АЛАЯҚТЫҚ – ҮЛКЕН КҮНӘ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:08
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:45 07:08 11:47 14:38 16:20 17:42
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
5 Джумада-сани 1446
Миләди
07 желтоқсан 2024

Мақалалар

АЛАЯҚТЫҚ – ҮЛКЕН КҮНӘ

| A | +

 الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Асыл дінімізде ауыр күнә деп танылатын істердің бірі – алаяқтық. Алаяқтық – адамның мүлкін немесе ақшасын алдау арқылы заңсыз иемдену деген сөз. Адамды алдау, өтірік айту, жалған құжат жасау, басқа адамның сенімін пайдалану – бәрі де алаяқтық. Исламда адалдық пен әділдік ең жоғарғы құндылықтардың қатарында болғандықтан, алаяқтыққа тыйым салынады. Алла Тағала қасиетті Құранда:

وَلاَ تَلْبِسُواْ الْحَقَّ بِالْبَاطِلِ وَتَكْتُمُواْ الْحَقَّ وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ

«Ақиқатты жалғанмен араластырмаңдар және біле тұра шындықты жасырмаңдар», – деп айтқан («Бақара» сүресі, 42-аят).

Бірде ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) астық сататын базарға жолы түседі. Сатушының бидайын ұнатып, ұстап көрмек болып, қолын сұққанда астыңғы жағының дымқылдау екенін байқайды. Сонда Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, бидайдың иесі, мұның не?» – дейді. Саудагер: «Алланың Елшісі, астығым жауынның астында тұрып, су болып қалды», – деп ақталады. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сол дымқыл жағын адамдар көруі үшін бидайдың үстіне шығарып қоймайсың ба? Бізді алдайтындар бізден емес», – деп ескерту жасайды. Бұл хадис әрбір мұсылманға алаяқтықтан аулақ болуды және адалдықпен іс істеуді үйретеді.

Алаяқтық белең алған ортада қоғам мүшелері арасында бір-біріне деген сенім кетіп, адамдардың ақысына қол сұғылып, береке-бірлік жоғалады. Қазіргі таңда интернет ресурстары арқылы өзгенің жеке мәліметіне қол сұғып, қаражатын иемдену, алдау-арбау оқиғалары жиілеп кеткенін баршамыз білеміз. Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын): «Мен ешкімді алдамаймын әрі ешкімге алданбаймын», – деген екен. Сондықтан да әрқайсымыз жеке мәліметтерімізді құпия ұстап, өз құқығымызды біліп, қаржылық сауатты болып, теріс пиғылдылардың алаяқтық әрекеттерінен сақтанып жүруіміз қажет.

Әрине, Алла Тағалаға иман келтіріп, Оның бұйырғандарын орындап, тыйғандарынан тыйылып жүрген адам ешуақытта өтірік айту, алдау, кісі ақысын жеу сияқты алаяқтық әрекетке бармайды. Десе де, мұсылман адам мұндай күнәлі істен сақтануы үшін асыл дініміздегі мынадай басты құндылықтарды әркез ескеріп жүруі қажет:

 

Бірінші: Алланың бақылап тұрғанын есте ұстау

Алаяқ істейтін ісін өзгенің көзінен таса, жасырын атқарады. Алайда «Алла Тағала мені көріп, бақылап тұр, ертең әрбір ісімнен есеп алады» деген сенімде болған адам ешқашан ондай теріс іске бармайды. Алла Тағала қасиетті Құранда:

وَهُوَ اللهُ فِي السَّمَاوَاتِ وَفِي الأَرْضِ يَعْلَمُ سِرَّكُمْ وَجَهْرَكُمْ وَيَعْلَمُ مَا تَكْسِبُونَ

«Көктердегі және жердегі Ол Алла сендердің жасырын және жария істеріңді әрі қандай іспен айналысып отырғандарыңды біледі», – деп ескерткен («Әнғам» сүресі, 3-аят).

Мұсылманның бойында ихсан түсінігі орнағанда, Алла Тағала тыйым еткен теріс істерден сақтанады, Оның бұйрықтарын ең көркем әрі кемел дәрежеде орындайды. Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) періште Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

فَأَخْبِرْنِي عَنْ الإحْسَانِ

«Маған енді ихсан жайында хабар бер», – деп сұрағанында:

أَنْ تَعْبُدَ اللَّهَ كَأَنَّك تَرَاهُ فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاك

«Ол сенің Алланы көріп тұрғандай құлшылық етуің, егер Оны көріп тұрғандай бола алмасаң, Ол сені көріп тұр (деп) құлшылық етуің», – деп айтқан.

Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) халифалығы кезінде түнделетіп, халықтың жай-күйімен танысып жүреді екен. Бір күні сүтке су қосқан анасына сөйлеп жатқан қыздың дауысын естиді: «Уа, анашым! Мұсылмандарды алдап, берген сертті бұзып, мүминдердің Халифасына қайшы келеміз бе? Халифа Омар бұлай жасауға тыйым салған жоқ па?» – дейді. Анасы оған: «Халифа мені көріп тұрған жоқ қой!» – дегенде, қызы: «Бізді Халифа Омар көрмесе де, әлемдердің Раббысы көріп тұрған жоқ па?» – деп жауап береді. Халифа Омар (Алла оған разы болсын) әлгі сүт сатушының қызын осындай аманатқа беріктігі үшін қатты ұнатып қалып, кейін ұлын сол қызға үйлендіріп, оны өзіне келін етіп алады.

 

Екінші: қанағатшыл болу

Адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі – қанағат ету. «Қанағат» сөзі тілдік тұрғыда «өзіңе тиген үлеске разы болу» дегенді білдіреді. Шариғи термин ретінде «қанағат» деп  – адамның өзінде барына шүкірлік етіп, өзгенің мал-мүлкіне көз сүзбеу, тойымсыз әрі ашкөз болмауды айтамыз. Сондықтан да қанағат – алаяқтық, өзгенің ақысын жеу сынды істерден тыйылуға себеп болатын негізгі іс.

Қанағат – адамды әр нәрсенің қадірін білуге, өзінде барды бағалауға үйретеді. Қанағатшыл адамның дүниесіне береке кіріп, көптеген игіліктерге қол жеткізеді. Ыбырай Алтынсарин бабамыздың: «Аз жұмысты қиынсынсаң –

көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң – көптен құр қаласың», – деп айтуының мәнісі осында жатыр. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ибраһим» сүресі, 7-аятында:

 لَئِنْ شَكَرْتُمْ لَأَزِيدَنَّكُمْ وَلَئِنْ كَفَرْتُمْ إِنَّ عَذَابِي لَشَدِيدٌ  

«Егер (берген нығметтеріме) шүкір етсеңдер, әлбетте сендерге (нығметтерімді) арттыра беремін. Ал егер қарсылық жасасаңдар (шүкіршілік етпесеңдер), әлбетте азабым өте қатты», – деп айтқан.

Қанағатсыздық адам бойында ашкөздік, көрсеқызарлық, тойымсыздық сияқты көптеген жаман сипаттарды туғызады. Халқымыздың: «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар», – деген сөзінде үлкен мән-мағына бар.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

قَدْ أَفْلَحَ مَنْ أَسْلَمَ وَرُزِقَ كَفَافًا وَقَنَّعَهُ اللَّهُ بِمَا آتَاهُ

«Кім мұсылман болып, ризығы жетер-жетпес болса да, Алланың бергенін қанағат тұтса, сөзсіз ол бақытқа кенеледі», – деген.

Хакім Абай қанағат етуді «бес асыл істің» бірі ретінде сипаттап:

Талап еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз, – деп жазған.

Ғалымдар дүниеге тойымсыз адамды теңіздің суын ішушіге теңейді. Өйткені теңіздің суы тұзды болғандықтан оны адам ішкен сайын шөлдей береді.

Уаһб ибн Мунаббиһ әл-Йамани: «Дүниесі бар болса да ашкөз адам – кедей, аш болса да қанағатшыл адам – бай», – деген.

 

Үшінші: тақуалық

Қасиетті Құрандағы пайғамбарлардың насихаттарына назар аударсақ, олардың барлығы да өз қауымдарын әуелі тақуалыққа шақырғандығын байқаймыз. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Ниса» сүресінің 131-аятында:

وَلَقَدْ وَصَّيْنَا الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِن قَبْلِكُمْ وَإِيَّاكُمْ أَنِ اتَّقُوا اللهَ

«Сендерден бұрынғы кітап берілгендерге де, сендерге де: «Аллаға тақуалық болуды өсиет еткенбіз!» – деп айтқан.

Тақуалық деп – Алла Тағаланың бұйрықтарын орындауды және тыйымдарынан тыйылу арқылы Оның азабынан сақтануды айтамыз. Тақуа жан Алла Тағаланың құзырында әрбір ісі үшін жауап беретінін біледі, сондықтан Оның қаһары мен азабына алып келетін барлық істерден сақтанады. Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз өзінің «Мұсылманшылық шарты» атты кітабында тақуалықтың мән-мағынасы жөнінде: «Иманды әрқашан айтып, салақ болмай жүру керек. Құранда неше жерде пейіш – тақуалар үшін деген. «Тақуа» деп – сақтанғандарды айтады. Адам әр уақыт Алла Тағаланың ғазабынан қорқынышта, рахметінен үмітті болып, қауіп пенен үміттің ортасында болуы керек», – деп айтқан.

Сондықтан да тақуалық – мұсылманның кез келген үлкен-кіші күнәлі істен сақтануы үшін қажетті сипат. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اِتَّقِ اللَّهَ حَيْثُمَا كُنْتَ وأَتْبِعِ السَّيِّئَةَ الْحَسَنَةَ تَمْحُهَا، وَخَالقِ النَّاسَ بخُلُقٍ حَسَنٍ

«Қай жерде болсаң да, Алладан қорық. Жамандық істесең, лезде оны өшіретін жақсы іс атқар. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда көркем мінезді бол», – деп насихат айтқан (имам Термизи).

 

Төртінші: адал еңбек

Адамның екі дүниеде қадір-қасиетінің артуына, ешкімге мұқтаж болмай, ар-намысын сақтауына себепші болатын іс – адал кәсіп жасау. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінің 88-аятында:

وَكُلُوا مِمَّا رَزَقَكُمُ اللَّهُ حَلالا طَيِّبًا

«Алланың өздеріңе адал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» – деп бұйырған.

Арамнан аулақ болып, адал жолмен мал табу – ғибадат. Бірде ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  қасынан бір кісі өтеді. Ол адамның қайраты мен жігерін байқаған сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Мына адам Алланың жолында ма?» – деп сұрайды. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер жас балаларына нәпақа табу үшін жолға шықса, ол Алла жолында. Егер жасы ұлғайған қарт ата-анасының қамы үшін шықса, ол Алла жолында. Егер өз басын (тіленшіліктен, кедейшіліктен) сақтау үшін шықса, ол Алла жолында. Ал егер адамдарға көрсету үшін, риякерлік, мақтаншылық мақсатында шықса, ол шайтанның жолында»,− деп жауап береді (имам Табарани).

Адал кәсіп жасау, оңай жолмен қол жеткізе салатын іс емес. Ол адамнан үлкен қажыр-қайратты, ақыл-парасатты, тәуекелді, табандылықты, еңбексүйгіштікті қажет етеді. Одан кейін ғана адам оның жемісі мен пайдасын көреді. Шәкәрім Құдайбердіұлы өлең жолдарында:

Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,

Білім білген әр істе шебер болмақ.

Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап,

Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ, – деген.

Алаяқ өзгелердің сеніміне кіріп, алдау арқылы бірден пайдаға қол жеткізеді. Әйтсе де, ол харам ақша болғандықтан ешқашан берекесі болмайды. Қайта өзгенің көз жасына, қарғысына қалғандықтан өкініш пен азапқа жетелейді. Ал адал кәсіп күш-жігерді, шыдамдылықты қажет етеді. Әйтсе де ол адал әрі оның берекесі де мол болады. Сондықтан да мұсылман адам екі дүниеде пайда алып келетін адал кәсіппен ғана айналысуды өзіне басты мақсат ете білуі қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اِحْرِصْ عَلَى مَا يَنْفَعُكَ وَاسْتَعِنْ بِاَللَّهِ وَلَا تَعْجِزْ

«Өзіңе пайда келтіретін нәрсеге тырыс, Алладан жәрдем сұра да, әлсіреме», – деп насихат айтқан.

Халқымыздағы: «Бейнет, бейнет түбі – зейнет», «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар», – деген сөздер осыны меңзейді. Ақын Мағжан Жұмабаев бұны:

Бұл жалған ойын емес, бейнет жері,

Қылғанға адал еңбек зейнет жері.

Жалғанның бір мүшесі бола алмассың,

Қиналып, маңдайыңның ақпай тері – деп жеткізген.

Бірақ осындай ізгі ниетпен еңбек етіп жүріп көрген бейнеттің өзі пенде үшін сауап болып жазылады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Күнәлардың ішінде сондай бір күнәлар бар, пенде оларды тек күнкөріс жолында тартқан бейнеттері арқылы ғана өшіре алады», – деген.

 

Қисса

Ертеректе алаяқ саудагер болыпты. Бір күні базарда жүргенде ішінде 80 мың теңгесі бар әмиянын жоғалтып алыпты. Табан тоздырып іздесе де таба алмайды. Дереу жалшы жалдап, әмиянын тауып берген адамға 10 мың теңге сүйінші беретінін айтады. Ал жоғалған әмиянды өте адал етікші тауып алыпты. Әмиянды иесі табылғанша сақтап қойыпты. Жаршының хабарын естіген соң, саудагерді іздеп барыпты. Жоғалған әмиянын беріп, сүйіншісін сұрапты. Ал саудагер ақшасының табылғанына қатты қуанса да білдірмепті. Сүйіншісін бергісі келмей, қулыққа басыпты. Дереу әмиянын ашып, ақшасын санапты: «Досым! Мына ақшадан сүйіншіңді алып қойыпсың ғой!» – деп етікшіге «ұры» деп жала жауыпты. Ал етікші болса, не істерін білмей:

«Мен ақшаға мұқтаж болсам да алаяқ емеспін» деп, ренжулі күйде сүйісшісін алмай кетіп қалады.  Ал алаяқ саудагер оны ұры деп кінәлай беріпті. Осылайша іс насырға шауып, екеуі қазыға барыпты.

Қазы екі жақты да тыңдап, саудагердің кінәлі екенін ұғып, оған жақсы бір сабақ беруді ұйғарыпты. Бірақ ашуын білдірмей, үкімін былай деп айтыпты: «Саудагердің айтуынша әмияннан 10 мың теңге жоғалды. Ал етікшінің айтуынша әмияннан ол ақша ұрламады. Мен екеуіңе де сенемін. Екеуіңдікі де дұрыс. Бірақ түсінгенім мынау: етікшінің тауып алған әмиянының иесі басқа кісі. Демек, иесі табылғанша 3 ай сақталады. Табылмаса ақшалары кедейлерге садақа ретінде таратылып беріледі, – депті.

Осылайша алаяқ саудагер істеген ісіне қатты өкініп, етікшіден де, қазыдан да кешірім сұрапты.

 

Қадірменді жамағат!

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَنِ اقْتَطَعَ حَقَّ امْرِئٍ مُسْلِمٍ بِيَمِينِهِ، فَقَدْ أَوْجَبَ اللهُ لَهُ النَّارَ، وَحَرَّمَ اللهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ. فَقَالَ رَجُلٌ: وَإِنْ كَانَ شَيْئاً يَسِيراً يَا رَسُولَ اللهِ ؟ فَقَالَ : وَإِنْ كَانَ قَضِيباً مِنْ أَرَاكٍ

«Кімде-кім мұсылман адамның ақысын (жалған) антымен бөліп алса, Алла оған тозақты міндеттеп, жұмақты харам етеді». Бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі! Тіпті, мардымсыз нәрсе болса да ма?» – деп сұрайды. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тіпті, арак ағашының бір таяғы болса да», – деп жауап беріпті (имам Мүслим).

Қазіргі таңда алаяқтық әрекеттер көбейіп, қаншама адам осындай теріс пиғылды жандардың алдау-арбауына түсіп қалуда. Әсіресе интернет желісінде алаяқтықпен айналысып, адамдарды алдап, олардың жекелеген мәліметтеріне қол жеткізу арқылы азаматтардың атынан банктерден несие (кредит) рәсімдеп немесе банктік карточкасынан ақша аударып алу сынды жағдайлар жиілеуде. Осы орайда интернеттегі алаяқтықтың алдын-алудың алғашқы және маңызды қадамы – одан хабардар болу екенін білуіміз қажет.

Ол үшін интернеттегі күдікті сілтемелер мен ұсыныстарға мұқият болып, барынша қиын парольдер пайдаланып, интернет-сайттарда тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде аса сақ болып жеке және банктік мәліметтердің құпиялығын сақтауымыз қажет. Белгісіз адамдарға ақша аударудан да барынша сақтанған жөн.

Алла Тағала жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл етіп, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық бергей!

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ҚАЛЫҢМАЛ ЖАЙЫНДА ДІНІМІЗ НЕ ДЕЙДІ? УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы НЫҒМЕТКЕ ШҮКІР ЕТУ – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы КІСІ АҚЫСЫН ЖЕУ – КЕШІРІЛМЕЙТІН КҮНӘ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ӨЗГЕНІҢ АР-НАМЫСЫНА ТИМЕУ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаcына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ИСЛАМНЫҢ ТІРЕГІ БОЛҒАН ТӨРТ ХАДИС
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаcына салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
5 Джумада-сани 1446
Миләди
07 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:08

Бесінге дейін 00:22

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi