КӨРКЕМ МІНЕЗДІҢ ДӘРЕЖЕСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

КӨРКЕМ МІНЕЗДІҢ ДӘРЕЖЕСІ

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

 

Асыл дініміз иман етіп, Жаратушымен байланысымызды нығайтуды бұйырумен қатар, өзге адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді болуға үйретеді. Көркем мінез – адамның тәрбиедегі кемелдігінің, діндегі беріктігінің,  ішкі жан-дүниесіндегі тазалықтың белгісі саналады. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Қалам» сүресінің 4-аятында:

            وَإِنَّكَ لَعَلَى خُلُقٍ عَظِيمٍ

«Шын мәнінде сен ұлы мінезге иесің», – деп ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезін мақтаған. Негізі Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) берілген артықшылықтар өте көп. Солардың ішінде Хақ сардарының мінезінің мақталуынан көркем мінездің қаншалықты үлкен маңызға ие екенін түсінеміз. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі де:

         إِنَّمَا بُعِثْتُ لِأُتَمِّمَ مَكَارِمَ الْأَخْلَاقِ

«Расында мен көркем мінезді кемелдендіру үшін жіберілдім», – деп өзінің келген төл уәзипасы көркем мінезді кемелдендіру екенін айтқан (имам Бұхари).

Халқымызда да жақсы мінездің артықшылығы турасында айтылған даналық сөздер көп. Мысалы, Әл-Фараби бабамыз: «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты», – деген. Абай хәкім: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», – десе, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден», – деп, мінездің елге қызмет етудегі маңызын тілге тиек еткен.

Ислам кемел дін болғандықтан, ондағы ахлақ нормалары да сондай кемел. Ғалымдарымыз мұсылманның көркем мінезі мынадай істерде көрініс табатынын айтқан:

 

Бірінші: Пенденің Жаратушысына қатысты ахлағы

Хәкім Абайдың қара сөзінде: «Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз», – демекші Жаратушыға деген ахлағымыз ең алдымен Алла Тағаланың бар екеніне, бір екеніне иман ету, оған ешқандай ортақ қоспай, бұйрықтарын орындап, тыйыл дегендерінен тыйылудан бастау алады. Қасиетті Құранда Алла Тағала:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا آمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِي نَزَّلَ عَلَىٰ رَسُولِهِ

«Уа, иман келтіргендер!  Алла Тағалаға, Оның Елшісіне және Оның Елшісіне түсірілген кітапқа иман етіңдер», – деп бұйырады («Ниса» сүресі, 136-аят).

Сондай-ақ Алла Тағаланы барлығынан артық жақсы көру, шынайы ықылас таныту, Оған тәуекел ету, мейірімінен үміт ету, азабынан қорқу, берген нығметтерін бағалап, шүкір ету, қанағатшылдық таныту, Оны  зікір ету, күнәлі іс жасап қойса, кешірім тілеп, тәубе қылу, жаман іске баруға Жаратушыдан ұялу сияқты істер мүминнің басты сипаты болуы тиіс.

 

Екінші: Адамдармен қарым-қатынастағы ахлақ

Жаратушымен көркем байланыста болған адам, Оның жаратқан жаратылысымен де көркем мәміледе болуы тиіс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اِتَّقِ اللَّهَ حَيْثُمَا كُنْتَ وأَتْبِعِ السَّيِّئَةَ الْحَسَنَةَ تَمْحُهَا، وَخَالقِ النَّاسَ بخُلُقٍ حَسَنٍ

«Қай жерде болсаң да, Алладан қорық. Жамандық істесең, лезде  оны өшіретін жақсы іс атқар. Адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді бол», – деп насихат айтқан (имам Термизи).

Хадистің: «Адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді бол», – деген тұсын ғалымдарымыз: «Өзгелер сенімен қандай мәміледе болғанын қаласаң, сен де олармен сондай көркем мәміле жаса», – деп түсіндірген.

Мұсылман адам өзге адамдарды сыйлау, құрметтеу, қателігін кешіре білу, жақсы ойда болу, қиналғанға жәрдем беру сияқты жақсы істерді атқарумен қатар көреалмаушылық қылу, жек көру, өзгені төмен санау, сыртынан ғайбаттау, өсек айту сияқты жаман істерден сақтануы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранда өзгелермен қарым-қатынаста көркем мінезді болған жандарды мақтап, оларды жәннат иелерінің қатарында атаған. Мысалы, «Әли Имран» сүресінің 133-134-аяттарында:

        وَسَارِعُوا إِلَى مَغْفِرَةٍ مِّن رَّبِّكُمْ وَجَنَّةٍ عَرْضُهَا السَّمَاوَاتُ وَالأَرْضُ أُعِدِّتْ لِلْمُتَّقِينَ.الَّذِينَ يُنْفِقُونَ فِي السَّرَّاءِ وَالضَّرَّاءِ وَالْكَاظِمِينَ الْغَيْظَ وَالْعَافِينَ عَنِ النَّاسِ وَاللهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ

«Раббыларыңның жарылқауы мен кеңдігі жер мен көктей жәннатына жарысыңдар. (Бұлар) тақуалар үшін әзірленген. Олар (тақуалар) – кеңшілікте де, таршылықта да Алла жолында мал сарп қылғандар. Сондай-ақ ашуларын жұтушылар, адамдарды кешірім етушілер. Алла игілік істеушілерді жақсы көреді», – деп айтылған.

 

Қисса

Ардақты Пайғамбарымыздың немересі Хусейн (Алла оған разы болсын) намазға дайындалып, дәрет алайын деп отырғанында қасына бір құл келіп, қолына су құймақшы болады. Алайда, құлдың қолынан құмғаны түсіп кетіп, Хусейннің басына тиіп, жерге түсіп, сынып қалады. Осы кезде Хусейннің бойын ашу кернегенін көрген құл, не істерін білмей, қасиетті Құрандағы:

 وَالْكَاظِمِينَ الْغَيْظَ

«Ашуларын жұтушылар», – деген аятты оқиды. Хуйсейн (Алла оған разы болсын) қатты ашуға булығып тұрса да, Құран аятын естігенде: «Жұттым ашуымды» дейді екен. Құл аятты ары қарай жалғастырып:

وَالْعَافِينَ عَنِ النَّاسِ

«Адамдарды кешірім етушілер», – деп айтады. Хусейн (Алла оған разы болсын): «Әлбетте, мен сені кешірдім» дейді. Құл аяттың соңғы сөздерін оқып:

وَاللهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ

 «Алла Тағала игілік істеушілерді жақсы көреді», – деп айтқан кезде, Хусейн орнынан тұрып, құлдың иесіне барып, оны сатып алып, басына бостандық сыйлаған екен.

 

Үшінші: Адамның жеке басына қатысты ахлағы

Адам өзінің жаман қалауларын тәрбиелеуі, жүрегін түрлі рухани дерттерден таза ұстауы, бойында тақуалық, сабыр, ұстамдылық, шыншылдық, кішіпейілдік сияқты жақсы мінездерді қалыптастыруы, рухани кемелденуге тырысып, өзінен жиі есеп алып тұруы – адамның жеке басына қатысты ахлағына жатады. Алла Тағала қасиетті Құранда:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللهَ وَلْتَنْظُرْ نَفْسٌ مَّا قَدَّمَتْ لِغَدٍ وَاتَّقُوا اللهَ إِنَّ اللهَ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ

«Уа, иман келтіргендер! Аллаға тақуалық танытыңдар. Әркім ертең үшін не дайындағанына қарасын. Және Аллаға тақуалық танытыңдар. Расында Алла, не істегендеріңді толық біледі», – деп айтқан («Хашыр» сүресі, 18-аят).

 

Төртінші: Табиғатқа қатысты ахлағымыз

Асыл дінімізде көркем мінезді болу тек адамдармен жақсы мәміледе болумен шектелмейді. Мұсылман адам қоршаған ортаға, жан-жануарларға, табиғатқа да мейіріммен қарап, жанашырлық танытуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзара мейірімді болмайынша толық иман еткен болып саналмайсыңдар», – деді. Сонда сахабалары:  «Уа, Алланың Елшісі! Баршамыз мейірімді жанбыз», – десті. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Менің айтып тұрғаным, сендердің түсінгендерің секілді бір-біріңе деген мейірімділік емес. Керісінше күллі жаратылысты қамтитын мейірімділік» – деді.

Хақ сардары (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына өсімдік пен талдарды себепсіз сындыруға, жануарларға қорлық көрсетуге, оларды  қинауға, себепсіз өлтіруге тыйым салған.  Жазықсыздан-жазықсыз өлтірілген торғайдың қиямет күні Аллаға жағдайын айтып: «Уа Раббым! Пәленше мені бір қажеттілігі үшін емес, бостан-босқа өлтірді», – деп шағымданатындығын ескерткен (имам Насаи).

 

Көркем мінезді қалыптастыру жолдары 

Мәшһүр Жүсіп бабамыз: «Аспанда ұшып жүрген құс пен даланың тарпаң жылқысын қолға үйрету арқылы адамзат баласы қанша табыстарға жетті. Осындай дала тағылары тәрбиеге көнгенде, адамның мінезі неге өзгермейді?» – дейді. Ғалымдарымыз қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистеріне үңіле отырып, мына істердің адам бойында көркем мінездің қалыптасуына себеп болатынын айтқан:

Бірінші: Иман ету

Иман мен көркем мінездің байланысы өте берік. Иман адамның жүрегін нұрға бөлеумен қатар, сыртқы дүниесінің де көркемделуіне ықпал етеді. Осы себепті де Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

         أَكْمَلُ الْمُؤْمِنِينَ إِيمَانًا أَحْسَنُهُمْ خُلُقًا

 «Мүминдердің арасында иман тұрғысынан ең кемелдісі, мінездерінің жақсы болғандары», – деген (имам Ахмад).

 

Екінші: Ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі ету

Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Ахзаб» сүресінің 21-аятында:        

لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ  

«Расында, сендер үшін Алла Елшісінің бойында көркем өнегелер бар», – деп айтқан.

Қасиетті Құран біздерді қандай көркем мінезге шақырған болса, сол жақсы қасиеттердің барлығы да ардақты Пайғамбарымыздың бойында бар еді. Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінезі жайында сұрағанда:  «Сендер Құранды оқымайсыңдар ма? Оның мінез-құлқы Құран еді», – деп жауап берген.

Осы ретте ардақты Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірімен танысып, Хақ сардарының жұбайларымен, балаларымен, туыстарымен, дін жолындағы бауырларымен, мұқтаж жандармен, қызметшісімен қандай көркем қарым-қатынаста болғанынан ғибрат алуымыз аса маңызды.

 

Үшінші: Жақсы орта

Адамның жақсылық атаулыға бой үйретіп, жамандықтан жиренуіне ізгі ортаның әсері өте үлкен. «Тәубе» сүресінің 119-аятында Алла Тағала:

         يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ

«Уа, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар  әрі әрдайым шыншылдармен бірге болыңдар», – деп бұйырған.

Халқымыз: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» дегеніндей адам ізгі адамдармен бірге болған сайын бойындағы ізгілік сипаттары оянып, жақсы істерге бейімделеді. Алла Тағала ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ بِالْغَدَوةِ وَالْعَشِىِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ وَلاَ تَعْدُ عَيْنَاكَ عَنْهُمْ تُرِيدُ زِينَةَ الْحَيَوةِ الدُّنْيَا وَلاَ تُطِعْ مَنْ اَغْفَلْنَا قَلْبَهُ عَنْ ذِكْرِنَا وَاتَّبَعَ هَوَيهُ وَكَانَ اَمْرُهُ فُرُطًا

«Таңертең және кешке Раббыларына, Оның (разылығын ғана қалап) дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де барынша сабырлық таныт. Дүние тіршілігінің сән-салтанатына көңілің ауып, оларды көзіңе де ілме. Сондай-ақ жүрегін Бізді еске алудан қаперсіз еткен, нәпсісінің әуесіне ерген және бүкіл ісі шектен шыққан әлде біреулерге бағынба (ерме)», – деп Алланы еске алған, Оның разылығын іздеген жандармен бірге болуды әмір еткен («Кәһф» сүресі, 28-аят).

Жаратушымыз адамзаттың ардақ тұтар ұстазы болған Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзіне Алланы зікір ететін, жақсы ортамен бірге болуды бұйырғанда, біздер үшін бұл бұйрықтың салмағы тіптен үлкен.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы орта мен жаман ортаның маңызын мынадай мысал арқылы түсіндірген: «Жақсы дос пен жаман достың мысалы – әтір сатушы мен темір ұстасы секілді. Әтір сатушыдан әйтеуір бір пайда көресің. Не әтірін сатып аласың немесе хош иісін сезінесің. Ал, теміршінің көрігі денеңді күйдіреді немесе киіміңді жағады не болмаса жаман иісті сезінесің» (имам Бұхари).

 

Төртінші: Нәпсімен күрес

Адам бойындағы адамшылықтың шыңына бастар асыл қасиеттердің жиынтығы «ар-ождан» деп аталса, керісінше, кері тартып, кісіліктен  бездіретін күшті – нәпсі дейміз. Ар-ұят, адалдық, әдептілік, жанашырлық секілді адамгершілік қасиеттер – ұжданға тиесілі болса, тәкәппарлық, көреалмаушылық, мақтаншақтық, жалқаулық, дүниеқоңыздық сынды жағымсыз мінез-құлықтар – нәпсіге тән. Сол себепті де пенде нәпсінің жаман қалауларымен күресіп, оны тәрбиелеуі қажет. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Ғанкабут» сүресінің 69-аятында:

وَالَّذِينَ جَاهَدُوا فِينَا لَنَهْدِيَنَّهُمْ سُبُلَنَا

«Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз», – деп айтқан.

 

Бесінші: Дұға

Көркем мінез-құлықты қалыптастырып, рухани кемелдену жолында пенденің жеке өзі ғана харекет етуі жекіліксіз. Барлығы Алла Тағаланың қалауымен болатындықтан, мұсылман адам Жаратушысына жалбарынып, жаман мінезден сақтауын, жақсы қасиеттерге ие болуына сұрап, дұға тілеуі қажет. Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اللَّهُمَّ كَمَا حَسَّنْتَ خَلْقِي فَحَسِّنْ خُلُقِي

«Уа, Аллам! Жаратылысымды көркем еткеніңдей, мінезімді де көркем етші!» – деп дұға еткені жеткен.

 

         Қадірменді жамағат!

Адам баласы көркем мінезі арқылы бұл өмірде сыйлы да қадірлі болуымен қатар, ақырет күні де үлкен дәрежелерге ие болады. Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың жәннатқа кіруіне ең көп себеп болатын не нәрсе?» – деп сұралғанда:

         تَقْوَى اللَّهِ وَحُسْنُ الْخُلُقِ

«Тақуалық пен көркем мінез», – деп жауап берген (имам Ахмад).

Шәкәрім бабамыз: «Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады, әдетің – мінезіңе айналады, мінезің – сенің тағдырың», – дейді. Ендеше, сөзіміз бен ісімізді түзеп, жақсы әдет қалыптастырып, көркем мінезді жандардан болуға тырысайық!

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: жұма уағызы
Предыдущий Следующий
ТЕКТІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ ЖӘНЕ НЕКЕНІҢ БЕРЕКЕТІ ӘУЛИЕ – АЛЛАНЫҢ СҮЙГЕН ҚҰЛЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы ҚҰРАНДАҒЫ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРАН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АР ІЛІМІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ӘУЛИЕ – АЛЛАНЫҢ СҮЙГЕН ҚҰЛЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы МҰСЫЛМАННЫҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ҚАЖЫЛЫҚ – БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мадақ-мақтау әлемдердің Жаратушысы Алла Тағалаға тән, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 00:09

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi