МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ﷺ) ӨМІРБАЯНЫ
Екі дүниенің мырзасы Мұхаммед Мұстафаға салауат!
Адамдар мен жындардың Пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға салауат!
Қасиетті екі мекеннің имамы Мұхаммед Мұстафаға салауат!
Хасан мен Хусейннің атасы Мұхаммед Мұстафаға салауат!
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мекке қаласында 571 жылы дүниеге келген. Ол жыл тарихта - Піл жылы деп аталады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірге келмей тұрып әкесі Абдулла, ал алты жасында анасы Әмина дүниеден өтті. Содан кейін Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) атасы Абдул Мутталибтің қамқорлығында болды. Атасы қайтыс болғаннан кейін, оны ағасы Әбу Талиб тәрбиеледі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жастық шағында қой бағып, сауда-саттықпен айналысты.
Пайғамбар болмай тұрып, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар арасында жақсы мінезімен, шыншылдығымен және әділдігімен танымал болып, «әл-Әмин»: «Ең сенімді адам» деген атаққа ие болды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 25 жасына келгенде Хадиша анамызбен үйленді. Хадиша анамыздан алты баласы болды. Олар: Қасым, Абдулла, Зейнеп, Руқайя, Үммү Кулсум, Фатима. Қасым мен Абдулла нәресте кезінде қайтыс болды.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлық келместен бұрын, азық-түлігін алып, халықтан оқшауланып, Нұр тауындағы Хира үңгіріне барып бірнеше ай өмірін құлшылықпен өткізді.
- 610 жылы Рамазан айының 27-ші күні Жәбірейіл періште (оған Алланың сәлемі болсын) Хира үңгіріне келіп, оған алғашқы уахиды: «Оқы» бұйрығын берді. Осылайша, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 40 жасында пайғамбарлық берілді.
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы дін таратуды өзіне ең жақын адамдарнан бастады. Бірінші әйелі Хадиша анамыз, содан кейін қыздары оған иман келтірді. Олардан кейін Әли, содан кейін Зәйд ибн Хариса, соңында Хазіреті Әбу Бәкір (Алла бәрінен разы болсын) иманға келді. Адамдар арасындағы теңсіздікті жойып, әділдікті қолдаған ислам діні кедейлер мен құлдар арасында кеңінен қабылданды. Мұсылмандар саны күн сайын артты. Алғашқы мұсылмандар мүшірик меккеліктердің қорлауына, мазағына, қудалауына, азаптауына және бойкотына ұшырады. Мұсылмандар Меккеде тұра алмайтындай жағдайға жеткенде, Алланың рұқсатымен Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жол серігі Хазреті Әбу Бәкір (р.а.) бірге 622 жылы Меккеден Мәдинаға қоныс аударды. Мәдиналық мұсылмандар (ансарлар) меккелік қоныс аударушыларды (мухажирлерді) өте жақсы қарсы алды. Ансарлар мен мухажирлер арасында бауырларластық жарияланды. Осылайша, Мәдинада Ислам мемлекетінің ірге тасы қаланды. Мұсылмандардың Мәдинада күш алуы, мүшріктердің ашу ызасын тудырып мұсылмандарға шабуыл жасай бастады.
- 624-жылы мұсылмандар мүшріктерге қарсы алғашқы шайқас болды. Бұл Бәдір шайқасы деп аталады. Мұсылмандар Бәдір шайқасында жеңіске жетті.
- 625-жылы Меккелік мүшріктер 3000-ға жуық әскер жинап Бәдір шайқасының кегін алу үшін Мәдинаға қарай жолға шықты. Ухуд шайқасында Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағайындаған садақшылар өз орындарын тастап кетуі себебінен, Хазіреті Хамзаны қоса алғанда, 70 сахаба шейіт болды.
- 627-жылы Ухуд шайқасында Екі жақта жеңіске жете алмағандықтан, меккелік мүшріктер үлкен күш жинап, Мәдинаға қайтадан аттанды. Мұны естіген Пайғамбармыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаралымен ақылдасуының нәтижесінде Салман әл-Фарсидің кеңесі бойынша Мәдинаның айналасына (Хәндак) ор қаздырды. Ор шайқасында мүшріктер шығынға ұшырап, шегінуге мәжбүр болды.
- 628-жылы мұсылмандар қажылыққа баруға шешім қабылдап Қасиетті Меккеге қарай жолға шықты. Бұған алаңдаған меккелік мүшріктер оларға рұқсат бергісі келмеді.
- 628 жылы қол қойылған Худайбия келісімімен меккелік мүшріктер мұсылмандардың бар екенін ресми түрде мойындады. 628-жылы мұсылмандар Хайбарды өз иеліктеріне алды. Хайбарды алумен Дамаскіге баратын сауда жолы мұсылмандардың қолына өтті.
- 629-жылы, 3000 әскермен Мута шайқасына шыққан мұсылмандар алғаш рет Византиялықтармен бетпе-бет келді. Олардың әскер саны 100 000 нан астам еді.
- 630-жылы Мекке қаласы мұсылмандардың иелігіне өтті. Меккені иелігіне алғаннан кейін Араб түбегі тез арада мұсылмандардың бақылауына өтті.
- 630-жылы мұсылмандар мен пұтқа табынушы араб тайпалары арасында Хунайн шайқасы орын алды. Бұл шайқаста мұсылмандар басымдылықпен жеңіске жетті.
- 630-жылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы жорығы Тәбукке болды.
- 632-жылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларымен бірге соңғы рет қажылыққа барды. бұл сапар «Қоштасу қажылығы» деп аталады. Осы қажылық кезінде Пайғамбарымыз қоштасу құтпасын 100 000 мұсылманға айтты.
- 632-жылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдине қаласында бақиға аттанды.
- Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірі Мәдинадағы «Рауза Мутаххара» орналасқан.
Бостандық ауданы
«Байкен» мешітінің
наиб имамы Саясат Көкенай