МҰХАММЕД МҰСТАФА (ﷺ) КӘМІЛ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕ ИЕСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

МҰХАММЕД МҰСТАФА (ﷺ) КӘМІЛ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕ ИЕСІ

| A | +

Алла Тағаланың шексіз мейірімі иман келтіру бақытына ие болған мұсылмандарға берілген таусылмас нығмет. Алла адам баласын дүниеге сынақ ретінде жіберумен ізгілік пен қатар күнә жасауға қабілетті етіп жаратқан.

Сондықтан адамдар жақсылыққа да, жамандыққа да бейімді болып келеді. Ал ислам адам бойындағы жақсы мінез-құлықты шыңдап, жаман әдеттерден тазартып, кәміл адам болуға жетелейді. Кәмілдік дәрежеге жету үшін «үлгілі, өнегілі тұлғалар» болу керек. Сол үшін Алла үлгілі тұлғалар ретінде Пайғамбарлар жіберген. Олар Алланың елшілері болғандықтан адамзатқа жол көрсетуші өнегелі тұлға болып табылады.

Бұл жайында Алла Тағала былай бұйырады:

«Біз бір жерге пайғамбар жіберген болсақ, Алланың рұқсатымен оған бойсұнылсын, сөзіне құлақ асылсын деп қана жібердік…» (Ниса сүресі 64-аят)

Демек пайғамбарлардың жіберілу мақсаты оларға қарап бой түзеу, әкелген бұйырықтарын бұлжытпай орындау. Пайғамбарлардың соңғы мөрі болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамзаттың өнеге алатын қасиеттері өне бойына дарыған сардар – Елші. Сол үшін Алла Құранда:

«Ант етеміз, сендер үшін Аллаға және ақырет күніне қауышуды армандағандар мен Алланы көп зікір етушілер үшін Расулуллаһта тамаша үлгі-өнегелер бар» (Ахзаб сүресі 21-аят).

Тарих беттерінде өмірінің барлығы егжей-тегжейлі зерттеліп, жазылған бірден-бір пайғамбар - Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағала, Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барлық адамзатқа «усуәтун хәсәнәтун», яғни ең кәміл үлгі ретінде жаратқан. Сол себепті оны қоғам ішінде «жетім балалығынан» бастатып, өмірдің барлық сатыларынан өткізіп, мемлекет билейтін дәрежеге дейін жеткізген. Мұның себебі, қоғам ішінде түрлі санатта, өмір сүріп жатқан адамдардың Алла Елшісінен өздерінің өмірдегі орнына қарай үлгі-өнеге алу болып табылады.

Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббат, сүйіспеншілікпен, ғашықтықпен ғана іске асады. Яғни Расул Алланың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінез-құлқын тұла бойына жинай білген мүмин  құлшылықтың нәрін татып кемелдене бастайды. Пайғамбарымыздың өзі, сөзі, тіпті әрбір хал-әрекеті – бастан аяқ Құран Кәрім аяттарында бейнеленген көркем ахлақтың іс-жүзіндегі тәпсірі. Бүткіл ізгі де кәміл өнегелер оның ғұмырында көрініс тапқан. Алланың жаратқандарының ішіндегі ең мәртебелісі – адамзат баласы. Адамзаттағы рухани кемелдіктің асқар шыңы – Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын).

Біз үшін көркем өнеге болған Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мойынсұну туралы Алла Тағала аятта былай бұйырады:

«Расул сендерге не берсе, соны алыңдар! Неге тыйым салса, одан қашыңдар, Алладан қорқыңдар! Өйткені, Алланың азабы өте қатты». (Хашр сүресі 7-аят)

«Аллаға және Расуліне бойұсыныңдар! Бір-біріңмен тартыспаңдар! Әйтпесе, бойларыңды үрей билеп жасып қаласыңдар һәм күш-қуаттан айырыласыңдар. Ерекше сабырлы болыңдар, өйткені Алла сабырлылармен бірге» (Әнфал сүресі 46-аят)

Одан кейін ешқандай пайғамбар келмейтіндіктен, адам баласына қажетті барлық сұлулық пен жақсы қасиеттер оның бойына дарытылған. Сондықтан, оның тұла бойында көркем ахлақ пен жақсы қасиеттер көрініс тапқан.

Осы тұрғыдан алғанда, Алла Расулінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге үлгі-өнеге болатын сипаттары: Оның жаратылысында нұр, бойында сергектік, керемет шыдамдылық (сабыр) жиналған еді. Оның жұмсақ жүрегінің тереңдігін айтып жеткізу мүмкін емес. Көркі өте сұлу, сөзі ұғынықты, атқарған істерінде кемшілік жоқ, тілге шешен және әңгімелері ғажайып тартымды еді. Бос сөз айтпайтын, әрбір сөзі даналық пен насихат қана еді. Әңгімелерінде өсек-аян бос сөз жоқ еді. Әркімнің ақылы мен түсінігіне қарай сөйлейтін. Қарапайым да кішіпейіл еді. Қарқылдап күлмейтін. Үнемі күлімсіреп жүретін. Онымен бірге жүріп, сұхбаттасқан адам оған жан-көңілімен сүйсінетін. Кез-келген адамға құрмет көрсететін. Туған-туысқанына да өте жомарт еді. Әулетімен сахабаларымен қандай жақсы қарым-қатынаста болса, өзгелермен де жылы жүзбен қарым-қатынаста болатын. Қызметшілерін жақсы ұстайтын. Өзі не киіп, не жесе, оларға да соны кигізіп, соны жегізетін. Жомарт, мейірімді, қажет кезде батыр, кезегі келгенде биязы еді. Сөзі мен уәдесінде тұратын, айтқанын орындайтын. Мінезі жағынан, ақылы мен зеректігі жағынан барлық адамдардан жоғары еді және үстем мадаққа лайық еді. Қысқасы, бет-бейнесі, денесі сұлу, ішкі жаратылысы кәміл, теңдесі жоқ мүбәрак тұлға еді.

Расул Алла (оған Алланың салауаты  мен сәлемі болсын) әрдайым тәфәккүрде яғни әр нәрсеге пікір жүргізіп толғанып жүретін. Қажет болмаса, сөйлемейтін, көбінесе үнсіз жүретін. Бір сөз бастаса, аяқсыз қалдырмайтын. Бірнеше мағынаны бір сөзге жинап сөйлейтін. Сөздері анық, қажетінен артық та, кем де емес болатын. Жаратылысы өте жұмсақ болғанымен өте айбарлы, айбынды еді.

Ашуланған кезде орнынан тұрмайтын. Алланың дініне немесе адамдар шындыққа қарсы шықпаса не біреудің құқығы аяқ асты етілмесе ашуланбайтын. Ал дінге тіл тигізсе, біреудің құқығы аяққа тапталса ашуланатын, әділет орнын таппайынша ашуы басылмайтын. Өз жеке басының қамын ойлап, өз мүддесі үшін әсте ашуланбайтын, өзін қорғамайтын әрі ешкіммен ұрыспайтын.

Ол ешкімнің үйіне рұқсатсыз кірмейтін. Үйіне келген кезде үйдегі уақытын үшке бөлетін; бір бөлігін Аллаға ғибадат етуге, екіншісін жанұясына, үшіншісін өзіне арнайтын. Өзіне бөлген уақытын үлкен-кіші адамдардың барлығына арнайтын, олардың ешқайсысын тыс қалдырмайтын. Бәрінің көңілін табатын. Әлдекім одан бір нәрсе сұраса, ол маңызды болсын-болмасын, оны орындамай көңілі жай таппайтын, қажетін орындай алмаған жағдайда, жақсы сөз айтып шығарып салатын. Ол әрбір адамның қайғысымен бөлісетін. Адам қандай дәрежеде болса да, яғни бай-кедей, ғалым-надан деп бөлмейтін, барлығына теңдей қарайтын. Оның бүкіл мәжілістері кішіпейілділіктің, ілімнің, ар-ұяттың, сабырлылық пен тәуәкелділіктің бұлағы болатын.

Кемшіліктері үшін ешкімді сөкпейтін, ескерту керек болса, қасында тұрған адамды ренжітпейтіндей жұмсақ сөзбен ымдап қана қоятын. Ешкімнің кемшіліктерін айыптап бетіне баспайтын, онымен шұғылданбайтын және мұндаймен айналысқандарға қатаң тыйым салатын.

Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлкен қаһарман бар деп ойлау мүмкін емес. Қорқыныш пен үрей оның өмірінде жоқ еді. Төтенше бір жағдай туса сабырлылық пен шыдамдылық танытатын, үрейленіп, сасқалақтық көрсетпейтін.

Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты  ен сәлемі болсын) лайықты түрд еану және оның мақтаулы қасиеттерін өз өмірімізде өнеге тұту «оны көру» сияқты болмаса да, мүбәрәк тілімен сүйіншілегеніндей «бауыры» болу бақытына кенелтетініне Ұлы Раббымыздан үміт етеміз.
Бүгін біз оны танысақ, ертең махшарда ол да бізді таниды. Оны көруге лайықты болсақ, ол да бізге назарын салады. Оның сөздеріне құлақ асып, айтқандарын орындасақ, ол да біздің жанайқайымызға құлақ салып, қол ұшын созады. Әрқайсымыз үшін бұдан үлкен абырой болмас деп білеміз.



Алматы қаласы «Байкен» мешітінің

наиб имамы Саясат Көкенай

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ МЕЙІРІМ ПАЙҒАМБАРЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны МЕЙІРІМ ПАЙҒАМБАРЫ
Ардақты Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі айтқан бес есімінің бірі – мейірімділік пайғамбары. Құран Кәрімде: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет (мейірімділік) етіп жібердік», – деп («Әнбия» сүресі, 107-аят) Алла Елшісінің миссиясы мейірімділікке негізделгенін паш етеді....
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРҒА ﷺ МАХАББАТ - ИМАННЫҢ КЕМЕЛДІЛІГІ
Алдымен Аллаға, сосын Оның Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббат жүрекке орнықпайынша мүміннің иманы кемелділікке жетпейді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Сендердің біреулерің қашан мені өзінің бала-шағасынан, әкесінен және...
Пайғамбар өмірбаяны АРДАҚТЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕРІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ ӘДЕПТІЛІКТІ КІМНЕН ҮЙРЕНДІ?
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлығын дәлелдейтін маңызды жайттардың бірі – бұны тек достары ғана емес, дұшпандары да мойындап әрі тәнтті болған әдептілігі....
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫ (С.Ғ.С) СҮЮ
«Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, кез келген нәрсенің қадіріне бармай оны сүю ақылға сыйымсыз. Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүю хақында сөз қозғамас бұрын, алдымен оның діндегі функциясын ұғынып алған жөн шығар....
Пайғамбар өмірбаяны ӨМІР ШАМШЫРАҒЫ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 02:36

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi