Білім алудың артықшылығы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Білім алудың артықшылығы

| A | +

 Білім алудың артықшылығы және оның адам өміріндегі маңызы талас тудырмайтын мәселе. Білім кез келген адам мен қоғамның дамуына негіз болатын басты факторлардың бірі. Білім жоқ жерді қашанда надандық жайлайды. Надандықтың сипаттық синонимін қазақ – «қараңғылық» деп те атаған. Себебі надандық, білім арқылы келетін адамдағы таным-түсінік сәулесін қараңғылық құрсауына батырып жібереді. Сондықтан ғалымдар «Білім – адамды надандықтың қараңғы қақпасынан шығаратын нұр», - деген.

Білім – кез келген саладағы жаңалықтың және оқиға мен жағдаятқа орай жасалатын анализдің кілті. Діни тұрғыдан алсақ – құлшылықты терең сезіне алудың негізі. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне осының маңызын ұқтырып: «Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді»[1] дейді. Құранда да: «Білетіндер мен білмейтіндердің терезесі тең бе?» – деп, айт»[2], - делінген.

Білімнің артықшылығын тереңірек аша түсу үшін ғалымдар: «Білім – надандықтың қарама-қарсы жағы. Білім – бір нәрсені өзінің ақиқат сипатымен тану» деген. Білімнің адам өмірін өзгертудегі және саналы ғұмыр кешу принциптерін жолға қоюдағы маңызы ескеріліп, хадисте: «Білім талап ету – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз[3]», - делінеді.

Білімнің артықшылғы жайында сөз ету қанша ғасыр өтсе де насихат ретінде өз дәрежесін жоймаған құндылық. Ғалымдар тарапынан білімге ынталандыру үрдісінің бір сәтке де толастамауының да сыры сол – білім адамның бақытты ғұмыр кешуінің кепілі. Мәселен, білімнің себебімен қазіргі таңда көптеген аурудың емі табылды. Көптеген дәрі-дәрмектер пайда болды. Кеше ғана талай адамның өмірін жалмап, емі жоқтай көрінген ауру түрлері, бүгінде оп-оңай емделетін жағдайға жетті. Сол секілді көптеген ғылым салалары ортаға шықты. Ғимараттар бой көтерді. Технология қарыштап даму үстінде. Ұшақтар, от арбалар, кемелер, әр түрлі тұрмыстық құралдар адамға көптеген қолайлы жағадайлар туғызды. Айшылық алыс жерлерге айлап, жылдап сапар шегетін адамзат, бүгінде таңғы асты өз елінде ішсе, түскі асты шетелде ішетін мүмкіндікке ие. Ертеде, ұстаздан білім алу үшін де адамдар айлап, жылдап; отбасынан жырақта, алыс сапарларға шығатын. Мәселен, деректерде Имам Бұхаридың, Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен бір хадисті есту үшін алты ай сапар шеккендігі айтылады. Ал бүгінгі таңда интернет желісі немсе онлайн формат арқылы адамда қалаған білімін үйренуге мүмкіндік бар. Осы айтылғанның бәрі білімнің себебі. Осыдан барып, білімнің адам өміріне қаншалықты өзгеріс әкелетіндігін аңғару қиын емес. Әрине, ұстаздан тікелей немесе қашықтан білім алудың әсері және сапа тұрғысынан өзіндік айырмашылығы да жоқ емес. Алайда бұл бөлек тақырып болғандықтан, негізгі тақырыптан ауытқымаған жөн.

Білім оңайлықпен келе салатын дүние емес. Білім алу – жылдар бойғы қажырлы еңбекті талап етеді. Қазақтың «Білім инемен құдық қазғандай» деп айтуының астарында да осы мағына жатыр. Білім алу – табандылық пен сабырлықты қажет етеді. Сондықтан асыл дініміз білімнің артықшылғы мен маңызын ескертіп, мұсылманды білім алуға әрдайым ынталандыруда. Білім сондай-ақ, тұнық нәрсе болғандықтан, рухани тазалықты да қажет етеді. Руханиятын күнәмен былғап, тәубесін ұмытқан адамға білім қонбайды. Имам Шафиғи ұстазы Уәкиғқа жаттау қабілетінің төмендеп кеткендігін айтып шағымданады. Имам Шәфиғи былай дейді:

«Уәкиғқа жаттау қабілетімнің нашарлығы жөнінде шағым айттым,

Ол маған күнәні тастауды насихат қылды.

Маған білімнің нұр екендігін жеткізді,

Алланың нұры күнәһар адамға қонбайтындығын айтты», - дейді.

Енді кезегімен білімның артықшылығы жайын баяндайтын аят-хадистерге тоқталып өтейік.

Құран аяттарында білімнің артықшылғы

Құранның бірнеше аяттарында білім мен білім алудың артықшылығы баян етілген. Тіпті Құранның ең алғашқы аятының өзі «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы![4]», - деп адамды оқуға, білім алуға ынталандырады. Ғалымдар осы аятқа берген түсіндірмеде, бұл жердегі «Оқы!» бұйрығы, мұсылман үмбеті үшін адамға пайдалы болған барлық ілім саласын қамтиды деген.

Ғалымдар: «Мына әлем өзінше бір кітап болса, адам өзінше бір әлем» дейді. Сондықтан адам өзінің рухани және интеллектуалды кемелдігіне қауышуды қаласа, Құранды, әлемді, өзін және пайдалы ілім салаларын оқып, үйренуі қажет. Сол кезде адам өзгелер үшін мол пайда тигізетін рухани тұлғаға айналады. Жаратылыс ішіндегі дәрежесі де еселеніп, мерейі үстем болады. Құран аяттарында да білімді адамның дәрежесінің жоғары болатындығы баян етілген.

«Сонда Алла араларыңдағы шынайы иман келтіргендердің, әсіресе, өздеріне ілім берілген білімпаздардың дәрежесін еселеген үстіне еселей түседі»[5].

Білім сондай-ақ адамды Құдай алдындағы терең тақуалыққа жетелейді.

 «Шынтуайтында, Алладан құлдарының арасынан тек ғұламалар ғана шын именеді»[6].

Хадистерде білімнің артықшылығы

Алла елшісі (с.а.с.) көптеген хадистер арқылы мұсылман үмбетін білімге ынталандырады. Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім білім жолына түссе, Алла тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді. Періштелер де білім алушының талабына дән риза болып, аяғының астына қанаттарын жайып, ізет көрсетеді. Сондай-ақ, жеті қабат аспан мен жердегі барлық жаратылыс атаулы, тіпті судағы алып балықтар да шынайы ғалым үшін Алладан жарылқау тілейді. Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді. Расында, шынайы ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагерлері. Шынтуайтында, пайғамбарлар мұра ретінде динар мен дирхам   емес, тек қана ілім қалдырды. Кімде-кім сол ілімнен сусындаса,  мол несібеге кенелгені»[7], - деген.

Тағы бір хадисінде: «Алла тағала ілімді (алып қойғысы келсе оны) адамдардың көкірегінен суырып алмайды, олардың ішіндегі шынайы ғалымдардың бірде-бірін қалдырмайды . Сол кезде араларында бірде-бір білімді жан қалмаған соң, адамдар надандарды өздеріне басшы етіп алады. Халық олардан пәтуа (яғни, қандай да бір мәселенің үкімі немесе шешімі жайында) сұрағанда, білмесе де пәтуа беріп, өз білгендерінше үкім шығарады. Нәтижеде өздері де адасып, өзгелерді де адастырады»[8], - дейді.

Ғалымдардың білімнің артықшылығы жөнінде айтқан сөздері

 

         Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Сүлеймен (а.с.) пайғамбарға білім мен мал-дүние және мансап арасында таңдау берілді. Сүлеймен (а.с.) білімді таңдады. Ал мал-дүние мен мансап болса, біліммен қоса берілді», - дейді.

Әбу әл-Әсуад: «Білімнен асқан нәрсе жоқ! Патшалар халықты басқарса, патшаларды ғалымдар басқарады», - деген.

Ал, Фатх әл-Маусили: «Тамақ пен су және дәрі-дәрмек берілмесе ауру адамның өлетіні рас қой?» дегенде, қасындағылар: «Әрине!» деп жауап береді. Сонда ғалым: «Жүрек те дәл солай. Үш күн бойы хикмет пен ілімнен нәр алмаса өледі», - дейді.

Имам Шафиғи болса: «Білім талап ету – нәпілден абзал»[9], - деген.

Төртінші халифа Әли (р.а.) Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білімнің қақпасы», - деп сипаттаған адамы. Білімде өте озық жандардың бірі болатын. Бір күні 10 адам Әлидің (р.а.) ілімі мен алғырлығын тексеру мақсатында кезектесіп барып, бәрі бірдей «Білім артық па, байлық артық па?» деген сұрақ қояды. Әзірет Әли (р.а.) еш мүдірместен, 10 адамның сұрағына он түрлі жауап береді.

  • Әрине, байлықтан білім артық! Білім – пайғамбарлардан қалған мирас! Байлық – Перғауын мен Қарынбайдан қалған мирас;
  • Білім артық! Білімді адамның адал достары көп. Ал бай адамның амал достары көп;
  • Білім артық! Білім – досты көбейтеді. Байлық – дұшпанды көбейтеді;
  • Білім артық! Білім – қанша жұмсалса да азаймайды. Байлық – жұмсаған сайын азая береді;
  • Білім артық! Білімді ұрылардан сақтаудың қажеті жоқ. Байлықты өмір бойы ұры-қарыдан қорғаумен өтесің;
  • Білім артық! Білімің артқан сайын адамдар саған қызығады. Байлығың көбейген сайын сені көреалмаушылар қатары артады;
  • Білім артық! Білімің қанша көп болса да есеп жүргізбейсің. Байлығың артқан сайын оның есебі де артады;
  • Білім артық! Білімің қанша артса да бүлінбейді. Байлық артқан сайын бұзылады (не сені бұзады);
  • Білім артық! Білім – кісілік пен кішілікті һәм адамгершілікті арттырады. Байлық – керісінше, сараңдық пен қомағайлықты күшейтеді;
  • Білім артық! Нағыз білімді адам орынды сөз сөйлеп, салиқалығы артады. Байлығы мол адам мақтаншақ келеді. Істерінде астамшылық танытады, – дейді.

Қорыта айтқанда, білім – сарқылмас қазына. Адамды рухани байытып, өмірлік ұстанымын нығайтатын ерекше құндылық. Білім – адамды бақытты өмір сүруге бағыттайтын нұр һәм шамшырақ. Сондықтан мұсылман үмбеті Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиетін орындап, өзін жан-жақты дамытып, білімге ден қойғаны абзал. Қазіргі заманның өзі – білімнің заманы екендігін де естен шығармағаны жөн!

 

 

Сүлейменов Данияр

Нұр-Мүбарак мешітінің ұстазы

 

 

 

[1] Тирмизи, илм 19; Әбу Дәуіт, илм 1.

[2] «Зүмәр» сүресі, 9-аят.

[3] Ибн Мәжә, 224.

[4] «Алақ» сүресі, 1-аят.

[5] «Мужәдилә» сүресі, 11-аят.

[6] «Фатыр» сүресі, 28-аят.

[7] Тирмизи, илм 19; Әбу Дәуіт, илм 1.

[8] Бұхари, илм 34; Мүслим, илм 13.

[9] Әбу Хамид әл-Ғазали. «Ихия улум әд-дин». 1-том., китаб әл-илм.

Предыдущий Следующий
Отбасы бақыт мекені Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы!
Абай Құнанбайұлы: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады »
Қоғам Ғылымхал дегеніміз не?
«Білімнің ең абзалы – ғылымхал, істің ең абзалы – хал ісі», - дейді. Демек парыз ілім – адамның хал-жағдайына байланысты. Бұл – «ғылымхал», яғни «жағдайға сай қажетті білім» дегенді білдіреді. Балиғатқа толған бозбала дәрет алуды, намаз оқуды үйренуі парыз. Ер жетіп шаңырақ көтеруге ниет еткен жігіт...
Қоғам Білім - жүректі надандықтан құтқаратын нәр
Оқу-білім надандық қараңғылығын жойып, жарық сәуле шашатын нұр. Адамзат баласының әуелі өзін танып, кейін айналасын тануы білім арқылы іске асады. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап нәресте анасын өздігінен танып, біледі. Бұл - табиғи білім, Алланың шексіз рахымы...
Қоғам Сәлем салу Аллаға серік қосуға жата ма?
Ертеден келе жатқан сәлем салу дәстүрі – қазақ келіндерінің үлкенге деген сый-құрметінен туған әдептілік белгісі. "Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет" көрсеткен дана халқымыз сыйластықты әрдайым бірінші орынға қойған. Сәлем салу да осының нақ дәлелі. Бүгінгі таңда қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүст...
Қоғам Имам және интернет
Интернет, оның ішінде әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналғалы қашан. Кеше ғаламтор ойын-сауықтың бір түрі болса, бүгінде қажеттілік деңгейіне көтерілді....
Қоғам 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi