ДӘСТҮР ДІҢГЕГІ - ДІНДЕ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ДӘСТҮР ДІҢГЕГІ - ДІНДЕ

| A | +

Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Қазақ ежелден салт-дәстүрді берік ұстанған халық. Салт-дәстүрлер ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ел арасында айнымас салтқа айналған. Әрине, шариғаттан аспай салтымызды сақтай білсек адаспасымыз хақ. Дегенмен, бүгінгідей ақпарат ағыны толассыз өзгеріп, ғаламтор беттері түрлі санаға қонымсыз дәстүрлерді насихаттап жатқанда қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін аңғару қиынға соғып жатады.

Тереңнен ұғынған адамға қазақ халқы дәстүр, салт, тыйымдар арқылы шариғаттың заңын түсіндірген. Кез-келген өміршең дәстүрдің түбінде, негізінде Ислам діні жататыны ақиқат. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетсек.

Балаға азан шақырып ат қою

Отбасында дүниеге сәби келген кезде оған танымал, сыйлы, құрметті кісілердің есімін қойып, соның жолын берсін деп жорамалдап, есім береді. Кейбір отбасылар ауылына, әулетіне сыйлы, намазы бар кісілерді шақырып соған азан шақыртып ат қойып жатады. Ол әрине дұрыс. Егер азан шақырып ат қоюдың шарттарын білген жағдайда оның әбестігі жоқ. Әкесі немесе әулетінде азан шақырып ат қоя алмайтын кісілер болса мешіттен молда, имамды шақырып жүзеге асырған. Сәбиге азан шақырып ат қою – сүннет амал. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жасаған амалдардың бірі. Пайғамбарымыздың қызы (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатима Хасанды босанған кезде, оның құлағына азан айтқандай азан айтқан. Дінімізде балаға азан шақырып ат қоюдың бір мәні – баланың бойына имандылықты, шариғатты туғаннан сіңіре білу. Нәрестенің құлағына айтылған азан сөздері оның иманды ұрпақ болып өсуіне септігі тиеді.

Баланың тұсауын кесу

Қазақ халқының дәстүрінде ерекше орын алатын, балаға жасалатын міндетті амалдардың бірі – тұсаукесер рәсімі. Ата-ананың бала алғаш қадамын жасап, жүре бастаған кезде жасайтын жоралғысы. Баланың тұсауын кез-келген кісіге кестірмеген. Жолы ашық, өмірде жетістікке жеткен, ұзақ жасаған кісілерге кестірген. Бұл жоралғыны жасаудағы мақсат – жолы ашық, адал, ешкімнің ала жібін аттамайтын салиқалы  ұрпақ болуын тілеу. Сол себепті де оның ешқандай бұрыстығы жоқ. Себебі, «амалдар ниетке байланысты» дегенді ескерсек, жақсы ниет жақсылыққа жетелейді. Алланың атымен басталып, тұсау кесіліп, ақ бата берілуінің астарында үлкен тәрбие жатқанын да ұмытпауымыз керек.

Баланы сүндеттеу дәстүрі

Баланы сүндетке отырғызудың діндегі орны қандай? Енді осы сұраққа тоқталсақ. Ұл баланы сүндетке отырғызу – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті. Баланы сүндетке отырғызуды әрбір ата-ана өзіне міндет, парыз санайды. Баланың жасы 3,5,7-ге келгенде есептеп сүндеттеп жатады. Сүндет той өткізіп, баланың мұсылманшылық бір міндеті орындалғанының құрметіне ата өтеді. Сол тойда ізгілер жиналып, бата беріп, дұға жасап, игі тілектер жеткізіледі. Ислам дінінде Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немерелері Хасан мен Хусейн дүниеге келгенде жетінші күні оларды сүндетке отырғызғаны айтылады. Демек бұл жоралғы амалды сүннетке амал етті деп айтуға болады.

Шариғат шектен шығуға тыйым салады

Өкінішке орай бүгінгі қазақ қоғамында салт-дәстүрлер мен ырым-тыйымдарды ұстануда ақылға қонымсыз, еш пайдасы жоқ, діни негізі жоқ амалдарды жасаушылар да кездеседі. Ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған дәстүрлерді жолдан қосылған ырымдар бұзуда. Кейбір дәстүрлеріміздің шектен шығып, шариғаттан асып бара жатқанын байқаймыз. Мысалы, Алла Тағаланың ұнатпайтын әрекеттерінің бірі – ысырапшылық.  Алла Тағала ысырап еткендерді ұнатпайды. Қасиетті Құран Кәрімде: «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер!» деген. Бүгінгі таңда үйінде қазалы жағдай орын алған кісілер ас та төк дастархан жайып, қонақасын беріп, мал сойып, тіпті несие алып осы шараларды атқарып жатады. Өзі қайғырып, қара жамылған отбасы үшін бұл әрекет әрине дұрыс емес. Қазалы үйде жоқтау айтып, сабырға шақырып ниет білдірудің орнына дастарханмен алысу сәнге айналғандай. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл ретте мол дастархан жаюдан тыйып, жаназа дастарханының мәзірін халыққа ұсынған да болатын. Бұл берілген ас кім үшін, не үшін? Соны ойланғанымыз абзал. Өмірден озған кісіге сауабы тисін дейтін болсақ, оның шариғат көрсетіп берген жолдары бар. Яғни, марқұмның атынан садақа беру, құран бағыштау секілді амалдар нақты айтылған. Аллаға ұнамсыз амалдардан барынша аулақ болғанымыз абзал.

Сондай-ақ, осы ретте айтылатын бір мәселе, жаназадағы, жерлеу рәсіміндегі орын алатын жағдайлар. Қайтыс болған кісінің артынан дән шашу, тиын тарату, су шашу, мәйітті басымен немесе аяғымен шығару деген секілді шариғатта жоқ шарттар орын алады. Үйге қондыру, үйінде түнеп шығу керек деген сияқты талаптарды ұстанатындар да кездеседі. Бұларға шариғатта еш негіз жоқ.  Негізінде мәйітті күттірмей жерлеуге асығу керек. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):  «Мәйіттеріңді жерлеуге асығыңдар. Мәйіт жақсы кісі болса, жақсылығына жылдам жеткізіңдер, ал жаман кісі болса тозақ иелері бізден алыс болсын» деген. Міне, қайтыс болған кісіні жерлеуді асықтыру керісінше сүннетке қайшы әрекет болып саналады.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  хадистерінде: бойжеткен қызды ұзатуға, қарызды қайтаруға, мәйітті жерлеуге, қонақты тамақтандыруға асығу керектігі анық айтылған. Осы ретте жіберілетін қателіктердің, асыра сілтеушіліктің тағы бір көрінісі бар. Кісі қайтыс болғаннан кейін оның артынан жақсы сөздер айтып, жақсылығын ғана сөз етіп, дұға жасау артында қалған ұрпаққа парыз. Алайда, бүгінге асханада ас беріп, күйші-жыршыларды шақырып, арнайы асаба жалдап атап өту үрдіске айналып барады. Сол асқа жиналудағы мақсат – баршылығымызды көрсетіп, дастарханымызбен мақтанып, күй, жыр тыңдау ма? әлде Құран бағыштап, сауап алу ма? Осыны тереңнен ойланған жөн. Мәйітті жерлеу мәселесінде де ескеретін тұс көп. Бейіт басына барып, мәйітті жерге тапсыру рәсімі сауапты, өзіңе де ой салатын амалдардың бірі. Кейбір мәйітті жерлеу кезінде келген кісілердің бейітті аралап, өмірден өткен туыстарының мазарын іздеп кететіні, енді бірі топтасып әңгіме айтып, бірі темекі шегіп сырттан бақылап қалатынын да көзіміз шалады.

Марқұмды жерлеу – сауапты амал. Оны тиісінше шығарып салу артындағы мұсылмандарға парыз, міндет. Сол себепті әдептен аспай, өзімізге ғибрат алып, мұсылманшылыққа жат әдеттен аулақ болғанымыз абзал. Қабір салу мәселесінде де асқан ысырапқа жол бермей, шариғат бекітіп берген жолдан аспай, қарапайымдылықты ұстануға шақырамын. Бір сөзбен айтқанда салт-дәстүріміздің игі, дұрысын біліп жүзеге асырып, шариғаттан аспау керек.

 

Аманқұлов Жеңісхан

«Ақсай» мешітінің қызметкері

         

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚЫЗ ӨССЕ ЕЛДІҢ КӨРКІ МЕ? МҰСЫЛМАННЫҢ БАУЫРЫНДАҒЫ АЛТЫ АҚЫСЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Дін мен дәстүр ДӘСТҮРДЕГІ ДІНИ РӘСІМДЕР
Дін – дүниедегі әрбір жан иесінің өмір сүру үлгісі, екі дүниеде де бақытты болуға жетелер нәзік жол. Дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы....
Дін мен дәстүр ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕМІЗ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!...
Дін мен дәстүр ДӘСТҮР МЕН ИМАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Қазақ халқының тарихы мұсылмандық ұстанымнан ажырамай келе жатқандығы күмән тудырмайтын ақиқат. Сондықтан халқымыздың болмысына сіңіп, өмірінен ойып орын алған рухани дүние танымы мен салт-дәстүрін исламнан бөліп қараудың өзі үлкен қателік....
Дін мен дәстүр ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
Әрбір халықтың өздеріне тән ұлттық ойындары бар. Мысалы біздің қазақ халқында ежелден келе жатқан «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Тоғыз құмалақ», «Асық ойыны», «Ине-жіп және түйіншек», «Теңге ілу» т.ағы басқа да ұлттық ойындары бар....
Дін мен дәстүр ТӘРБИЕ НЕГІЗІ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТА
. Бесікте жатқан балаға бесік жыры, өсе келе үйретілетін батырлар жыры және баланың өміріндегі жүзеге асырылған басқа да салт-жоралар адам өмірінде тұлға болып қалыптасу үшін ең қажетті элементтер....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 04:10

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi