КИБЕРСПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУДЫҢ ҮКІМІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:42

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:42 07:03 11:45 14:38 16:20 17:42
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-сани 1447
Миләди
03 желтоқсан 2025

Мақалалар

КИБЕРСПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУДЫҢ ҮКІМІ

| A | +

 بسم الله الرحمن الرحيم

الحمد لله ربّ العالمين و الصلاة و السلام على خير خلقه محمـد و آله و أصحابه أجمعين

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Киберспорт (ағылш. cybersport, «компьютерлік спорт» немесе «электронды спорт» деп те аталады) – бұл видео ойындарға негізделген командалық немесе жеке жарыс.

Шариғатта тыйым салынған дүниелер қамтылмаса ойын ойнауға, көңіл көтеруге болады[1]. Ал электрондық, компьютерлік ойындарды (киберспорт) ойнаған жағдайда мынадай шарттар сақталуы тиіс[2]:

  • Құлшылыққа кедергі болмауы, ислам сеніміне қайшы келмеуі;
  • Адамның психикасы мен болмысына зиян келтірмеуі және өмірлік қажеттіліктеріне (мысалы, білім алуына, кәсіп етуіне кедергі болып, отбасылық құқықтарынан айырылып қалмауы) тосқауыл болмауы;
  • Құмар араласпауы[3] және құмарлық сипаттағы ойын болмауы; Алла Тағала Құранда былай деген:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنصَابُ وَالْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

«Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап, құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше бұлардан аулақ болыңдар»[4].

  • Азғындыққа, моральдық құндылықтардан алыстатуға итермелейтін ойын болмауы;
  • Балағат, боғауыз сөзден аулақ болуы[5].

Сонымен қатар, ұрыс-төбелес, соғыс, зорлық-зомбылық, адам өлтіру, өз-өзіне қол жұмсауға, қылмыс жасауды насихаттайтын ойын түрінен барынша алшақ болғаны дұрыс. Оған қоса уақытының барлығын ойынмен өткізбеуі керек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Көптеген адамдар қадірін білмейтін екі нығмет бар. Олар: денсауық пен бос уақыт»[6], – деп айтқан.

Шешім:

  1. Киберспорт құлшылыққа, өмірлік қажеттілікке (білім алуына, еңбек етуіне, отбасылық міндеттеріне) кедергі келтірмесе, психика мен болмысқа зиян тигізбесе, құмар т.б. шариғатқа қайшы элементтерді қамтымаса – рұқсат.
  2. Жүлделі киберспортта ұтысты демеуші не басқа бір тарап қоюы тиіс.
  3. Қатысушылар ақша тігіп, жеңгені жүлде алса, құмарға жатады. Шариғатта құмар ойындарға тыйым салынады.

[1] https://aliftaa.jo/research-fatwas/896

[2] Али Жұма, «Компьютерлік ойынхана ашу үкімі», Мысыр пәтуа комитетінің ресми сайты, №5550, 2003 ж. Шауқи Ибраһим Әлләм, «Электрондық ойын ойнау үкімі», Мысыр пәтуа комитетінің ресми сайты, №5556 пәтуа, 2021 ж. 

[3] Егер киберспорт жүлделі болса, онда оны үшінші жақ немесе қатысушы тараптың бірі қоюы керек. Егер жарысқа қатысушы тараптың немесе команданың барлығы ақша тігіп, кейін ұтқан адам қойылған жүлдені алатын болса, бұл құмар саналады (Мәусули, «Әл-Ихтияр», 4/156-157). Шариғатта оған тыйым салынған.

Егер екі жақ қана жүлде тігіп, оған үшінші адам немесе бірнеше команда қатысып, жеңген жағдайда сол жүлдені жүлде тікпеген тарап алса, ал жеңілген жағдайда ешнәрсе бермесе, шариғатта рұқсат. Дегенмен жүлде тікпейтін тарап жеңетіндей мықты болуы керек. Егер әлсіз болып, жай тізім үшін жазылып, жеңіле салса, құмар қатарына кіреді (Мухамад Мәжид Итр, «Әл-Муфассал фи әл-фиқһи әл-Ханафи», 182). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Кім екі аттың арасына үшінші атты жарысқа қосып, ол аттың озуы басым болса, бұл құмарға жатпайды. Ал екі аттың арасына жарысқа қатыстырған үшінші аттың озбайтыны анық болып тұрса, бұл құмар болады», – деген (Әбу Дәуід, №2579. Ибн Мәжә, №2876).

[4] «Мәида» сүресі, 90-аят.

[5] https://www.dar-alifta.org/ar/fatwa/details/17748/%D8%B6%D9%88%D8%A7%D8%A8%D8%B7

[6]  Бұхари, №6412.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: пәтуа
Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы БАЛАЛЫ ҮЙ - БАЗАР

Тақырып аясындағы мақалалар

пәтуә КОЛЛАГЕНДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ҮКІМІ
Коллаген (грек. kolla – желім және ген) – дәнекер ұлпаларын біріктіретін ақуыздың бір түрі.
пәтуә СУРЕТ САЛУДЫҢ ҮКІМІ
Сурет – әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынатын өнер түрі[1]....
Сұрақ-жауап ТАТУИРОВКАНЫҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ҮКІМІ
Татуировка – тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі сурет[1].
ҚМДБ ПӘТУАЛАРЫ МЕШІТТЕН ТЫС ЖЕРДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ОҚУҒА БОЛА МА?
Шариғат бойынша жұма намазының дұрыс өтелуі үшін белгілі шарттар орындалуы керек. Атап айтқанда, жұма намазы жалпыға рұқсат етілген жерде оқылуы шарт. Белгілі жамағатқа ғана рұқсат етіп, басқаға келуге тыйым салынса, жұма намазы дұрыс болмайды....
ҚМДБ ПӘТУАЛАРЫ ШАРИҒАТ АУКЦИОНҒА ҚАТЫСУДЫ ҚҰПТАЙ МА?
Аукцион (лат. аuctіo – бәсеке сауда) – көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда. Жұмһур ғалымдар сауданың бұл түріне рұқсат береді (Сарахси, «Әл-Мәбсут», 15/138. Тахауи, «Мухтасар ихтиләфи әл-уләмә», 3/60. «Хәшияту әл-Адуа әлә кифәяти әт-тәли...
Сұрақ-жауап Тырнақты бояу (маникюр) үкімі / ҚМДБ пәтуасы
Әйел затына шариғат шеңберінен шықпай сәнденуіне рұқсат етіледі. Бұл ұстанымды ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали мәзһаб өкілдерінің барлығы құптайды. Қазіргі таңда әйелдер сәнденудің бір түрі ретінде тырнақ бояуды әдетке айналдырған. Тырнақ бояуға қатысты ғасырымыздағы бірқатар ғалымдар рұқсат берген....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

пәтуә КОЛЛАГЕНДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ҮКІМІ
Коллаген (грек. kolla – желім және ген) – дәнекер ұлпаларын біріктіретін ақуыздың бір түрі.
пәтуә ИСЛАМДА АҢШЫЛЫҚ ҮКІМІ
Шариғатта аңшылыққа рұқсат берілген. Ол туралы Құран Кәрімде: وَإِذَا حَلَلْتُمْ فَاصْطَادُواْ «Ихрамнан шыққаннан» кейін (қаласаңдар) саятшылық құрыңдар»[1] – дей отырып, келесі аятта:    يَسْـَٔلُونَكَ مَاذَآ أُحِلَّ لَهُمْ ۖ قُلْ أُحِلَّ لَكُمُ ٱلطَّيِّبَٰتُ ۙ وَمَا عَلَّمْتُم مِّنَ ٱلْ...
пәтуә СУРЕТ САЛУДЫҢ ҮКІМІ
Сурет – әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынатын өнер түрі[1]....
пәтуә КВАДРОБЕРДІҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ҮКІМІ
Квадробер[1] – бұл жануардың сыртқы түрін (бейнесін) көрсететін бетперделерді, құйрығы мен құлақтарын тағып алып, жануардың іс-қимылдары мен әдеттеріне еліктеп, солар сияқты өмір кешетіндер....
пәтуә КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ҮКІМІ
Кибербуллинг – бұл интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау[1]
пәтуә ТРАМАДОЛДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҮКІМІ
Трамадол – апиындық анальгетик, синтетикалық препарат. Бұл дәрі кейбір ауру түрлерін тыныштандыру, ауырсынуды басу үшін қолданылады.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-сани 1447
Миләди
03 желтоқсан 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:42

Урок 126. Глава 13. 129 хадис

Ваши ответы по теме урока - верные. Но мы не можем их оставить в комментарии, т.к. тогда пропадает с

Администратор Azankz
27 қар. 2025

Назначен новый руководитель отдела по делам религии и анализа ДУМК

Timely report — this article highlights the recent leadership change at a major religious-anal

X
26 қар. 2025

О приоритетах

Great meaningful piece reflecting on one’s true priorities and obligations — very though

X
4 қар. 2025

22 урок: О дополнительных земных поклонах

"В случае, если молящийся выполнил 5 ракаат, т.е. совершил и руку и саджда, а затем вспомнил, что ош

Al Almaty
7 қыр. 2025

Урок 22: Вторая клятва при Акабе

(+++++)

Амир Холматов
2 қыр. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi