Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы!

| A | +

 Білім – адамзат мәдениетінің ең көрнекті және ауқымды ұғымдарының бірі. Сонымен қатар, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтап тұрушы негізгі фактор. Әуелі адам баласының басқа жаратылыстан ерекшелігі саналылығы болса, сол саналы жаратылыс иелерін бір-бірінен үстем көрсетіп, бір-бірінің алдында шынайы құрмет пен атақ-абыройға бөлейтін осы білімнің жемісі болмақ. Ол турасында ұлы ойшыл, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлы: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндеген. Ал, қасиетті Құран Кәрімнің алғашқы түскен «Алақ» сүресінің бес аяттында оқуға, білім алуға, ізденуге шақырады. Сүйікті пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізді жоқтан бар еткен Алла Тағала: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді», - деп оқу-білім арқылы білмегеніңді білуге, тылсым-құпияға толы жаратылыстың сырларына көз жеткізуге мүмкіндіктер ашылатындығын, күллі ақиқатқа тек білім алу арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын дәріптейді. Біз өмір сүріп отырған мінсіз жараталыс әлемінде қаншама тіршілік иесінің өмір сүретіні беймәлім. Десек те, өмір есігін ашқан кез келген жаратылыстың өмір сүру заңдылықтары мен өмірге қосар үлесі зор екендігі ақиқат. Алла жаратылысының қайсысы болмасын өмірге келгендегі негізгі міндеттері мен атқаратын қызметтері айқындалып қойылған. Әр жаратылыс өзіне жүктелген міндеттен ауытқыған сәтте, өмір заңдылығы бұзылып, қоғамдағы тыныштық пен тепе-теңдіктің аражігі ажырары сөзсіз.

Бір қарағанда тым қауқарсыз көрінген құрт-құмырсқалардың арқасында табиғат ана өзінің тазалығы мен сұлу көрінісін сақтап келе жатқандығын біреу білсе, біреу білмесі анық. Санасыз болған тіршілік иелері өздеріне жүктелген міндеттерін мінсіз орындап келуін тылсым күштің әсерімен ұштастырар болсақ, бүкіл тіршілік иесінен үстем тұратын адам баласының мына өмірдегі міндеттері қандай? Қандай жағдайда өз міндетерімізді күмәнсіз атқарып, Абай дәріптеген «Толық адам» дәрежесіне қалай көтерілеміз? «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», - деп нұсқаған ұлы ойшылдың бағыты қайсы?!

Өмір сан түрлі құбылыстар мен тылсым сырларға толы құпиялы мекен. Жоғарыда атап өткеніміздей қандай бағытқа қадам баспастан бұрын бізге ең қажетті болған әрекет «оқу», «білім алу» болмақ. Абай атамыз өзінің қара сөздерінде: «Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Ал ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады», - деген. Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтыққа бағдар беруге болатындығын ескерткен. Осылайша Абай «толық адам» дәрежесіне көтерілгісі келетін кез келген ізденушіні жастайынан білім алуға шынайы құштарлықпен кірісуге үгіттейді.

Ел ертеңі, халық болашағы өскелең жас ұрпақтардың қолында екендігі мәлім. Сол үміт артып отырған жастарымыз алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді селге жықпас ізбасар екендіктерін дәлелдеген шақ, нағыз аяғынан нық тұрған ел екендігіміздің айқын көрінісі болар еді. «Жастық шақта алған білім – тасқа таңба басқандай» - демей ме дана халқымыз? Жас шағыңда алған білімің ешқашан ескірмек те, ұмытылмақ та емес. Сол үшін жастайымыздан білім алуға, жастарымызды білімге шақыруға, білгендерімізді арттағы іні-қарындастарымызға үйретуден ешқашан жалықпайық.

Ал күллі білімді қор қылатын: тәкәппарлықтан, ұялшақтықтан, жалқаулықтан өзімізді қашық ұстайық. Сонда ғана керегесі кең, іргесі бүтін алпауыт мемлекетке айналарымыз хақ. Қорыта келгенде: «Білім – кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады», - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, келешекте біреуге бағынышты болғымыз келмесе, оқыйық, ізденейік, білім алайық. Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын ой кеселдерінен өзімізді сақтайық. Шынайы білім – жарқын болашақ кепілі. Өзіміздің жарқын болашағымыз өз қолымызда екендігін ешқашан естен шығармайық.

Құлмырзаұлы Ерлан

«Әбу Бакір» мешітінің найб имамы

Предыдущий Следующий
Білім алудың артықшылығы Ғылымхал дегеніміз не?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Ғылымхал дегеніміз не?
«Білімнің ең абзалы – ғылымхал, істің ең абзалы – хал ісі», - дейді. Демек парыз ілім – адамның хал-жағдайына байланысты. Бұл – «ғылымхал», яғни «жағдайға сай қажетті білім» дегенді білдіреді. Балиғатқа толған бозбала дәрет алуды, намаз оқуды үйренуі парыз. Ер жетіп шаңырақ көтеруге ниет еткен жігіт...
Қоғам Білім - жүректі надандықтан құтқаратын нәр
Оқу-білім надандық қараңғылығын жойып, жарық сәуле шашатын нұр. Адамзат баласының әуелі өзін танып, кейін айналасын тануы білім арқылы іске асады. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап нәресте анасын өздігінен танып, біледі. Бұл - табиғи білім, Алланың шексіз рахымы...
Қоғам Сәлем салу Аллаға серік қосуға жата ма?
Ертеден келе жатқан сәлем салу дәстүрі – қазақ келіндерінің үлкенге деген сый-құрметінен туған әдептілік белгісі. "Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет" көрсеткен дана халқымыз сыйластықты әрдайым бірінші орынға қойған. Сәлем салу да осының нақ дәлелі. Бүгінгі таңда қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүст...
Қоғам Имам және интернет
Интернет, оның ішінде әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналғалы қашан. Кеше ғаламтор ойын-сауықтың бір түрі болса, бүгінде қажеттілік деңгейіне көтерілді....
Қоғам 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы....
Қоғам Ертең Жалпыұлттық аза тұту күні
Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша Қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi