САДАҚА - ІЗГІЛЕРДЕН БОЛУҒА СЕБЕПКЕР
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

САДАҚА - ІЗГІЛЕРДЕН БОЛУҒА СЕБЕПКЕР

| A | +

Садақа сөзінің мағынасы «Алла Тағалаға жақындау мақсатында берілетін нәрсе» дегенді білдіреді. Бұл мағынаның ішіне зекет, пітір, ықтиярымен берілген садақалар да кіреді. Парыз садақа дегеніміз - зекет беруді айтады.Тіпті әрбір жасалған жақсылықтың өзі де садақа делінген екен.

Демек, мұқтаж жандарға тиісті садақа (қаражат, ақша, азық-түлік, киім-кешектер т.б.) берудегі мақсат - Жаратқанға жақындау. Егер садақа беруші берген садақасын шын мейірімімен берген болса, онда оның сауабы "хадия" сыйлық дәрежесіне дейін көтеріледі.Садақаның "садақа" деп аталуына басты себеп, ол өз иесінің иманы мен ниетін растауда.

Алла Тағала Құран Кәрімнің Мұнафиқұн» сүресінің 10-шы аятында: «Сендерден біреулерін өлім келіп: Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар», - деп баяндайды. Жаратушы біздердерге бойымызда күш-қуатымыз, қолымызда дүние-мүлкіміз бар кезде, басымызға өлім періштесі келіп есік қақпастан бұрын, Алланың жолында садақаны сарп етіп тұруымызға шақырады. Яғни Алланың берген ризық-несібесінен арнаулы бір бөлшегін тиісті орындарға, (Алла жолына, зекет, мұқтаж жандарға, т.б.) садақа ретінде беріп тұруды айтады. Өз уақытында берілмесе, кейін бәрі де кеш болатындығы ескерілуде.

Садақаны жария немесе жасырын беру жайында Құранда: «Садақаны әшкере қылсаңыз қандай жақсы. Егер жасырын және пақырларға берсеңіз, бұл сіз үшін жақсы. Сіздің күнәларыңызды жуады. Және Алла істеп жатқан амалдарыңыздан хабардар», - деген. (Бақара сүресі, 271-аят). Бұл аятта садақаны әшкере қылу да жасырын қылу да мақталуда. Бұл жайында басқа да көптеген аяттар мен шариғи дәлелдерді толықтай қамтып үйреніп шыққан ғұламаларымыз қорытынды етіп айтады, егер садақа парыз садақа болған болса, оны әшкере жасаған жақсы, өйткені бұл жағдайда Алланың әміріне жасалған ғибадат та әшкере көрінеді, әрі міндетті емес (жағдайы төмен) адам да бұл жайттарден хабардар болады. Өз деңгейін біледі. Ал енді садақаны өз ықтиярымен беретін адам болса, оны жасырын жасағаны абзал. Өйткені ол адам садақа бергенде риядан және менмендік пен мақтаннан ұзақта болады.

Құран аятындағы: «Садақаны әшкере берсеңіз нендей жақсы», деген жерде парыз, борыш міндет садақаларды меңзеуде. «Егер жасырын берсеңіз», деген жерде өз ықтиярымен берілген садақалар көзге ілінуде. «… және пақырларға берсеңіз, бұл сіз үшін жақсы». Яғни, садақаға ең лайықты адамдар, бұлар - кембағалдар мен кедейлер.

Исламда садақаның жария етілуі де осы қауым өкілдерінің қамқорға ілінуі мен жәрдемде болуы үшін болған. Садақа беру мейлі жария, мейлі жасырын болсын, ол үнемі өз иесіне пайда келтіріп тұрады. Күнәларының кешірілуіне себеп болады.

Абдулла ибн Аббастан (р.а.) бұл аят кәриманың тәпсіріндегі риуаятта ол кісі айтады: «Алла Тағала ықтиярлы садақаның жасырын берілуін құптаған. Әрі мұны жария берілген садақаның сауабынан 70 есе артық қылған. Ал енді парыз садақаның жария берілгенін жасырын бергеннен гөрі 25 есе артық сауап артық етілген».

Баршамызға мәлім, адамның тапқан мал-мүлкінен өз ықтиярымен өзге адамдарға садақа беруі оңайға соқпайды. Бұл үшін әркез жүректегі сараңдық атты сезімді жоғалтып отыруы керек. Екіншіден, жомарттық дәрежеге жетуі үшін бойымыздағы риякершілікті жойып отыруымыз керек. Өйткені, садақа жолында мал сарп етуді дұрыс жүйеге қойғаннан гөрі, риядан қашу жүйесі едәуір қиынға соғатыны жайлы өмірлік тәжірибелерде талай орын алғандығы айтылады.

Садақа мұқтаж жанның қолына түсерден алдын Алланың қолына түсетіні жайында Абдулла ибн Масғұд (р.а.) риуаят етеді: «Кімде-кім садақа беретін болса, мұқтаж жанның қолына түсерден алдын Раббил Ғаламин болған Алла Тағаланың қолына түседі. Бұған Құран Кәрімде Тәубе сүресінің 104-ші аяты дәлел болады: «Олар, құлдарының тәубесін қабыл етіп, садақаларын қабылдайтын Ол Алла ғана екенін білмей ме? Шынында Ол Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді». (Тәубе, 104)

Түсініктеме: Адам садақа бергенде, садақамды мұқтажға беріп жатырмын деп ойламауы керек, садақам әуелі Алланың қолына түсіп жатыр деген ойда болуы керек. Бұл үлкен мәртебе. Аят пен хадисте нақты дәлелдермен көрсетілуде. Демек, садақа жәй ойлағандай емес, өте сауабы мол амал екен.

Садақа деген сондай үлкен мән берілетін амалға жататыны, оның аз-көбі болмайды. Жоғарыда айтылғандай, садақа сөзі «сидқ», «садиқ» сөзінен алынып, пенденің иманы бар екендігі растаушы іс деген мағынаны білдіреді.

Садақа қателіктерді өшіретін және онымен қоса Алланың кешіріміне лайықты ететіндігі жайында Икримадан риуаят етілген хадисте: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Айша (р.а.) анамызға: «Уа Айша, бір құрманы садақа етсең де садақа қыл, өйткені сенің берген садақаң аш қалғанды тойдырады, қателіктерді өшіреді, құдды су отты өшіргендей», - деген екен.

Түсініктеме: Барша күйетін нәрсені су өшіргені секілді, адамның да екі өмірін күйдіретін күнәларын садақа өшіреді. Сол үшін де біліп те білмей жасаған күнәларымыз кешіріліп тұрсын деген әр пенде әркез жоқ-жітіктерге садақа беріп тұрғаны абзал. Сол кезде ғана ол пенде мақсат-мұратына жетеді.

Садақа деген тек белгілі бір мөлшерде ғана берілуі шарт емес. Бір дана құрма болса да садақа болып санала береді. Садақа - аш қалған міскіннің қарнын тойдырады.

Жоғарыдағы хадистен алынатын пайдаларға келетін болсақ:

* Адамның өз айналасындағыларға қарайласып тұруы;

* Арзымаған нәрсе ғой демей, адал тапқанынан барынша садақа беріп тұрса қабыл болатындығы;

* Садақа күнәларымызды кешірілуіне өз септігін тигізетіндігі; т.б.

Абдуррахман ибн Зәйд ибн Әсламнан, ол кісі әкесінен риуаят етеді: «Лұқман өз ұлына: «Әй, ұлым! Егер қандай да бір қателікке бой алдырған болсаң, дереу садақаңды дайындай бер!», - деген екен.

Түсініктеме: Демек, садақа жақсы ниетпен берілсе, пенденің қателіктерінің жуылатынына себеп болады. Сол үшін де Лұқман Хакім өз ұлына осындай насихат айтқан. Біздер де мұны әркез қаперге ұстап, амал қылуымыз керек.

Омар ибн Хаттаб (р.а.) бір мәрте екінті намазын жамағатпен оқи алмай қалған кезде нарқы екі жүз мың болған жерін садақа қылып беріп жібергені туралы декректер бар. Ибн Омар (р.а.) қандай да бір намазын жамағатпен оқи алмаған болса, сол түні ұйықтамай намаз оқып шығатын болған. Күндердің бір күнінде Шам намазын кешігіп, екі жұлдыз шыққан кезде оқиды. Осы бір кемшілігі үшін екі жүз құлды азат еткендігі жайлы айтылады.

Сондай-ақ, сырттан қарағанда садақа берген адамдардың мал-мүліктері едәуір кеміп, азайып қалғанға ұқсайды. Ал енді негізінде болса, бұның тексерісі болады. Өйткені, Жаратушы садақаны көбейтеді. Садақа берушінің дүние мүлкі аз болса да, Алла оған берекелер нәсіп етеді, бәле-жалалардан аман етіп, басына тыныштықтар береді.

Алла Тағала тек пәк, таза болған садақаны қабыл етеді екен. Кейбір адамдар садақа мен зекет мал-дүниені пәктейді деген ұғыммен тіпті арамнан тапқан мал-дүние, табысынан да садақа беріп жатады. Жадымызда сақтауымыз керек, берген садақаларымыз тек адалынан болған кезде ғана өзімізді, дүние-мүлкімізді тазартып, оның өсуіне, берекелі болуына өз септігін тигізеді. Сол үшін де ғұламаларымыз арам дүниені арам садақамен тазаламақшы болғандарды «нәжісті зәрмен жуып, тазалап жатқан іспеттес» деп түсіндірген екен.

Ғұламалар садақа беретін адам өзінің дүниесінен біраз ғана бөлігін беру керектігін айтады. Өзіне ештеңе қалмайтындай етіп берілген садақа еш дұрыс емес екендігін айтқан. Садақаны мүмкіндігі барынша ең әуелі өзіне қарасты жақын ағайын-туыстардан бастаған абзал. Бұларды ысырып қойып, сырт жаққа берген дұрыс емес. Садақаны аз мөлшерде ғана бердім, аз садақаның сауабы да аз болатын шығар деп ойламау керек. Мәселе садақаның азында емес, мәселе оның ниеті мен амалында.

Құрметті оқырман! Садақа беру мен оның артықшылықтары жайында көптеген дәлелдер мен дәйектер көп. Әркез Алланың жолына арнап берген садақаларыңыз қабыл болсын. Еліміміз аман, жұртымыз тыныштықта болсын!

 

Түрксіб ауданы, «Қайрат» мешітінің

бас имамы Данияр Мұсаев

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚАДІР ТҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ? ЖАТ ДІНИ АҒЫМ ҰСТАНЫМДАРЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...
Пайым-парасат ҚҰРАН АЯТАРЫНДАҒЫ "ЖҮРЕК" ҰҒЫМЫ
Жүрек - ақыл, таным, білім, ниет, сенім, даналық және құрбандық тәрізді адам үшін өте маңызды мәселелердің жиынтығы. Егер жүрек тірі болса, бұл сезімдер де тірі болып саналады. Егер ол қандай да бір себеппен тоқтаса не күйзелсе, онда бұл өмірдің саған қойған белгісіз жоспарының сәтсіз жері  немесе қ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Зекет МҰҚТАЖДЫҚ БІР СӘТ ҚАНА
Адамзат баласына жарық шамшырақ болған Ислам діні бүгінгі қоғамға мейірімділік пен жақсылықтың, қайырымдылық пен ізгіліктің жарқын үлгісін көрсетуді бұйырады. Қазіргі қоғамда қайырымды жандардың көмегіне зәру, жақсылығына мұқтаж адамдардың ішіндегі ерекше топ ретінде  жарынан айырылып, тұрмыстың қиы...
Зекет ІЗГІЛІК БАСТАУЫ - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, БЕРЕКЕ КІЛТІ - САДАҚА
Асыл дініміз күллі адамзат баласын татулық пен достыққа, бірлік пен жанашырлыққа шақырып қана қоймай, осы ізгі қасиеттерді қоғамға мейлінше көбірек таратуды бұйырады. Қоғамды ізгілендіруге ықпал ететін игі амалдың бірі – қайырымдылық жасау, садақа беру....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi