АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ЕКІ ІС: ИМАН МЕН ЖАҚСЫЛЫҚ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Аксай Аксу Актау Актобе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Аркалык Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягоз Аққулы ауданы Байконур Байғанин ауданы Балхаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жанаозен Жанатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезказган Жетысай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Караганда Каратау Каскелен Келес ауданы Кентау Кокшетау Конаев Костанай Косшы Кульсары Курчатов Кызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавловск Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыагаш Сарыкөл ауданы Сарыозек Сатпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талгар Талдыкорган Тараз Таран ауданы Текели Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Туркестан Түлкібас кенті Узынагаш Уральск Усть-Каменогорск Федоровский р-он Форт-Шевченко Хромтау Целиноградский р-он Чапаево Чемолган Чу Шал ақын ауданы Шалкар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Экибастуз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Иша 18:02

свернуть
Фаджр Восход Зухр Аср Магриб Иша
05:09 06:26 11:39 15:02 16:45 18:02
свернуть
Календарь
Хиджра
23 Джумада-авваль 1448
Григорианский
03 ноября 2026

Статьи

АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ЕКІ ІС: ИМАН МЕН ЖАҚСЫЛЫҚ

– | A | +

Алланың адамзат баласына берген ең үлен сыйы – Иман нығметі. Қандай адам болмасын Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкелген нәрселеріне жүрекпен сенсе, оның дұрыстығына иланса, Алла құзырында мүмін болып саналады. Әрбір мұсылман үшін Аллаға деген иман және оның шынайы болуы ең басты мәселе. Өйткені осы иманымыз арқылы біз екі дүние бақытына қол жеткіземіз. 

 Адам қанша жерден діндар, тақуа болса да оған ең алдымен ізденіс пен білім, иман қажет. Бұған Абай Құнанбаевтың: «Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды», – деген сөзі дәлел. Қожа Ахмет Иасауи бабамыз да: «Ең алдымен иманды түзеу арқылы адамды, сосын ортаны, содан кейін заманды түзетуге болады», – деп, иманды алғашқы орынға қояды.Алла иман келтіріп, салих амал жасаған құлдарына разы болады. Әрине, Алланың разылығын иеленген құл болуымыз үшін тек иман келтіру жеткіліксіз. Иманмен бірге ықыласпен құлышылық жасап, көркем мінез-құлық иесі де болуымыз маңызды.

Расында кімде-кім Аллаға шынайы түрде иман келтіріп, шамасына қарай қолынан келгенше жақсылық іс жасаса, ақыретте міндетті түрде оның сауабын алады.

Хақ Тағала Құран Кәрімде:

«Сонда кімде-кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал, енді кімде-кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді»,– деп баян етеді [Зілзәлә, 7-8].

Кез-келген жақсылықты Алла да, Оның құлы адам да, тіпті жан-жануарлар да жақсы көреді. Жақсы деген сөздің өзі құлаққа жағымды, жүрекке қонымды, көңілге ұнамды, тілге тиекті. Ал жамандықты жақтыратын ешбір жан жоқ. Сол себепті Жақсылық жәннаттың кепілі, жәһаннам жамандықтың кесірі дейміз.

«Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды»[Аср сүресі]. Аяттан түсінгеніміз, жәй ғана «сендім, иман келтірдім» деу жеткіліксіз. Жүректегі иман сәулесінің сөнбеуі үшін ғибадат-құлшылық та керек.

Иә, «иманым менің – жиғаным» деп жырлап кеткен кешегі бабалырымыз да сенімдеріне селкеу түсірмей, ізгі, салихалы амалдарымен Құдай Тағаланың разылығын бірінші орынға қоя білген жандар еді.

Қазақтың маңдайына біткен шайыры Майлықожа бабамыз:

«Жақсылық отқа күймес, суға батпас,

Гауһар тас жарық қылмай, жерде жатпас

Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,

Жақсылықты еткендер жаман таппас», – деген өлең жолдарынан өзгеге жақсылық жасау арқылы өзің де бақытқа кенелетінің сөзсіз. Өйткені жақсылықтың қарымтасы әрқашанда жақсылықпен болмақ. Біреудің мұң-мұқтажын өтеу, оны басына түскен уақытша қиындықтан құтқарып, жағдайын жеңілдету. Ойлаған адамға бұдан асқан бақыт, бұдан асқан ләззат бар ма? Расында, адамның ең жақсысы ‒ басқаларға пайдалы болғаны, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі ‒ адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау. Қоғам мейірімге, жан жадыратар жақсылыққа мұқтаж. «Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?» деп «әр-Рахман» сүресінде баяндалғандай, шынында да жақсылықтың қайтарымы ‒ тек жақсылық қана.

Демек, нағыз мұсылман иманының кәмілдігін аузымен ғана емес, амалымен дәлелдейді. Өзі жақсы адам қашанда жақсылыққа асық болады, ізгілікке ғашық болады. Жәннаттық адамға Жәннаттық амалдар жеңілдетіледі, сонымен қатар, жақсылық жасаушы жандарға Раббысының берер сыйы да есепсіз болмақ. Алланың мейірімі қандай шексіз болса, мейірімділік пен қайырымдылыққа, жақсы амалдарға беретін Оның қайтарымы да сондай кең болары сөзсіз. Ендеше, жалғыз Алланың разылығын табу жолында аянып қалмай, қайыр қылудан қалыс қалмайық.

Мансұров Нұрмахан

Алмалы ауданы, «Төлеби» мешітінің азаншысы.

ИСТОЧНИК Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
БӨТЕН БАҒЫТ - ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП МЕШІТ – ИМАНДЫЛЫҚ ҰЯСЫ

Отзывы читателей (0)

Интересные материалы

Пайым-парасат ШЫНШЫЛДЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚҚА, ЖАҚСЫЛЫҚ ЖӘННАТҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Шыншылдық – адамның ең әуелі өз ар-намысы мен иманы алдындағы шынайылығы. Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Алладан (жазасынан сақтанып) қорқыңдар және шын сөзділермен бірге болыңдар[1]», - деген әмір бар....
Пайым-парасат ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ИМАН ЖӘНЕ КӨРКЕМ МІНЕЗДІЛІК
Исламдағы көркем мінезділік, бұл – мұсылманның діни құндылықтарды ұстануымен айқындалады. Шынайы мұсылмандық - ислам ахлағы мен құндылығын ұстана отырып, әрекет жасау. Ислам дінінің ахлақтық және құндылық негіздерінің қайнар көзі – Құран мен Сүннет....
Пайым-парасат БАУЫРЫҢА ӨКПЕЛЕМЕ
Әбу Аюб (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Мұсылманға діндес бауырына ренжіп, өкпелеп үш күннен артық ара-қатынасты үзуіне рұқсат жоқ. Ол екеуі кездесіп қалғанда (ренішін кешіре алмай) бір-бірінен жанарын тайдырады. Сол екеуінің ең жақсысы бірінші болып аман-саулық сұрасып сәлем бергені[1]», - делінген....
Пайым-парасат ЖАМАННЫҢ НАМЫСЫ БОЛМАЙДЫ
Қазақ халқы ежелден баласын «Ала жіптен аттама», «Арыңды сақта», «Әдепті бол» деп қырық жамандықтың алдынан тыйып өсірген. Сонау бабаларымыздың тәрбие тектілігі үлкен мәселелерді екі ауыз сөзбен қайырып шешкендігі, кімді болса да қайран қалдырмас....
Пайым-парасат КЕҢЕСТІ ЖЕРДЕ КЕМДІК ЖОҚ, КЕҢЕССІЗ ЖЕРДЕ ТЕҢДІК ЖОҚ
Кеңес алу дегеніміз - адамдардың бір істің шешімін қателеспеу үшін пікір алмасуы. Ақылдасу ислам дінінде халқымызда кеңінен қолданылған. Араб тілінде (машуара және ташауир) деген сөз немесе "Араның ұясынан бал алу" дегенді білдіреді....
свернуть
Календарь
Хиджра
23 Джумада-авваль 1448
Григорианский
03 ноября 2026
Время намаза
Сейчас

Иша 18:02

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi