ІС ОҢЫНАН КЕЛСІН ДЕСЕҢ ОҢНАН БАСТА
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:24

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ІС ОҢЫНАН КЕЛСІН ДЕСЕҢ ОҢНАН БАСТА

| A | +

Кез келген құрал-жабдықтың қолдану нұсқаулығы болатынындай адамның да қалай әрекет етуі, жүріп тұруы, қалай өмір сүруі секілді амалдардың арнасын асыл дініміз үйретіп кеткен. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асыл сөзінде: «Оң қолмен ішіп-жеңдер, оң қолмен алып беріңдер! Өйткені, шайтан сол қолымен ішіп-жейді, сол қолымен алып береді», - деген, ал тағы бір хадисінде: «Аяқ киім кигенде оң аяқтан, шешкенде сол аяқтан бастаңдар!», - деген [Бұхари].

Ал дана халқымыздан қалған мақал-мәтелдерге үңілсек, «Оң қолыңның бергенін сол қолың көрмесін», «Оң сөз өзен тоқтатар», «Сол көзіңе оң көзің қарауыл болсын» деген сынды көптеген мысалдарды көре аламыз. Хадистерде де жоғарыда келтірген мақалдарымызда да айтылған «оң жақ» басшылықтың және игілігіліктің көрінісін береді.

Әйгілі хадис жинақтаушы хазреті имам Науауи былай деген: «Мүбәрак, қасиетті және таза нәрселерді жасағанда оң жақтан бастау мұстаһаб болып табылады. Киім, аяқ киім киерде, шашты тарағанда, мисуак қолданғанда, тырнақ алғанда, қол, аяқ жуғанда, мешітке кірерде, мұсылманның үйіне, бөлмесіне кірерде, әжетханадан шығарда, садақа берерде, тамақ жегенде, су ішкенде оңнан бастау сүннет амалдарға жатады. Бұлардың қарама-қайшысын жасағанда сол жақтан бастайды. Мәселен: киім, аяқкиім шешкенде, іш дәрет алғанда, сіңбіргенде сол жақтан бастау мұстаһаб. Бұларды оңнан бастау тәнзиһән мәкрух болады».

Адамдардың ісі алға басқан кезде «ісі оңға басты» басшының сенімді косшысын «оң қолы», игі дұғасын, ақ тілегін алды дегенді «оң батасын алды», есейді, жақсы мен жаманды ажырата білгенді «оңымен солын айырды (таныды)», бір жақсылыққа қауышқан адамға «оң жағыңмен тұрған екенсің», сәтіне басқан істі «ісі оңына басты», шын пейілмен, ықыласпен қараса «оң көзімен қарады», жылы шырай танытса «оң қабақ танытты», – деп айтылады. Қол алысып амандасса, тек оң қолын беріп амандасады.

Адамның оң жақ мүшелерін де, сол жақ мүшелерін де Алла Тағала жаратқан. Осы тұрғыдан алғанда оң жақ пен сол жақтың айырмашылығы жоқ. Дегенмен, оң жақтың абзалдығын жоққа шығара алмаймыз.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қолындағы суды оң жағында отырған бәдәуиге берді. Бәдәуи: «Йа, Расулалла (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), сол жағыңызда отырған Әбу Бәкірге неге бермейсіз? Оның қадірі, дәрежесі менен де жоғары» дегенде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Суды оң жақтан таратыңдар!»,- деді.

Исламда оң жақтың маңызы өте жоғары. Бірнеше мысал келтірейік: Әрбір адамның оң иығында сауабын, сол иығында күнәсын жазатын періштелер болады. Намазда алдымен оң жаққа, кейін сол жаққа сәлем беріледі. Қағбаны тауаф еткенде оңнан солға қарай айналады. Жақсылардың амал дәптері оң жағы мен алдынан, жамандардың амал дәптері сол және арт жағынан беріледі.

Құран Кәрімде амал дәптері оң жағынан берілгендер мақталып, сол жағынан берілгендер жамандалуда. Әр адамның жасаған жақсылықтары мен жамандықтарын жазып отыратын иығында «Кирамән катибин» періштелері болады. Оң жақтағы періште сол жақтағыға әмір (басшы) саналады және жақсы істер мен ғибадаттарды жазады. Сол жақтағы періште жасалған жаман әрекеттерді жазады.

Міне, біздің дүниетанымымыздағы оң жақтың қадыр-қасиеті иләһияттың құндылықтарымен қабысып жатқанын аңғарамыз. Демек кез-келген істі бастарда оң жақтан бастап және Алланың есімі айтылып басталған іске Алла береке беретіні сөзсіз. Алла істеген ісімізге береке берсін. Мейірімі мол Жаратушы иеміз екі дүниеде жар болып, барлығын оңынан берсін.

Тұрғараев Алмас

 Алатау ауданы

«Әскер ата» мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ДЕСТРУКТИВТІ АҒЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДАН САҚ БОЛУ ЖОЛДАРЫ ҚҰРБАНДЫҚ ОРНЫНА САДАҚА БЕРУГЕ БОЛА МА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат КЕҢЕСТІ ЖЕРДЕ КЕМДІК ЖОҚ, КЕҢЕССІЗ ЖЕРДЕ ТЕҢДІК ЖОҚ
Кеңес алу дегеніміз - адамдардың бір істің шешімін қателеспеу үшін пікір алмасуы. Ақылдасу ислам дінінде халқымызда кеңінен қолданылған. Араб тілінде (машуара және ташауир) деген сөз немесе "Араның ұясынан бал алу" дегенді білдіреді....
Пайым-парасат "ОРАМАЛ ТОН БОЛМАЙДЫ, ЖОЛ БОЛАДЫ" (ТӘБӘРІК ТУРАЛЫ)
Араб тілінен енген "тәбәрік" сөзі қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде өз орнын тауып, бірнеше мағынада қолданылуда.
Пайым-парасат ІЗГІ ЖАР ҚАСИЕТТЕРІ
Адам белгілі бір кезеңдерден өтетіні баршамызға мәлім. Балалақ шақтан аттап, есейіп отбасылық қадамға аттанар алдында әрбір адамда «Қандай жар таңдаймын?» деген сұрақ болатыны сөзсіз. Жар таңдамас бұрын мына нәрсені ескерген жөн болар....
Пайым-парасат УАҚЫП – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА
Асыл дініміз Исламда қайырымдылық атаулының ең құрметтісі уақып деп танылады. Тілдік тұрғыда «уақып» сөзі ұстау, тоқтату, кедергі болу деген мағыналарды білдіреді. Шариғатымызда белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалануды уақып деп атаймыз....
Пайым-парасат ҚИЫНДЫҚТАН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғанда кеше ғана ру-ру, ауыл-ауыл болып мұсылмандықты қабылдағандар діннен шыға бастады. Біреулері біржола кетсе, кейбір ауылдар «Зекетті пайғамбарға бердік. Ол бақилық болды, енді ешкімге бермейміз» деп малының ақысын беруден бас тартт...
Пайым-парасат ТҰРАҚТЫЛЫҚ АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ІС
Қасиетті Құранның аяттары мен ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті арқылы адамның іс-әрекеті Алла Тағаланың алдында әр түрлі дәрежеде болатындығы баяндалған. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:24

Құптанға дейін 00:09

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi