ДӘСТҮР МЕН ИМАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ДӘСТҮР МЕН ИМАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

| A | +

Қазақ халқының тарихы мұсылмандық ұстанымнан ажырамай келе жатқандығы күмән тудырмайтын ақиқат. Сондықтан халқымыздың болмысына сіңіп, өмірінен ойып орын алған рухани дүние танымы мен салт-дәстүрін исламнан бөліп қараудың өзі үлкен қателік. Себебі, наным-сенім мен салт-дәстүр – кез келген халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі әрі елдігін айғақтайтын іс-жүзіндегі мәдениеті мен өркениетінің көрінісі. Осы егіз ұғым бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын рухани құндылық болып табылады.

Тарихи тұрғыдан алып қарайтын болсақ, ислам діні қазақ даласына VIII- ғасырдан тарала бастап, Мәураннахр мен Түркістан аумағында салтанат құруы Қарахан мемлекеті дәуірінде жүзеге асты. Қарахандықтар кезінде ислам діні түркі әлемін біріктіретін негізгі фактор ретінде қарастырылды. XIII ғасырдың екінші жартысында Жошы ұлысынан бөлініп шыққан Алтын Орданың ресми діні ислам болды. Алтын Орда кезеңінде Қазақстанның барлық аймақтарында ислам діні толықтай үстемдік құрып, Қазақ хандығы мұсылман мемлекеті ретінде танылды. Алтын Орданың мұрагері саналған Қазақ хандығы да бабалар салған сара жолдан қиыс кетпей, ханафи мәзһабына арқа сүйеген дін жолын өздеріне жолбасшы етті. Қазақ халқының ұлт ретінде ұйысуында ислам дінінің ықпалы күшті болды.

Қазақ халқы ғасырлар бойы ислам дінін берік ұстанып келген. Әрбір ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын нәрсе – тілі мен мәдениеті және осылардың негізі болып табылатын – дін. Негізінде бір ұлттың қанына сіңіп, табиғатына айналған дінін білгіміз келсе, сол ұлттың мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдебиеті мен жыр-дастандарына, мінез-құлқы мен құндылықтарына, мақал-мәтелдеріне, жер-су аттарына, сәулет өнеріне, тыныс-тіршілігіне, тіпті адам аттарына мән беріп, қарасақ жеткілікті. Міне қазақ халқының осы ерекшеліктерінің тоқсан пайызында Ислам бояуы бар. Қысқасы, қазақтың жалпы құндылықтарының қайнары - Ислам діні.

Ислам дінінің бес негізгі фундаменті бар екенін білеміз. Осылардың ішінде алғашқысы, шоқтығы биік болып тұрғаны - Иман. Иман – діннің негізі. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  пайғамбарлық келгеннен кейін 13 жыл бойы Мекке шаһарында халықты иманға шақырды. «Иман» деген сөз «сену», «растау», «нану», «илану» деген мағыналарға келсе , ал шариғатта: «Ұлы Алланың дінін жүрекпен қабылдап Мұхаммед пайғамбардың әкелген нәрселерінiң бәрiне сенiп, оларды жүрекпен қабылдау» дегенді білдіреді.

Ислам ғұламалары өз еңбектерінде «Иман мәселелеріне қатысты жалпылама сену жеткілікті ме, әлде егжей-тегжейлі білу міндет па?» деген тақырып аясында ақида мәзһабтарының ұстанымдарына былай тоқталады: «Әһл-сүннет уәл-жамағат» көзқарасы бойынша: «Иман мәселелеріне жалпылама сену жеткілікті» дейді. Сондықтан бір адамның «Алла Тағала жалғыз, ортағы жоқ. Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі және оның Алла Тағаладан жеткізген ісінің бәрі хақ» деген жалпылама сенімі де, мұсылмандығы да дұрыс деген ұстанымды бекітеді. Осыған дәлел ретінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім шынайы ықыласымен Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» десе, жәннатқа кіреді деген хадисін келтіреді.

Қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан бастап қаншама нәубат жылдарын басынан өткізсе де ешқашан иманынан бас тартпаған. Кешегі «дін– апиын» деген кеңес өкіметінің кезінде де иманына берік болып қасиетті Құран кітабын ақ матаға орап сандығының түбіне жасырған. Кеңестік кезеңде өмір сүрген ата-апаларымыз контораның күштеуімен «Құдай жоқ» деп айтқызса да үйіне келген уақытта балаларына: «Кешке жатарда қол-аяқтарынды жуып, «Бисмиллаһиррахаманиррахиим» деп айтып «Лә илаһа иллә Алла, Мухаммдур Расул Алла » деп бір Аллаға сиынып жатыңдар» деп үйреткендігі күні бүгінге дейін халық ауызында айтылып келеді.

Мемлекетіміз тәулелсіздігін алып, тілімізге, дінімізге, салт-дәстүрімізге еркіндік берілген таңда, ақпараттық техонолгияның дамуы мен әлем кішкентай ауылға айналуына байланысты батыстың идеологиясы, өкінішке орай халықты салт-дәстүрінен, дінінен ажыратып бара жатқан жайы бар. Қоғамды билеуші құрал ретінде ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер демократияны желеу етіп халықтың сеніміне және салт-дәстүріне кері әсер ететін тигізуде. Сондықтан ата-аналар, ұстаздар, зиялы қауым өкілдері және дін қызметкерлері болып ұлтымызға, тілімізге, дінімізге және салт-дәстүрімізге қайшы келетін түйіткілді мәселелер мен идеологияларға қарсы тұрып бірлесе күрескеніміз жөн болар.

Сонымен бірге иман құндылығын дәріптейтін халық жадында сақталған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер қазақтың иманына берік болғандығын білдіреді. Мысалы иман тұрғысынан нық сенімде екендігін мынадай мақал-мәтелдерден көруге болады: «Құдайға сенген құстай ұшады, адамға сенген мұрттай ұшады», «Құдай деген құр қалмайды», «Құдайсыз қурай қурамайды» т.б. танымдар ата-бабаларымыздың иманына берік шынай мұсылман екендігін дәлелдейді. Ал дінімізде қасиетті Құранда және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде бір Аллаға ғана сеніп, иман келтіріп, табыну діннің негізі болып табылады.

Мақаламызды қорытындылайтын болсақ, ұрпағын «иманым жиғаным» деп өсірген ата-бабаларымыз имани сеніммен қатар салт-дәстүрге де үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға мәлім. Аллаға шүкір, рухани құндылықтарымыз ұлт жадында қайта жаңғырып, халқымыз иманды ұрпақ жетістіруге ұмтылуда. Жоғарыда атап өткеніміздей, Құдайсыздандыру қоғамында да ата-бабаларымыз сеніміне селкеу түсірмей дәстүріне мықты болды. Иманына бекем болып, дәстүрін мәнсұқтамаған шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазылар ұрпақты имандылыққа салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеп өсірді. Дінге қысым көрсетілген замандарда Исламның ұрпақтан ұрпаққа жетуіне, жоғалмай сақталып қалуына себепші болған негізгі күш – дәстүр құндылығы еді.

 

Бостандық ауданы

        «Байкен» мешітінің

        бас имамы Болатбек Абу 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АЛЛАНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСЫНА МЕЙІРІМДІЛІК КӨРСЕТУ НАУҚАС АДАМНЫҢ ОРАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Дін мен дәстүр ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
Әрбір халықтың өздеріне тән ұлттық ойындары бар. Мысалы біздің қазақ халқында ежелден келе жатқан «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Тоғыз құмалақ», «Асық ойыны», «Ине-жіп және түйіншек», «Теңге ілу» т.ағы басқа да ұлттық ойындары бар....
Дін мен дәстүр ТӘРБИЕ НЕГІЗІ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТА
. Бесікте жатқан балаға бесік жыры, өсе келе үйретілетін батырлар жыры және баланың өміріндегі жүзеге асырылған басқа да салт-жоралар адам өмірінде тұлға болып қалыптасу үшін ең қажетті элементтер....
Дін мен дәстүр ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ МЕН ТОЗЫҒЫ
Жаратушымыз күллі адамзатқа Өзінің тура жолын көрсету үшін Ислам дінін тарту етті. Өзінің Кәләм Шәрифінде және Елшілерінің нұсқаған тура бағыт-бағдарында біздерге әр кез дұрыс діни сенімде болуды және Өзіне еш серік қоспауды бұйырды....
Дін мен дәстүр МӘҺІР НЕМЕСЕ ҚАЛЫҢДЫҚ СЫЙЫ
Достар, назарларыңызға Мүфтият қабылдаған пәтуаның ықшамдалған нұсқасын ұсынып отырмын. Мәһірдің мәнін ұққан жастар ортақ байламға келеді деген үміттемін...
Дін мен дәстүр ӘДЕТ - ҒҰРЫП
Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 03:41

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi