ДӘСТҮРДЕГІ ДІНИ РӘСІМДЕР
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ДӘСТҮРДЕГІ ДІНИ РӘСІМДЕР

| A | +

Дін – дүниедегі әрбір жан иесінің өмір сүру үлгісі, екі дүниеде де бақытты болуға жетелер нәзік жол. Дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.

Әрбір ұлттың ұстанар діні, өзіндік ғұрыпы, дәстүр сабақтастығы мен бір ұлтты екінші ұлттан өзгешелейтін мінез-құлық ережесі және өмір сүру ерекшелігі болады. Ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болуы қажет, яғни, діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Біз – өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Діні мен дәстүрін бөліп жармай, бір белдеудің көлемінде ұстануды жөн көрген ата-бабаларымыздың діни дәстүрді қалыптастырғаны тарих беттерінде анық бейнеленген. Ата-бабадан аманат болып жеткен сол дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл діннің әсерінен пайда болған дағдылар.

Халқымызда діннен бастау алып, ғұрпымызға айналған дәстүрлер жетерлік. Мәселен, нәресте дүниеге келгеннен кейінгі азан шақырып, ат қою рәсімі. Бұл дүние есігін енді ашқан сәбидің естіген ең алғашқы сөздері Алланың есімдері болсын деген Ардақты Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінен бастау алған. Әлімсақтан бері мұсылманмын деген қазақ халқы бұл сүннетті қанына сіңіріп, дәстүріне айналдырды.

Одан кейінгі нәрестеге қатысты жасалар салтымыз шілдехана. Пайғамбарымыздың (оған Алланың  салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне назар салсақ, ана құрсағында жатып өскен шарананың шашы «ақиқа» деп аталып, дүниеге келгеннен кейін жеті күннен соң сол ақиқа шашы алынып, шүкірлігі ретінде қой сойылып, туған-туыстардың арасында Алласына шүкірлігі ретінде дастархан жайған. Дәл осы сүннет еліміздің салтына айналып, қалжасына қой шалынып, шілдехана дастарханына ағайын-туыстар жиылып, ақсақалдар ақ батасын арнап, сәбидің өміріне береке тілеген.

Сондай-ақ, сәби бес не алты жасқа келген кезде сүннетке сәйкес сүндеттеп, «ер қанаты – ат» деп ашамайға отырғызып ұлан асыр той жасаған. Бұл да асыл дініміз арқылы сіңген қос дүние Сәруарының сүннеті.

Ислам діні  әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Сондықтан ислам ғұламалары әдет-ғұрып мәселесін талдап, оның өзін жеке бір тақырып етіп  зерттеген. Бұл жайында Малики мәзхабының беделді ғұламасы имам Ибраһим ибн Мұса Әбу Ысқақ әш-Шатыби «әл-Муафақат»  атты еңбегінде: «Қалыптасқан әдеп-ғұрып екі түрлі: Біріншісі – шариғат дәлелдері бұйырған немесе тыйған және кеңес берген нәрселері. Мысалы, денені нәжістен таза ұстау, ғибадатқа дәрет алу, әурет жері жабық болу сияқты шариғатта үкімі бар әдеттер. Шариғатта үкімі бар әдеттердің үкімі өзгермейді.

Екіншісі: шариғатта күнә-сауабы айтылмаған, әр елде қалыптасқан салт-дәстүрлер. Олар шариғатта үкімі айтылмаған дәстүрлер болып саналады. Мұндай дәстүрлер өзгермелі келеді. Осыған орай пәтуалар да әртүрлі болып келеді. Кей елде жақсы саналатын нәрсе, басқа елде жаман, ұнамсыз есептелуі мүмкін.

Оған айқын мысал, Наурыз мерекесін тойлау мәселесі. Иран, Ирак жерлерінде парсы билігі сұлтандық еткен сәтте наурызды мәжусилік, яғни отқа табынушылар оттан секіріп өту, отты айналу секілді жоралғылары арқылы тойлағандықтан Имам Ағзам Әбу Ханифа сол аймақтағы тойлау бейнесіне тыйым салған еді.

Ал, біздің даламызда ықылым заманнан жыл басы болған наурызды тек қана дініміз құптайтын рәсімдермен тойлаған. Тіпті, кешегі дін мен ділді терең меңгерген алаштық азаматтарымыз, оның ішінде Міржақып Дулатұлы өзінің сөзінде: «Қазақта үш мереке бар. Олар: екі айт мерекесі және наурыз мерекесі», - деп тайға таңба басқандай айқындап кетті.

Қыстың аязды күндерінен аман шыққан халқымыз қап түбінде қалған дәнді дақылдардан дәмі тіл үйірер наурыз көже әзірлеп, айналадағы көршілерінің, туғын-туыстарының басын біріктіріп наурызды атап өткен. Жастарымыз алтыбақан құрып, көкпар тартып, бәйгеге ат шаптырып наурыз мерекесіне ерекше өң сыйлаған.

Сонымен қатар, дана халқымыздың тамыры тереңде жатқан тағы бір дәстүрі – асар. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Бір бауырымның қажетінде аяғына дейін жүруім, Мен үшін менің мына мешітімде бір ай ихтикаф жасағаннан да сүйіктірек», - деп бауырының қажетінде жүру үлкен сауапты іс екенін паш етті. Аталмыш сүннет салтымызға айналып, үй салуда, шөп оруда, жаназа мен ас-жиындарында асарлату дәстүрі қалыптасты.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы», – дейді. Діннен тамыр жайған дәстүрімізге берік, иманымызды өзімізге серік ету арқылы ғана біз өзіміздің тарих сахнасынан орын алған тәуелсіз ел екенімізді дүйім жұртқа дәлелдегеніміз болар еді. Дін мен дәстүріміз бөлек дегендер, бір ел болашағының қамын жегендердің сипатына келмейді. Өйткені олардың түсінігі тар, я болмаса қазақ тарихынан хабарсыз деуге ғана келеді. Дәстүріміздің әлі күнге дейін өз орнын жоғалтпауының бір себебі, ол дінмен ұштасуында. Дінге қарап бой түзеп, дәстүрімен сусындап, тарихынан өнеге алған әрбір қазақ, Абай атамыз айтқандай «пенде мақсаты –Адам болу» деген сияқты өз мақсатымызға жетер ма едік, кім біледі?! Қазір кезеңде ұлт пен халық рухани қолдауға мұқтаж.

Мақсатымыз – ұлттық болмыс, табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мазһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Сол арқылы қазақтың толыққанды ұлтқа, Алаштың іргелі елге айналуы үшін қолдан келгенше үлес қосу.

 

«Бекет ата»  мешітінің бас имамы

Амантай Садиев

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! РАМАЗАН БЕРЕКЕ МЕН РАҚЫМ АЙЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Дін мен дәстүр ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕМІЗ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!...
Дін мен дәстүр ДӘСТҮР МЕН ИМАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Қазақ халқының тарихы мұсылмандық ұстанымнан ажырамай келе жатқандығы күмән тудырмайтын ақиқат. Сондықтан халқымыздың болмысына сіңіп, өмірінен ойып орын алған рухани дүние танымы мен салт-дәстүрін исламнан бөліп қараудың өзі үлкен қателік....
Дін мен дәстүр ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
Әрбір халықтың өздеріне тән ұлттық ойындары бар. Мысалы біздің қазақ халқында ежелден келе жатқан «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Тоғыз құмалақ», «Асық ойыны», «Ине-жіп және түйіншек», «Теңге ілу» т.ағы басқа да ұлттық ойындары бар....
Дін мен дәстүр ТӘРБИЕ НЕГІЗІ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТА
. Бесікте жатқан балаға бесік жыры, өсе келе үйретілетін батырлар жыры және баланың өміріндегі жүзеге асырылған басқа да салт-жоралар адам өмірінде тұлға болып қалыптасу үшін ең қажетті элементтер....
Дін мен дәстүр ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ МЕН ТОЗЫҒЫ
Жаратушымыз күллі адамзатқа Өзінің тура жолын көрсету үшін Ислам дінін тарту етті. Өзінің Кәләм Шәрифінде және Елшілерінің нұсқаған тура бағыт-бағдарында біздерге әр кез дұрыс діни сенімде болуды және Өзіне еш серік қоспауды бұйырды....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 04:12

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi