Б.Әлиұлы – Берке ханның ұстазы Сейфуддин әл-Бахарзи
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Б.Әлиұлы – Берке ханның ұстазы Сейфуддин әл-Бахарзи

| A | +

Сейфуддин әл-Бахарзи шамамен һижриша 586 (1190) жылы қазіргі Иран жеріндегі Бахарз қаласында дүниеге келді. Толық аты-жөні – Сейфуддин Әбул-Мағали Сағид ибн әл-Мутаһһар ибн Сағид ибн Әли әл-Қаиди әл-Бахарзи (Сияру Әғламин-Нубала, 23-том, 363-бет). Діни білімнің бастапқы тәлімдік кезеңін Бахарздағы ұстаздардан алды. Кейінірек ғылым үйрену мақсатында сол заманның ғылыми орталықтары саналатын Бұхара, Бағдат, Нишабур секілді қалаларға сапар шекті.

 

Хорасанда әйгілі әл-Муаййад әт-Тусиден, Фадлулла ибн Мұхаммед ибн Ахмет ән-Нуқаниден хадис тыңдады. Бағдатта Әли ибн Мұхаммед әл-Маусили, Әбул-Футух әл-Хусри, Исмайыл ибн Сағдулла ибн Хамди, Мушриф әл-Халиси секілді хадистану саласының майталмандарынан тәлім көрді. Нишабурда Ибраһим ибн Салар әл-Хауаризми және тағы да басқа ғалымдардан білім игерді. Кейбір деректерде 11 жасында Бағдатқа келіп мәшһүр ғұлама Ибн әл-Жәузиден ғылым үйренгені жайлы да айтылады. Бұхарада Жамалуддин әл-Махбуби және Шәмсул-Әимма әл-Кердери т.б ғұламалардан дәріс алды (Ислам энциклопедиясы, 4-том, 474-бет.). Сопылық ғылымын Нәжмуддин әл-Кубрадан, Тәжуддин Махмұд әл-Ушнуһиден меңгерді.

 

Шыңғыс ханның қолы Бұхара және басқа да қалаларды жаулап алған кезде Нәжмуддин әл-Кубра шәкірттеріне Хорезмнен Хорасанға бет алуды бұйырады. Сол кездегі шәкірттерінің бірі Сейфуддин әл-Бахарзи болатын. Ол Бұхараның сырт жағында орналасқан Фатх-Абадқа келіп тұрақтайды. Тұрақты түрде дәріс жүргізіп, уағыз айтады. Имам Бұхаридің хадис жинағынан дәріс береді. Хадистерге түсініктеме берумен аты шығады. Көп ұзамай оның ғылыми мәжілісіне келетіндердің саны арта түседі. Мұсылмандар арасында атақ-даңқы шыға бастайды. Шыңғыс хан тарапынан Мәуренаһр аймағына тағайындалған Махмұт Ялауаж салық істерін реттеу үшін Бұхараға келеді. Ол аты дүркіреп тұрған Сейфуддин әл-Бахарзидің мәжілісіне арнайы ат басын тірейді. Ғұламамен танысып, насихатына құлақ салады. Ол ғұламаны бір көргеннен мойындап, алдына мың динар алтын қояды. Алайда әл-Бахарзи оған назар салмайды. Бұл уақиға оның атағын, беделін арттыра түседі.

 

1238 жылы Бұхарада Махмұд Тараби бастаған көтеріліс бұрқ етеді. Көтеріліске қатысушыларды моңғол әскері аяусыз қырып салады. Тек әл-Бахарзидің атын атап, жан сауғалағандар ғана тірі қалады. Бұл уақиға – Шыңғыс хан сарбаздарының ғұламаға ерекше құрмет көрсеткенінің бір айғағы. Алайда моңғол қолбасшыларының бірі Байқу ғұламаны ұната қоймайды. Ол қанішерлігімен, ерекше жауыздығымен танылған қолбасшы болатын. Байқу Термез қаласының тұрғындарын түгелдей қырып, қаладағы жанды атаулыны тұтас жойып жіберген болатын. Сол маңайдағы қаныпезерлер де көп ұзамай Байқудың маңайына топтасады. Солардың бірі ғұламаның сыртынан сөз айтып, «Оның саған келмеуінің басты себебі – халифа болғысы келіп жүргенінде» деп Байқуға жамандайды. Істің байыбына бармаған Байқу өсек сөзге еріп, тез арада кісен салдырып, Самарқанға алдыруды бұйырады. Қолына кісен салынып, Самарқанға бет алған ғұлама шәкірттеріне: «Мен бұл қорлықтың соңын жақсылыққа жорып тұрмын» дейді. Самарқанға жақындағанда Байқудың кенеттен өлгені жайлы хабар жетеді. Ғұламаны алып келе жатқандар оны дереу босатып жібереді. Сол арада бірнеше кісі әл-Бахарзиге мойынсұнып, Ислам дінін қабылдайды. Артынша Хартангтағы имам Бұхаридің қабірін зиярат етеді. Кесенесінің күмбезін жаңартады. Перде ілдіріп, шам қойдырады. Әл-Бахарзидің даңқына қанық болған самарқандықтар ғұламаның Самарқанда тұрақтауын сұрайды. Ғұлама олардың көңілін қалдырмай, қалада бірнеше күн қалады. Кейін Бұхараға қайта оралады. Бұхараны басқарып тұрған әмірші де әл-Бахарзидің алдына келіп, мұсылман болады. Ғұлама оның бұл әрекетіне риза болып оны «Момын» (Аллаға иман келтірген құл) деп атайды. Бұл оқиғадан кейін моңғолдар оны «Ұлық шейх (ғұлама)» деп атайды.

 

 

Бұл кезде Жошының ұлы Берке де әл-Бахарзидің атына сырттай қанық болады. Ол ғұламамен кездесу үшін Бұлғар жерінен шығып, Жендке келеді. Кейін Отырарға жетеді. Артынша Бұхараға кіреді. Берке Бұхараға келгенде қар жауып тұрады. Құптан намазы оқылып қойған соң Сейфуддин әл-Бахарзидің үйіне келеді. Алайда таң атқанша ғұламаның алдына баруға рұқсат сұрамайды. Тарихшы Ибн әл-Фуати Беркенің ғұлама Бахарзимен кездесуін былайша тарқатады.

 

«Мен сөзіне шүбә келтірмейтін бір кісі маған болған жайтты әңгімелеп берді. Берке хан сол түнді таң атқанша ғұламаның есігінің алдында ұйықтамай өткізді. Арасында намаз оқыды. Таң атқан соң ғұламаның құзырына кірді. Дереу аяғына жығылып, аяғын сүйді. Артынша сәлем намазын оқыды. Бұл әрекеті ғұламаға қатты ұнады. Жанына еріп келген әміршілердің бір тобы мұсылман болды. Ғұлама олардан серт алды. Оларға күнделікті оқитын зікірлер мен дұғалар жазып берді. Кейін Беркеге еліне қайтуды бұйырды. Бірақ бұл ұсыныс Беркеге ұнай қоймады. Сонда ғұлама: «Сен өзіңмен бірге бізге көптеген кісіні ерте келдің. Оларға кері қайтуға қатысты бұйыруың маған ұнап тұрған жоқ. Себебі мен сенің билігің жүретін жерде болуыңды қалаймын» деді. Беркенің алпыс әйелі бар еді. Ғұлама бұлардың арасынан төртеуін таңдап, қалғанымен ажырасуды бұйырды. Берке ғұламаның сөзін екі етпеді. Осылай Берке еліне қайтты. Елінде Исламның туын желбіретті».

 

Сейфуддин әл-Бахарзи көптеген уәзірлерден, мемлекет қайраткерлерінен және билеушілерден сый-құрмет көрді. Деректерде халифа Муғтасим Билләһидің Бағдаттан ғұламаға арнайы бағалы тартулар жібергені келтіреледі. Тартудың ішінде орны бөлек сыйлықтың бірі хазіреті Әлидің қолымен жазылған Құран Кәрім еді. Мөңке ханның анасы Сырқұтай Бике Бұхарада салдырған медресесінің оқу істерін жүргізуді ғұламаға тапсырады. Медресенің шығынын, қажеттілігін өтеу мақсатында Бұхараның маңайындағы бірнеше ауылдың табысын уақып етеді. Мөңке хан таққа отырғаннан кейін көптеген дүние-мүлікті ғұламаға сый ретінде арнайы жібертеді. Мөңкенің уәзірі Бурһануддин Масғұд ибн Махмұд Ялауаж да көптеген тарту-таралғы береді. Уәзір Ялауаж қайшылығы көп, шешімі қиын діни мәселелерді жақсы меңгерген кісі болатын. Деректерде оның Мұғтазила мәзһабын ұстанғаны айтылады. Ол Калабаз қаласында арнайы медресе салдырады. Әл-Бахарзидің медресесіне келгенде ғұлама басып өткен табалдырықты сүйіп, кіруге рұқсат беруін күтетін. Артынша: «Менің әкем ғұламаға осындай құрмет көрсететін. Өйткені ғұламаның патшаларымыздың жүрегінде ерекше айбаты орныққан. Егер ғұлама патшаларымызға мені өлтіруді бұйырса, олар оны бұлжытпай орындайды» деп оған деген ерекше ілтипатын білдірген. 

 

Ислам тарихында ерекше із қалдырған, көптеген жандардың ислам дінімен қауышуына себепкер болған ғұлама Сейфуддин әл-Бахарзи һижридің 659 жылы, Зулқағда айының 20 жұлдызында (1261 жылдың 16 қазаны) Фатхабадтағы тәккесінде дүниеден озды. Қайтыс болған күні ғұламаға сауабы тисін деген мақсатта төрт жүзден астам құл азат етіледі. Ғұлама дүние салуынан бұрын ұстазы Нәжмуддин әл-Кубраның шапанына кебінделуін, жаназасы оқылмай Құран бағышталмауын және дауыс көтеріп жоқтау айтылмауын өсиет етеді. Өсиеті мүлтіксіз орындалады. Өзінен кейін артында мол байлық, көптеген шәкірттер қалады. Ғұламаның артында қалған үш ұлы мен ұрпақтары ұзақ уақыт тәкке мен медресе істерін жүргізіп отырған. Бұлардың ішінен ислам тарихында танымал болғандары – үлкен ұлы Жәләлуддин Мұхаммед (қайтыс болған жылы 661/1263), ортаншы ұлы Бурһануддин Ахмет (қайтыс болған жылы 696/1297), кенже ұлы Музһируддин Мутаһһар және басқалар. Әйгілі саяхатшы Ибн Баттута ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысында Бұхараға келгенде ғұламаның тәккесі немересі Яхияның қолында болған. Яхия Ибн Баттутаны үйінде қонақ етіп күтеді. Қаланың зиялы қауым өкілдері жиналып уағыз айтылып, Құран оқылады. Мақамына келтіріліп парсыша және түрікше өлеңдер оқылады. Ибн Баттута еңбегінде тәккенің кірісі мол уақыбы бар екенін ерекше атап өтеді. Ғұламаның тәккесіне қатысты уақфия құжаты аударылып, ғылыми айналымға түскен.

 

Бауыржан ӘЛИҰЛЫ,

"Мұнара" газеті, №4, 2020 жыл

Предыдущий Следующий
Исламның гигиеналық нұсқаулары Имам Матуридидің зайырлылық және ерік бостандығы туралы ойлары

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ғұламалардың өмірбаяны Гете: Сонымен біз Исламда қалуға тиіспіз...
«Мен мұсылманмын» деп әлемге жар салмаса да Гетенің шығармаларынан оның Исламның рухани құндылықтарына деген қатынасы айқын аңғарылады. Оның өмірлік ұстанымдары, әлемге деген көзқарасы өмірдің мәні туралы толғаныстары, адам мен Алланың арақатынасы туралы пайымдаулары осы мәселелер жөніндегі Ислам тұ...
Ғұламалардың өмірбаяны Отырар өлкесінің ойшылы
Отырар маңында бірнеше қамалдар мен бекіністер болған. Солардың бірі – Сырдария бойындағы Зернүк қамалы. Арабтар оны «Зарнудж» (Зернүдж) деп жазған. Сол жерден шыққан  бір ойшыл туралы  жаңа да тың деректерге оқушы назарын аударайын....
Ғұламалардың өмірбаяны Рәтбек қажы НЫСАНБАЙҰЛЫ: ОРТА АЗИЯДАН БӨЛІНІП, ДІН ДЕРБЕСТІГІН АЛДЫҚ
Құрметті, хазірет! Өзіңіздің бас болуыңызбен құрылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Сұхбатымызды қазіргі Діни басқарманың бастауында тұрған Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жайлы баяндаудан бастасақ. Бұл басқарма Екінші дүниежүзілік ...
Ғұламалардың өмірбаяны Абай. «Китаб тасдиқ» немесе қазақ білмеген тарих
Жүз жылдың жүзі болды Абай мұрасын азық қып келе жатқанымызға. Әлі де тамырын қопарып, танып болдық деп айта алмаймыз. Жұмбақ жанның сыры шын мәнінде оңай болмай шықты. Сөзімізге тұздық қылғалы отырған туындының бірі – «Китаб тасдиқ». Аталмыш шығарманың  біз осы күнге дейін түпнұсқа мәтінін оқымай, ...
Ғұламалардың өмірбаяны Қазақтың төрт қазиі
Биыл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) құрылғанына 30 жыл. Діни басқарма қалай құрылды? Бастауында кімдер тұрды?
Ғұламалардың өмірбаяны Әл-Фарабидің рухани әлемі
Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды рөл атқарған әрі бүгінге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген т...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 01:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi