ҚҰДАЙЫ АСТА ЫСЫРАПҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК
Мырзакент кенті
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 18:36
Мырзакент кенті
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Мырзакент кенті
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:42 06:56 12:12 15:41 17:22 18:36
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-авваль 1448
Миләди
04 қараша 2026

Мақалалар

ҚҰДАЙЫ АСТА ЫСЫРАПҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК

– | A | +

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

 

ҚҰДАЙЫ АСТА ЫСЫРАПҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК

 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау күллі әлемнің Раббысы Алла Тағалаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Біз – «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген қағиданы берік ұстанған ұлтпыз. Халқымызда «Уықты басқұр сақтайды, халықты дәстүр сақтайды» деген аталы сөз бар. Расында құдайсыз қоғам құру басты идеологияға айналған кешегі кеңес заманында дініміз бен салтымызды сақтап қалуға дәстүріміз күшті ықпал етті. Ел арасындағы діни құлшылықтар халқымыздың дәстүрлі рәсімдері ретінде қабылданды. Оны жұртымыз жақсы біледі.

«Жақсы заңың болғанша, жақсы дәстүрің болсын» деген қанатты сөздің мәнін күн санап түсініп келеміз. Шариғатымыз халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптарға ешқашан тыйым салмаған. Ғұрыппен әмір ету – дініміз рұқсат берген істің бірі. Оған қасиетті Құран Кәрімдегі: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет...» деген «Ағраф» сүресінің 199-аяты дәлел ретінде жеткілікті.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Исламға дейін әдет-ғұрыптан пайда болған, яғни өмірдің өзі туғызған шариғат негіздеріне қайшы келмейтін дәстүрге тыйым салмады. Ал қазіргі кезде салт-дәстүріміздің қайнаркөзі болған жиын-тойларымыз ғұрпымыз бен шариғатымызға сай өтіп жүр ме? Бұл дін мен дәстүрді ел ішінде ұдайы насихаттап жүрген бізді, дін қызметкерлері мен имамдарды ойландырмай қоймайды.

Халқымыз «Мал – баланың шашуы» дейді. Жұртымыз дүниеге сәби келісімен «шілдехана», «бесікке салу», «қырқынан шығару», уақыт өте келе «тұсау кесу», «сүндет той», «атқа мінгізу», «тоқым қағар», «тілашар» сияқты тойларын жасап, қуанышы мен қызығын ағайынмен бірге өткізген. Шілдехана тойын мұсылмандық дәстүр деп айтсақ та болады. Яғни ақиқаның бір көрінісі іспеттес. Ақиқа – нәресте дүние есігін ашқанда Алла Тағаланың ұрпақ беру нығметіне шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық түрі. Демек қазақтың шілдеханасын шариғаттан шет кетпеген ұлттық салт деуге болады. Одан кейін үйлену, қыз ұзату тойлары, қазіргі уақыттағы әулет үлкендерінің мерейтойлары, қоныс той бар, қарап отырсақ, қазақтың тойшыл халық екені осыдан-ақ көрінеді. Алайда, «Той десе, қу бас жерге домалайды» дейтін халқымыз тойшыл келгенімен, ысырапшыл болмаған. Торқалы тойында да, топырақты өлімінде де аталарымыз ас та төк мал шашуды құп көрмеген.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Фұрқан» сүресінің 67-аятында: «Олар мал-дүниені жұмсағанда ысырап та етпейді, сараңдық та істемейді, осы екеуінің ортасын ұстайды», – деп баяндалғандай, бұрынғылардың ысырапты да ескергені, сараңдыққа да бой алдырмағаны даусыз.

Имам Журжани (Алла оны рақымына алсын): «Ысырап – көп мөлшердегі мал-мүлікті пайдасыз нәрсеге жұмсау, шығын шығару шегінен асып кету. Кейбіреулердің айтуынша, ысырап – адамның өзіне рұқсат етілмеген нәрсені жеуі немесе рұқсат етілген тағамды қажеттіліктен тыс тұтынуы. Ысырап – белгілі бір мөлшерден асып кету, яғни өзіңе берілген несібенің қадірін білмеу және оны қажетсіз артық жұмсау. Бұл – бейберекет шашу», – деп түсіндірген.

Ысырапқа қатысты тағы бір келеңсіздік – құдайы астардағы дастарқан мәзірінің тойдан кем жайылмауы. «Қазалы үйде қазан көтерілмесін» деген игі дәстүр еліміздің кейбір ауылдарында әлі күнге сақталған. Шын мәнінде бұл – қара жамылған шаңырақ үшін материалдық һәм рухани қолдау. Өйткені жақынын жоқтап отырған адамның уайым тұңғиығына еніп кетпеуі өте маңызды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыған дейін «Ас беру мәдениеті» құжатын қабылдады. Аталмыш құжат ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің бірнеше мәжілісінде талқыланып, бекітілгенін ерекше атап өткен жөн. Ол құжатты қабылдаудағы негізгі мақсат – Қазақстанның    барлық    аймағында    шариғат    шеңберінде,    салт-дәстүрімізді    ескере    отырып,    отбасылардың    әлеуметтік    жағдайына    салмақ    салмайтын және ысырапқа жол бермейтін құдайы ас беру мәдениетін қалыптастыру және насихаттау. Құдайы  ас  беру  ата-бабамыздан  келе  жатқан  халықтық дәстүр     мен     ұлттық     мәдениетіміз     болғандықтан,  оның  бүгінгі  заман  талабына  сай  кейбір тұстарын бір ізге келтіріп, келешек ұрпаққа аманат етуіміз керек.

Құжатта құдайы ас берудің тарихи мәні, анықтамасы, дін мен дәстүрдегі орны, өзектілігі жан-жақты сараланып, тәптіштеп түсіндірілді. Сондай-ақ құжатта құдайы ас беру мәдениетінің негізгі жеті тірегі ұсынылды. Жеті тірек ішінде шынайы ниет ету, құдайы асқа жиналу, Құран оқу, бата беру және дұға жасау, ысырапқа жол бермеу, құдайы аста уағыз-насихат айту, марқұмды еске алу және қаралы отбасын жұбату, құдайы аста қарапайымдылықты сақтау сынды мәселелер қамтылды.

Болашақ ұрпақ үшін дұрыс бағдар беріп, жөн сілтеу мақсатында дәстүрлі діни жөн-жоралғыларымызды шариғи һәм ғылыми тұрғыдан саралап жүзеге   асыру – заман талабы. Қоғамда көрініс тауып отырған,  шариғат  пен  дәстүрге сәйкес келмейтін шындығынан жорамалы басым, пайдасынан зияны көп   кейбір әдеттердің ел арасында етек жая бастауы баршамызды алаңдатып отыр. Әсіресе, қайтыс болған кісіні арулап жер қойнына тапсырып, жаназасын шығарғанда, жетісі, қырық күндігі, жыл толуына байланысты дастарқан жайылғанда дінімізде нақты талап етілмеген, салт-дәстүрімізге сай келмейтін, ақырет үшін пайдасыз кейбір әдеттер қоғамда белең ала бастады. Мысалы, жақынынан  айырылып отырған қаралы шаңырақ «көпшілікке ас беру – перзенттік міндетіміз» деп ас та төк дастарқан жайып, шектен тыс шығынға батуда. Бұл орташа табысы бар көптеген отбасыларға ауыртпашылық тудыратыны сөзсіз. Сондықтан бүгінгі күні еске алу іс-шараларын  ұйымдастыру мәселесі өзекті тақырыптың біріне айналды.

Ауқатты отбасылар құдайы асқа ірі қара сойып, құрбан шалып жатқанда, жағдайы  төмен және орташа отбасылардың одан қалысқысы келмейтіні түсінікті. Осыдан  кейін жұрттан   қарыз   алып,   қауғаланып   «парызымды  орындаймын» деп дүниеден өткен жандарға ас беріп, шығындалып  жүргендер де жоқ емес. Ал, шын мәнінде ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жеңілдетіңдер, ауырлатпаңдар,   сүйіншілеңдер, қорқытпаңдар!» – деген.

Бүгінгі күні осы сынды жағдайлар реттелмесе, жыл өткен сайын бұл мәселе күрделене түсуі мүмкін. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы рәсімдерді реттеп, бір жүйеге келтіретін арнайы құжатты ел назарына ұсынды.

Ең алдымен құдайы  астың  негізгі  мәні көпшіліктің  басын  қосып марқұмға Құран бағыштап, дұға жасау, Алла Тағаланың мейірімін, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатын тілеу, пендешілікпен өткен қателіктері мен күнәлары үшін Жаратқаннан жарылқау сұрау екенін ұмытпау қажет. Ата-бабамызды құрметтеу, олардың салған ізгі жолын қадірлеу – әрбір ұрпақтың қастерлі борышы. Өйткені ата-бабалардың жүріп өткен жолы – бүгінгі ұрпақтың рухани тұғыры. Ислам діні  бұрын өткен игі буынды құрметтеп, оларды жақсы сөзбен еске алуға үндейді. Ол жөнінде қасиетті Құран Кәрімде: «Өздерінен кейін келгендер Аллаға: «Уа, Раббымыз! Бізді және бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды кешіре көр! Жүрегімізде иман келтірген жандарға деген жек көрушілік, өшпенділік сынды жаман сезімнің оянуына жол бере көрме! Уа, Раббымыз! Шүбәсіз, Сен өте Мейірімді һәм Рақымдысың», – деп дұға етеді», – делінген («Хашыр» сүресі, 10-аят).

Ислам құқығында «Үкімдер уақыт пен мерзімнің өзгеруіне қарай    өзгеріске  ұшырайды» деген маңызды  қағида  бар. Сондықтан  жаңа заман талабына сай кейбір әдеттер мен дағдылардың өзгеруі заңды құбылыс. Қазіргі кезде бүкіл әлемде қоғамның ақпараттық бет-бейнесі күрт өзгеруде.  Ақпараттық технологияның санаулы жылдардың ішінде қарыштап дамып, қоғамдық көзқарас пен түсініктің де күрт  өзгеріп  кетуі  бұрынғы  өмір  сүру  дәстүрлерін сол  қалпында  ұстануға  мүмкіндік бермейді. Тек  тарихи қалыптасқан жолды ғана ұстанумен шектеліп, жаңа талаптарға бейімделмеген халықтардың  қоғамға ілесе алмай, көптеген қателіктерге  бой  алдырып  жатқаны  белгілі. Дәл сол  секілді  құдайы  ас  беру  мәдениетін де заман мен қоғам талабына сәйкестендірудің қажеттілігі  туындап отыр. «Құдайы ас» берудің түпкі өзегін, мәнін сақтай отырып,  жаңаша сипатқа көшудің  маңызы   осында. Құдайы астағы дастарқан  мәзірін бекітіп, сол мәзірге халықтың бірауыздан келісуі маңызды. Құдайы ас беру мәдениетін қалыптастыратын бірізді ереже қабылдап, оны жан жақты дәріптеп жатқанымыз сондықтан. Бұл құжат бүгінгі қоғамдағы рухани ынтымақ-бірлікті сақтауға және заман талаптарымен санасуға ықпал етуде. Аллаға шүкір, қала мен өңірдегі мешіт жанынан ашылған асханаларда ҚМДБ бекіткен құдайы ас мәзірі бойынша дастарқан жайылып, бұл бастама көпшілік тарапынан үлкен қолдауға ие болуда.

Қорыта айтқанда, той мен құдайы аста қонаққа жайылатын дастарқанда ысырапқа, бос мақтанға жол берілмеуі керек. Сондай-ақ әрбір жиынның белгіленген уақытта басталуы да адамдардың уақытына құрметпен қараудың белгісі. Түптеп келгенде ол да әдеп пен мәдениетіміздің бір бөлігі. Хақ Тағала Құран Кәрімде: «... Ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла Тағала ысырап етушілерді жақсы көрмейді» деген («Ағраф» сүресі, 31-аят). Алла Тағала біздердің асыл дінімізді берік ұстап, салтымызды сақтаған, дәстүрін құрметтеген ұрпақтан болуымызды нәсіп еткей! Уақыты мен ішіп-жемінде, дүниелік істерінде ысыраптан сақтап, дінге адал, дәстүрге берік қазақ жұртына амандық бергей. Әмин! 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
БАҚЫТ СЫЙЛАЙТЫН ҚАРАПАЙЫМ 4 ӘДІС АДАМНЫҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛУ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат АДАМНЫҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛУ
Адамзат баласының жаратылысындағы ең басты ерекшеліктердің бірі – оның еңбек етуге, айналасын көркейтуге және өз маңдай терімен нәпақа табуға қабілеттілігі. Кез келген қоғамның өркендеуі, экономикалық әл-ауқаты мен рухани толысуы тікелей жеке адамның еңбегіне және соған көрсетілетін құрметке байланы...
Пайым-парасат ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ – АЛЛАНЫҢ БЕРГЕН НЫҒМЕТІ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Қоғам АДАЛДЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Адамзат баласының ең асыл мұраты – әділетті, адал әрі берекелі қоғам құру. Әрбір азаматтың жүрегінде иман, санасында жауапкершілік оянса, ондай қоғам дамудың даңғыл жолына түсіп, өркениет көшіне ілеседі....
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР ӨНЕГЕСІ
Құранда Алла Тағала: «Расында, сендер үшін Алла Елшісінде көркем өнеге бар» («Ахзаб» сүресі, 21-аят) деп баяндайды.
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР ӨМІРІН ОҚЫП БІЛУ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?
Хәкім Абай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» демекші, он сегіз мың ғаламға зер салып қараған жан Жаратушының адамзатқа деген махаббатына куә болады. Әрине, әрбір саналы пенде әлемді мінсіз жаратқан Раббысын жақсы көргісі келеді. Алайда, жақсы көру деген не?...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 
Қоғам АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІНДЕ - ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ КӨРІНІС ТАБУЫ
Қазақ халқы ежелден ас беруді адамгершілік пен имандылықтың айғағы санаған. Ас беру – жай ғана дастарқан жайып, ел жинау емес. Бұл – марқұмды еске алып, рухына дұға бағыштау, ағайынның басын қосу, елдің бірлігін бекемдеу және кейінгі ұрпаққа тағылым қалдыру дәстүрі....
Қоғам АДАЛДЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Адамзат баласының ең асыл мұраты – әділетті, адал әрі берекелі қоғам құру. Әрбір азаматтың жүрегінде иман, санасында жауапкершілік оянса, ондай қоғам дамудың даңғыл жолына түсіп, өркениет көшіне ілеседі....
Қоғам АДАЛ ҺӘМ БЕЛСЕНДІ ЕҢБЕК ЕТУ - ИСЛАМДАҒЫ ІЗГІ ҚАСИЕТ
Еңбек – адам өмірінің маңызды негіздерінің бірі. Ислам діні адамды жалқаулыққа емес, ізденуге, адал кәсіп етуге, өзіне және өзгеге пайда келтіруге үндейді. Адамның адал жолмен тапқан наны, маңдай терімен келген табысы – үлкен береке. Сондықтан адал һәм белсенді еңбек ету тек материалдық қажеттілікті...
Қоғам ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ислам құндылықтары мен цифрлық дәуір
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-авваль 1448
Миләди
04 қараша 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 18:36

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi