ИСЛАМДАҒЫ ДОСТЫҚ
Өскемен
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:15
Усть-Каменогорск
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Усть-Каменогорск
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:14 06:44 11:20 13:59 15:45 17:15
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Джумада-сани 1448
Миләди
20 қараша 2026

Мақалалар

ИСЛАМДАҒЫ ДОСТЫҚ

– | A | +

Адам баласы жаратылысынан қоғаммен қарым-қатынас жасауға, өз ойын бөлісуге, қуанышы мен қайғысын ортақтастыруға мұқтаж. Пенде өмірінің мәні тек жеке жетістіктер мен материалдық игіліктер арқылы ғана өлшенбей, оның айналасындағы адамдармен орнатқан рухани байланысының сапасымен де айқындалады. Осындай адами қарым-қатынастардың ішіндегі ең маңызды әрі терең мағынаға ие болғандарының бірі – достық. Достық – жай ғана уақыт өткізу немесе ортақ қызығушылықтардың төңірегінде қалыптасатын қарым-қатынас емес, ол өзара сенімге, адалдыққа, құрметке, жанашырлыққа және жауапкершілікке негізделген ерекше рухани құндылық. Ал ислам дінінде достық мәселесі адамгершілік тәрбиесімен, имандылықпен және мұсылмандық бауырластық ұғымымен тығыз сабақтастықта қарастырылады.
Ислам дүниетанымында адам таңдаған ортасы мен араласатын достарына ерекше мән беріледі. Себебі, адамның мінез-құлқы, дүниетанымы, тіпті жүректегі сенімі де араласатын ортасының ықпалымен қалыптасуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, шынайы дос адамның тек дүниелік өміріне ғана емес, ақыреттік бақытына да әсер ететін маңызды тұлға. Ол туралы қасиетті Құранда Алла Тағала: «Сол күні тақуалардан басқалардың достары бір-біріне дұшпан болады» («Зухруф» сүресі, 67-аят), – деп баяндайды.
Аяттың мазмұнынан достық қарым-қатынастың да белгілі бір өлшемі мен мақсаты болуы керектігін аңғарамыз. Егер адамдардың арасындағы байланыс тек дүниелік пайдаға, мансапқа, байлыққа немесе уақытша қызығушылықтарға негізделсе, мұндай ниет ақыретте өкінішке ұластырады. Ал Жаратушының разылығы үшін қалыптасқан, бір-бірін ізгілікке шақырып, жамандықтан тыйып отыратын достық  мәңгілік құндылыққа ие.
Құран Кәрімде мұсылмандар арасындағы бауырластықтың маңызы да ерекше атап өтіледі. Алла Тағала: «Шын мәнінде, мүміндер – бауырлар. Сондықтан екі бауырларыңның арасын жарастырыңдар» («Хужурат» сүресі, 10-аят), – дейді. Демек, исламдағы достықтың негізгі белгілерінің бірі – досының жағдайына бей-жай қарамау, оның қуанышына ортақтасып қана қоймай, қиындыққа тап болған кезінде де қолдау көрсету.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) достық пен жақсы ортаның адам өміріндегі орны жайлы: «Жақсы дос пен жаман достың мысалы – әтір сатушы мен көрік үрлеушінің мысалындай. Әтір сатушы саған иіссу сыйлауы мүмкін, не сен одан сатып аласың, тым болмағанда одан жағымды иіс сезесің. Ал көрік үрлеуші киіміңді күйдіреді немесе одан жағымсыз иіс сезесің», – деп түсіндірген (Бұхари, Мүслим).
Яғни, жақсы дос өзінің көркем мінезімен, пайдалы кеңесімен, ізгі әрекеттерімен айналасындағы адамдарға жағымды әсер қалдырады. Ол досының қателігін көргенде оны кемсітуге немесе сыртынан сөз етуге асықпайды, керісінше, оңаша қалыпта әдеппен ескертіп, дұрыс жолға бағыттауға тырысады. Осы орайда хадиспен үндес Ахмед Иүгінеки бабамыздың сөзін ойымызға тұздық ете кетейік:
Жақсы мінез-құлығын байқа да ескер,
Ізгілік кімде болса соны нағыз ер де.
 Қайырымсыз жан жеміссіз ағаш іспеттес,
Жеміс бермес ағашты кескендей, сен де одан без.


Ислам тарихында достықтың, адалдықтың және бауырластықтың жарқын үлгісі ретінде Алла Елшісімен (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Бәкір әс-Сыддықпен (Алланың одан разы болсын) болған қарым-қатынасын ерекше атап өтуге болады. Әбу Бәкір пайғамбарлықтың алғашқы кезеңінен бастап Алла елшісіне (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) сенім білдіріп, оның жанынан табылған ең жақын серіктерінің бірі болды. Ислам тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі – Меккеден Мәдинаға қоныс аудару, яғни һижрет оқиғасы кезінде де ол Пайғамбарымыздың (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) жанынан бір елі ажырамай, үнемі қасынан табылды.
Құрайыш мүшріктері мұсылмандарды қудалап, Пайғамбарымызды (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) өлтіруді жоспарлаған кезде, Алла елшісі Әбу Бәкірмен бірге сапарға шығып, Саур үңгірін паналайды. Қуғыншылар үңгірдің аузына дейін жақындап келгенде, Әбу Бәкір пайғамбардың қауіпсіздігіне алаңдайды. Осы сәтте Алла елшісі оған: «Қайғырма! Расында, Алла бізбен бірге», – деп жұбату айтқаны  «Тәубе» сүресінің 40-аятында баяндалады.
Аталған оқиға достықтың ең биік өлшемі – қиындық кезінде серігіңді жалғыз қалдырмау, оның амандығы үшін алаңдау және ортақ сенім жолында табандылық таныту екенін көрсетеді. Әбу Бәкірдің  адалдығы жай ғана сөзбен білдірілген жақындық емес, қауіп-қатерге қарамастан іс жүзінде дәлелденген шынайы достық еді. Сондықтан оның Пайғамбарымызбен (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) болған қарым-қатынасы кейінгі мұсылман ұрпақтары үшін адал достықтың өнегелі үлгісіне айналды.
Сонымен қатар, исламдағы достықтың маңызды қырларының бірі – досына Алла разылығы үшін жақсылық тілеу. Мұндай достықта қызғаныш, күншілдік, өзімшілдік пен пайдакүнемдікке орын болмауы тиіс. Пайғамбарымыз (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ешқайсыларың өзі үшін жақсы көрген нәрсені бауыры үшін де жақсы көрмейінше, толық иман келтірген болмайды», – деген (Бұхари, Мүслим).
Бүгінгі қоғамда достық ұғымы кейде әлеуметтік желідегі байланыстардың, ортақ қызығушылықтардың немесе уақытша қарым-қатынастардың аясында ғана қарастырылып жатады. Алайда, достардың көп болуы олардың барлығының шынайы дос екенін білдірмейді. Шынайы дос адамның жанында тек қуанышты сәттерде ғана емес, өмірдің күрделі кезеңдерінде де табылатын, оның кемшілігін түзетуге көмектесетін, ар-намысын қорғайтын және ізгілікке үндейтін тұлға болуы керек. Әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде достық мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор.
Өйткені, баланың қандай ортада өсіп, кімдермен араласатыны оның мінезінің қалыптасуына, құндылықтарды қабылдауына және болашақтағы өмірлік ұстанымдарына елеулі ықпал етеді.Осы тұста бұрын өткен ізгілердің сөзі бізге өшпес насихат:
Сыннан өткен кісілермен жолдас бол,
Пайдасы – мың, ал араммен оңбас жол (Жүсіп Баласағұн).


Қорыта айтқанда, исламдағы достық – адамның дүниелік қажеттілігін өтейтін қарапайым әлеуметтік байланыс қана емес, имандылық пен ізгілікке негізделген, өзара жауапкершілік пен рухани қолдауды қамтитын құнды қарым-қатынас. Шынайы дос адамды Алладан алыстатпайды, керісінше, ізгі амалдарға ынталандырып, рухани кемелденуіне ықпал етеді. Сондықтан достықтың қадірін білу, дос таңдауда жауапкершілік таныту және қалыптасқан достықты адалдықпен сақтау – әрбір мұсылманның адамгершілік міндеттерінің бірі.
Алла Тағала баршамызға екі дүниеде де ізгілікке бастап, әрдайым жақсылыққа шақыратын адал достар нәсіп еткей!

 

Аманқұл ата мешітінің бас имамы

Бақтияр Қасымалиев

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: мақала2026 жыл
Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Исламдағы отбасы ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
Отбасы – адам өміріндегі ең алғашқы тәрбие мектебі. Адамның мінезі, дүниеге көзқарасы, үлкенге құрметі мен кішіге ізеті ең алдымен отбасында қалыптасады. Бала өмірге келген сәттен бастап айналасындағы адамдардың іс-әрекетін бақылап, солардан үлгі алады. Сондықтан отбасы тек бір шаңырақ астында өмір ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы АШУРА КҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
Мұхаррам айында келетін Ашура күні – мұсылман тарихындағы айтулы күндердің бірі. «Ашура» сөзі «оныншы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, мұхаррам айының оныншы жұлдызы....
Ислам тарихы БҰХАРАДАН ДАМАСКІГЕ ДЕЙІН: ИСЛАМ ҒҰЛАМАСЫНЫҢ ҒҰМЫРЫ
Ислам өркениетінің тарихында Әмір Темір империясы мен Мәмлүк сұлтанатының дәуірлеген шағы — Шығыс пен Батыстың ғылыми әлеуеті тоғысқан бірегей кезең болды. Осы интеллектуалдық өрлеу кезеңінде Ханафи мәзһабының беделді өкілі ретінде танылып, кәләм, фиқһ және хадис ғылымдарында терең таным иесіне айна...
Ислам тарихы ИСЛАМДАҒЫ САУДА-САТТЫҚ ӘДЕБІ
Сауда — тек дүниелік пайда табу жолы емес, ол — адам мен Алла арасындағы сенімнің бір көрінісі. Исламда сауда тек адал жолмен, әділдікпен және шыншылдықпен жасалуы тиіс....
Ислам тарихы АЛАШ ҰСТАНҒАН ДІН
Ф.ғ.д, профессор, алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы: «Алаш зиялыларының бәрі 100 пайыз мектепке барып, молданың алдынан өткен. Себебі ол заманда, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында бастауыш білім діни мектепте берілген. Бірден орыс мектебіне барғандар өте сирек, жоқ деуге де болады. Сондықта...
Ислам тарихы ЕҢ АБЗАЛ САДАҚА – ДІН ЖОЛЫНДА ДҮНИЕ ЖҰМСАУ
Ислам дінін сан ғасырдан бері рухани тірегі еткен халқымыз қайырымдылық істерді ерекше ыждағаттылықпен, ықыласпен, барын салып, беріле атқарған. Қамыққанға қамқор, жабырқаған жанға демеу болу – қанымызға сіңген қасиеттің бірі. Сондықтан болар халық арасында асар, жылу, шүлен тарату, сыбаға, кеусен, ...
Ислам тарихы ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
Жаны саудың – тәні сау демекші, асыл дініміз адамның жан дүниесінің тепе-теңдігімен қатар физиологиялық денсаулығына да ерекше көңіл бөледі.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Джумада-сани 1448
Миләди
20 қараша 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:15

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi