаббат адамның мінезінен байқалады.

Бүгін біз оның есімін үлкен құрметпен атаймыз. Оған салауат жолдаймыз. Оның мешітіне баруды армандаймыз. Мәдинаға барған адамның жүрегі толқиды. Бірақ сол махаббаттың жалғасы күнделікті өмірімізде көрінуге тиіс. Себебі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегесі тарих кітабында қалып қойған мұра емес. Ол – отбасыға, саудагерге, ұстазға, басшыға, жастарға және жалпы қоғамға керек өнеге.

Заман өзгереді. Технология өзгереді. Адамдардың өмір сүру салты өзгереді. Бірақ адамның әділетке, мейірімге, адалдыққа және рухани тәрбиеге деген қажеттілігі жоғалмайды. Сондықтан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегесі де ескірмейді.

Мәуліттің мәні де осында. Ол тек Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келгенін еске алу емес, оның адамзатқа қалдырған жолын қайта еске түсіру. Салауат айту – маңызды. Бірақ салауатпен бірге оның мінезін үйрену де маңызды. Сира оқу – маңызды. Бірақ сирадағы өнегені өмірге енгізу одан да маңызды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туғанына қуану жүректегі махаббаттың белгісі болса, оның сүннетімен өмір сүруге ұмтылу – сол махаббаттың жемісі.

Сондықтан мәуліт айы келген сайын бір ғана тарихи күнді емес, өзіміздің мұсылмандық мінезімізді де еске алған жөн. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббат тіліміздегі салауаттан басталып, мінезіміздегі мейірімге, ісіміздегі адалдыққа, адамдармен қатынасымыздағы әділетке айналса, онда оның өнегесін шын мәнінде түсіне бастаған боламыз.

Пайғамбар өнегесінің ең үлкен құндылығы да осында: ол адамға тек қалай құлшылық етуді емес, қалай адам болуды да үйретті.

Құлмырзаұлы Ерлан

Нұрлытау мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ПАЙҒАМБАР ӨМІРІН ОҚЫП БІЛУ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР ӨМІРІН ОҚЫП БІЛУ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?
Хәкім Абай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» демекші, он сегіз мың ғаламға зер салып қараған жан Жаратушының адамзатқа деген махаббатына куә болады. Әрине, әрбір саналы пенде әлемді мінсіз жаратқан Раббысын жақсы көргісі келеді. Алайда, жақсы көру деген не?...
Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ﷺ) ӨМІРБАЯНЫ
Екі дүниенің мырзасы Мұхаммед Мұстафаға салауат! Адамдар мен жындардың Пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға салауат! Қасиетті екі мекеннің имамы Мұхаммед Мұстафаға салауат! Хасан мен Хусейннің атасы Мұхаммед Мұстафаға салауат!...
Ағымдар мен секталар ЖАТ АҒЫМНАН ЖАТ ЖҮР
Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырғандықтан, қоғамдағы діни тұрақтылық пен рухани келісімді сақтау мемлекеттік маңызы бар мәселелердің қатарына жатады. Осы тұрғыдан алғанда, «жат ағымнан жат жүру» қағидасы тек діни ұстаным ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қауіпс...
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДТІҢ (ﷺ) ХАДИСІНЕН ТАҒЫЛЫМ
Адам баласына білімнің берілуі – үлкен жауапкершілік. Себебі білім тек білу үшін емес, өмірде қолдану үшін беріледі. Адам қандай да бір ақиқатты танығаннан кейін оны өз өміріне енгізуге, мінез-құлқына, қарым-қатынасына, іс-әрекетіне әсер етуге тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, хадистегі жаңбыр бейнесі – А...
Қоғам АДАЛ ҺӘМ БЕЛСЕНДІ ЕҢБЕК ЕТУ - ИСЛАМДАҒЫ ІЗГІ ҚАСИЕТ
Еңбек – адам өмірінің маңызды негіздерінің бірі. Ислам діні адамды жалқаулыққа емес, ізденуге, адал кәсіп етуге, өзіне және өзгеге пайда келтіруге үндейді. Адамның адал жолмен тапқан наны, маңдай терімен келген табысы – үлкен береке. Сондықтан адал һәм белсенді еңбек ету тек материалдық қажеттілікті...
Исламдағы қаржы мәселесі АДАЛ ТАБЫС - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ
Адам өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі – адал еңбекпен табылған ризық. Маңдай термен келген нанның дәмі де, қадірі де бөлек. Өйткені адал табыс – адамның тек материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, жүрегіне тыныштық, отбасына береке, қоғамға сенім әкелетін үлкен құндылық. ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР ӨМІРІН ОҚЫП БІЛУ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?
Хәкім Абай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» демекші, он сегіз мың ғаламға зер салып қараған жан Жаратушының адамзатқа деген махаббатына куә болады. Әрине, әрбір саналы пенде әлемді мінсіз жаратқан Раббысын жақсы көргісі келеді. Алайда, жақсы көру деген не?...
Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ﷺ) ӨМІРБАЯНЫ
Екі дүниенің мырзасы Мұхаммед Мұстафаға салауат! Адамдар мен жындардың Пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға салауат! Қасиетті екі мекеннің имамы Мұхаммед Мұстафаға салауат! Хасан мен Хусейннің атасы Мұхаммед Мұстафаға салауат!...
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДТІҢ (ﷺ) ХАДИСІНЕН ТАҒЫЛЫМ
Адам баласына білімнің берілуі – үлкен жауапкершілік. Себебі білім тек білу үшін емес, өмірде қолдану үшін беріледі. Адам қандай да бір ақиқатты танығаннан кейін оны өз өміріне енгізуге, мінез-құлқына, қарым-қатынасына, іс-әрекетіне әсер етуге тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, хадистегі жаңбыр бейнесі – А...
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР ﷺ ӨНЕГЕСІ - ИХСАН
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолын баяндайтын еңбектерде күндіз-түні, қиыншылықта әрі молшылықта, соғыста әрі бейбіт күндерде, яғни әрдайым ихсанмен жүргендігінде еш күмән жоқ....
Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД (ﷺ) АРДАҚТЫ ТҰЛҒА
Алла Тағала Пайғамбарымыз Мұхаммедті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барша адам баласына Хақ Пайғамбары әрі соңғы Елшісі етіп жіберді. Пайғамбарымыздың пайғамбар болып жіберілуіндегі мақсатын Құран Кәрімнің көптеген аяттарында анық көрсеткен....
Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД МҰСТАФА (ﷺ) КӘМІЛ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕ ИЕСІ
Алла Тағаланың шексіз мейірімі – иман келтіру бақытына ие болған мұсылмандарға берілген таусылмас нығмет. Алла адам баласын дүниеге сынақ ретінде жіберумен ізгілік пен қатар күнә жасауға қабілетті етіп жаратқан....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Раби-сани 1448
Миләди
30 қыркүйек 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 20:01

Бамдатқа дейін 04:56

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi