Абай. «Китаб тасдиқ» немесе қазақ білмеген тарих
Сарыөзек
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:54
Сарыозек
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Сарыозек
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:09 06:28 11:35 14:52 16:35 17:54
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
4 Джумада-авваль 1446
Миләди
05 қараша 2024

Мақалалар

Абай. «Китаб тасдиқ» немесе қазақ білмеген тарих

| A | +

Жүз жылдың жүзі болды Абай мұрасын азық қып келе жатқанымызға. Әлі де тамырын қопарып, танып болдық деп айта алмаймыз. Жұмбақ жанның сыры шын мәнінде оңай болмай шықты. Сөзімізге тұздық қылғалы отырған туындының бірі – «Китаб тасдиқ». Аталмыш шығарманың  біз осы күнге дейін түпнұсқа мәтінін оқымай, тек аудармасымен алданып келіппіз. Былайша айтқанда, Мүрсейіт қолжазбасынан бермен қарай Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасының түпнұсқасы қазақ оқырманына жетпеген. Тек қазақ тіліндегі тәржімәні місе тұтып, оны түпнұсқаға тең көріп жүре бергенбіз. Яғни, бақырды алтынға балағанбыз.  Абай сонда «Китаб тасдиқ» шығармасын қай тілде жазған? Шағатай тілінде. Яки мұсылман-түрки, яки қадымша, яки китаби тілде. Бәрі бір нәрсе. Қазақтың әдеби тілін түрлендірген Абай тек «Китаб тасдиқ» туындысын осылай өзгеше тілмен жазған. Себебі «Китаб тасдиқ» – көркем шығарма емес, ғылыми еңбек болатын. Ал, шағатай тілі – бүкіл түрік жұрты мың жыл бойы қолданған ортақ тіл еді. Ғылыми һәм әдеби. Ол өрнекпен кезінде Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Иасауи, Насреддин Рабғузи, Сәйф Сараий, Қадырғали Жайлайырилар жазды. «Китаб тасдиқ» – осы күнге дейін бағы ашылмай келе жатқан туынды.  Оның бағы ашылуы үшін ең әуелі оның түпнұсқасы жариялануы керек қой. Түпнұсқа сонау баяғы архив сөрелеріндегі Мүрсейіт қолжазбасының ішінде шаң басып, жатып қалды. Содан бері шығарма А.Байтұрсыновтың жаңаша араб әліпбиімен де, кейінгі латын һәм кирилл алфавитімен де жарық жүзіне шыққан жоқ. Ал, біз оқып жүрген қазақша аударма туындыға өз аты қойылмай, осы күнге дейін «38 қара сөз» деген лақап атпен жүр. Өте ыңғайсыз ұят нәрсе екен. Абайдан ұят, ұрпақтан ұят. Абайдың авторлық құқы әбден аяқ асты болып келіпті. Авторлық құқын даулап, сотқа жүгінетін Абай жоқ. Жә, ашынғаннан айтылып жатқан сөз.  Ештен де кеш жақсы деген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан ашылған «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы осы мәселеге өз үлесін қоспаққа талпынып отыр. Осы жолдар авторы осыдан төрт-бес жыл бұрын өзінің бір талапты шәкіртіне «Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасындағы көркемдік, танымдық мәселелер» атты дипломдық жұмыс берді. Ол шәкірттің аты-жөні – Әзімхан Исабек. Әзімхан қазір білдей магистрант. Ол өзінің дипломдық жұмысын сәтті қорғап, осы тақырыпты енді магистрлік диссертация ретінде зерттеп жүр. Жақында ол белгілі арабтанушы ғалым Абдулла Жолдасбен бірге Абайдың «Китаб тасдиқ» туындысының траснкрипциясын  жасап шықты. Жасап шықты деп айтуға ғана оңай. Бір жері өшіп, бір жері көгеріп, сарғайған парақтардан Абайдың әрбір сөзін, әрбір әрпін танып, оқып шығу оңайға түскен жоқ. Онша-мұнша оқылмаған тұстары да бар әзірше. Транскрипция М.Әуезовтің мұражай үйіндегі Мүрсейіт қолжазбасына сүйеніп жасалды (ЛММА. Кипр-1, №351). Қолжазбаны қолға түсіруге қол ұшын берген мұражай директоры Диар Қонаевқа айтар алғысымыз шексіз. Алда атқарылар істер шаш-етектен. Сөйтсе де, осы бір маңызы елеулі жаңалықты ел-жұртпен бөлісуді жөн көріп, мәтінді жариялауға беріп отырмыз. Оқырман Абайдың тасада қалған туындысын оқып, рахаттанып, ләззәт алсын деген оймен. Ғасыр қойнауынан аршып алынған Абай атамыздың мұрасын бүгінгі ұрпақ тосырқап, жатырқамай қабылдайды деген үміттеміз. Кезінде атақты профессор Әуелбек Қоңыратбаев: «Абайдың ең қиын-қыстау ойларының бірі 38-інші қара сөзі. Бұған әзірге ешкімнің тісі батпай жүр» деген еді (Ә.Қоңыратбаев. Қазақ эпосы және түркология//Фараби және Абай. Ғылым, Алматы, 329 б). Бәлкім  осы басылым тіс батырудың алғашқы баспалдағы болар.

 

Ақжол Қалшабек

«Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының

  аға ғылыми қызметкері

 

Абай

Китаб тасдиқ

(транскрипциясы)

 

Ей, жүрәгімнің қуаты фәрзәндләрім! Сізлерге адам ұғлының мінәзләрі туралы біраз сөз язып, ядгар қалдырайын. Ықыласмәнән оқып, ұғып алыңызлар. Аның ушін махаббатының құлауы болып табылады. Махаббат – адамның адамнығы, ғылым, ақыл нәрсәләрмәнән. Мұның табылмақлығына сәбәплер бірінші хауас сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады. Қалмысы өзгелерінің бәрі яхшы ата, яхшы ана, яхшы құрбы, яхшы устаздан болады. Талап, ұғым  деген мұхаббаттан йоғары шығады. Ғылым-білімге махаббаттандірілмәк әлгі айтылған ушеуінен болады. Ғылым-білімні бала әуәл басынан өзі ізләніп тапмайды. Басында зорлықмәнән яки алдаумәнән үйір қылу керек. Үйрене келе өзі ізлегендей болғанша. Қашан бір бала ғылымны махаббатмәнән көксерлік болса, сонда ғана аның аты «адам» болады. Сонан соң ғана Аллаһ Таъаланы танымақлық, өзін танымақлық, дүниәні танымақлық, өзі адамшылығын бұзбай жәліб манфаъат, дәфғы мазарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімні үйренсе болар деп үміт қылмаққа болады, болмаса йоқ, аның болмаса шала. Аның ушін көбінәсә балаларын жасында ата-аналары қиянатлыққа салындырып алады. Соңынан моллаға берген болады, я ол балалар өзләрі барған болады, һешбір баһра болмайды. Ол қиянатшыл балалар талапқа да, ғылымға да, устауға да хәтта иман иғтиқадқа да қиянатмәнән болады. Бұл қиянатшылар ярым адам, ярым молла, ярым мұсылман. Оларның адамлығының камалат тапмағы қиынның қиыны. Себебі: Аллаһ Таъала – хақиқатмәнән растлық йолы. Қиянат –  хақиқатмәнән растлықтық дұшманы. Дұшманы арқылы шақыртқанға дост келе ме? Көңілде өзгә махаббат тұрғанда хақлықны тапмайды. Ғылым-білімі расқа, ақиқатқа құмар болып, һәр нәрсәнің түбін, хикмәтін білмәккә ынтықлық бірлән тапылады. Ол Аллаһның илімі емес, һәмманы біләтұғын ілімге ынтықлық өзі де адамға өзіндік илім береді. Аның ушін Аллаһның өзіне ғашықлық, Ғылым – Аллаһның сифаты, Ол – хақиқат, Оған ғашықлық, өзі де хақлық һәм адамлық дүр. Болмаса мал тапмақ, мақтан тапмақ, иззет-құрмәт тапмақ секілді нәрселернің махаббатынан ғылым-білімнің ақиқаты табылмайды. Мал мақнан, иззет-құрмәт адамны өзи изләп табылса, адамлықты бұзмайды һәм көрік болады. Егер де адам өзі оларға табынып изләсә тапса да, тапмаса да адамлығы йоғалады. 

 

Енді хақиқат суиіп, шынды білмек құмарың бар болса, адамлыққа лайықлы ықыласлы құлағыңны қой. Әуәл дін исламның жолындағы бәнделер иманның хақиқатын білсін! Иман дегәніміз – бір ғана инанмақ емес, сен Аллаһ Таъаланың бірлігіне уа Құран оның сөзі екәндігіне уа Пайғамбар саллалаһу ъалайһи уәссаламның аның тарапынан елші екендігіне инандың, жә не бітті? Сен Аллаһ Таъала ушін иман келтірәмісің я өзің үшін иман келтірәмісің? Сен иман келтірмәсәң де Аллаһ Таъалаға һешбір кемшілік йоқ еді. Өзің ушін иман келтірсең жә, инандың ол инанмақлығың құр ғана инанмақлықменен қалса, саған файда бермәйді. Аның  ушін сен өзің инанмақлығыңнан файдаланбадың, файдаланайын десең файда береді, кәміл иман болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек. 

 

Сіз: «Әмәнту билләһи кәмә уә би әсмайһи уа сифатиһи» дедіңіз. Ол исімуллаһтар һәмма  Аллаһ Таъаланың фиъыл ъазимларының атлары, олардың мағынасын біл һәм сегіз сифаты затиялары не деген сөз кәміл үйрән. Өзіңді аның құлы біліп, өзіңе муслим ат қойып, тәслим болғаныңга раст боласың да, өз фиъылларыңды соған өз хәліңше ұқстауды шарт қыл. «Аллаһ Таъалаға ұқсай алам ба?» деп надандықпәнән ол сөздән жиіркенбе, ұқсамақ – дәл бірдейлік дағуасыменен емес, соның соңында болмақ. Аның ушін Аллаһ Таъаланың сифатлары: Хаят, Ғылым, Қудрет, Басар, Сәмиъ, Ирада, Кәләм, Тәкуин. Бұл сегізінен Аллаһ Таъаладағыдай  кәмелет, ъазамат бірлән емәс болса да, бәндәсіндә уә һәрбірінен өз халынша бар қылып яратыпты. Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәрра атлас сифатымызды әуәл Аллаһ Таъаланың сегіз ұлұғ сифатынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақпенен біздің атымыз муслим бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сифатына сифатымызды һәм ол атлары бірлән ол ағламланған, фиъл Құдаға фиъылымызны ертпек не нәрсемен табылады? Аны білмек керек. Ол Аллаһ Таъаланың заты һешбір сифатқа мұқтаж емес. Бізнің ақылымыз мұқтаж. Йоғарыдағы жазылмыш сифатлар бірлән таърифлап, танымаққа керек. Әгәрде ол сифатлар бірлән таърифланбаса бізге мағрифатулла қиын болады. Біз Аллаһ Таъаланы өзінің білінгәні қадар ғана білеміз. Болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикмәтіне һешбір хаким  ақыл ерістіре алмады. Аллаһ Таъала – өлшәусіз, бізнің ақылымыз – өлшәулі. Өлшәулі бірлән өлшәусізні біләргә болмайды. Аллаһ Таъаланы «бір» дейміз, «бар» дейміз, ол «бір» демәклік те ақылымызға ұғымның бір тиянағы ушін айтылған. Болмаса ол «бір» демәклік те Аллаһ Таъалаға лайықлы келмейді. Аның ушін мумкинатының ишинде не нәрсенің ужуді бар болса, ол бірліктен құтылмайды. Һәрбір хадискә айтылатұғын бір қадимге таъриф болмайды. Ол бір Құдай деген сөз ғаламның ишінде, ғалам Аллаһ Таъаланың ишіндә. Құдай табарака уа Таъала китапларда субутия сифатлар бірлән, уа тоқсан тоғыз асмаи хүсналары бірлән білдіргән. Бұларның һәммасы Аллаһ Таъаланың затия, субутия, уа фиъиля сифатлары дүр. Мен мұнда сізләргә төртеуін білдірәйін. Оның екеуі: Ғылым, Құдірәт. Сегіз сифаттан қалған алтауы бұларға шарх. Ол алтауының бірі – Хаят яғни Тірілік. Аллаһны бар дедік, бір дедік. Ғылым, Құдірәт сифаты бірлән сифатладық. Бұл бірлік, барлық Ғылым, Құдірәт әуәлдә боларлық нәрсәләр мі? Әлбәттә, Ғылым, Құдіреті бар болды. Хаяты – мағлұм, бірі – Ирада, яғни – қаламақ. Ол һеш бір нәрсеге харекет бермейді, һәммеге харекет беретұғын Өзі. Ол Ирада ғылымының бір сифаты: Кәләм яғни сөзләгүші  дегән, сөз һәріпсіз, дауыссыз болушы ма еді? Аллаһның сөзі – һәріпсіз, дауыссыз. Енді олай болса, айтқандай қылып білдірәтұғын қудірәті янә – Басар, Самъ, Көручі, Естучі деген. Көрмәгі, есітмәгі бізләр секілді көзменен, құлақменен емес болатұғын нәрсәләрін көргендей, ешткендей болатұғын ғылымының бір сифаты, бірі – Тәкуин, яғни барлыққа келтіручі дегән сөз. Егер барлыққа келтірмәгі бір өз алдына сифат болса Аллаһ Таъаланың сифаты өзіндей қадим әзәли һәм әбәди бұлар да һәмишә барлыққа келтірудән босанбаса, бір сифаты бір сифатынан үлкен я кіші боларға ярамайды. Олай болғанда Ғылым, Қудірет сифатлары секілді босанбай һәр уақыт яратуда болса, бір ықтиярсызлық чығады. Ықтиярсызлық Аллаһ Таъалаға лайықлы емес. Аның барлыққа келтірмәгі Қудретіне ғана бір шарх. Бұл Ғылым, Қудірет екі сифаты бірлән, сегіз сифат бұзылмаснан тугел болады. Ол ғылым қудіретте ешбір ниһаятсыз, ғылымында ғафләт, қудіретінде епсізлік янә нашарлық йоқ. Сониън санъатына қарап білесіз. Бұл көзгә көрілгән, көңілгә сезілгән ғаламды қандай хикмәтмән яраштырып, қандай қудірәтмән орнастырған һеш адам баласының ақылы йетмейді, бірақ бәндәсіндә ақыл – хүкімчі, ғайрат, қуатменен – қызмет қылучы, болучы еді. Соған қарап ойлайсыз: Аллаһның сифатында солай болмаққа тиіс. Бірақ әуәлдә айтқанымыз Ғылым, Қудірет бізнің ұғуымызға  ғана екі қисап болмас, бірақ ғылымна қудірет болуға тиіс. Олай болмаса сифатлар өз орталарында бірі – тәбиғ, бірі – матбуғ болады. Бұл болса, таъриф Раббыға ярашмайды. Сегіз сифат қылып янә ол сифатларына ла ғайру уә лә һуә болып, бұлай айтуда, бұлардан бір өз алдына жамағат яки жамиъат чығып кетеді. Бұл болса келісмейді. Әгәрде сифатларына һәр бірін басқа-басқа дегенде, көп нәрседен жиылып иттифақменен Құдай болған болады. Бұлай деу батыл, бір ғана қудірәт бәндеде болған қуат; қудірет ғылым ақылдан басқа болатұғын еді. Аллаһ Таъалада болған қудірет – ғылым һәм Рахмәт. Ол Рахмет сифаты сегіз сифат ичинде язылмаса да һәм Аллаһ Таъаланың Рахман, Рахим, Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Рәззақ, Нафиғ, Уәкил, Латиф деген есімләріне бинъан бір ұлығ сифатынан қисаплауға ярайды. Бұл сөзіме нақлия дәлелім – йоқарыдағы язылған Аллаһ Таъаланың есімләрі, ақылия дәлелім Құдай Таъала бұл ғаламны ақыл етмейтұғын келісіммен яратқан, анан басқа бірінен бірі файда алатұғын қылып яратыпты. Жансыз яратқанларынан файда алатұғын, жан иесі хайуанларны яратып, жанлы хайуанларынан файда алатұғын ақыллы инсанны яратыпты. [Һашия:Хайуанларны асырайтұғын жансызларны еті ауырмайтын қылып, жан иесі бұ хайуанларны адам баласын асырайтұғын етіп, махшарда сұрау бермәйтұғын қылып, енді бұларның һәммасынан файда аларлық ақыл иесі қылып, яратқан]. Адам баласынан махшарда сұрау берәтұғын қылып яратқандығында  һәм ъадаләт һәм махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуан сифатында яратмай бұл гүзәл сифатта қылып, екі аяққа бастырып, басын йоқары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып, өзге хайуанлар секілді тамақты өз басымен алдырмай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет қылдырып, аузына ас бергенде не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззатланғандай қылып, ауыз үстіне мұрынды қойып, аның үстінен тазалығын байқарлық екі көз беріп, зарардан қорғап тұрарлық қабақ беріп, ол қабақтарны жауып тұрарлық қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп, жузіне көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмаққа, біреуі ойын біреуіне ұқтырарлық тіліне сөз беріп яратмақлығы махаббат емес пе? Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз емес пе? Ақыл көзімен қара: күн қыздырып, теңізден бұлт шығарады екен. Ол бұлтлардан яңбыр жауғызып, жер жүзінде неше түрлі дәндерді өсіріп,  жемісләрні өндіріп, көзге көрік, көңілге рахат, гүл-бәйшешекләрні, ағаш-япрақларны, қант-қамысларын өндіріп, нешә түрлі нәбататларны өстіріп, хайуанларны сақтатып, бұлақлар ағызып, өзән болып, өзәндер ағып дария болып, хайуанларға, құсқа, малға сусын, балықларға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін; гүлләр гүлін, құслар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуанлар етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар балығын; балықлар икрасын, һәтта ара балын, балауызын, құрт-жібегін, ипәкін – һәммасы адам баласының файдасына жасалып, һешбірінде бұл менікі дерлік бірнәрсе жоқ, бәрі – адам баласына таусылмас азық. Миллон хикмәтмән жасалған машина, фабрика адам баласының рахаты, файдасы ушін ясалса, бұл ясаушы сүйгәнлігі емес пе? Кім сені сүйсе, оны сүймек қарыз емес пе? Адам қанағатсызлықменен бұл хайуанларның тұқымын құртып, алдыңғылар артқыларға жәбір қылмасын деп, малны адам баласының өзінің қорғанына қорғалатып, өзге хайуанларна бірін ұшқыр қанатына, бірін күшті қуатына, бірін екі аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып һәм һәрбірін өсіп-өнбекке құмар қылып, жас күнінде кішкене уақытында шафқат сиқыры бірлән бастарын байлап, қамқор қылып қоймақлығы – адам баласына өсіп-өніп, теңдік алсын емес, бәлки адам баласының үзілмес нәсіліне, таусылмас азық болсын дегендік. Жә, бұл хикметлерінің һәммасынан мархамат һәм ъадалат заһир тұр екен. Біз ортамызда бұл мархамат, ъадалатты иманның шартынан хисап қылмаймыз. Аның ушін муслим болғанда Аллаһқа тәслим болып, Аның йолында болмақ едік, болғанымыз қайсы? Бұл екі ай менен күннен артық мағлұм тұрған жоқ па? Фиғылы Құданың һешбірін де қарар қылмаймыз, өзгелерде болғанын жек көрмейміз, өзіміз тұтпаймыз, бұл қиянатшылық емес пе? Қиянатшылыққа бір қарар тұрған адам –  я мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман.

 

Аллаһ Табарака уа Таъаланың бәнделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. «Тәфаккару фи ъалә илләһи, Инналаһа йухиббул муқсинин» деген аятларға һешкімнің ықылас көңілімәнән ғылымы жетіп, құптағанын көргенім жоқ. «Әтәмурун әннәсә билбирри уәхсину инналлаһа йухиббул муқсинин», «уәлләзинә әмәну уә ъамилу салихати уәләйкә асхабул жәннәти һум фиһа халидун» деген аятлар құранның іші толған «ъамалус салих» не екенін білмейміз. «Уә әммаллазинә әману уаъамилус  салихати фәйуәффиһим ужурәһум уаллаһу лә иухиббуз залимин» аятына қарасаң, ғамалус-салих залымдықның зидды болар. Олай болғанда ъадәләт, рафқат боларға кімде-кімнің ъадалаты жоқ болса, оның хаясы жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген пайғамбарымыз саллалаһу ъаләйһи уәссәләмнің хадис шәрифі «мән лә хая ләһу лә имана ләһу» деген дәлел дүр. Енді белгілі ки иман құр инаныш бірлән болмайды. Ъадәләт уа рафқат бірлән болады. Ғамалус-салих ъадалатлі уа мархаматлы болмақ, күллі тән бірлән қылған құлшылықларының һешбірі ъадалатні, мархаматны бермейді. Көзің күнде көреді, намаз оқушы, руза тұтқуларының не һәләтта екенлікләрінің оған дәлел керек емес. Бәлки ъадәләт –  барша ізгілікнің анасы дүр. Инсаф, ұят осы ъәдәләттан чығады. Аның ушін ъадәләтлі адамның көңіліне келеді: мен өз көңілімне Халиқ менімен сондай-мұндай қылықларымен мұъамалә қылса екен деп ойлап тұрып, өзім сол қылықларыменен мұъамәлә қылмағлығым жарамайды ғой деп, сол өзі ъадәләт һәм инсаф та емес пе? Ол һәмма жақсылықның басы емес пе? Жә, олай хұлқменен ойлаған кісі Халлақына шүкіріні неге ойламасын? 

 

Шүкірліктен ғибадатның бәрі туады. Енді зинһар ъадаләттан, шафқаттан босанбаңнар. Егер босансаң, иман да адамлық та һәммасы босанады. Аллаяр софының бір фәрдәдән йуз фәрдә бижай дегені басыңа келәді. Енді бізнің тағриф бойынша Құдай Таъала Ғалымлы, Рахымлы, Ъадәләтлі, Қудіретлі еді. Сен де бұл ғылым, рахим, ъадәләт үш сифат бірлән сифатланбақ иждиһадін шарт еттің, мұсылман болдың һәм толық инсаниятың бар болады. Белгілі  жәуанмәртлік үш хаслат бірлән болар деген: сиддық, кәрам, ақыл – бұл үшінден сиддық ъадәләт болар, кәрам шафқат болар. Ақыл мағлұм дүр, ғилмнің бір аты екәнлігі, һәр адамның бойында Аллаһ Табарака уа Таъала тәхмин бар қылып яратқан, бірақ оған риуаж беріп гүлдәндірмәк бәлки адам өз халынша кәмалатқа йеткізбек жәһәтінде болмақ болар. Өз иждиһәдің бірлән ниет халс бірлән ізленсең ғана беріле тұрған нәрселер, болмаса йоқ. Бұл айтылмыш үш хасләдінің иелерінің алды – пайғамбарлар, анан соң әулиелер, анан соң хакимлер, ең ақыры – кәміл мұсылманлар. Бұл уш түрлі фиъыл Құданың соңында болмақ, өзін құл біліп, бұл фиъыллерге ғашық болып, тұтынбақны пайғамбарлар үйретті, әулиелер ұқты, ғашық болды, бірақ ухрауи файдасын ғана күзетті. Ғашықлықлары сол халаққа жетті-ки, дүнияны, дүниядағы тиерлік файдасын ұмытты. Бәлки хисапқа алмадылар. Хакимләр дүнияда табатұғын файдасын сөйледі. Ғибрат көзімен қарағанда екісі де бірінен-бірі көп жырақ кетмейді. Аның ушін һәрбірі айтуы басқаша болса да, Аллаһ Таъаланың санаъатына қарап, пікірләнбәкті екісі де айтты. Пікірләнмәк  соңы ғибратләнмәк болса керек. Бұл ақыл, ғылым һәр екісі де өзін зорға хисапланмақны, зұлымнықны адам өзіндей адамны алдамақны жек көреді. Сөйтіп, бұл екісі де мархаматлы уа шафқатлы болмақны айтып бұйырды-лар. Бұл раһим болса керек. Менің ойыма келеді: бұл екі тайпа һәр кісі өзләрінә бір түрлі нәфсісін фида қылушылар, яғни бәндәлікнің кәмалаты әулиялік бірлән болатұғын болса, күллі адам тәркі дүния болып, «һу» деп тариқатқа кірсе, дүния ойран болса керек. Бұларны кім асырайды, малны кім бағады? Дұшманды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді? Дүниедегі Аллаһның бәнделері жаратқан қазиналарын кім іздейді? Харами, мәкруһи былай тұрсын Құдай Таъаланың қуатың бірлән ижтиһадің, ақылыңменен тауып, рахатын көрмегіне бола жаратқан, берген, ниғматларына, андын көрмәк хұзурға суық көз бірлән қарап, ескерусіз тастап кетпек ақылға да, әдәпке де, бәлки инсафқа дұрыс ма? Сахиб ниғмәтіңә шүкірлігің жоқ болса, әдәпсіз бірлән гүнәһар болмайсың ма? Екінші, бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кетудің қаупі бар. Кафирлерге жем болып кетуден қайсыбір сабырсызы жолынан тайып, сабырменен бір қарар тұрайын дегәні олып кетселер керек емес пе? Әгәрдә бұл жол – ярым-яртыларына ғана айтылған болса, ярым-ярты раст дүниеде бола ма? [Хашия: Раст болса, һәммаға раст болсын, алалаған раст болама ма,  һәм ъадәләт болама ма?] Олай болғанда ол жұртта ғұмыр жоқ болса керек. Ғұмыр өзі –  хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмәләт жоқ. Бірақ әулиелернің де бәрі бірдәй тәркі дүниә емес, ъашәрән-мубәшәрәдән хазіреті Осман, Абдуррахман ибн Ауф, Саъд ибн Әбууаққас ушәуі де үлкен байлар еді. Бұл тәркі дүниялық я дүния ләззатына алданып, иждиһадім шала қалады деп бойына сіңбегенлік я хирс дүниялықтан аууамның көңілін суытпақ ренжуге  сабыр етіп, өзін фида қылып, мен жаныммен ұрыс қылғанда халық ең болмағанда нәфсісімен ұрыс қылып хауастан һәрбір әрзуи нафстан суынып ғадалат, мархамат махаббатына бір қарар болар ма екен деген үмітмәнән болса керек. Олай болғанда о да жұртқа қылған артық махаббаттан һисап. Бірақ бұл йол – бек четин, бек назик йол, бұл иолда риясыз, жеңілдіксіз бар қарар тұрып ізләнгән ғана ісінің кәмәлатына йетмек. Бұл заманға надир, бұған ғылымның да зоры, сиддық, ғираттың да зоры, махаббатның халлақына уа халық ғаламға да бек зоры табылмақ керек. Бұларның жиылмағы қиынның қиыны, бәлки фитнә болар. Басына һәм өзіне өзгечелік бермек, адам ұғлын бір бұзатұғын іс, һәрбір наданның біз тариқатқа кірдік  деп жургәні біз бұзылнық дегәнімен бір болады. 

 

[Һашия:«Әмәнту билләһи, уә мәләйкәтиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл яумил ахири, уа бил қадари хаириһи уә шәрриһи минналаһи таъала, уәл баъсу баъдәл маути хаққун». Аллаһна, періштелерге иман келтіру, кітаптары рас, пайғамбарлары хақ, қиямат күні болмағы рас, жақсы, жаманлық тағдыры Аллаһ Таъаладан екеніне, өлген соң қайта тіріліп,  сұрау беретұғынымызға инану].

 

Хаким, ғалым асылда бір сөз ләкин ғарафта басқалар дүр. Дунияда ғылым заһири бар, олар айтылмыш язылмышларны нақылия деп те айтады лар. Бұл нақылияға жүйріклер ғалым атала лар, әмма Құдай Таъала һешбір нәрсені себәпсіз жаратмаған, бұны изәрләп «тәфаккару фи ъала илләһи» деген хадиске бинәән бұл санъаты Құдадан  изәрләп уа құмар болып, ғибрәтләнучләргә тыю жоқ, бәлки санъатынан сәбәбін білмекке құмарлықтан саниъына ғашықлық шығады. Құдай Таъаланың затына бәндәсінің ақылы йетмесе, дәл сондай ғашықмын демек те орынсыз. Ғашық-мағшұқлыққа халик бірлән мақлұқ ортасы мунәсибәтән, Аллаһ Таъаланың бәндесін махаббат уа мархаматмәнән жаратқанын біліп, мұхаббатына мұхаббатменен ғана елжіремекні Құдаға ғашық болды дейміз. Олай болғанда хикмет Құдаға бәнде өз ақылы йетерлік қадар ғана білсәм деген һәр ісінің сәбәбіні ойлаушыларға хаким ат қойдылар. Бұлар хақ бірлән батылны айырмаққа сәбәбләрні білмәккә тырышалар бірлән һәммәсы адам файдасы учун, күлкі түгіл дүниядағы түрлі ләззат бұларға екінчі мәртәбада қалып, бір ғана хақны таппақ, һәр нәрсәнің сәбәбін тапмақ бірлән ләззатланадылар. 

 

Адасмай тура ізләнгән хакимләр болмаса, дүниә ойран болар еді. Фиъылы бәндәнің қазығы –  осы жақсы хакимдер уа һәр нәрсе дүниәдә оларның истихражы бірлән рауаж табады. Бұларның ісінің көбі – дүния ісі, лекін осы хакимларының жасаған, таратқан ісләрі – «Әд-дүния мәзраъәтул ахирәти» дегендей, аһиретке егіндік болатұғын дүниә сол. Һәрбір ғалым – хаким емес, һәрбір хаким – ғалым. Ғалымдар, хакимлар алдында ешкім емес, ғалымларының нақылиясы бірлән мұсылман иман тақлиди кәсіп қылады, хакимләрінің ақылияты бірлән етсе иман яқини болады. Бұл хакимләрдән  мурат – мұсылман хакимләрі, болмаса ғайридиннің хакимләрі әғәрше «фәтлубни тәжидуни» делінсе де, дүниянің һәм адам ұғылы ғұмырының сырына иетселәр дә, диннің хақ мағрифатына жете алмағанлар, бұлардың көбі иманның жеті шартындағы бір Аллаһны танымақтан ғайри, яғни алтауына кімі күмәнді, кімі мүнкір болып, тахқиқлай алмағанлар. Егер бұлар дін ұстазымыз емес болса да, дінде басшымыз Құданың елшісі пайғамбарымыз саллаһу ъаләйһи уәссәләмнің хадис шәрифі: «хайрун нас ман ианфағуннас» деген. Хаким ұйқы, тыныштық, әуес-қызықның бәрін қойып, адам баласына файдалы іс шығармақлығына яғни электрияны тауып, асманнан жайды бұрып алып (аралықтағы хашия ақылын тауып жүргізіп) дүниенің бір шетінен қазір жауап алып тұрып, отменен суға қайласын тауып, мың адам қыла алмастай қызмәтләр ішләтіп қойып, тұрғанлығы, уа хұсусан адамның ақылы-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылны айырмақны үйреткеннігі, барчасы нафиғлық болған соң, бізнің оларға минәттарымызға дау жоқ. 

 

Бұл замананың моллалары хаким атына дұшман болады. Білімсізлік бәлки бұзық фиъыл «әл-инсану ъадуун лима жәһилә». Оларның шакіртларының көбі біраз араф-парсыдан тіл үйренсе, бір жарым болымсыз бахс үйренсе соған мәз боп, өзіне өзгешелік берем деп әурә болып, жұртқа файдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады. «Һай-һой» менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді. Бұларның көбі әншейін жәһил түгіл, жәһилләр кібік талап болса, қайда хақ сөздер келсе, қазір инсафқа қайтсын һәм ғибратлансын. Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген инсаф? Құр өзімшілдік һәрбір адам баласын бұзатұғын фиъыл.  Расның бір аты – хақ, хақның бір аты – Аллаһ, бұған қарсы қаруласқанша мұны ұғып, ъадаләтпен тәптештеуге керек. Мұндай фиъылдан куфр қаупі дә бар. Және пайғамбарымыз саллаһу ъаләйһи уәссәләм «ақырзаманна – бір жылдық, бір күн болар» дегәнда сахаби-керамлар «бұл бір жылдық бір күнде намаз нешеу болар» деп сұрағанда, «аның фатуасын сол заманның ғалымлары білер» деген сөзінен бір ғибратланып қарасақ, замана өзгеру бірлән қағидалар өзгерілмегін білдіргені мағлұм болады. Бұл күндегі тахсилғулум ескі медреселер ғұрфында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болды. Соған қарай Ғұсманияда мектеп харбия, мектеп рушдиялар салынып, жаңа низамға айналған. Мұндағылар узақ йыллар өмір өткізіп, ғылымны файдасыз ұзақ бахсләрмәнән күнін өткізіп, маъишат дүниәдән надан бір иссіз адам болып шығады да, һешбір һарекетқа лаяқаты жоқ болған соң адам аулауға салынады лар. Көбінесе бұндай иссізләрнің насихаты да тәсирсіз болады. Дүниәнің мағмурлығын бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нәрсе. Жоқшылығнің адамны хайуанландырып жіберетұғыны да бар. Бәлки, дүниәнің ғылымын білмей қалмақлық – бір үлкен зарарлы наданлық, ол құранда сөгілген.  Дүниәдә кімдә-кім өзіне өзгәшәлік бермек қасты бірлән малға мұхаббатын аударған, дүниәдә болмаса, ихсанда қолым қысқа болмасын һәм өзім біреуге тамъылы болмайын деп, мұхаббатын аудармай, ізгілікке бола һалал кәсіп бірлән тапқан дүниә емес.

 

Біз ғылымны сатып мал ізләмәк емәсміз, мал бірлән ғылым кәсіп қылмақпыз. Һунәр – өзі дә мал, һунәрні үйренбек өзі де ихсан, бірақ ол һунәр ъадаләттан чықмасын,  шарғиға муафих болсын! Адамға халінше ихсанды болмақ – қарыз іс, бірақ өзгәләрінің ихсанына сүйенбек дұрыс емес. Моллалар тұра тұрсын, хұсусан бұл замананың ишандарына бек сақ болыңдар! Олар – фитнә, ғалым бұлардан залалдан басқа ешнәрсе шықмайды. Өздәрі хүкімі, шариғатны таза білмейді, көбі надан болады, онан асып өзін-өзі әһли тариқат біліп янә біреуні иеткізбәк дағуасын қылады лар. Бұл олардың сыбағасы емес, олардың жеткізбегі мұхал, бұлар адам аздырушылар, хәтта дінге де зарарлы дүр. Оларның сүйәнгәні – наданлар, сөйләгәні  ялған, дәлелләрі – тасбихы мен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ.

 

Енді біліңләр, ей фәрзәндләр! Құдай Тағаланың жолы ниһаятсыз болады. Аның ниһаятына һешкім йетмейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып, кім қадам басты, сол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниедегі түпкі мақсұдың өз пайдаң болса – өзің ниһаятлысың, ол жол Құданың жолы емес. Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген – ол не деген инсаф. Не түрлі болса да, я ақылыңнан, я малыңнан ъадаләт шафқат секілді, біреулерге жақсылық тигізбек мақсұдың болса, ол жол –  Құданың жолы. Ол ниһаясыз жол, сол ниһаятсыз жолға аяғыңды берік бастың, ниһаятсыз Құдаға тақаруп хасил болып, хас ізгі құлдарындан болмақ үміт бар. Өзге жолда не үміт бар? Бірәуләрінің бар һунәрі, мақсуды киімін тузәтпәк, жүріс-тұрысын тузәтпәк болады да, мұнысын өзіне бір дәуләт біледі. Бұл исларының бәрі – өзін көрсәтмәк, өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндәгі ақымақларға «бәрекелді» дегізбек. «Осындай болар ма едік» деп біреулер талапланар, біреулер «осындай бола алмадық» деп күйінер. Мұнан не файда шықты? Мұнша әурәләп, сыртыңды бір сүйген қауымыңа ұқсатарсың. Сыртқа қасият бітпейді. Аллаһ Таъала қарайтұғын қалбыңа, боямасыз ықыласыңа қасият бітеді. Бұл айнаға табынғанларының ақылы қаншалық өсер дейсің? Ақылы өссе,  ол түпсіз терең жақсылықны сүймеклікменен өсер. Құдай Таъала дуниені кәмәләт шеберлікпен жаратқан екен. Һәм адам баласын өссін, өнсін деп жаратқан, сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып изленер, қарызлы исінің алды – әууәл дос көбейтмек. Ол дос көбейтмекнің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ. Кімге достлығың болса, достлық шақырады. Аның аяғы һешкімге қас сағынмаслық, өзіне өзгешәлік беремін деп, өзін тілмен, я қылықпен артық көрсетмәк мақсұдынан аулақ болмақ. Бұл өзін-өзі артық көрсетмәк екі түрлі: әуәлгісі – һәрбір жаманшылықның жағасында тұрып, адамдығын бұзатұғын жаманшылықтан бойын жимақлық, бұл адамға нұр болады. Екіншісі, өзін өгешелікменен артық көрсетпек – адамдықтың нұрын, гүлін бұзады Үшіншісі – қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек, олар дұшпандық шақырады. Һәм өзін өзгеше тұтатын демектің түбі – мақтан. Һәрбір мақтан біреуден асамын деген күншілік бітіреді де,  күншілік күншілікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы адамның көңліне тынышлық береді. Һәрбір көңіл тынышлыңы көңілге талап салады. 

 

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашмақ керек. Әуелі – наданлық, екіншісі – еріншәклік, үшіншісі– залымлық деп білесің.  Наданлық – ғылым-білімнің иоқлығы, дүниеде һешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсізлік – хайуанлық болады. Еріншәклік – күллі дүниядағы һунәрнің душманы. Талапсызлық, жігерсізлік, ұятсызлық кедейлікнің бәрі осыдан чығады. Залымлық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына душпан болса, адамзатынан бөлінеді, бір жыртқыш зиян хисабына қосылды. Бұларның емі, Халлақына махаббат пен халқы ғаламға шапқат, қайратлы, тұрлаулы, ъадаләт ісінің алды-артын байқарлық білім-ғылымы болсын. Ол білім-ғылымы Құдаға мұқтәди болсын. Яғни, Құдай Тағала бұл ғаламны жаратты, ерінбеді. Құдай Тағала келісіммен, хикметменен кәмәләтлы бір жолға салып жасауы, сізләрінің ішіңіздә бір жақсылықны бина қылып, арқа сүйерлік шеберлікмәнән болсын. Янә Құдай Таъала әрне жаратты, бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің де ишиңнән бір зарар шығып кеткендей болмай, көп пайда боларлық бір үміті бар иш болсын. Бұларсыз іс – іс емес. Бәлки бұларсыз тағатта – тағат емес. Белгілі ки Құдай Тағала Һешбір нәрсені хикмәтсіз жаратмады уә һеш нәрсеге  хикмәтсіз тәклиф қылмады. Бәрінің хикмәті бар, бәрінің сәбәбі бар. Бізнің ъауам былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға сәбәп, фарызларны білмекке иждиһат ләзім. Сізләр әрбір амал қылсаңыз, ізгілік деп қыласыз. Ізгілікке қасд етіп, ниет етесіз. Ниет аның фарызындан хисап. Пайғамбарымыз: «иннамал-аъмал бин ниет» деген. Енді ниет еттіңіз таһарат алмаққа, намаз оқымаққа, руза тұтпаққа, бұл тағатларда ниетіңіз заһирынан қалып, ғибадатқа жетпеклігі кемчілік емес пе? Сізнің батиныңыз таза болмағы әуелі иман болып, бұл заһир ғибадатыңыз иманды болған соң ғана фарыз болған. Сізнің заһирыңызнағы ғибадат – батиныңызнағы иманның көлеңкесі һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйырылған. Аның үшін ғұламалар иман екеу емес, біреу, бірақ ізгі тағат бірлән нұрланады, тағат жоқ болса күңгірттенеді, бәлки сөну қаупі бар деген. Егер наданлар ол ғибадатның ішкі срын ескермей қылса, оны қылып жүріп, иманы сөнер деген. Менің қауфім бар, олар: хас осы ғибадат екен, Құданың бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мұсылманлық кәміл болады деп ойлайды. Ол ғибадат күзетшісі еді. Я күзетші күзеткен нәрсесінің амандығын ойламай, бір ғана ояу тұрмағын қасд қылса, ол не күзет, күзеткен нәрсәсі қайда кетеді? Мақсұт күзәтілгән нәрсенің аманлығы, тазалығы емес пе? 

 

Ей, ишараттан хабарсызлар қара! Бұл ғибадаттан бір үлкені – намаз, ол намаздан әуәлі таһарат алмақ, анан соң шұруғ қылмақ. Ол таһаратның алды – истинжа еді. Мұны бір берік ойлап тұр. Аяғы екі аяққа мәсіх бірлән бітуші еді. Бұлар һәммасы болмаса, көбі ишарат еді. Истинжада көтіңізді жуасыз, сізнің көтіңізнің ешкімге керегі жоқ еді. Аныңменен сөзімні тазалыққа кіргәнлігіңді, кәміл ықыласыңны көрсетіп, ішімнің сафлығының соңында халық көрер сыртымны да пәк етемін һәм көзге көрінбейтұғын ағзаларымны да пәк етемін, бұл пәклігімнің үстінле Аллаһна дұға етәмін деп хазірләнәсіз. Енді намазның аты – саләт, саләт – дұға мағынасында деген. Аяқта, мойында болған мәсхлар ол жумақ емәс, өзләрі дә жуулы деп көрсетпек ишараты. 

 

Намаздан әуәл құлақ қақтыңыз. Гарчи Аллаһ Таъаланы йоқарыда  деп мәкән исбат етпесең де, бегірәк сөз уа әдәпсіз болып гунаһ дариясына ғарық болдым яғни дүние әуесіне ғарық қылмай, қолымнан тарт яғни  құтыларлық жәрдәмдерінің ишараты. 

 

Онан соң қиямда тұрып, қол бағламақ, құл-қожа алдында тұрмақ бұқара патша алдында тұрғаннан артық Аллаһның қадірлілігіне өзінің ғажиздығына иқрарының беріклігін көрсетпек ишараты. 

 

Қиблаға қарау – әрине, Құдай Таъалаға  һешбір орын мүмкін емес болса да, зиаратны фарыз еткен орынға жүзін қаратып, дұғадан қабылыққа яқын болар ма екен деген ишараты. Аның соң қираъат, яғни сура фатиха оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар. 

 

Рукуғ, баш ұрмақ –  алдында Құда қазірге уқшаш ол да ишарат. 

 

Сәжделер – әуәл жерден жаралғанына иқрары, екіншісі янә жерге қайтмағына иқрары, баш көтермегі янә тіріліп, сұрау бермегіне иқрарының ишараты.

 

Қағдаил ахирда дұғаның ақырында Аллаһқа тахият, андан тәшәһһуд, андан салауат, пайғамбарымызға салауат айтмақ ушін аның ақыры сәләммәнән тауысасыз. Яғни, Аллаһдан не тілеп дұға қылдыңыз, ол аның қазинасы күллі мұсылманды ортақтастырып, оларға да сәләмәтін тілеп һәм рахмет тілеп бітіресіз. 

 

Жә, бұл сөзден не ғибрәтләндің?

Авторы Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы

Предыдущий Следующий
Исламда жасанды интеллектке қалай қарайды? Жолаушы кезде сүннет намаздар оқыла ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ғұламалардың өмірбаяны Қазақтың төрт қазиі
Биыл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) құрылғанына 30 жыл. Діни басқарма қалай құрылды? Бастауында кімдер тұрды?
Ғұламалардың өмірбаяны Әл-Фарабидің рухани әлемі
Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды рөл атқарған әрі бүгінге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген т...
Ғұламалардың өмірбаяны Абай мен Мәшһүр Жүсіптің ұстазы
Қазақ топырағында өмір сүрг­ен оқымысты, діндар, тақуа жан­дардың бірі – Камараддин Бижомартұлы. Алаштанушы ға­лым Мақсат Тәжімұраттың жа­зуына қарағанда, Кама­рад­дин хазіреттің шынайы есімі – Ай­жарық екен. Туған жері – Бөкей ордасы. «Камараддин», яғни «Діннің айы» деген ат бұл кісіге Бұқар медрес...
Ғұламалардың өмірбаяны Мұңды мақам иесі – Миншауи қари
Мысыр жұрты мұсылман әлеміне көптеген Құран Кәрімнің атақты хафиздары мен білімпаздарын жетілдіріп берген. Олардың ішінде Мұхаммед Сыддық Миншауидің орны бір төбе екені анық. ...
Ғұламалардың өмірбаяны Тараздық ғалым – Алтынхан төре кім еді?
Түркістан өлкесінен шығып, ХХ ғасыр мұсылман әлеміне танылған отандас дін ғұламаларымыздың бірі ретінде – сейіт Махмұт ибн Нәзір Тарази, яғни Алтынхан төрені айтсақ болады. Ол – 1895 жылы Тараз (қазіргі Жамбыл облысы) қаласында дүниеге келген....
Ғұламалардың өмірбаяны Құран бұлбұлы – Абдулбасит қари
Қарилардың ұстазы, Құран бұлбұлы, дауысына «Дәуіт дауысты» деп баға берілген Абдулбасит Мұхаммад Абдуссамад – 1927 жылы Оңтүстік Мысырдағы Қина ауданына қарасты Армант елді-мекеніндегі Муроаза ауылында дүниеге келген. Атасы – Абдусамад да, әкесі – Мұхаммад та және Абдулбаситтың өзі де Құран хафизы ж...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
4 Джумада-авваль 1446
Миләди
05 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:54

Бамдатқа дейін 04:12

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi