ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ БАРШАҒА ПАРЫЗ МІНДЕТ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 15:12
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:54 07:14 12:07 15:12 16:54 18:14
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Раджаб 1446
Миләди
22 қаңтар 2025

Мақалалар

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ БАРШАҒА ПАРЫЗ МІНДЕТ

| A | +

Жастардың тәрбиесіне байланысты сөздерді халқымыздың ағартушысы, ұлт ұстаздарынан болған Абай Құнанбайұлының сөздерімен жеткізер болсақ, оның жастарға ең бірінші қойған талабы ахлақ жағынан ұстамды таза болу, сыпайы, мінезді, әдетшіл, шыншыл болу керектігін алға тартқан. Сондай-ақ, екінші талабы тұрақтылық, қандай жағдай болмасын, өмір атты кемеде тұрақты, бір қалыпты болуға шақырады. Ал үшінші талабы әділ болу. Сарғайған, жылан үймелеген алтынға үйір болмай, әділдік жолын ұстануды айтады.

Жастар дүниеге келе салысымен есті болмайды, қоғамда адамдармен араласу арқылы естіп, көріп, дәм татып, естілердің жанында жүру арқылы есіне сақтап қана естілер қатарын толықтырады. Ал осы естілердің қатарынан саналуы үшін күніне немесе айына бір рет болсын өз-өзіңе есеп беріп отыру қажеттілігін айтады. Жастар тәрбиесіне байланысты ұлағатты сөздердің арасында Мәлік Ғабдуллин сынды ғалымның сөздері де кездеседі. Профессордың «Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел жұртқа қорған бол деушілік, қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы мәнді сөздер», – деп айтқан. Расында жастарды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге, елін, жерін сүюді үйрететін болсақ ертеңгі күні өз елінің нағыз азаматы болып өсері даусыз.

Абай туралы сөз қозғалатын болса, міндетті түрде гуманизм, адамның мінез-құлқы, ахлағы еске түседі. Сонымен бірге жастарға айтқан көптеген өсиеттерін қағазға түсіріп бүгінгі күнге дейін қазақ тәрбиесінің бесігіне айналғанын да білеміз. Абай жастардың тәрбиесіне жан-жақты тоқталып, жас ұрпаққа үміт артқан, олардың жүректеріндегі сезімін оятуға тырысқан, жастардың еңбек етіп, ғылым мен білімге ден қоюларына шақырған. Өйткені бүгінгі ұрпаққа дұрыс тәрбие беру барлық аға буындылардың басты парызы. Дұрыс тәлім-тәрбие алған жастар ертеңгі күні елдің тірегі, қорғаушысы, қамқоршысы. Елін сақтау, жерін бөтендерге бермеу мақсатында талай жас батырлар жаулардың шабуылына көкірегін тосқан. Халық арасында «Ер есімі ел есінде» деген секілді сөз қалған. Кешегі күн біздің тарихымыз. Жастар осы тарихты дұрыс жасай алса, ертеңгі күні бұл тарих біраз белестерге алып барарын барлығымыз білеміз.

Жастар туралы сөз қозғалғанда М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлең жолдары еске түседі. Ол өлеңде ақын:

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!», – деп жастарды көтермелеп, оларға рух үрлеп ағынан жарылған болатын. Ақын Мағжанның бұл сөздері жастарға дем беріп, тәрбиесінде оң өзгеріс болуына алып келді.

Шыны керек, жастарға тәрбие беру қазіргі таңда қиынның қиыны. Олармен сұқбаттасу үшін заманауи технологиядан арылулары қажет деген ойға келесің. Өйткені тәрбие беру барысында айтылған әрбір сөз олардың ішкі жан дүниесіне әсер етуі қажет. Ал қазіргі таңда олардың гаджеттері өмірлерінің бөлшегіне айналғандықтан, айтылған сөз иесін таба алмай қалып жатыр. Қазіргі ата-аналардың балаларына көңіл бөлудегі уақыттың болмауы, смартфон секілді құрылғыларды пайдаланудың белең алуы секілді уақиғалар жастар тәрбиесіне кері ықпалын тигізеді. Бұл жастардың ата-анасынан емес, ғаламтордан тәрбие алып жатыр деген сөз. Егер дәл осындай қалыпта жалғаса беретін болса, жастарымыз майдаланып, ұлттық кодтың сақталуына күмәнмен қарайтын боламыз. Сондықтан жастар тәрбиесі баршамыздың иығымызға артылған үлкен бір парыз, жүк болып есептеледі. Оларға дұрыс бағыт-бағдар беру, тарихын үйрету, тілін сақтау, дәстүріне берік болу, дінін мықтылап ұстату баршамызға парыз міндет.

 

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы

Тимур Алиев 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ИСЛАМДАҒЫ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ҰҒЫМЫ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...
Пайым-парасат ҚҰРАН АЯТАРЫНДАҒЫ "ЖҮРЕК" ҰҒЫМЫ
Жүрек - ақыл, таным, білім, ниет, сенім, даналық және құрбандық тәрізді адам үшін өте маңызды мәселелердің жиынтығы. Егер жүрек тірі болса, бұл сезімдер де тірі болып саналады. Егер ол қандай да бір себеппен тоқтаса не күйзелсе, онда бұл өмірдің саған қойған белгісіз жоспарының сәтсіз жері  немесе қ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам НӘУБЕТТІ ЖЫЛДАРДАН САБАҚ АЛАТЫН СӘТ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Қоғам 1 - НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
Ардақты ағайын, қадірменді жамағат! 
Қоғам ІЗГІ ҚОҒАМ – ИСЛАМНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ
Біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға қадам жасау. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Осы жыл аясында қоғам игілігіне арналған бірқатар іс-шараны атқару міндеті т...
Қоғам ҚАЙЫРЛЫ ҒҰМЫР – ІЗГІ ҚОҒАМДА
Адам баласы жалғыз өмір сүруге емес, өзі секілді өзге адамдармен бірге өмір сүру үшін жаратылған тіршілік түрі. Құмырсқалар мен аралар іспетті адам да тек топ-топ күйде ғана өмірін жалғастыра алады. «Адам - әлеуметтік жануар» деген сөз сондықтан туындаған болса керек....
Қоғам «ВАЛЕНТИН КҮНІ» БОЛМЫСЫМЫЗҒА ТӘН ЕМЕС
Ислам діні – қазақ халқының дүниетанымы, руханияты мен мәдениетінің өзегі. Алайда, қазіргі жаһандану үрдісінің нәтижесінде ұлттық болмысымыз бен мәдениетімізге жат, болашағымызды рухани тұрғыдан азғындыққа, арсыздық пен абыройсыздыққа жетелейтін түрлі әдеттер кең тарап, бойға сіңіп бара жатқаны сүйе...
Қоғам ІЗГІ ҚОҒАМ
Құран Кәрімнің: «Алла пайғамбарларын жіберу арқылы жер бетін түзеп жөнге келтіргеннен кейін онда бүлік шығарып, бұзғыншылық жасамаңдар...[1]», - деген аяты әр пайғамбардың адамзат қоғамына ізгілік қалыптастыратындығы жайлы баян етеді. Бұл аяттағы «түзеп жөнге келтіру» ізгілік жолына салған соң деген...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Раджаб 1446
Миләди
22 қаңтар 2025
Намаз уақыттары
қазір

Аср 15:12

Ақшамға дейін 00:48

Урок 7: Фарды и суннаты гусля

Ас саламу алейкум ва рахматуЛлахи ва баракятух. Женщинам нельзя промывать внутреннюю часть половых о

X
14 қаң. 2025

Переговоры по предстоящему сезону хаджа прошли в Джидде

О ,Аллах забери меня в Хадж

Саид
10 қаң. 2025

Разъяснение касательно ситуации, произошедшей во время пятничной молитвы в Алматы

Ин шаа Аллах я совершу Хадж ради Аллаха ,когда Он меня пригласит и даст ризк

Саид
10 қаң. 2025

96. Ремесло и профессия

Ма шаа Аллах

Саид
10 қаң. 2025

О милостыне

Ассаламу алайкум варахматуллахи вабаракатуху ! Ма шаа Аллах , СубханаЛлах , Аллаху Акбар , Алхамдули

Саид
10 қаң. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi