ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ҚАЙТСЕК ТҮЗЕЛМЕК?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
17 Джумада-сани 1448
Миләди
27 қараша 2026

Мақалалар

ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ҚАЙТСЕК ТҮЗЕЛМЕК?

– | A | +

Халқымыз үшін той қашан да шаттықтың, татулықтың, берекелі басқосудың бірі болған. Алайда соңғы жылдары қоғамда той өткізу мәдениетіне қатысты алаңдатарлық мәселелер де жоқ емес. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі дін қызметкерлері осы мәселеге ерекше назар аударып, жер-жерде халық арасында түсіндіру іс-шараларын жүргізуде. Бұл ретте той тізгінін ұстаған асабалардың да көмегі ауадай қажет.

Бір ғұламаның: «Біз жаназа рәсімі марқұмнан маңызды, адамның сыртқы көрінісі ақылынан маңызды, ал үйлену тойы шынайы махаббаттан маңызды болған заманда өмір сүріп отырмыз...» деген сөзі бүгінгі заманымыздың шындығына айналып отырғаны жасырын емес.

Кейбір жағдайда тойдың негізгі мақсаты екінші орынға ысырылып, оның орнына бәсеке, даңғаза, ысырапшылдық пен орынсыз мақтан алға шығып барады. Қуанышты бөлісудің орнына өзгеден асып түсуге ұмтылу, барды көрсетуге тырысу, елдің алдында абырой жинауды көздеу секілді әрекеттер дәстүрдің тәрбиелік мәніне кері әсерін тигізуде.

Бұл тұста елде жоқ даңғазалыққа жол беретін, той өткізушіге соны ұсынатын той ұйымдастыру орталықтарының да ықпалы бар десек артық айтқандық емес. Елді таң қалдыру үшін идея іздейді, оны табу үшін ғаламторға үңіледі. Дәстүрімізге сай дүниені ойлап тапқаннан гөрі шетелдіктер жасаған дайын дүниені көшіріп жасай салған оңай боп тұрады. Егер ізденсе, салт-дәстүрлерімізді дұрыстап зерттесе, тойда жаңалық болатын көп дүниелерді жасауға болады. Бұған да білім керек. Іздену керек.   

Қазіргі тойларда жиі кездесетін мәселелердің тағы бірі – дастарқандағы ысырап. Қонақтардың санына шаққанда шамадан тыс тағам әзірлеу, желінбеген астың қоқысқа тасталуы, той мәзірінің жарысқа айналуы, әрине өкінішті жағдай. Кейде дастарқанның молдығы үй иесінің мәртебесін көрсететін өлшем секілді қабылданады. Алайда қазақтың қонақжайлығы ысыраппен өлшенбеген.

Сондай-ақ соңғы уақытта тойлардың мазмұнына қатысты да ойланатын тұстар бар. Кейбір ойын-сауық бағдарламаларында артық әзіл, әдепсіз сөз, адамның ар-намысына тиетін әрекеттер кездеседі. Жас-жұбайларды немесе қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын ойындар мен орынсыз қалжыңдар тойдың тәрбиелік сипатына нұқсан келтіруде.

Той-томалақта көріп жүрген солардың бірқатарына тоқталып өтсек. Біріншіден, қонақтардың сырт келбетіне, киіміне, мансабына, мамандығына, жасына немесе салмағына қарап оларды әжуалау, артық қалжың айту. Мысалы, «өртің көп болсын» деген қалжың ақтап алуға келмейтін басы артық қалжың. Өртенсе қазақтың үйі өртенеді, өртенсе қазақтың даласы, қазақтың орман-тоғайы өртенеді. Әрине, Құдай бетін аулақ етсін. Елімізді тосыннан келетін әртүрлі апаттан сақтасын! Сонда қазаққа табиғи апат тілеп отыр ма деген орынды сұрақ туындайды.

Сондай-ақ асаба тарапынан қарапайым мамандық пен кәсіп иесін әжуалау сынды әрекеттер де жиі байқалады. Өз кезегінде бұл жастарды болашақта қарапайым мамандықтарға шекеден қарауға жол ашуы мүмкін. Неге? Өйткені ол ертең осындай тойларда күлкіге қалғысы келмейді.

Екіншіден, ойынға шыққан адамның абыройын түсіретін, елге күлкі ететін әрекеттер жасауына мәжбүрлеу. Мысалы, билей алмайтынын көріп тұрып, оны билеуге мәжбүрлеу т.б. Үшіншіден, салт-дәстүрімізге сай келмейтін арсыз, ұятсыз ойындар мен конкурстар ұйымдастыру. Төртіншіден, тілек айтып тұрған қонақтың сөзін орынсыз бөлу, асықтыру немесе асабаның тым ұзақ сөйлеуі. Бесіншіден, той иелері мен жастарды басты назарда ұстаудың орнына асабаның тойды өз концертіне айналдырып жіберуі.

Алтыншы, ұлттық немесе отбасылық құндылықтарды арзан күлкіге айналдыру. Мысалы, «бала туудан басқа немен айналысып жатсыңдар» деп қалжыңдауы да орынсыз. Жетінші, асыл дінімізде қасиетті саналған құндылықтарды (Құран, мешіт, медресе, қажылық, жұма күні, Рамазан айы, Қадір түні, құрбан шалу, шапан, тақия, молда т.б) күлкіге айналдырмау. Сегізінші, жігіт жолдасты немесе басқа да туыстарын демеуші боласың деп қинауы. Мұндай жағдайда ол адамдар ыңғайсыз жағдайға түсіп қалмасы үшін алдын ала ескерткені жөн. Тоғызыншы, беташарда қайта-қайта ақша салуы үшін қонақтың намысына тиюі. Бұл да орынсыз деп білеміз.

          Жоғарыда аталған мәселелер – кемшіліктерді тізімдеу емес. Біздің ниетіміз – қазақтың торқалы тойын қолдан келгенше мазмұнды, ғибратты өткізуге мейлінше үлес қосу. Келесі мәселе – «халал той» деген терминді қолдану. Ішкіліксіз той өтсе, соны той халал өтті деп жүрміз. Тойымыз толықтай осы терминге сай ма? Біз осы діни терминді қолдану арқылы не айтқымыз келеді? Қазақтың тойы, қазақи той, салт-дәстүр дәріптелген той десек, мұның қай жері әбестік болмақ.

Сосын жігіт той тәттісін бірінші анасына әлде жұбайына бере ме деген сұрақ бүгінде жас-жұбайлардың үйленбей жатып, араздасуына себеп болуда. Мұны пәтуа бөліміне түскен арыз-шағымнан байқадық. Той тәттісін жеу кезінде оны бірінші кімге беру керек екенін анықтау жас-жұбайлардың арасында түсініспеушілік туындатып жатқанын ескерсек екен деймін.  

Өкінішке қарай, «елден қалмайық» деген түсінік көптеген отбасының қаржылық қиындыққа ұшырауына себеп болуда. Кейбір ата-аналар баласының бақыты үшін емес, жұрттың сынына қалмау үшін қарыз алады. Адамның өзіне шамадан тыс ауыртпалық жүктеуі дін мен дәстүрімізде құпталмайды.

Той тек көңіл көтеретін жиын емес, ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, дін мен дәстүр құндылықтарын бойына сіңіретін маңызды сәттің бірі. Тойда жастар үлкенді сыйлауды, туыстық қатынасты, ізеттілікті, бата алуды, ұлттық салт-дәстүрді көреді. Сондықтан тойдың бағдарламасы да тәрбиелік мазмұнда болғаны абзал. Бұған той иесі мен асаба көбірек мүдделі болса дейміз.

Жуырда белгілі актер Бекжен Тұрыстың отбасындағы үлкен қуаныш – Мағжан бауырымыздың үйлену тойындағы жар-жардың айтылуы қоғам тарапынан жылы қабылданды. Сол секілді көрімдік алу, сыбаға ұсыну, үлкендердің ақ батасын алу сынды дәстүрлерімізді той-томалақта жаңғыртсақ қандай жарасымды болмақ.

Келесі мәселе – тойдың уақытында бастау. Қазір той-томалақ көп. Бірақ, біз әлі де уақтымызды үнемдеуді үйренген жоқпыз. Той шақыруында жазылған уақытта тойдың басталмайтынын той иесі де қонақтар да жақсы біледі. Сол үшін шақыруда көрсетілген уақыттан екі-үш сағат кеш жинала бастайды. Адам үшін ең қымбат дүние – уақыт. Қазір той тек қана сенбі-жексенбі күндері ғана өтпейді. Аптаның барлық күндерінде той. Демек, ертең жұмысқа баратын адамдардың алтын уақытымен де санасуымыз керек. Бұл да тойға қатысты ескеретін дүние.

 Соңғы мәселе – жас-жұбайларға ант-су ішкізу. Пәленді, төленді орындауға «ант етемін» деп айтқызу да сәнге айналып барады. Бұл жерде шариғи мәселе бар. «Ант етемін» деген сөзді Алланың атымен десе де, жай ғана ант етемін десе де бұл орындауы тиіс боп қалады. Ал орындай алмай қалса, онда оның кәффараты (өтемі) бар. Антты бұзудың өтемі мына үш жолмен орындалады:

Он мұқтаж адамды тамақтандыру яки он мұқтаж адамға киім беру. Құл азат ету. Осы үшеуінің бірін орындауға шамасы келмеген адам үш күн ораза ұстайды.

Ал енді «уәде беремін» десе, уәдесін орындай алмай қалса, оған кәффарат талап етілмейді, бірақ, күнәлі болады.

Қараңызшы, бұл да үлкен жауапкершілік. Осыны той басқарған асаба бауырларымыз ескерсе екен.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бір сөзінде: «Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік» деген еді. Той-жиындарды тәрбие алаңы ете алсақ, көптеген мақсаттарымызға қол жеткізіп, тойға келушілерге ой салар едік.

Біздің мақсат – той бағдарламасында әдеп пен тәрбиеге қайшы келетін әрекеттерді барынша тежеп, мазмұнды әрі мағыналы іс-шараларға басымдық берілсе деген ізгі бастама. Той уақытын тиімді ұйымдастыру, қонақтардың уақытын құрметтеу, тойшыл қауымның қызметіне, лауазымына, жүріс-тұрысына қарап алаламау, әжуаламау сынды маңызды мәселелерге назар аударсақ нұр үстіне нұр.

Ең бастысы тойды отбасы, дәстүр құндылықтарын дәріптейтін, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсететін, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосатын ортаға айналдыра алсақ ұтарымыз көп болмақ. Ата-анамен, бала-шағамен барғанда ұялмай отыратын мәнді де мағыналы той ұйымдастыра алсақ, бұл тек бір отбасының қуанышы ғана емес, қоғамның рухани мәдениетінің өскені болмақ.

 

Төлеби ОСПАН,

Алматы қаласының Бас имамы

Алматы ақшамы №110 (6788) 24.11.2026ж.

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АХУНДАР ӨНЕГЕСІ - ҰРПАҚ ӨРЕСІНЕ ПАЙҒАМБАР ӨНЕГЕСІ (МӘУЛІТ ЖАЙЛЫ)

Тақырып аясындағы мақалалар

Мәнһәж ПАЙҒАМБАР ӨНЕГЕСІ (МӘУЛІТ ЖАЙЛЫ)
Адамзат тарихында өшпес із қалдырып, күллі әлемге мейірім мен ізгіліктің, адамгершілік пен көркем мінездің теңдессіз үлгісін көрсеткен ұлы тұлға – Алла Елшісі Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуі адамзат ...
Қоғам АДАЛ АДАМ – АДАЛ ҚОҒАМДЫ ҚҰРАДЫ
Адалдық – адам бойындағы қасиет қана емес, қоғамның өркендеуіне жол ашатын рухани негіз. Қоғамның дамуы, елдің өркендеуі, халықтың тыныштығы мен өзара сенімі – бір-бірімен тығыз байланысты құндылықтар....
Әпке-қарындастарға ӘЙЕЛДІҢ СҰЛУЛЫҒЫ - АДАЛДЫҒЫ
Адамның рухани сұлулығы – кез келген мәдениеттің маңызды категорияларының бірі. Сұлулық дегенде біз ең әуелі ер азаматтарды емес, әйелдер бейнесін көз алдымызға келтіреміз. Өйткені, сұлулық барша адамға ортақ түсінік болғанымен, дәл әйел мен сұлулық ұғымының бір-біріне парапарлығы, осы екі ұғымның б...
Қоғам ҚҰДАЙЫ АСТА ЫСЫРАПҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Пайым-парасат АДАМНЫҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛУ
Адамзат баласының жаратылысындағы ең басты ерекшеліктердің бірі – оның еңбек етуге, айналасын көркейтуге және өз маңдай терімен нәпақа табуға қабілеттілігі. Кез келген қоғамның өркендеуі, экономикалық әл-ауқаты мен рухани толысуы тікелей жеке адамның еңбегіне және соған көрсетілетін құрметке байланы...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ТАБИҒАТ - ЖЕР БАЙЛЫҒЫ
Жер – біздің ортақ мекеніміз, су – тіршіліктің негізі, ауа – өмірдің тынысы. Асқар таулар, айдын көлдер, сарқыраған өзендер, жасыл ормандар мен кең байтақ далалар туған жеріміздің баға жетпес байлығы. ...
Қоғам АДАЛ АДАМ – АДАЛ ҚОҒАМДЫ ҚҰРАДЫ
Адалдық – адам бойындағы қасиет қана емес, қоғамның өркендеуіне жол ашатын рухани негіз. Қоғамның дамуы, елдің өркендеуі, халықтың тыныштығы мен өзара сенімі – бір-бірімен тығыз байланысты құндылықтар....
Қоғам БАТАСЫЗ ЕЛ – БАҒАНСЫЗ
Қазақ халқының рухани дүниесінде бата – ізгі тілек пен ақ ниеттің, үлкенге құрмет пен кішіге өнегенің айрықша көрінісі. «Батасыз ел – бағансыз» деген халық даналығы берекелі қоғамның негізі рухани сабақтастықта, ата-ана мен қарияның ақыл-өсиетінде екенін аңғартады. ...
Қоғам ЖЕМҚОРЛЫҚ - ІНДЕТ, ТАЗА ЖҮРУ МІНДЕТ
Қоғамның дамуына кедергі келтіретін, елдің берекесін кетіретін үлкен кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Жемқорлық дегеніміз тек пара алу немесе пара беру ғана емес. Ол – қызмет бабын жеке басының пайдасына пайдалану, мемлекет қаржысын заңсыз иемдену, таныстықпен мәселе шешу, біреудің ақысын жеу, әд...
Қоғам ҚҰДАЙЫ АСТА ЫСЫРАПҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
17 Джумада-сани 1448
Миләди
27 қараша 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi