ҚҰРАН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚҰРАН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

| A | +

 الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

 

Қасиетті Құран – адамды екі дүние бақытына жетелейтін қасиетті кітап. Ол адам баласына тура жол көрсетіп, екі дүние бақытына жетелеумен қатар, адамзатты білімге, ғылымға шақырады. Қасиетті Құранның ең алғаш түскен аяттары:

اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ. خَلَقَ الإِنسَانَ مِنْ عَلَقٍ. اقْرَأْ وَرَبُّكَ الأَكْرَمُ. الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ. عَلَّمَ الإِنسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ.

«Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай-ақ Ол қаламмен үйретті. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйретті», – деп нәзіл болған («Ғалақ» сүресі, 1-5-аяттар).

Бұл аят асыл дінімізде білім алудың қаншалықты үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Өкіншіке орай, кейінгі кездері Құранды ғылым мен технологияға қарсы қойып, қабылдағысы келмейтіндер шыға бастады. Біле білсек, қасиетті Құран білім мен өркениетке, ғылым мен технологияға ешуақытта қарсы болмаған және қарсы болмайды да. Қасиетті Құран керісінше Алла Тағаланың жаратқан жаратылыстары туралы ой жүгіртіп, Оның белгілерін тануға, ғылымды дамытуға шақырады. Қандай да бір адам өмірге пайда келтіретін ғылыми жаңалық ашса, өзіндік сауабын алады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 إِذَا مَاتَ ابنُ آدم انْقَطَعَ عَنْهُ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثٍ: صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ، أو عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ، أَوْ وَلَدٍ صَالِحٍ يَدْعُو لَهُ

«Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, бүкіл амалы тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері тоқтамайды (жалғаса береді). Олар: жалғасып тұратын садақа, пайдаға асқан білім және дұға жасайтын салиқалы ұрпақ», – деген (имам Мүслим).

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:

Дін – ғылымның анасы,

Дін – ғылымның әкесі.

Ғылым – діннің баласы,

Дін – ғылымның көкесі.

Ғылым да бар, дін де бар,

Қоқыс та бар, гүл де бар.

Қол ұстасып Құдайға,

Ғылым мен дін бірге бар, – деп, дін ғылымның бастауы екенін айтқан.

 

Қасиетті Құранда геология, биология, эмбриология, география өзге де ғылым салаларына қатысты көптеген аяттар бар. Кейбір сахабалар аятты сол уақытта түсінбегенімен, заман өте келе, ғылым дамыған сайын мағынасы анықталған. Мұндай Құранның ғажайыбына куә болып, Исламды қабылдағандар да қаншама. Бүгінгі жұма уағызымызда қасиетті Құрандағы кейбір ғылыми аяттардың сырына тоқталатын боламыз:

 

Бірінші: темірдің қасиеті

Алла Тағала қасиетті Құранда:

وَأَنزَلْنَا الْحَدِيدَ فِيهِ بَأْسٌ شَدِيدٌ وَمَنَافِعُ لِلنَّاسِ

«Біз темірді түсірдік. Онда адам баласына зор күш-қуат пен пайда бар...», – деп айтқан («Хадид» сүресі, 25-аят).

Аятта  (أنْزَلْنَا) «әнзәлнә» деп айтылған. Бұл сөз «түсірдік, құлаттық» деген мағынаны білдіреді. Демек темірді Жаратушы Алла көктен түсіргенін баяндап тұр.

Қазіргі ғылыми зерттеулер көрсеткендей, мұндай химиялық элемент Күн жүйесінде (Жер де кіреді) пайда бола алмайды. Өйткені күннің беткі температурасы 6000 градустан (Цельсий) аспайды, ал ядросы 15 миллион градус шамасында. Көлемі мен массасы күннен әлдеқайда үлкен жұлдыздарда барлық сутегі жанғаннан кейін ондағы температура шамамен 3 миллиард градусқа жетеді. Сол кезде ғана темір түзіледі. Осынау орасан зор жұлдыздардың ішіндегі темір массасы өзінің шегіне жеткен кезде жұлдыз оны ұстап тұра алмайды. Осылайша іштен кернеген ыстық массадан жұлдыз жарылады. Темір массалары метеориттер күйінде ғарыш әлеміне шашыла ұшады. Бұл метеориттер ғарышта осылайша айналып жүргенде жердің тартылыс аймағына тап болып құлап түседі. Бұдан шығатын қорытынды, темір рудасы жердің өзінде пайда болмаған. Ол мұнда сыртқы ғарыштан, әлдебір аса жаңа жұлдыздың жарылысынан соң метеориттермен бірге түскен. Яғни Құранда айтылғандай, жерге түсірілген.

Жер қыртысындағы темір кенінің орналасуы мен таралуында белгілі бір заңдылық бар екені анықталды. Жер қыртысының пайда болуының әртүрлі кезеңдеріндегі және түрлі географиялық ендіктердегі темір кендері ретсіз емес, геомагниттік полюстерге қатысты белгілі бір бағытта орналасқанын көрсеткен. Мұның өзі темірдің жерге белгілі бір уақыт пен кезеңде түскеніне дәлел.

 

Екінші: саусақ бедерінің кереметі

Саусақ іздері – Құранның ғылыми ғажайып кереметтерінің бірі. Алла Тағала қасиетті Құранда:

أَيَحْسَبُ الإِنسَانُ أَلَّن نَجْمَعَ عِظَامَهُ. بَلَى قَادِرِينَ عَلَى أَن نُّسَوِّيَ بَنَانَهُ

«Адам баласы біз сүйектерді қайта жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине, оны саусағының ұшына дейін қайта жасай аламыз», – деп айтқан («Қиямет» сүресі, 3-4-аяттар).

Адам денесінде бас, жүрек, ми сияқты саусақтан да өзге ағзалар бола тұра Құранда неліктен адамның саусақ ұшы айтылған? Ойланып қарасақ, бұл жерде Құранның мұғжиза екеніне дәлел бар. Әрбір адамның саусақ ізі – ешқашан қайталанбайтын бірегей құбылыс. Осы уақытқа дейін миллиардтаған адам дүниеге келіп, өмірден өтіп кеткенімен әрбір адамның саусақ іздерінде мүлдем ұқсастық жоқ. Тіпті ДНК құрылымы бірдей егіздердің саусақ ізі де әртүрлі болып келеді. Бір сөзбен айтқанда, әрбір жанның саусақ ізінде оның жеке басы туралы мәліметтер жинақталған. Бұл мәліметтерді қазіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген штрих кодпен салыстыруға болады. Әрбір жанның саусақ ізі – тек өзіне ғана тиісті түпнұсқа. Саусақ ізі бала ана құрсағында жатып, өмірге келгенге дейін толыққанды соңғы пішінін қалыптастырады екен. Сондықтан саусақ ізі әрбір жанның жеке басын куәландыратын құжаты десек те болады.

Саусақ ізін сараптайтын мамандар әр адамның саусақ ізі сол адамды танудың кемшіліксіз, қатесіз әдісі деп есептейді. Мұндай мамандарды дактилоскопист, ал ғылым саласында дактилоскопия деп аталады. Дактолоскопия ғылымы 1877 жылы белгілі болса, 1902 жылдан қолданысқа ене бастады. Оған дейін саусақ ізі адамдар үшін жай ғана сызықтар ретінде белгілі болып, ешқандай маңызды ақпарат бермейді деп есептелінді.

Дене мүшелерінің сөйлеуі жайлы қасиетті Құранда:

وَيَوْمَ يُحْشَرُ أَعْدَاء اللَّهِ إِلَى النَّارِ فَهُمْ يُوزَعُونَ. حَتَّى إِذَا مَا جَاؤُوهَا شَهِدَ عَلَيْهِمْ سَمْعُهُمْ وَأَبْصَارُهُمْ وَجُلُودُهُمْ بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ. وَقَالُوا لِجُلُودِهِمْ لِمَ شَهِدتُّمْ عَلَيْنَا قَالُوا أَنطَقَنَا اللَّهُ الَّذِي أَنطَقَ كُلَّ شَيْءٍ وَهُوَ خَلَقَكُمْ أَوَّلَ مَرَّةٍ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

«Күндердің күнінде Алланың дұшпандары топ-тобымен тозаққа айдалу үшін қабірінен шығарылып, сап түзеген күйде ғарасат майданына айдалады. Олар межелі жерге келіп жеткенде, құлағы, көзі һәм терісі (дүниеде) не істеп, не қойғанын айтып, өздеріне қарсы куәлік береді. Сол кезде олар терісінен: «Неге бізге қарсы куәлік бердіңдер?» – деп сұрайды. Сонда терісі: «Барлық нәрсеге тіл бітірген Алла бізге де тіл бітірді», – деп жауап береді», – делінген («Фуссиләт» сүресі, 19-21 аяттар).

Бұл аяттарда ақыретте адамның дене мүшелері өзіне қарсы айғақ беріп, пенденің барлық күнәсын ашып көрсететіні жайында айтылуда. Бір қарағанда ақылға қонымсыз, қисынсыздау көрінгенімен мұның да ғылыми тұрғыда негізі бар. Себебі ғалымдар бактериялардың ДНК-сына ақпарат енгізе алды, ол өз кезегінде мыңдаған жыл бойы сақталуы мүмкін. Жаңа әдіс мамандарға ақпаратты адамның жасушасына немесе су молекуласына жазуға мүмкіндік берді. Яғни бүгінгі күні ақпарат кез келген ағзада сақталады. Осылайша құдіретті Жаратушы Иеміз біздің денеміздің жасушаларында кез келген ақпаратты сақтауға мүмкіндік берген.

 

Үшінші: құстардың жаратылысы

Алла Тағала қасиетті Құранда: 

أَلَمْ يَرَوْا إِلَى الطَّيْرِ مُسَخَّرَاتٍ فِي جَوِّ السَّمَاء مَا يُمْسِكُهُنَّ إِلاَّ اللَّهُ إِنَّ فِي ذَلِكَ لَآيَاتٍ لِّقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ

«Олар аспан кеңістігінде Алланың әміріне, орнатқан заңдылықтарына толық бағынған күйде самғап ұшқан құстарға зер салып қарамай ма? Оларды сол кеңістікте Алладан басқа ешкім құлатпай ұстап тұрған жоқ. Әлбетте, осының өзінде иман келтірген қауым үшін көптеген белгілер, дәлелдер бар», – деп айтқан («Нахыл» сүресі, 79- аят).

Шынымен-ақ, көк жүзінде еркін самғаған құстарға көз салсаңыз Алла Тағаланың құдіретіне еріксіз таңдай қағасыз. Суылдай көкке көтерілген көк еркесі жерге құлап кетпей немесе аспанға шығып алып түсе алмай жатқанын байқамайсыз. Қалағанынша көкті көкірегімен тілімдеп, суылдай жерге қарай ағызып келіп қонса, кейде зау көкке шығып алып, қанатын бір қақпай самғап жүреді де қояды. Негізі кез келген құсты физикалық жағынан алып қарағанда әжептәуір салмағы бар екенін байқайсыз. Ең кішткентай құс болып табылатын колибридің салмағы 20 грамм деп айтады. Ал, құстардың патшасы болған қырандар мен құмайлар қасқыр, түлкі сынды аңдардың омыртқасын теуіп сындыратындай салмағы бар екендігін ескерсек, әжептәуір салмақ берілген жаратылыс екендіктерін байқаймыз. Осыншалықты салмаққа ие бола тұра оларды аспаннан құлатпай ұстап тұрған нендей күш? Әрине, ол Алла Тағаланың құдіреті. Қасиетті Құранда:

أَوَلَمْ يَرَوْا إِلَى الطَّيْرِ فَوْقَهُمْ صَافَّاتٍ وَيَقْبِضْنَ مَا يُمْسِكُهُنَّ إِلاَّ الرَّحْمَنُ إِنَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ بَصِيرٌ

«Төбелеріндегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құстарға неге назар салмайды? Оларды әуеде Рахманнан басқа ешкім ұстап тұрған жоқ. Ол барлық нәрсені көруші», – деп айтылған («Мүлік» сүресі, 19-аят).

Бұл аятта Алла өзінің құдіретін құс деген жаратылысы арқылы көрсетуде. Құс аспанда бірде қанатын жайып, бірде қанатын бауырына жинап ұшады. Құс белгілі бір салмаққа ие және тартылыс заңын ескерсек, онда құс жерге салп етіп құлауы тиіс. Бірақ құс аспанда оңға-солға, алға-артқа, кейде құлдилап төмен ұшады, тік көтеріледі, 180 градусқа бағытын өзгерте алады. Оны көкте ұстап тұрған кім? Алла Тағаладан басқа ешкім емес. Осы арқылы Алла Тағала аятта өзінің күшін көрсетеді. Құран – тура жолға салушы, біз Құран оқи отырып, Жаратушыға жақындаймыз. Әлбетте, Құран Кәрім ғылым мен техникаға арналған кітап емес. Соған қарамастан, ғылым мен техниканың негізі Құранда жазылған.

Ұшақ, тікұшақ, зымыран, т.б. ұшу құрылғыларының құрылысы құстың самғауына және қонуына қарай жасалған. Батыс елдерінде ең алғашқы ұшу процесін ағайынды Райттар жасады деп біледі. Алайда бұл қате дәлел. Ең алғашқы көкте қалықтаған адам – Кордовалық Аббас ибн Фирнас. Аббастан бұрын да адамдар қаншама рет ұшуға талпынған. Ибн Фирнас 852 жылы құстың қанатына ұқсас аппаратты денесіне орналастырып, көкте он минуттай қалықтайды. Алайда соңында жерге құлап түседі. Сонда құстың құйрығын жасамағаны үшін құлағанын түсінеді. Құс жерге қонарда алдымен құйрығымен басқарады да сосын барып алдымен қонады. Ұшақты жерге қондырарда тура осындай механизм жұмыс жасайды.

 

Төртінші: ара балының шипасы

Алла Тағала қасиетті Құранда балдың емдік қасиеті бар екені турасында:

وَأَوْحَىٰ رَبُّكَ إِلَى النَّحْلِ أَنِ اتَّخِذِي مِنَ الْجِبَالِ بُيُوتًا وَمِنَ الشَّجَرِ وَمِمَّا يَعْرِشُونَ ثُمَّ كُلِي مِن كُلِّ الثَّمَرَاتِ فَاسْلُكِي سُبُلَ رَبِّكِ ذُلُلًا ۚ يَخْرُجُ مِن بُطُونِهَا شَرَابٌ مُّخْتَلِفٌ أَلْوَانُهُ فِيهِ شِفَاءٌ لِّلنَّاسِ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِّقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ        

«Раббың, араға: «Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!» – деп нұсқады. «Сонсоң әртүрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!». Араның қарындарынан түрлі-түсті сұйықтық шығады. Онда адамдар үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қауым үшін ғибрат бар», – деп айтқан («Нахыл» сүресі, 68-69-аяттар).

«Әт-Тафсиру әл-муяссару» кітабының бұл аятқа жасалған тәпсірінде былай делінеді: «(Уа, Пайғамбар!) Осылайша Раббың Алла Тағала араға тауларда, ағаштарда немесе адамдардың соққан құрылыстары мен шатырларында омартасын (ұясын) салуға илһам жасады. Сөйтіп қалаған жемісін жесін деді. Ризығына жетуі үшін Раббысының ол үшін жасаған жолдарын қолданып таулардан, ағаштардан ризық іздеуін әмір етті. Алла Тағала араларды қанша ұзаққа алыстаса да омартасын қайта оңай табуы үшін жолын табуды жеңілдеткен. Кейіннен осы араның ішінен түрлі-түсті ақ, сары, қызыл және тағы басқа балдар шығады. Онда адамдар үшін түрлі ауруларға қарсы шипа бар. Расында араның жасап жатқан ісінде түсіне білген, ой жүгірте алған қауым үшін Раббысының қаншалықты құдіретті екенін көрсететін күшті дәлелдер бар».

Хадисте Әбу Сағид әл-Худри (Алла оған разы болсын) мына оқиғаны жеткізген:

«Бірде бір кісі Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Бауырымның іші бұрап ауруда», – деді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оған бал бер», – деді. Әлгі кісі Алла Елшісінің айтқанын орындады, артынша келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Бауырыма бал бердім, алайда іші одан бетер ауруда», – деді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қайтадан: «Оған бал бер», – деп қайтарды. Дәл осылай бірнеше рет қайталанды. Сөйтіп үшінші, не төртінші рет қайта келгенінде әлгі кісі: «Бауырым жазылды», – деді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла турасын айтты, ал алдаған бауырыңның іші еді», – деді (имам Бұхари).

Арадан шыққан нәрселерде адам үшін шипа бар. Әлгі нәрселердің қайсы бірі болмасын, жекелеп алар болсақ әрқайсысында шипа бар. Балдың өзі шипа, патшайымның азығы да шипа, желімі шипа, гүлінің аталық ұрығы шипа, керек десе уы да шипа. Адам бұл нәрселерде шипаның бар екенін оны зерттеместен қайдан біле алады? Сол үшін адам бұл нәрселерді лабораториялық жолмен зерттейді. Сөйтіп әрқайсысының емдік қасиеттеріне жеке-жеке тоқталады. Себебі бұл заттардың кейбірі вирусты жоятын қасиетке ие, екіншіден иммунитетті қуаттайды, тағы біреуі көзге, енді бірі тері және тістерге пайдалы.

 

Бесінші: тауларды қазық етіп жараттық

Таулардың жер астына қазық сынды терең орналасқаны астыңғы бөлігі мен өзінің алып пішіні жердің беткі қабатының тоқтаусыз сілкінуіне жол бермей тұрақты етіп ұстап тұрады. Алла Тағала бұл жайында:

أَلَمْ نَجْعَلِ الْأَرْضَ مِهَادًا وَالْجِبَالَ أَوْتَادًا

«Жерді бір төсеніш, тауларды қазық қылмадық па?!» – деп айтқан («Нәбә» сүресі, 6-7-аяттар). Сондықтан айналамызда таудың болуы да жайдан-жай емес. Оның да өзіндік ғылыми тұсы бар. 

 

Алтыншы: бүкіл нәрсе судан жаратылған

Алла Тағала қасиетті Құранда:

وَجَعَلْنَا مِنَ الْمَاءِ كُلَّ شَيْءٍ حَيٍّ أَفَلَا يُؤْمِنُونَ

«Біз әрбір тірі нәрсені судан жараттық, олар сонда да соған сенбей ме?» – деп айтқан («Әнбия» сүресі, 30-аят).

Имам Қуртуби (Аллаға оны рақымына алсын): «Бұл аятты үш түрлі түсіндіруге болады:

Біріншісі: Барлық нәрсе судан жаратылған. Бұл көзқарасты имам Қатада да айтқан.

Екіншісі: (Алла Тағала) барша тірі жанның тіршілігін сумен сақтап тұр.

Үшіншісі: Әрбір тірі нәрсені белдегі судан жараттық деген көзқарас», - деген.

Су адам құрылысының маңызды бөлшегі, адамның денесінің шамамен үштен екісі судан тұрады. Еркек адамның денесі жуық шамамен 55-65 %, ал әйел адамның  50-55%-ын су құрайды. Арасындағы кішігірім айырмашылық ер адамның бойындағы бұлшық еттің массасының басымдылығымен түсіндіріледі. Бұл есейген кездегі көрсеткіш. Адам баласы жаңа туылғанда денесіндегі судың мөлшері оның 75%-ын құрайды екен. Бұл көрсеткіш оның бір жасқа толғанша жалғасып, кейіннен жоғарыда көрсетілген көрсеткішке ауысады.

 

Жетінші: адам баласының дүниеге келуі

Құранның көптеген аяттарында адам баласының дүниеге қалай келетіні, Алланың құдіретімен ана құрсағында жатып қандай даму кезеңдерінен өтетіні туралы жиі-жиі сыр шертіледі. Мысалы, қасиетті Құранда. «Мүминун» сүресінде:

وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَـٰنَ مِن سُلَـٰلَةࣲ مِّن طِینࣲ. ثُمَّ جَعَلۡنَـٰهُ نُطۡفَةࣰ فِی قَرَارࣲ مَّكِینࣲ. ثُمَّ خَلَقۡنَا ٱلنُّطۡفَةَ عَلَقَةࣰ فَخَلَقۡنَا ٱلۡعَلَقَةَ مُضۡغَةࣰ فَخَلَقۡنَا ٱلۡمُضۡغَةَ عِظَـٰمࣰا فَكَسَوۡنَا ٱلۡعِظَـٰمَ لَحۡمࣰا ثُمَّ أَنشَأۡنَـٰهُ خَلۡقًا ءَاخَرَۚ فَتَبَارَكَ ٱللَّهُ أَحۡسَنُ ٱلۡخَـٰلِقِینَ.

«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын, оны мудғаға (бір жұдырық ет көрінісіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла ең керемет Жаратушы»,  – деп айтылған («Мүминун» сүресі, 12-14-аяттар)

Ал «Зүмәр» сүресінің 6-аятында:

يَخْلُقُكُمْ فِي بُطُونِ أُمَّهَاتِكُمْ خَلْقًا مِّن بَعْدِ خَلْقٍ فِي ظُلُمَاتٍ ثَلَاثٍ

«Ол сендерді аналарыңның ішіндегі үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты», – деп айтылған.  

Ал, ғылым мен технология дамыған бүгінгі таңда бұл аяттың мәні одан әрі айшықтала түсуде. Жан-жақты зерттеу барысында бұл аяттың адамның пайда болуында жүктілік дамуының жалпы барысын меңзейтінін байқаймыз. Атаның белінен ананың құрсағына барған «тіршілік иесі» жүктіліктің тоғыз ай тоғыз күндік жалпы барысының өзінде «бір жаратылыстан кейін бір жаратылыс» «үш қараңғылықта» болмақ. Яғни, заманауи биотехнологиялық жаңалықтар жүктіліктің барысы үш кезеңнен тұратынын анықтады. Олар:

Біріншісі, «бастапқы (передэмбироналды) кезең». Бұл «бірінші қараңғылық» ішіндегі «бір жаратылыс». Яғни, хорион қабаты ішіндегі ұрық көпіршігінде жүзіп жүретін ұрықтанған аналық ұрық клеткасы. 

Екіншісі, «ұрықтық (эмбрионалды) кезең». Бұл кезең аятта айтылған «екінші қараңғылық», ұрық кіндікке ілініп қағанақ сүйықтығының ішінде жүзіп жүретін адам бейнелі жаңа бір жаратылысқа айналады.

Үшіншісі, 8-9 аптадан бала өмірге келгенге дейінгі «нәрестелік (феталды) кезең». Аталмыш кезең, аятта баяндалған адамның құрсақта дамуының «үшінші қараңғылық» сәті. Бұл мерзімде іштегі нәрестенің дене мүшелері, ағзалары мен жасушалары өсіп-жетіліп, ақырғы сәтінде дене бітімі мен ағзалары кәдімгі адам бейнелі «бір жаратылыстан кейінгі бір жаратылыс».

Көріп отырғанымыздай, тұтас даму кезеңінде адамның ананың құрсағында «үш қараңғылықта» «бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратылғандығын» дәлелдейді. Тоғыз айлық ұзақ барыстың ішінде әр сатыда адамның тағы да «үш қараңғылық ішінде бір жаратылыстан кейін бір жаратылыс түрінде» өсіп жетілетінін байқаймыз.

 

Қадірменді жамағат!  

Қасиетті Құран – ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсірілген ұлы мұғжиза. Онда иман, құлшылық, көркем мінез, қисса, отбасы, дүние және ақырет сынды тақырыптармен қатар ғылыми аяттар да бар.

Алла Тағала қасиетті Құранда:  

وَنَزَّلْنَا عَلَيْكَ الْكِتَابَ تِبْيَانًا لِكُلِّ شَيْءٍ وَهُدًى وَرَحْمَةً وَبُشْرَى لِلْمُسْلِمِينَ

«Біз саған әр нәрсені баяндайтын және мұсылмандар үшін тура жол, мейірім және сүйінші ретінде Құранды түсірдік», – деп айтқан («Нахыл» сүресі, 89 аят).

Кейінгі ғасырларда ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді Құран Кәрімнің осыдан он төрт ғасыр бұрын айтып кетуі көптеген батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идіргендігі белгілі. Міне, бұл кейбіреулер айтып жүргендей Құранның авторы Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) емес, Құран Алла тарапынан жіберілгендігінің нақты дәлелі. Құран мен ғылым арасындағы мұндай сәйкестіктер адамзатқа ғибрат болып табылады. Құран Алланың сөзі екені күмәнсіз хақ. Ал Құранда келген ғылым – Алланың құдіретін танудың айқын дәлелі.

Алла Тағала біздерге пайдалы білім беріп, қасиетті жұма күнгі дұға- тілектерімізді қабыл еткей!

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: жұма уағызы
Предыдущий Следующий
ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АР ІЛІМІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы НЫҒМЕТКЕ ШҮКІР ЕТУ – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АР ІЛІМІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы АЛАЯҚТЫҚ – ҮЛКЕН КҮНӘ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы НЫҒМЕТКЕ ШҮКІР ЕТУ – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 04:58

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi